Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемес құқықтық негіздері құрылу ерекшеліктері

0
103

1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялағаннан бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.
1990 жылы желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ға банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы Заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады.

І кезең. 1988-1991 жж. мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

ІІ кезең. 1992-1993 жж.-рнубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісу, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

ІІІ кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктер де болды, осыған байланысты келесі реформаны қажет етті.
Бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарлама-сына сәйкес жүргізілді.Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Респуб-ликасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республика заңдарын басшылыққа алады.
Үлкейтілген ауқымда банктер-эмиссиялық және коммерциялық банктер болып бөлінеді. Ақшаны айналымға шығарып және оны қайтарып алуға дара құқығы бар, елдің Орталық (Ұлттық) банкі эмиссиялық дәрежелі болып табылады. Басқа банктердің барлығы, Қазақстан жағдайында, екінші деңгейлі банктер болып есептеледі, негізінде олардың бәрі де коммерциялық банктер.
Ол кезегінде, екінші дәрежелі банктер мамандандырылған және әмбебап банктер болып бөлінеді.
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан № 2443, заңдық күші бар «Қазақстан Респуб-ликасындағы банктер және банк қызметтері туралы», жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акцио-нерлік қоғам болып қалыптасты.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты-пайда табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдық, мерзімділік және төлемдік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операциялардың экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және де олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің құдіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктері Қазақстан Республикасы банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналасын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетінлицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицезиядан басқа Қазақстан Респуьликасы Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операциялардыжүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;

2. Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;

3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашуға Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• Рұқсат алу үшін беретін өтініш;

• Құрылтайшылық шарт;

• Банктің жарғысы;

• Банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;

• Құрылтайшылар туралы мәліметтер;

• Құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы;

• Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;

• Егер бір немесе одан да көп құрылтайшылар Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, ондай жағдайда ол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;

• Егер банк операцияларының жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;

• Банктің жетекшілік қызметіне тағайцындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтердің банк жүйесінде кемінде-үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтердің кемінде-бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;

• Жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы;

• Жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі;

• Жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі;

• Жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары, еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;

• Тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
• Нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;

• Басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.

Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтінш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде, жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезең, банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:

• Ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлімдерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерді қабылдау;

• Жарияланған жарғылық капиталды төлеу.

Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицезияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Заңның 30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар кіреді:

• Заңды және жеке тұлғалардың депозиттер қабылдау;

• Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құқықты ұйымдарға корреспондентттік шот ашып, оларды жүргізу;

• Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау, қайта санау, айырбастау ауыстыру, сұрыптау, буу-түю және сақтау;

• Ақша ауыстыру: Заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару;

• Есептеу операцияларды: Заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;

• Заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде банктер-корреспонденттердің талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп айырысу;

• Клирингілік есеп айырысу операциялар: жинау, салыстыру, сұ-рыптау , төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге қатысушылардың таза жайғасымен анықтау;

• Сенімгерлік операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;

• Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздар мен қозға-латын мүліктерді кепілзатқа алып, қысқа мерзімді несие беру;

• Банкноттар мен монеттердің, басқа да құнды кассіге жинау және салып жіберу;

• Басқа елдердің валюталдарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру. Банктер аталған операцияларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің рұқсат қағазы (лицензия) негізінде жүргізеді. Жоғарыда аталған операциялардан басқа, екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің арнаулы рұқсат қағазы бойынша төмендегі операцияларды жүргізе алады:
• депозиттік сертификаттар шығару;

• кепілдеме операциялары: кепілгерлік беру, үшінші тұлғалардың атынан, ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;

• мүліктерді жалджауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берген мүлкіне меншіктік құқы, шарттар көрсетілген мерзім біткенше сақталады.

• өзінің меншікті құнді қағазын шығару (акциядан басқа);

• Факторингтік операциялар: тауарды сатып алушыдан, төлнбей қалу қаупін өзіне қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;

• Форфейтінгілік операциялар: тауарды сатып алушыдан қарыздық міндеттемелерін (вексель) сатып алу.

Осы аталған операциялар «Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы» деген түсінік «банкілік қызметтер» деген ұғыммен араласып кеткен және кейбіреулері «банкілік операциясы» деген дәстүрлі түсінікке сәйкес келмейді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады. Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айырысу операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысу.Ақшалай қаражат бір субъектілерден екінші субъектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасына ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі. Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы, сейфтік операцияларды жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді кассаға жинағанда, ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де, түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну керек және оларды бөлек қарау керек.
Жалпы коммерциялық банктерді мынандай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

Меншік сипатына қарай:
• Мемлекеттік;
• Акционерлік;
• Жеке;
• Аралас.

Операциялардың түрлеріне қарай:
• әмбебап, яғни экономиканыі барлық салаларына бірдей және кең көлемде банктік қызмет көрсететін банктер;
• маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

Аумақтық белгісіне қарай:
• халықаралық;
• ұлттық;
• аймақтық

Салалық белгісіне қарай:
• өнеркәсіптік банктер;
• сауда банктері;
• ауылшаруашылық банктері;
• құрылыс банктері;
• басқа да.

Филиалдар санына қарай:
• Филиалсыз;
• Көп филиалды.

Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көр-сеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттерінің арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және қызметтері туралы» Заңнің 41-бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынандай жолдармен реттейді:

• Екінші дәрежелі банктерге пруденциялық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекітуі;

• Екінші дәрежелі банктер үшін, міндетті түрде орындалуға тиісті нормативтік, құқықтық актілер шығару;

• Екінші дәрежелі банктердің жұмысын инспекциялау және оның нәтижесінде, банктің қаржы жағдайын сауықтандыруға бағытталған ұсыныстар енгізу, немесе ықпалын тигізетін шаралар қолдану, ең ақыры, лицензиясын алып қоюға дейін.

Қазақстан Республикасындағы банктер, бастапқыда мәлімдеуші
акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылады.(2)
Ашық типтегі банктердің өтуі үшін, Ұлттық банкпен банктік операцияларды жүзеге асыруға рұқсат қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бекітілген пруденциялдық нормативтерді және басқада жоғарыда көрсетілген міндеттерді орндаған жағдайда ғана сатуға болады.
Нарықтың экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:

• Пассивтік операциялар (қаржы жұмылдыру);
• Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
• Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!