Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің мәні мен маңызы

0


1.1 Аудиттің мақсаты мен міндеті

Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық қапаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктердіжою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, мекеме қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жаөсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да өызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – мекемелердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген: «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделілік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».
Таным теориясынына орай, бір ғылым ғана зерделейтін объективті шындықтың қандай да бір бөлігін немесе кез келген ғылымның (оныі әшәнде аудит те бар) мазмұны деп ұғынуға болады. Органикалық тұрғыдағы өндірістік қатынастардың нарықтық экономикадағы объективті экономика заңы экономикалық теорияның пәні болып табылатыны белгілі. Салалық экономикалық ғылым салалардың, өзіндік ерекшелігіндегі бұл заңдардың әрекетін, өндіруші күштермен, техникалар және технологиялармен өзара байланысындағы жекелеген салалардың өндірістік қатынасының даму ерекшеліктерін зерделейді.
Пән анықтамасы осы ғылымның басқа ғылымдардан айырмашылығын көрсететін ерекшкліктерді қамтуы керек. Оның ішінде:
1) Ғылымның мақсаты мен мазмұны;
2) Өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принциптері;
3) Зерделеу объектісі;
4) Ақпарат көздері.
Осылайша аудит мазмұнын қалыптастырамыз, өйткені арнайы әдебиеттерде оның әзірге айтарлықтай нақты әрі дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтылығына қарай тексерілетін, зерттелетін және объективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады.
Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді ғана қамтамасыз етпейді, ол сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен мекеме қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Осыған орай, ол аудит анықтамасында бизнестің өзінше бір сараптамасы ретінде баяндалады.
Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі.
Аудиторлық қызмет бұған қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді,басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды.
Аудитор, адвокат, дәрігер, музыкант, суретші және шығармашылықтың адамдары сияқты еркін кәсіптің өкілі болып табылады, ал аудиттің кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде дамыған елдерде беделі (рейтингісі) жоғары. Шетелдік сарапшы ұйымдар жиі өткізетін қоғамдық сұрау салудың қорытындысы бойынша бухгалтер-аудитор кәсібі адвокат және дәрігер кәсіптерімен тең бәсекелесіп, алғашқы үш орынның бірін тұрақты иеленеді екен. XX ғасырдың 80-інші жылдарының соңында біздің елімізде пайда болған аудиторлық кәсіп бухгалтерлік есеп, қаржы, бақылау, құқық, менеджмент, стратегиялық және ағымдық жоспарлау, ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын басқаруды ұйымдастыру салаларындағы жоғары білікті мамандар үшін келешегі зор әрі абыройлы қызмет түріне айналып үлгерді.

1.2 Аудитті құқықтық реттеу және аудиттің заңдылықтары

Аудиттік қызметті жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының заңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:
 ҚР Конституциясы;
 ҚР азаматтық кодексі;
 ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы;
 ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» заңы;
 ҚР қылмыстық кодексі;
 «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексі;
 ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі;
 ҚР бюджет кодексі;
 ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы»; «Банкроттық туралы»; «Шетелдік инвестиция» туралы; «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы»; «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т.б. заңдары.
Жоғарыда аталған заңды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қолдану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалынатынын ескеріп отыру керек.
Белгілі болғандай, 1993жылы 18-ші қазанында «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» заңы алғаш рет қабылданғаннан кейін еліміздің экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде елеулі өзгерістер болып өтті. Экономиканы, қаржы-несие жүйесін басқару және оларды нормативті-құқықтық реттеу салаларында реформалар болды. Өнеркәсіптерде, саудада, құрылыста, ауыл шаруашылығында және көлік саласында нарықтық қатынастарды одан әрі тереңдету бойынша шаралар қабылданды. Кәсіпкерлікті дамытуға және меншіктерді мемлекеттендіру мен ұлттық экономиканың көптеген салаларындағы жекешелендіруге экономикалық жағдай жасалып, құқықтық негіздері қаланды.
Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық стандарттарға көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылық-несиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады.
Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. Ескі заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі, сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырақ айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген.
Аудит туралы екінші заңның уақтылы қабылдануы республикадағы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың нақты тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етті, өйткені үкіметтік және басқа да атқарушы органдар оларды дербестігінен айырып, министрліктер мен ведомоствалардың нұсқауы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай рет қайталанды.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық палаталары мен республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 1998 жылдың 22-23 желтоқсанында Алматыда елдегі аудиторлардың төртінші Республикалық конференциясы болып, оның қорытындылары бойынша мынадай маңызды қаулылар қабылданды:
1) ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңның іс жүзіне асыру бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұымдардың міндеттері туралы;
2) Аудиторлардың Республикалық палатасын қалыптастыру туралы;
3) «Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы» ережені бекіту туралы;
4) Республикалық палатаның Кеңесін сайлау туралы;
5) Аудиторлар Республикалық палатасының тексеру комиссиясын сайлау туралы;
6) Аумақтық аудитор палаталары төрағаларының Кеңесін сайлау туралы;
7) Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының ревизиялық комиссиясын сайлау туралы.
2006 жылы «Аудиторлық қызмет туралы» заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қаралды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген аудиторлық ұйымдарында көрнекті нормативті базалар бар, бұл олардың аудиторлық тексерулерді сәтті жүргізуіне ғана емес, сондай-ақ кеңес беру және басқа да кәсіби қызметтерде жетістікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!