Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қазіргі жағдайы
Жаңадан жасалған Салық кодексінің баяндалуы жеңілдеді, неғұрлым жатық түсіндірілетін болды. Мұның өзі салық ережесі үшін аса маңызды, өйткені оның жекелеген нормаларының түрліше түсінідірілуі көп ретте үлкен проблемаларға апарып соғып жатады.
Экономиканың көптеген маңызды секторлары үшін, әсіресе шағын және орта бизнес, аграралық сала, әлеуметтік сала үшін салық жүктемесі айтарлықтай төмендетіледі. Қоладынысқа түскендігіне көп уақыт өте қоймаса да оның нәтижесі айтарлықтай. Оны осы салаларда жұмыс жасайтын субъектілер қатарының артқандығынан да аңғаруға болады. Мәселен, бір ғана шағын бизнес субъектілерін алар болсақ, елімізде олардың саны дерек бойынша 35844 болса, жаңа Салық кодексіне сәйкес бұл салаға арнайы салық жеңілдіктері жасалғаннан соң бұл көрсеткіш 80565-ке артқан. Бұл өсімнен бюджет түсімдерінің де артатындығы белгілі.
Қазір салықтық есептеменің электрондық нысанына көштік. Бұл да Салық кодексі арқылы енгізілген жаңалық. Бұдан салық төлеуші мен мемлекеттік бюджет арасындағы қарым-қатынас барынша жетіледі. Салықтық әкімшілдендірудің сапасы жақсарып, бюджетке түсім артады.
Салық кодексі қолданысқа енген алғашқы айлардың нәтижесін бағамдасақ, оны көпшіліктің қабылдауы да жаман болмаған сияқты. Байқасаңыз жаңа салық бойынша салықты адал және уақытында төлейтіндер үшін салықтық қарым-қатынас біршама жеңілдеді, салықтық салмаңы азайды, ал салықтан жалтаратындар үшін керісінше, талап күшейді. Бұл қарапайым ғана мысалмен түсіндірілсе керек: жұмысы жақсы жүріп жатқан, салықты дұрыс әрі уақтылы төлейтін салық төлеушіні салық органдары текке мазаламайды.
Салық кодексі – бұл қоғамдағы үлкен пікірталаспен дүниеге келген құжат. Ол алғашқы кезекте салық төлеушілер үшін өте қолайлы заң болып шықты.
Шындыңын айту керек, Қазақстан Республикасының Салық кодексі барынша жетілдірілген за ретінде ТМД шеңберіндегі барлық әріптестеріміздің жоғары бағасын алды. Мұнымен қатар, біздің салық органдарын жаппай автоматтандыру, салықтық әкімшіліктендіру және декларация тапсыру мен салықтық есептеменің электронды нысанына көшіру бағытында тындырған шаруаларымыз да өте жоғары деңгейді бағалануда. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының салық жүйесі ТМД кеңестігі бойынша неғұрлым ілгері басқан жүйе, ал салық заңы халықаралық дәтүрге барынша жақындастырылған заң деп сенімді түрде айтуға болады. Ал қазіргі салықтық есептеменің электронды нысаны және қосылған құн салығы бойынша, салық жүйесін автоматтандыру және кірістерді әкімшіліктендіру бойынша және басқа да көптеген іске асырылып жатқан бағыттарымызды толығымен жүзеге асырған кезде біздің елімізде маңызы қазіргі заманның талабына сай салық жүйесі қалыптасатын болады. Мұны біз мақтан ете аламыз.
Кез келген мемлекеттің экономикасының жағдайы, ғылыми-техникалық әлеуеттік оның негізгі құралдарға негізделген материалдық-техникалық базасының мықтылығына байланысты. Мемелкеттің әлемдік аренада жоғары технологиялы мемлекет болып қалыптасуы, өзінің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуы және мемлекеттік қатынастың барлық деңгейінде ұлттық экономикалық мүдделерді қорғай алуы да осы базаның мықты қалыптасуына байланысты.
Салық кодексіне ауылшаруышылық өнімін өндірушілерге бюджетпен салық салудың жеңілдетілген түрі қарастырылған. Бұл шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі және ауылшаруышылық өнімдерін заңды тұлғаларға арланған арнаулы салық режимі. Арнаулы салық режимін пайдаланатын салық төлеушілер салықтың бірнеше түріне босатылады,бірақ олар бюджетпен жалпы белгіленген тіртіппен де есеп айырыса алады.
Шаруа қожалығымен айналысатын салық төлеушілер арнаулы салық режимін біріңғай жер салығы негізінде пайдаланады. Олар кірісінде, шығынына да қарамасытан, өзінің жер учаскесі құнына қарай 0,1 пайыздық ставка бойынша есептелетін біріңғай жер салығын төлейтін болғандықтан, оларға шығынын алдын ала ескеру міндетті емес.
Ал патентепн жұмыс істейтін салық төлеушілер, яғни ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар арнаулы салық режимін пайдалану үшін салық органына өтініш жазған кезде, патент құнының да есебін толтырып өткізеді. Оны толтырғанда заңды тқлғалар өзінің өнім өндіруге және оны өңдеуге шығаратын шығынын да ескере алады. Сонда патент құнын есептеген кезде төленуге тиіс салықтың сомасы 80 пайызға кемиді.
Салық кодексіндегі 470- баптың 1-тармағна сәйкес, орманды тікелей және жанама түрде пайдалануға, яғни орманда шөп шабу, мал бағы, омарта ұстау, дәрілік шөптер мен техникалық шикзаттарды жинап, әзірлеу және т.б. үшін ақы төленеді. Оның төлем ставкаларын орман шаруашылығына жауапты органдардың мәліметтеруне сүйене отырып жергілікті мәслихаттар белгілейді. (473- бап 1-тармақ).
Табыс табатын әрбір азамат өз табысынан тиісті түрде жеке табыс салығын төлейді. Барлығымыз салық төлеуші болып табыламыз дейтініміз осы болар. Көбіне жалақы алған кезде осы салқты ұстап қалып жатады. Және бұл жеке табыс салығы тек қызметкерлердің жалақы табыснан ғана емес, біржолға төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін, дивидендтер, ұтыстар, сыйақылар, степендия жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыстары төленгенде ұсталады. Бұлар төлем көзінен салық салынатын табыстар деп аталады.
Сондай-ақ мүліктік табыстан, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысынан, адвокаттар мен жеке нотариустардың табысынан және басқа табыстардан, оның ішінде Қазақстаннан сырт жерде жүріп тапқан табыстан жеке табыс салығы төленеді. Бұл табыстардан төленетін салықты жеке тқлғалар өзі төлейді және бұлар төлем көзінен салық салынбайтын табыстар деп аталады.Салық заңын бұзушылықтар барлық елде кездеседі. Біздің елімізде де бар. Олардың көпшілігі салықтың есепке тұру мерзімін бұзу, салық органдарының және оның лауазымды тұлғаларының заңды талабын орындамау, салықтар мен төленетін басқа да төлемдер сомасын төмендетіп көрсету, салықтық есептемені және басқа салықтық құжаттарды тапсырмау сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар. Оларға салық органдары Қазақстан Республикасының “ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” кодексіне сәйкес түрлі әкімшілік шаралар қолданады. 2001 жылдың ішінде салық органдары 7648 әкімшілік құқық бұзушылықтың бетін ашып, одан айыппұл есебінде 79516,3 мың теңге өндіріліп алынды.
Салықтан жалтару қылмыстық іс болып саналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексіне сәйкес мұндай категориялы қылмыстық істерді қаржы полициясы тексереді. Салық кодексіне сәйкес салық органдарының қызметкерлері салық полициясы органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының статистикалық деректеріне сүйенмек, 2001 жылы республика бойынша азаматтардың салық төлеуден жалтарғандығы жөнінде 136 іс тіркеліп, одан 24 іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ салықтан жалтарған ұйымдар бойынша 352 іс тіркеліп, оның 3 – ісі сотқа жіберілген.
Қазір кедендік әкімшіліктендірудің сапасы жақсарды. Тауарлардың кедендік құнына бақылау жасау, контрабандамен және кеден ережесін бұзушылықпен күрес күшейтілді. Кеденнен өтетін тауарларды жалған декларациялаудың жолы кесілді. Кедендегі оң істердің нәтижесі де айтарлықтай. Мәселен, 2002 жылдың басынан бері мамыр айының 22-ісіне дейін кеден төлемдерімен салық бойынша болжанған 50,8 млрд. Теңгенің орнына 52,2 млрд теңге түсті, яғни жоспар 103 пайызға орындалды. Кеден органдарының ай сайын мемлекет бюджетіне құйып жатқан қаржысы 72,2 млрд доллар. Бұл 2001 жылдың көрсеткішінен 30,7 млн долларға артық.
2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы ТМД-дан тыс елдерден келетін импорттың көлемі айтарлықтай төмендеді. Соған қарамастан, 2002 жылы кедендік төлемдер мен салықтардың импорт көлеміне қатынасының серпіні 2001 жылға қарағанда 46,5 пайызға артқан. Айырмашылықты салыстырып көріңіз.
Салыстырмалы түрде Ресей Федерациясын алып қарайық. 2001 жылы онда жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың бірыңғай ставкасы 13 пайыз көлемінде белгіленді. Ал Қазақстанда жеке табыс салығы 5 пайыздың ең төмен ставкадан прогресті шкала бойынша есептеледі, яғни төлем және орташа жалақыға 13 пайыздан анағұрлым төмен салық салынады.
Сонымен, әркім салықтың өзіне түсетін салмағының қалыпты екендігін, тапқан табысының әділетті түрде бөлінетіндігін және төлеген салығы мемлекеттің, халықтың игілігіне жұмсалып жатқандығын сезінуі қажет.
Салық әкімшілігін жүргізудегі салық органдары қызметкерлерінің құзыреті
Салық дегеніміз бюджетке төленетін міндетті төлем. Бұл төлемдерді алдын ала белгіленген мөлешерде және Қазақстан Республикасының Салық заңнамалары мен Кодексі арқылы реттеледі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі КРСО құлдыраған кезде 1991 жылы құрылды. Бұл бізді мемлекет болып өз саясаттарымыз жүзеге асырудағы алғашқы шараларымыздың бірі болып есептелінеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше элементтен тұрады. Салқы қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жүктеледі. Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады. Салық органдарына аймақаралық салық комитеттері, облыстар, Астана және Актобе қалалары бойынша салық комитеттері, аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін. Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. Уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына басшылық жасауды жүзеге асырады. Салық органдарының бірінші басшыларын қызметке уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы тағайындайды. Қазақстан республикасының Салық комитетінің Қаржы министрлігіне қарайды. Актобе бойынша Салық комитеті алты аудандық Салық комитетін басқарады. Қаржы министрлігінен келген барлық нұсқаулар осы Актобе қаласы бойынша Салық комитетіне келеді, ал ол нұсқауларды аудандық Салық комитеттеріне таратады. Әрбір Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес және Қазақстан Республикасының Салық Комитетінің міндеттеріне қарай мемлекеттік бюджетке салық төлеуге міндетті. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді Қазақстан Республикасының Салық Кодексі заңдары арқылы реттеледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі — өзнің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесінің компонентерінің құрамына мынандай: қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыр, салық салудың негізгі принциптері және т.б. салық механизміне жатады. Біздің басты мақсатымыз салық жүйеснің механизмінің жұмысының тиімділігін арттыру.
ҚР-сының мемлекеттік салықтық қызметі ҚР-ның орталық органдарының мемлекеттік басқару жүйесіне кіреді және ҚР-сының президентіне бағынады және де ҚР-сының үкіметіне бағынады.
ҚР-сының Мемлекеттік салық қызметтерінің негізгі мақсаты заңдарымен бекітілген төлемдер, мемлекеттік салықтарды толығымен және уақытында бюджетке төлеу, оларды төлеу дұрыстығы салық туралы заңдарымен бақылау болып табылады.
Салық салуды басқару жүйелерінің мақсаты басқару субъектілерінің басқару объектілеріне әсер ету арқылы экономиканың тиімді және оптимальді дамыту болып табылады. Қарастырылып отырған жүйеде басқару объектісі ретінде халық және әртүрлі формадағы жеке меншіктер, ұйымдар және кәсіпорындар болып табылады. Басқару субъектілеріне мемлекеттің салықтық қызмет түрінде көрсетіледі. Әсер етулер салықтық заңнамада орнатылған жүйесінде жүзеге асырылады.
Салық жүйесінің тиімді қызмет етулерді қазіргі кезде комлекстік техникаға негізделген, алдынғы қатарлы ақпараттық технологияны қолдануға байланысты. Осы мақсатта салық қызметтері органдарына автоматизацияланған ақпараттық жүйелер құрылады. Олар бюджетке және бюджеттік емес қорларға міндетті төлемдер және салықты жинауды қамтамасыз ету бойынша салықтық деңгейлердің барлық денгейлерін автоматтық қызмет көрсету үшін салық салу материалдарын комплекстті оперативті анализ жүргізу үшін, органдарды басқаруды қамтамасыз ету үшін және салықтық қызметтердің әр деңгейлеріне нақты ақпаратпен қамтамасыз ету үшін арналған.
Қазақстанның салық салудың басқару жүйелерінің құрылымы және құрамы оның әкімшілік территориялық бөлінуіне қатысты болады. Салық қызметі мәліметтерді өңдеу технологиясын және өңделген әдістемелерді бірдей есеп жинағын шешу кезінде бір деңгейді басқару жүйесі кезінде мақсаттарды қамтамасыз етуге негізделген.
Мемлекеттік салықтық қызметтердің бірінші деңгейлері салық түрлері және салық салуды бақылау жасау әдістемелік жетекшілік жүзеге асыратын бөлімшелерден тұрады. Сондықтанда төлеушілермен ( заңды тұлғалар- кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалар, халық ) басқару объектілердің қарым қатынасы 3-ші деңгейде ьжүзеге асырады. Суретте көрсетілгендей төменгі деңгейде қала аудандары, қалалар және аудандардың салықтық инспекциялары көрсетілген, олар келесі қызметтерді атқарады:
— Салық туралы және басқа да бюджетке төленетін төлемдер туралы заңнаманы сақтауды бақылау;
— Бюджетке төленетін төлемдер және салық төлеушілердің есебі;
— Салықтың және төлемшілердің бюджетке уақытында және дұрыс түсуін қамтамасыз ету;
— Бюджетке төленетін төлемдер және салықтарды төлеумен байланысты төлеушілерге бухгалтерлік отчеттарды және расчеттарды уақытында көрсетуді бақылау және оның дұрыстығын тексеру;
— Мемлекеттің орындау органдарының өзара байланысы, яғни құқықтық қорғау, қаржылық және несие органдарының заңдарын орындау және дұрыс жүзеге асырудағы бақылау;
— Қаржылық санкцияларды төлеу, бюджетке түскен төлемдердің және салықтың соммасы туралы қалалық және аудандық қаржылық органдарға мәліметтерді құру және көрсету;
— Жоғарыда көрсетілген мемлекеттің салық органдардың орнатылған есептарді құру және көрсету, анализ беру;
— Іс жүргізу тәртібін орнату және т.б. қызметтер.
Жоғарыда көрсетілген қызметтерді ҚР-сының мемлекеттік салық қызметтерінің органдарын басқару жүйесінде “Салық ” автоматизацияланған ақпараттық жүйесін құрады.
“ Салық ” автоматизацияланған ақпараттық жүйесі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану,мәліметтерді өңдеу әдістері және жаңа құралдар базасына сүйене отырып, мемлекеттік салық қызмет органдарын ұйымдық басқару формасын көрсетеді.
“ Салық ” автоматизацияланған ақпараттық жүйесі ақпараттық ағымдарды реттеу,байланыс құралдары және есептеу техникасы, экономикалық математикалық әдістерді салықтық органдарда қолдануда басқару қызметтерін жүзеге асыру және еңбекпен қамтуды төмендету, шешілетін мақсат ортасын кеңейту болып табылады. Салық автоматизацияланған ақпараттық жүйесі қызметтерінің мақсаттарын келесі түрде көрсетуге болады:
— қабылданған шешімдердің сапасын жоғарлату және оперативтіленген есебіне қарай салық салу жүйесінің тиімді қызмет етуін көтеру;
— оперативті жұмысты жүзеге асыру және салық инспекторының еңбек өнімділігін көтеру;
— салық заңнамасы туралы уақытылы ақпаратпен оның барлық деңгейінде салық инспекциясын қамтамасыз ету;
— салық заңнамасын сақтауды тиімді бақылау және салық төлеушінің есебі бойынша мәліметтердің сенімділігін көтеру;
— бухгалтерлік есептің оперативтілігі және қасиеттерін жақсарту;
— салықтың түсуі және басқа да бюджетке төленетін төлемдердің түсуі туралы мәліметтерді алу;
— төленген салық соммасының динамикасының анализі және осы динамиканы болжау мүмкіндігі;
— салық заңнамасын сақтау және төленген салық туралы әртүрлі администрацияларды ақпараттау;
— құжат айналым көлемін қысқарту.
Барлық елдердің экономикасының даму кезеңдерінде Қазақстанның салық жүйесінің қызметтерінің нәтижелігі көбінен А.А.Ж қызметінің тиімділігіне тәуелді болады. А.А.Ж. ақпараттық технологияларды жүзеге асырады.Салық жүйесінде А.А.Ж.-бұл әдістер жиынтығы,яғни ақпараттық процесстер және бағдарламалық техникалық құралдар, технологиялық байланыстырылған жинақтарды қамтамасыз ету, оларды өңдеу, сақтау, тарату және ақпараттық ресурстарды қолдану процесінде ақпараттарды көрсету т.с.с. олардың оперативтілігін және сенімділігін көтеру.Ақпараттық ресурс дегеніміз- формалданған идеялар және білімдер әртүрлі мәліметтер, әдістер және оларды жинау құралдары, ақпаратты тұтынушы және жинақтаушы арасында айырбастау және сақтау болып табылады.
Салық қызметінің бір приоритетті мақсаттары болып салық органдарын ақпараттау,яғни салық органдарының құрылымының кызметтерін тиімді қолдайтын, ақпараттық жүйелерді құра алатын, ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады.
Салық қызметінің А.А.Ж. құрылымы салық органдарының құрылымы сияқты көп деңгейлі болып табылады. Елдегі салық қызметтерінің жүйесі көп элементтерден тұрады. Барлық жүйе және онің әр элементі сыртқы және ішкі байланысқа ие болады. Салық жүйесінде басқару процесі ақпараттық процесс болып табылады. Салық қызметтерінің А.А.Ж-сы кез келген экономикалық жүйе сияқты стандартты құрамды және ол қамтамасыз ету және қызмет көрсету бөлімдерінен тұрады.
А.А.Ж. бағыттылығын қызмет көрсету бөлімі көрсетеді. Қызмет түріне байланысты салық органдары орындайтын жүйелердің қызмет көрсету бөлімі ерекшелейді. Оның құрамына салық А.А.Ж. деңгейіне асиет болып табылады. Функцианалды жүйе асты мақсат жиынынан тұрады, ол нақты экономикалық құрылымды мінездейді, нақты мақсаттарға жетеді және басқару функцияларын қамтамасыз етеді. Мақсат жиынтығында әртүрлі 1-ші қатарлы құжаттар қолданылады. Өзара байланысқан алгоритм есебіне негізделген бірқатар шығушы құжаттар құрастырады. Есептеу алгоритмдері, құрылғылар мен нормативтік құжаттар, әдістемелік материалға негізделеді. Әр жиынның құрамына бөлек мақсаттар кіреді. Мақсаттар логикалық байланысқан құжаттармен негізделінеді, олар бір шығушы мәліметтер негізінде алынады.
Ұйымдық типті кез келген а.а.ж. үшін тән болатын, қамтамасыз ету бөлімі ақпараттық, технологиялық және т.б. жабдықтауларды қамтиды.
Функционалды мақсаттарды автоматизациялау шешу процесінде қолданылатын, машиналық тасығыштардағы ақпараттық массивтер мәліметтері, салық органының жүйесіндегі қолданылатын әдістер, кодтар, классификаторлар, құжаттар, көрсеткіштер жиынтығын ақпараттық жабдықтау қамтиды.
Техникалық жабдықтау әртүрлі ЭЕМ-ның негізін құрайтын ақпаратты техникалық өңдеу құралдарының жиынтығы, т.с.с. бұл құралдар салық органдары ішінде әртүрлі автоматизацияланған жұмыс орындарында ақпаратты алмасуды қамтамасыз етеді, т.с.с. жүйелер және т.б. экономикаклық объектілердің байланысын көрсетеді.
Программалық жабдықтау салық органдарымен шешілетін әртүрлі мәселелерді шешу үшін қажетқолданбалы және ортақ мінездемелі программалық құралдардың әртүрлі жиынтығын көрсетеді.
Салық жүйесінің а.а.ж-сы үлкен жүйе класына жатады. Бүл жүйеге осы класқа тән кез келген жүйе сияқты бірқатар талаптар қойылады: жүйені құру, мақсатына жету, басқа жүйелермен және өз шегінде орналасқан жүйе мәліметтерінің барлық элементтерінің бірігуі, жүйелік декомпозиция және т.б. Бұл талаптар жүйе элементтерінің модернизациялау мүмкіншілігін көрсетеді.Олардың ауысу жағдайларына адаптациялануы; ақпараттың нақтылығы және эксплуатациялау сенімділігі, шығушы ақпаратты көп фунуционалды және көп жоспарлы қолдану; м.б-да сақталған ақпараттың актуалдылығы.А.А.Ж. қол еңбегінің минималды шығыны кезінде объектіні басқару жағдайы туралы ақпаратты анализдеу және өңдеу, жинауды қамтамасыз етеді; әртүрлі деңгейдегі және біртекті жүйедегі басқа жүйелермен, жүйе ішінде ақпаратпен алмасу басқарушы әсерлермен қамтамасыз етеді. А.А.Ж. ақпараттық аспектілерде барлық техникалық модельдердің бағдарламалық бірігуін, техникалық қызмет көрсету технологиясы, шешім нәтижелерін әртүрлілігін өңдеу, енгізуақпараттың жай тілде жазылуы, жүйелер арасындағы байланыс, басқарушы алгоритмдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Нақты талаптар бұл жерде әртүрлі типтегі операциялық жүйелерде, базаларда жүйенің өңделуі және өызмет көрсетуі, қолданбалы бағдарламалар пакеті, олар функционалды мақсаттарды шешу, мәліметтер базасын басқару жүйесі, ақпаратты шығару және енгізу кезінде өңдеу, ол ақпараттық сұраныс кезінде қолданушының есептерін шешу үшін қажет. Бағдарламалар пакеті жүйелер арсындағы байланысты және ақпаратпен алмасуды қамтамсыз етеді. А.А.Ж. қолданушының ақпаратты қолдану үшін бейім шығушы ақпаратты форма түрінде құру, СУБД басқарулар, мәліметтер базасы және ақпараттық файлдарды жақсы ұйымдастыру, ақпараттың ортақ классификаторларын қолдану, рационалды кодтау жүйесін қолдану, және оның негізгі қызметін жүзеге асыру үшін толық және қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету қажет. ….