Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы

0

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеуі бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы түсініктері әр түрлі және Қазақстанда оларды теориялық, құқықтық жағынан ажырату қажеттілігі бар. Қор нарығы эмиссиялық бағалы қағаздардан тұрады, ал бағалы қағаздар нарығы одан кең – эмиссиялық және туынды бағалы қағаздар нарығынан құралады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бірінші сатысынан немесе қалыптасу сатысынан өтті деп тұжырымдауға болмайды, мұны тек қор нарығының үлесіне тиеді. Өкінішке орай, бағалы қағаздар нарығының басқа элементтері, яғни туынды бағалы қағаздардың даму сипаты жоқ.
Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығы екі үлкен топтан тұрады, атап айтсақ қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына мемлекеттік меншіктің жеке меншікке көшуі негіз болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығына келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздар нарығы – бұл мемлекеттің, нарық субъектілерінің қаржылық ресурстарын шоғырландыруы мен бөлінуі сипат алатын қандай да болмасын мерзімдегі бағалы қағаздардың айналысы қарастырылатын жүйе. Қор нарығы бағалы қағаздар нарығының құрылымына жатқызылады. Оның негізгі айырмашылығы ретінде – капиталдың айналысын қамтитын бағалы қағаздардың жүйесі.
Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.
ҚР заңнамада бағалы қағаздар түсінігі және «бағалы қағаз» мәртебесіне ие құралдар қарастырылған.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, бағалы қағаз — мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады. Заңнамаларды салыстыру негізінде, Азаматық кодекс пен Бағалы қағаздар нарығы заңдарының сәйкессіздігі байқалады. Сонымен қатар, инвестициялық қор туралы ҚР заңында пайды бағалы қағаз түрі деп бекітсе де, өзге құқықтық құжаттарда пай бағалы қағаз мәртебесі ретінде негізделмеген.
«Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі
құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы – бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын кәсіби қатысушылар және сауданы ұйымдастырушылар ретінде қарастырмыз.
Әлемдік және ұлттық бағалы қағаздар нарығының сипатын зерделей келе келесі тұжырымдама жасауға болады:
— «бағалы қағаздар нарық үлгі» түсінігінің жеткілікті деңгейде қарастырылмауы;
— бағалы қағаз нарығын дамытуда нақты үлгіге сүйенбеуі;
— ұлттық бағалы қағаз нарығын қалыптастыруда үлгіні құрастырушы факторлардың ескерілмеуі.
Біздің пікірімізше, бағалы қағаз нарығының үлгісі – бұл елдің өндірістік, экономикалық, дәстүрлік факторларды ескере отырып, қоғам субъектілеріне бағалы қағаз арқылы тиімді жүйесін құру болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығының үлгісін тек қатысушы институттарға ғана байланысты емес, сондай-ақ корпоративтік басқару, қаржы нарығының құрылымына байланысты анықтау қажет. Осыған байланысты, қаржы нарығының құрылымына байланысты республиканың бағалы қағаздар үлгісі – жапон-немістік үлгі деп танысақ, ал корпоративтік басқару жағынан – немістік үлгі деп анықтаймыз.
Ішкі инвестициялық ресурстарды тарту стратегиялық маңызы бар мәселеге айналды. Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тартуды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығы жүргізілуі тиіс:
• бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмін зерттеу;
• бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін себептерді анықтау;
• бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуына әсер ететін мемлекеттік әсер ету шараларын жүргізу.
Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік реттеуді жүргізуіне байланысты. Бағалы қағаздар нарығын реттеудің құралдарын, әдістерін және бағыттарын таңдау нарыққа ғана емес, мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесіне әсер етеді. Бағалы қағаздар нарығын реттеу – бұл өкілетті қатысушылардың қызмет процесінде пайда болатын қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығын реттеу нарықтың барлық қатысушылары, ресурстары, қызметтері мен операциялары қамтылады. Реттеудің 2 негізгі үлгісі бар: мемлекеттік және өзін-өзі реттеу.

2. Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу

Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу тікелей және жанама түрде жүзеге асырылады. Тікелей мемлекеттік реттеуге келесілер жатады: нарық субъектілерінің қызметтеріне қатысты заңнамаларды шығару, нарық субъектілерін лицензиялау, инвесторларды қорғау шараларын жасау және т.б. жатады. Ал, жанама мемлекеттік реттеу мемлекеттің экономикалық тұтқалары және капиталдары арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тұтқалар мен капиталдарға салық, ақша саясаты, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік меншік, сыртқы экономикалық байланыстар жатқызылады.
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы еліміздің егемендігін алғаннан басталды. ҚР-да бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді негізінен 4 кезеңге жіктейміз. Бұл жіктеу бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізетін және қадағалайтын органдарға байланысты.
1-ші суреттен көріп отырғанымыздай, қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығын реттеудің негізгі 4 мемлекеттік органдары бар. ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар нарығындағы негізгі рөлі – бұл мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және мемлекеттегі қаржылық институттардың өтімділігін ұстап тұру. ҚР Ұлттық банк ЕДБ-дің актив бөлігіндегі өтімділікті сақтау арқылы өзінің бағалы қағаздарын шығару қызметін атқарады.

ҚР бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің қазіргі үлгісі
Ескерту – автормен құрастырылған

Ал, Қаржылық қадағалау және АӨҚО қызметін реттеу Агенттіктері жоғарыдағы мемлекеттік органдарға қарағанда кеш құрылуына қарамастан, қаржы нарығындағы, соның ішінде бағалы қағаздар нарығындағы беделі төмен емес. Олардың ҚР-да бағалы қағаздар нарығындағы негізгі қызметтері – бұл қатысушылардың қызметтерін лицензиялау мен олардың қызметтерін тәртіпке келтіру, қаржылық құралдардың шығаруын ынталандыру мен олардың талаптарға сай келуін сақтау және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық механизмнің арасындағы қатысушылардың қызметтерін үйлестіру.

3. Бағалы қағаздардың даму үдерісі

Бағалы қағаздардың даму үдерісі, қатысушылар саны бірқалыпты жағдайда дамыды. Осыған байланысты, бағалы қағаздар нарығының қалыптасу мен даму кезеңдерін негізінен нарықта реттеу жүргізетін органдарға байланыстыруын ұсынамыз.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың өсім қарқыны 71,76%-ын 2006 жылы, 165%-ға 2007 жылы жоғарлануын және 2008 жылы 41,02% төмендеуін байқаймыз. МБҚ төмендеу немесе жоғарлау жағдайы мемлекеттің қаржы саясатының мазмұнына, республикалық бюджеттің ағымдық жағдайы және институттардың өтімділігін сақтау үшін жүргізілген саясатқа тәуелді.
МБҚ құрылымында ең үлкен бөлігін ҚР Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар алады. 2005 жылы және 2007 жылы олардың үлесі 38,73% және 31,8%-ы құраса, қалған екі жылда МБҚ құрылымында қомақты бөлігін, яғни 2006 және есепті кезеңде 67,33%-ы және 73,37%-ы сипат алды.
ҚР Ұлттық банктің ноттары мемлекеттің ақша-несие саясатының құралы бола отырып, ЕДБ-дің өтімді активтеріне жатқызылады. Сонымен қатар, қор биржа мәмілесінде пайда табудың ең қолайлы құралына жатқызады. Олардың үлесі 2005 жылы және 2007 жылы өскенін байқаймыз. Сәйкесінше, олардың үлесі 59,83%-ды және 67,82%-ды құрайды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы жағынан талдау жүргізсек, ҚР Қаржы министрлігі және Ұлттық банк шығарған бағалы қағаздардың арасындағы құрылымдық өзгерісті байқауға болады. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына және 2007 жылдың 1-ші қаңтарына көрсетілген мәліметтерге сүйенсек, осы мерзімді ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына қарағанда ҚР Ұлттық банктің ноттарының шығару көлемі жоғары. Яғни, ҚР Ұлттық банкі мемлекетте қымбат-ақша несие саясатын жүргізу мақсатында, өзінің ноттарын шығару белсенді жүргізгенін куәландырады. Алайда, 2005 және 2007 жылдың қорытындысы бойынша, республикалық бюджет ресурстардың жеткіліксіздігі және жинақтаушы зейнетақы қорлардың өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің бағалы қағаздар көлемін жоғарлатқаны байқалады.
ҚР бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ғана емес, сонымен қатар корпоративтік бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Оның көлемі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы сияқты болмаса да, жыл сайын біртіндеп дамуы байқалады. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығының акция нарығына тоқталайық.
Қор биржаның листинг «В» тобына қарағанда листинг «А» тобындағы шығарылымдар жоғары екінін байқауға болады. Ең алдымен, бұл эмитенттердің қаржылық тұрақтылығының жоғарлығын куәландырады. Сонымен қатар, эмитент қор биржаға айналысына бағалы қағаздарды енгізу кезінде листинг «А» секторына енгізуіне атсалысады. Себебі, бұл эмитенттің беделіне әсер етеді. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың сенімділігінің, бағалы қағаздардың нарықтық бағасының өсуіне әкеледі.
6-шы суреттен байқағанымыздай, листинг «А» тобындағы шығарылымдар саны листинг «В» қарағанда 3 есе артық. Сондай-ақ, листинг «А» тобында бағалы қағаздардың шығарылымы қарқынды өсуі байқалса, листинг «В» тобында бағалы қағаздардың шығарылымының өсуі онша байқалмайды.
KASE жалпы капиталдануы ЖІӨ-нің қатынасы негізінде көрсеткішке талдау жүргізу кезінде, осы көрсеткіштің ең жоғарғы деңгеңі 2006 жылы байқалады. Алдыңғы жылдары 21,62% (01.01.2005) және 35,02% (01.01.2006) деңгейінде көрініс тапты. 2007 жылдың 1 қаңтар айында аталған көрсеткіш 87,06%-ын құраса, есепті жылы 64,94%-ы деңгейіне төмендеді. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «А» және «В» санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша нарықта жалпы капиталдандыру тиісінше 8451466 млн. теңге және 375554 млн. теңге болды. Бұл ретте облигациялар бойынша капиталдандыру 36,12%-ға өсті, акциялар бойынша 5,11 есе өсті. KASE жалпы капиталдандыру 2007 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 8827020 млн. теңгені құрады, ол ЖІӨ-нің 101,17%-ын құрады. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осындай көрсеткіш 35,02% болды. Қор нарығының капиталдануының ұлғаюымен қатар, ЖІӨ-ге қор нарығын капиталдану көрсеткішінің өсуі де байқалды.
2005-2008 жылдар аралығындағы кәсіби қатысушылар санының серпінін 8-ші суреттен көруге болады. Кәсіби қатысушылардың ішінен брокер-дилерлік лицензияны алу сұранысы жоғары екенін атап өтуге болады. Оның даму серпіні жыл сайын өсуде. Бұған себеп ретінде – ҚР бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлар қаражаттарының көбеюі қарастырылады.
Қарастырылған кезеңдерде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімінің жүйесін жүргізу ұйымдар санының біршама төмендегенін көреміз. 2005-2006 жылдар аралығында тіркеушілердің саны – 18 болса, келесі жылдары серпіні төмендеп отыр – 2007 жылы 11%-ға, 2008 жылы (базистік жылмен салыстырғанда) 5% төмендеп отыр. Аталған қатысушылар санының төмендеуі уәкілетті органның талаптарына сай болмауы себеп болып отыр.
Листингтік компания, яғни өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарыққа енгізетін ұйым, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы бірнеше қатысушылармен өзара байланысы болады. Мұнда, листингтік компанияның ерікті шешімі емес, ал мемлекет бекіткен міндетті талаптарға сай болуы негізге алынады.
9-шы суреттен көріп отырғанымыздай, листингтік компания кем дегенде төрт қатысушымен өзара байланыста болуы шарт. Ал, әр қатысушыға қызмет көрсеткіні үшін сыйақы, алым төлеуі керек. Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығының листингтік компаниялар ұйымдастырылған нарықта төмен белсенділігінің негізгі факторы ретінде – біз қатысушылар санына байланысты қаржылық ресурстардың қымбаттығы, яғни бағалы қағаздар бойынша шығындардың жоғарлығын тұжырымдаймыз.

Листингтік компанияның ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қызмет етуде қатысушылармен өзара байланысы
Ескерту – Автормен құрастырылған

Осыған сәйкес, бағалы қағаздар эмитенттері, әсіресе листингтік компаниялардың өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарықтың айналысында тіркеу мәселесі бойынша ұсыныс қарастырамыз. Бастапқы кезеңде бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізетін ұйымдардың пайда болуына мемлекет септігін тигізді. Себебі, 1997 жылдың заңнамасына сәйкес, акционерлер саны 500 ден жоғары акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу тек тәуелсіз тіркеушімен жүргізілуі бекітілді. Кейіннен, 2001 жылы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңына сәйкес, барлық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу уәкілетті органнан лицензиясы бар ұйым ғана қызмет атқаруға құқығын анықтады. Сөйтіп, акционерлік қоғамдарды эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару кезінде тіркеушімен өзара келісім-шарт жасасуға міндеттеді.
Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында, листингтік компания үшін жеңілдік ретінде – бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізуді өздеріне беру құқығын анықтаймыз. Бұл фактор бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта айналысы жоқ эмитенттерге қарағанда бәсекелестік артықшылық береді. Аталған шартты жүзеге асыру үшін келесідей қадамдарды қарастырамыз.

Бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізу жүйесін жетілдірудің қадамдары
Ескерту – автормен құрастырылған

ҚР қаржылық саясат бір-біріне байланысты 2 элементтен тұрады – бұл стратегия мен тактика. Осыған сәйкес, бағалы қағаздардың заңнамасында өзгертулер мен толықтырулар енгізген кезде, олардың бір-бірінен шығуы сипат алуы қажет.
Сондықтан да, бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік реттеуді жүргізу кезінде келесідей қағидаларға сүйенуін ұсынамыз.
— заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің басыңқы дәрежесіне сүйенуі;
— заңнаманы шығару мен оған толықтыру жүргізу кезінде құқықтық негіздің бір-біріне үйлестіруі және бірігей бағыттарды ұстануы;
— бағалы қағаздар нарығындағы стратегия мен тактиканы анықтау кезінде нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді ескеруі; ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!