Реферат: Экономика | Қазақстандағы туризм дамуының хронологиясы
Б.з.б. 3 мыңж. — Ұлы Жібек жолының дамуы.
Б.з.б. 1 мыңж. Ол туралы сипаттамалардың қағазға түсірілуі.
6-14ғғ. Ұлы Жібек Жолының солтүстік түркі трассасымен саудамен ғана емес, қажылық, емдік, ағартушылық мақсаттардағы да сапарлардың болғандығына толық негіз бар.
1399жж. Ақсақ Темір бұйрығымен Қожа Ахмет Йассауи мавзолейін салғызған.
19-20ғғ. А.Е:Қайназаровтың пікірінше , Қазақстандық өлкетану тұрғысында зерттелу басталды.
1886жж. А.Н.Краснов, ал 1891-1892жж. Н.Ф.Катановтың экспедициялары ұйымдастырылды.
1904жж. Орыс географиялық қоғамының қазақ мәдениеті мен тарихының алдындағы ерекше сіңірген еңбегі — «Орыс географиялық қоғамының жазбаларының» жеке томында Ш.Уәлихановтың этнографияға қатысты негізгі еңбектерін жариялады.
19-20ғ. Басында Торғай, Ақмола және Семей облыстық зерттеген статистиктер переселен ұйымының экспедициясы жинаған өлкетануға арналған материалдар жинағы.
19ғ 2-ші жартысы- 20ғ. Басы аралығында өлкемізді отарлау барысында қазақ халқының революцияға дейінгі мәдениеті, тұрмысы, әдет-ғұрпы және наным-сенімдері жайлы маңызды ғылыми материалдар жиналды.
1895-1917жж. Түркістан археология әуесқойларының үйірмесі құрылды.
1888-1917жж. Орынбор мұрағаттық комиссиясы құрылды.
20ғ. Басы – 1927 Қазақстанда алғаш рет ресми түрде ашылған ұйымдасқан туристік ұйым Верный қаласында Ресей тау қоғамының бөлімшесі болды.
1929ж алғашқы ресми тіркелген жорық Верный қаласынан Іле Алатауына, Ыстықкөлге жасалды, оған 17 мұғалім қатысты.
1930ж Ф.Л.Савиннің жетекшілігімен Алматы қалалық пошта мен телеграф қызметкерлері құрамында 16 адамы бар, Алматы-Медеу-Көкжайлаау-Үлкен Алматы көліне күрделі емес маршрутпен жүрді.
1930ж. Ұймдасқан туризмінің кең таралуы. Сол жылы баспасөзде Г.Белоглазов, В.Горбунов, И.Мысловскийдің Кіші Алматы шыңын бағындырғаны туралы хабар шықты.
1931ж қаңтарында В.М.Зимин Алматы-Ұзынағаш-Қордай асуымен бірінші шаңғы маршрутын іске асырды. Туристерді ұлттық кавалерия полкінің 8 сарбазы «Еңбек пен қорғаныстың эстафетасы» деген ұранмен жүріп, эстафетаны Қордай асуында бауырлас Қырғызстан командасына табыс етті.
1931ж. Алматыдағы Жетісу губерниялық мұражайында тұңғыш рет 10 адамнан тұратын туризм мен экскурсия қоғамының тобы ұйымдасты.
1932ж. «Қазақстанның туристік маршрутының жолсерігі » басылып шықты.
1936ж. Горельник шатқалында Алматыдан оңтүстікке қарай 22 шақырым жерде 50 орындық «Горельник» туристік базасы салынды.
1938ж. Алғаш рет туристердің слеті Көкжайлауда өтіп, оған 200-дей адам жиналды.
1943ж. бастап Горельник турбазасының үйлеріне Кеңес әскерінің таулы жерде атқыштардың инструкторларын дайындайтын бүкілодақтық мектебі орналасты.
1952ж. Бүкілодақтық кәсіаподақ Қазақстанда туристік-экскурсиялық басқарма ашты.
1955ж. Есік көлінің жағасында «Есік» турбазасының құрылысы басталды.
1964ж. Туризм және экскурсия бойынша Қазақ республикалық кеңес және Алматы, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Орал, Шымкент облыстарында облыстық кеңестер мен экскурсиялық бюролар ашылды.
1968ж.18наурызда Алматы облысында балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы ресми түрде ашылды.
1981ж. Есік қаласында туризм техникас бойынша оқушылардың 6-шы республикалық жарысы өтті.
1985ж. мамырда Алматы жас туристер станциясы Кеңес халқының Ұлы отан соғысындағы жеңісінің 40-жылдығына арнап, алғашқы жалпы альпиниада өткізді.
1991ж.12 желтоқсанда ҚР оқу министрінің орынбасары Б.Сапарбаев жаңа «Ережені» бекітті.
1995ж. 2 тамыз ҚР Оқу министрлігінің оқушыларының «Халықаралық туризм орталығы» аталды.
1997ж. оқушылардың туризм орталығы жабылды.
2000ж. балалар мен жасөспірімдердің туризм және экскурсия бойынша Алматы облысының орталығы Қазақстан альпинизм ардагерлерінің кеңесімен тығыз байланысты жұмыс істеді.
2.Туризмнің 1997-2003жж. жағдайы мен даму проблемалары
Туризм дүниежүзілік экономикада басты рөлді атқарушы салалардың бірі. ДТҰ-ның ақпараты бойынша туризм дүниежүзіндегі әрбір 10-шы ұлттық өнімді, халықаралық инвестициялардың 11%-дан астамын, әлемдік өндірісте әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтиды.
Қазіргі таңдағы туризм индустриясы ірі табыс әкелуші және динамикалық дамушы халықаралық сауда сегменттерінің бірі. 1999ж. халықаралық туризм әлемдік экспорт табысының 8%-ын және қызмет көрсету секторы экспортының 37%-ын қамтыды. Туризмнен түсетін табыс мұнай, мұнай өнімдері, атомобильден түсетін табыстан 3-ші орынды иеленеді.Мұндай даму тенденция келесі мыңжылдықтың басына дейін сақталады деген болжам бар. Туризмнің дамуы жаңа территориялардың пайда болуына байланысты болу керек. Осыған орай Қазақстан әлемдік туристік нарықта өз орнын иеленуге мүмкіншілігі бар.
Қазіргі туризм қалыптасуы жыл сайынғы төлемді демалыстардың салдарынан туындады. Ол өз кезегінде адамның демалуға және бос уақытын өткізуге деген құқығының негізі болды. Сонымен қатар жеке тұлғаның қалыптасуының, халықтар арасындағы түсінушіліктің пайда болуының факторы болып табылады. ДТҰ-ның зерттеу анализіне сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени, экономикалық өміріне әсер етуші сала.
Мамандардың есептеуі бойынша бір шетелдік турист әлемдік нарыққа 9т көмір, 15т мұнай, 2т жоғары сортты бидай шығарғандағы табысты береді.Өнімді сатқанда елдің энерготасымалы төмендесе, ал туристік индустрия қалпына келуші ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің санағы бойынша 100мың турист қалада 2сағ уақытын өткізе отырып 350мың доллар шығындайды немесе 1 адам 17,5 долларды 1 сағ ішінде шығындайды. Осыған орай өнімді сатудан гөрі туризмді дамыту — ұзақ әрі экономикалық жағынан тиімді перспектива.
Туризм мемлекет экономикасына 3 оң әсерін тигізеді:
1. Елімізге шетелдік валюта ағымын қамтамасыз етеді және төлемдік баланс пен жиынтық экспорт секілді экономикалық көрсеткіштерге оң әсерін тигізеді.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді. ДТҰ мен Дұниежүзілік туристік және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туристік индустриясында 1 жұмыс орнының ашылуы, басқа салада жаңа 5-9 жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Туризм экономиканың 32 саласының дамуына тікелей немесе жанама әсерін тигізеді.
3. Елдің инфраструктурасының дамуына септігін тигізеді.
Елдің бүтін аудандарындағы экономикасының дамуына туризм белсенді түрде әсерін тигізеді. Туризм облысындағы шаруашылық субъектілерінің пайда болуы мен қызмет атқаруы жол транспортының дамуымен, сауда, коммуналды-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызметпен байланысты. Осылайша туризм басқа экономикалық салаларға қарағанда күшті әсерін тигізеді.
Туризмнің тез және тұрақты дамуын есепке ала отырып, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторы мен қоғамның әлеуетіне күшті әсерін Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризм саласын приоритетті деп анықтады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік іс-әрекетті реттеу мен тарихи-мәдени құндылықтардың қайта қалпына келуіне негіз болды. Бүгінгі таңда мемлекетіміздегі туризмнің дамуы ҚР-ң 1992ж 3-шілдесінде қабылданған «Туризм туралы» Заңының негізінде, ҚР Президентінің 1997ж 30-сәуір «Түркі тілдес мемлекеттердің Ташкент декларациясын іске асыру, ЮНЕСКО мен ДТҰ-ң ҚР-ғы Ұлы Жібек жолының туризм инфрақұрылымын дамыту» жарғысы мен 1998ж 27-ақпан қабылданған «Ұлы Жібек жолының тарихы орталықтарын қайта қалпына келтіру, түркі тілдес мемлекеттердің құндылықтарын дамыту мен сақтау, туризм инфрақұрылымын құру» ҚР-ң мемлекеттік бағдарламаларының қабылдануы Қазақстандағы туризм нарығының дамуына оң әсерін тигізді.
1993ж Қазақстан Республикасы ДТҰ құрамына кірді. Соның барысында шетелдік инвесторлар Қазақстанды бай туристік потенциалы бар әлеуетті серіктес ретінде қабылдады.
ҚР-ң Статистикалық Агенттігінің деректеріне сүйенсек елімізд 1999ж 425 туристік ұйым жұмыс істеді. Оның 6-ы мемлекеттік, 405 жеке меншіктегі кәсіпорын және 14 шетелдік туристік агенттіктер. Қазақстандағы туристік кәсіпорындар әлемнің 80 елімен келісімшартпен жұмыс істеді, 4 Алматылық, 13 облыстық турфирмалар әлемнің 8 мемлекетіне чартерлік авиарейстерге шықты.
Қазақстанның Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Астана қалаларының туристік мекемелері аса дамыған. Олар жыл сайынғы келуші туристердің 88%-ына қызмет көрсетеді.
1999ж. 2410,5 млн. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік туристік ұйымдар 57,3млн, жеке меншіктегі 2298,5млн теңге, ал шетелдік фимралар 54,7 млн теңгеге қызмет көрсетілді.
1998ж. Туризм іс-әрекетінен мемлекет қорына түскен салық мөлшері 0,1% құрады.1999ж. жалпы 228,3мың туристке қызмет көрсетілген болатын. Қазақстандық туристік фирмалар қызметін 55,9 мың шетелдік азамат қолданды.
1999ж. Шығу туризмі 45%, ішкі туризм 30%, кіру туризмі 24% және экскурсиялық қызмет көрсету 1 %-ды құрады.
Қазақстан азаматтарының көбіне баратын мемлекеттері: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Турция, БАӘ.
Біздің республикамызға көбіне келуші азаматтар: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Пакістан, Польша, Турция.
Еліміздегі турфирмалардың басым бөлігі Шығу туризмімен айналысқандықтан, мемлекет қаражаты шетелдерге кетіп жатыр. Мысалы, 1999ж өзінде 57,1млн АҚШ доллары Республика аумағынан тыс шығарылды. Еліміздің азаматтарының шетелден тауар алу және оны сауда нарығында іске асыру, шоп туризммен айналысуы басым болды. Бұл өз кезегінде экономикалық дағдарыс кезінде туристік қызметтерге сұраныс көбейді, сәйкесінше турфирмалардың көбеюіне де алып келді. Бірақ соған сәйкес тәжірибе мен мамандардың біліктілігінің жоқтығы тек делдалдық туристік іс-әрекетке әкелді. Ал шоп туризм мемлекет қорына теріс әсерін тигізді. Шоп туризмнің дамуы туритсік қызмет көрсету деңгейінің өсуіне еш әсерін тигізбеді.
Әр ел өзіне туристер ағымын қаратуды мақсаттайды. Қазақстанның туристік мекемелері кіру туризмінің деңгейін жоғарылатуы қажет. Ол транспорт жағдайының, орналастыру орындарының, кадрлармен қамтудың жағдайын жақсарту керек.
Қазіргі таңда Қазақстанның әуе жолдары Германия, Индия, БАӘ, Турция, Италия, Корей Республикас, Венгрия, Израиль, Қытай, Тайланд және т.б. елдерге ұшады. Әуе тасымалдарын ішкі және халықаралық нарықта қызмет көрсететін ұлттық Air Kazakhstan және басқа да әуе компаниялары ұсынады. Туристердің көпшілігі қауіпсіздік пен жоғары сапалы қызмет көрсететін шетел әуе компанияларының қызметін қалайды. Өз кезегінде бұл отандық әуе компанияларының қызметін тежейді. Сонымен қатар қазақстандық әуе компанияларының билеттері қымбат болғандықтан отандық турлардың бағасы да сәйкесінше қымбаттайды. Сонымен қоса авиабилеттер бағасының жоғары болуы турөнімнің бағасын көтереді, ал ол халықаралық нарықта бәсекелестігін төмендетеді.Автомобиль транспорты дамыған мемлекеттерге экскурсиялық маршруттарда шоп туризм ұйымдастыруда қолданады. Бірақ оның дамуы жол тораптарының жағдайына және туристік транспорттық құралдарының техникалық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Республикамыздың автобус паркі құлдырау үстінде болатын, қазіргі заманға сай комфортабелді автобустардың жоқтығы туристерге жоғарғы деңгейде қызмет көрсете алмайтын еді.
Негізгі республикалық темір жол арқылы тасымалдау мекемесі «Қазақстан темір жолы» 14 бағытта қызмет көрсетті. Қазақстанның темір жолы арқылы Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстан мен Түркіменстанның транзиттік жолаушылар тасымалдау пойыздары өтеді.
Болашақта экологиялық жағынан таза туристік транспортты дамытуға аса назар аудару қажет.
Туристік бизнесті тежеуші факторлардың бірі — орналастыру орындарының материалдық базасының төмен деңгейде болуы жатады. Республикамыздағы қонақ үйлер, турбазалар мен кемпингтердегі орналастыру 35%-ды құрады. Соған қоса 1997 жылмен салыстырғанда қонақ үйлер саны 40%-ға төмендеді. Соңғы 5 жылда 605 қонақ үй жабылды, 1999ж. Республикада 205 қонақ үй жұмыс жасады, номерлік қор 15%-ға толды. Шетел қонақтарына сапасыз туристік өнім берудегі ахуал қонақ үйлердің тиесілі класстарының болмауынан болды. Яғни, қонақ үйлік база 80%-ға ескірген еді. Жүргізілген зерттеулер бойынша 2-3 жұлдызды қонақ үйлер рентабелді болып табылады. Осы жағдайды өзгерту үшін мемлекет кіру және ішкі туризмнің дамуына оңтайлы жағдайлар жасауда. Осы бағыттарда жұмыс істеуші туроператорлар салықтан босатылған.
Ішкі туризммен айналысушы көптеген азаматтардың басты мақсаты болып – іскерлік, немесе туған-туыстары мен туысқандары на бару болып табылады. Алайда, демалыс орындарын таңдауда қазақстандықтардың көпшілігі өз мемлекетінен тыс жерлерде демалғанды қалайды. Егер отандастарымыз өз елінде қай жерде демалуды білмесе, онда кіру туризмін қалайша дамытпақпыз? Білсе де, сервистің төмендігінен жоғары сапалы сервис көрсететін шетелдерге шығады. Десек те, туризмнің бұл саласында оң тенденциялар байқалуда. ҚР-ның Статистикалық агенттігінің ақпараты бойынша 2003ж. Ішкі туризм бөлігі ұлғайтылды. Туристік компаниялар 89,3мың турист, ал 2005ж. 150мың туристке қызмет көрсетті. Жыл сайын турөнімді пайдаланушылар 5%-ға өсіп, 2005ж. 376млн. теңгеге жетті. Жыл сайын ішкі туризм 2,3%-ға өсуде, 2005ж. ол 432млн теңгені құрды.
Қазақстанда экологиялық туризм қарқынды даму үстінде. Қорғалатын аймақтарға туристердің қызығушылығы жыл сайын артуда. Сонымен қатар велосипед, ат, су туризм түрлері динамикалық даму үстінде.
Туристік қызмет экспортынан түсетін табыстың басым бөлігі бізге келуші шетелдік туристерден түседі. Сонымен қоса елімізде болған уақыттағы оларға көрсетілген қызметтер мен отандық транспорттарға сатылған билеттерден түседі.
2003ж Қазақстандық тур фирмалар 44.9 мың адамға қызмет көрсетті. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 1,5 есекелушілердің көп болғандығын көрсетеді. ТМД елдерінен басқа елдерден Қазақстанға 42.2 мың адам келді(2002ж 28.5мың адам). Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып келуші шетелдік туристер санының көбею динамикасы сақталғанын көреміз.
Туризм дамуының проблемасын шешудің бір жолы туристік мамандарды дайындау. Қазақстанда туризм менеджерлерін дайындайтын мемлекеттік, жек меншіктік және Ресей филиалдарының 28 жоғарғы оқу орындары бар.Мұндай кадрларды дайындау 1992ж басталды, бірақ қазірге дейін мамандарды дайындау дәрежесі көңілден шықпайды…..