Реферат: Экономика | Қаржы құқығының негіздері
Қаржының басты мақсаты – мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады.
Ақша қорларын жинау тәсілдері:
1. Иелерінен ақшаны міндетті түрде , қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
2. Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).
3. Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т.б.
Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.
Қаржы құқығы дегеніміз – мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.
2. Салықтық құқық негіздері.
Салықтық құқық – заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады.
Қазақстан Республикасының нарық экономикасына бағытталып негізделген қатынастарға көшуіне, сондай-ақ салық салу аясындағы мәселелердің маңызды және әлеуметтік – экономикалық процесстерге ықпалын тигізетін құралға айналуына байланысты салықтық қатынастардың рөлі арта түсуде.
Салық қатынастары салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
Осыған орай, қандай да болмасын мемлекеттің атқаратын қызмеиінің ең маңызды, басты түрі – мемлекеттік кіріс болып табылады. Сол мемлекеттік кірістердің ең негізгілері: салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Олар қалыптастыру және алыну тәртібіне байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді:
А. Салықтар. Корпорациялық және жеке табыс салықтары, қосылған құн салығы , акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік, жер, көлік құралдары мен мүлік салығы.
Ә. Алымдар. Заңды тұлғаларды, жеке кәсіпкерлерді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмәлелерді, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді, теңіз, өзен кемелері, шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алымдар; автокөлік құралдарын ҚР аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым; елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алынатын лицензиялық және телевизиялық және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алымдар.
Б. Төлемақылар. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын, қоршаған ортаны ластағаны үшін, жануарлар дүниесін, орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, радиожиілілік спектірін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланылғаны, сыртқы (көрнекті) жарнаманы орналастырғаны үшін алынатын төлемақылар.
В. Мемлекеттік баж салығы.
Г. Кеден төлемдері. Кеден бажы, кеден алымдары, төлемақы және алымдар.
Салықтар дегеніміз – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғарғы өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімдердің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде және уақытта, заңды және жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын және ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды және жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.
Салықтардың қалыптасқан түрдегі үш функциясы бар:
1. Фискалдық – салықтардың және де басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен және уақтылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.
2. Қайта бөлу — әр түрлі шаруашылық субьектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасынақайта бөлу қызметі.
3. Салықтық реттеу – салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту және негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы немесе ынталандыру функциясы.
Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметін айтады. Бұл қызмет салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне алу, салықтық реттеу және бақылау арқылы атқарылады.
Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың маусымының 12 жұлдызында қабылданған Қазақстан Республикасының Салық кодексі, салық мәселелері жөнінде қабылданған Қазақстан Үкіметінің қаулылары және ь.б. есептеледі.
Төменде салықтардың әр қайсысына қысқаша жеке тоқталып, қарастыра отырып жалпы сипаттамасын береміз.
1. Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады.
Жылдың жиынтық табысқа салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері, соның ішінде: тауарларды (жұмыстардан, қызметтер көрсетуден) өткізуден түсетін табыс иен мүлікті жалға беруден түскен табыстар, үлеспайдадан (дивиденттер), ұтыстар, сыйақылар және т.б. жатады.
Корпоративтік салықты есептегенде төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан пайыздар, күмәнді борыштар, резервтік қорларға аударымдар мен амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығыстар және т.б. (СК 92 – 114 баптары) шегерімге жатады.
Ставкалары. Салық төлеушілердің салық салынатын табысынан 30 %, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеуші 10%, ал резидент еместерден 15 % салық ұсталады.
Күнтізбелік жыл корпорациялық табыс салығы үшін салық кезеңі болып табылады. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді өзінің тұрып жатқан орны бойынша (ағымдағы айдың 20-шы жұлдызынан кешіктірмей) жүзеге асырады.
2. Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141 бабына сәйкес жеке тұлғалар және жеке табыс салығының субьектілері болып табылады, ал обьектілеріне төлем көзінен салық салынатын және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар жатады.
Жеке тұлғалардың табыстарының мынадай түрлеріне салық салынбайды:
— еңбек ақы төлеуге байланысты төлемдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін атаулы әлеуметтік көмек, жәрдем ақылар мен өтемдер.
— балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
— лотерея бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш шегіндегі ұтыстар;
— әскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері әскери қызмет-міндеттерін орындауға байланысты алатын төлемдері;
— білім беру органдарында оқитындарға ҚР заңдарында белгіленген мемлекеттік стипендияларға арналған мөлшерде төленетін стипендиялар және СК 144 бабында көрсетілген салық салуға жатпаййтын басқа да төлемдер.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына: қызметкердің табысы, біржолғы төлемдерден алынған табыс, жинақтаушы зейнет ақы қорларынан берілетін зейнет ақы төлемдері, дивиденттер, сый ақылар, ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар мен жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы, ал төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы мен адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы жатады.
Жеке табыс салығын есептеу кезінде қызметкердің төлем көзінен салынатын табысын анықтау кезінде салық жылы ішіндегі әр бір ай үшін шегерімге айлық есептік көрсеткішіндегі сомалар мен жинақтаушы зейнет ақы қорларына төленетін мндетті төлемдер жатады.
Осы Салық Кодексінің 171 бабына сәйкес төмендегі табысы бар резидент салық төлеушілер салық жылынан кеінгі жылдың 31 наурызына дейін декларация табыс етуі тиіс: төлем көзінен салық салынбайтын табысы бар адамдар; тұрғын үй салумен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылына 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды сатып алуды іске асырған төлеушілер; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден табыс алатын және шет елдік банктердегі шоттары бар жеке тұлғалар, мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендерді қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер үшін көзделген заң нормаларын қолданылатын адамдар, ҚР Парламентінің депутаттары мен судьялары.
Ставкалары:
15 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін Салық салынатын табыс сомасын 5 пайыз
15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 10 пайыз
40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 600 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 20 пайыз
600 еселенген және одан жоғары 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы + одан асатын сомадан 30 пайыз
3. Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы – тауар өндіру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ ҚР аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.
Субьектілері – заңды және жеке тұлғалар, ал салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт қосылған құнға салық салу обьектісі болып табылады.
Ставкасы салық салынатын айналым мөлшерінің 15% -дан болады және (түсті және қара металдар сынығының экспортын қоспағанда) экспортқа тауар өткізу бойынша айналымға және халықаралық тасмалдарға байланысты орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге нөлдік ставка бойынша салық салынады.
4. Акциздер. Акциздер дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың бір түрі болып табылады. Акциздер көбінесе, халық тұтынатын бірінші кезектегі тауарлардың бағасына немесе көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізіледі.
Акциздер – тауар бағасына, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін тарифіне енгізілетін, нақты ставкаларын ҚР Үкіметі белгілеп бекітетін, міндетті төлемдер.
Акцизделетін тауарлар – осы тауарларды жасау кезінде пайдаланылатын материалдар мен шикізаттардан өндірілген және ҚР аумағына әкелінген импотталатын тауарлар болып қалады.
Акцизделенілетін тауарларға мыналар жатады:
1. Спирттің барлық түрлері
2. Алкоголь өнімі
3. Темекі бұйымдары
4. Құрамында темекі бар басқа бұйымдар
5. Бекіре және қызыл балық уылдрықтары
6. Алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар
7. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны.
8. Жеңіл автомобилдер ( арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа).
9. Атыс және газ қарулары (мемлекеттік билік органдарына қажеттіліктері үшін алынатындарынан басқа).
10. Газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай.
Қызметтің акцизделетін түрлері:
1. Ойын бизнесі.
2. Лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.
Ставкалары. Акциз ставкаларын ҚР Үкіметі бекітеді және тауар құнына пайызбен және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Ойын бизнесіне бірыңғай ставкв орнатуға жергілікті өкілді органдарға да құқық берілген.
Жоғарыда аталған тауарлар мен қызметке төленетін акциз операция жасалған күннен кейінгі оныншы күннен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.
5. Жер салығы. Жеке меншік, тұрақты пайдалану және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін. Бұлардан басқа заңда елді мекендерде, өнеркәсіп жерлеріне, елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіптер жерлеріне, елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіптер жерлеріне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман, су қоры жерлеріне, автотұрақтар, автомобилге май құю станцияларына және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салық ставкалары қарастырылған.
Заңды тұлғалар жер салығын ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырдан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан, ал жеке тұлғалар 1 қазаннан кешіктірмей төлеуі тиіс.
Инвестициялық қатынастардың құқықтық
негіздері.
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары Конституцияға негізделеді, ҚР 2003 жылғы қаңтардың 8-де қабылданған «Инвестициялар туралы» Заңымен, өзге де нормативтік-құқықтық кесімдермен реттеледі.
Аталған кесімдер елдегі инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестицияларды ынталандырудың, құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді…..