Реферат: Экономика | ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Материалды мағынасында бюджет мемлекеттің ақша қоры. Осы тұрғыдан қарағанда бюджет дегеніміз мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Құқықтық санат мағынасында бюджет көмегімен орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акті.
Бюджет үрдісінде туындайтын қатынастар бюджеттік қаты¬настар деп аталады. Бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджетнің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептілігін жүргізу мемлекеттік қаржы бақылауы, сондай-ақ байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттелген қызмет бюджет үрдісі деп аталады. Бюджеттер және Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ бюджеттік үрдістер мен қатынастар жиынтығы бюджет жүйесін құрайды.
Бюджет жүйесі төмендегідей қағидаларға негізделеді: 1. Қа¬зақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы¬ның бірыңғай бюджеттік зандарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету ба¬ғытталған бірлік қағидасы. 1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеуге негізделген толықтық қағидасы. 3. Бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі көрсететін реалистік қағида¬сы. 4. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет зандары саласындағы нормативтік құқықтык актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың аткарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізуді дәйектейтін транспаренттілік қағидасы. 5. Бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару оргаңдарының сақтауын белгілейтін дәйектілік қағидасы. 6. Бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет каражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайда¬лана отырып ең үздік нәтижені камтамасыз етуге негізделген тиімділік және нәтижелілік қағидасы. 7.Бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуынын басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру басымдық қағида¬сы. 8. Бюджет процесіне катысушыларды Қазақстан Республикасының бюджеттік заңдарын бұзғаны үшін жауапқа тарту жауапкершілік қағидасы. 9. Түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты түрде бөлініп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің осы Кодекске сәйкес бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер каражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмейтіндігі, тиісті өтемсіз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмейтіндігі бюджеттердің дербестік қағидасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі темендегідей түрлер мен деңгейлерге бөлінеді. Бюджеттердің түрлеріне: 1) тү¬зетілген бюджет; 2) бекітілген бюджет; 3) нақтыланған бюджет; 4) мемлекеттік бюджет; 5) жергілікті бюджеттер жатады.
Түзетілген бюджет дегеніміз тиісінше Қазақстан Республи¬касының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақ¬стан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере оты¬рып бекітілген немесе нақтыланған бюджет.
Бекітілген бюджет — тиісті қаржы жылына арналған, Қазақ¬стан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Нақтыланған бюджет — атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет.
Мемлекеттік бюджет — араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Жергілікті бюджет — облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджеттердің деңгейлеріне: 1) республикалық бюджет; 2) об¬лыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюд¬жеті; 3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті; 4) төтенше мемлекеттік бюджет кіреді.
Республикалық бюджет салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міңдеттері мен функцияларын қаржымен камтамасыз ету¬ге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағытта¬рын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры рес¬публикалық бюджет болып табылады.
Облыстың бюджеті — араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, облыстык бюджетті, аудандардың (об¬лыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпай¬тын жиынтық бюджет;
Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық манызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырыл-ған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бо¬лып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатынын шешімімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізіңде калыптастырылады және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі. Төтенше мемле¬кеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентіне дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекет¬тік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді. Қазакстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізу төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмқін болатын ретте ғана төтен¬ше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.
Еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуедділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылады. Қазақ¬стан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлтгық Банкіңдегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, соңдай-ақ, материалдық емес актив¬терді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Рес-публикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қар жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау функциясы қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасызетеді.
Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалык жағдай, респуб¬ликаның әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бүл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады. Қор түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валю-талармен жүргізіледі.
Ұлттық қорды сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республи¬касының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзе¬ге асырады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттің түсімдері мен шығыстарынан тұрады. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемле¬кеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады. Бюджеттің құрылымы төмендегідей бөлімдерден тұрады: 1) кірістер; 2) салықтық түсімдер; 3) салықтық емес түсімдер; 4) негізгі қапиталды сатудан түскен түсімдер; 5) ресми трансферттер түсімдері; 6) шығындар; 7) операциялық сальдо; 8) таза бюджеттік кредит беру (бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу); 9) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо (қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер); 10) бюджет тапшылығы (профициті); 11) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицигін пайдалану, қарыздар түсімі, қарыздарды өтеу, бюд¬жет қаражаты қалдықтарының қозғалысы).
Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдіқ және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақ¬стан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды. Жергілікті бюджет қаражаты және мемлекеттік занды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де қоммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.
3. Салық: ұғымы, жүйесі, түрлері
Салық дегеніміз мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетгі ақшалай телемдер.
Салықтың түрлері. Әр түрлі негіздерге байланысты салықты бірнеше топтамаларға бөлуге болады. Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге байланысты салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық салық төлудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.
Жанама салықта салық төлуші салықты төлеудің ауыртпа¬лығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы осы сатылған тауардың кұнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді. Сонда салық төлеу міндеті, ауыртпалығы салық төлеуші тауар сатушыдан, тауарды сатып алушыға көшіп отыр.
Тікелей салық, нақты және жеке болып екіге бөлінеді. Мүлікке, затқа салынатын салық нақты салық деп аталады. Мысалы көлік құралдары салығы мен мүлік салығын айтуға болады. Жеке салық деп салық төлеушінің тікелей табысына, пайдасына салынатын салықтарды айтуға болады. Мысалы жеке табыс салығы.
Түрпішіндеріне байланысты салықтар заттай және ақшалай болып бөлінеді. Салықтың субъектілеріне байланысты салық¬тар заңды тұлғалардан және жеке тұлғалардан алынатын салықтар болып бөлінеді.
Аумақтық деңгейлерге байланысты салықтар республикалық (жалпымемлекеттік) және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланыс¬ты салықтар бекітіпген және реттеуші болып бөлінеді. Белгілі бір бюджеттің кіріс (табыс) көзі ретінде заңнамаға сәйкес бекітілген салықты бекітілген салық дейміз. Белгілі бір бюджетке берілгеніне қарамастан, бюджетті жыл сайын бекіту барысында бюджетін теңгермелеу барысында төмен сатыдағы бюджеттерге берілетін салықтарды реттеуші салықтар дейміз.
Пайдаланылу сипатына байланысты салықтар жалпы бағыттағы және белгілі мақсаттағы болып бөлінеді. Жалпы бағыттағы салықтар бюджетке түскеннен кейін белгілі бір шараны жүзеге асыру мақсатыңда емес, басқа салықтармен араласып кетеді. Керісінше, мақсатты салықтар белгілі бір нақты шараларды іске асыру үшін пайдаланылады. Мысалы әлеуметтік салықты айтуға болады.
Салықты есептеп шығару тәсіліне байланысты еңбекақыға салынатын және еқбекақыдан тыс салынатын салық болып бөлінеді. Еңбекақыға салынатын салық, салық органы әрбір салық төлеушіге жеке-жеке төленетін салықтың мөлшері көрсетілген өкім бергеннен кейін төлену міндеттілігі қүшіне енетін салық. Еңбекақыдан тыс салынатын салықты салық төлеушінің өзі есеп¬теп шығарып, өзі төлейді. Салық оргаңдары салықтың дұрыс есептеп шығарылуын және төленуін тексереді, бақылайық.
Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтық түрлері қолданылады: 1. Корпорациялық табыс салығы; 2. Жеке табыс салығы; 3. Қосылған құн салығы; 4. Ақциздер; 4-1. Экспортталатын шикі мұнайға, ғаз конденсатына рента салығы; 5. Жер қойнауын пайдаланушылардын салықтары мен арнаулы төлемдері; 6. Әлеуметтік салық; 7. Жер салығы; 8. Көлік құралдары салығы; 9. Мүлік салығы.
Корпорациялық табыс салығын төлеушілерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағаңда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республи-касындағы қөздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады. Занды тұлғалардың тапқан кірісінен оның шығыны шығарылып тасталып нәтижесінде түскен пайданың оннан отызға дейінгі пайызы корпоротивті салық ретінде мемлекет бюджетіне төленеді.
Жеке табыс салығын төлеушілер салық салынатын табысы бар жеке тұлғалар (резидент және резидент емес) болып табылады. Салық төлеушінің төлем қөзінен салық салынатын табыстарына: 1) қызметкердің табысы; 2) біржолғы төлемдерден алынған табыс; 3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері; 4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; 5) стипендиялар; 6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы жатады. Жеке еңбек табысының көлеміне байланысты салық мөлшері 5-тен 20 пайызға дейінгі ставкалар қолданылу арқылы есептеп шығарылады.
Қосылған құн салығы. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, кызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын ай¬налым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, кызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Салық салу объектілері: 1) салық салынатын айналым; 2) са¬лық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.
Төлеушілер: жеке кәсіпкерлер; мемлекеттік мекемелерді қос¬пағанда, заңды тұлғалар; қызметін Қазақстан Республикасыңда тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер; заңды тұлғаның қосылған кұн салығын дербес төлеушілер ретінде танылған құрылымдық бөлімшелері; кеден арқылы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады. Қосылған құн салығы 15 пайыздық ставка қолданылу арқылы есептеп шығарылады.
Акциздер. Қазақстан Республикасының аумағыңда өндірілген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, оның ішінде: спирттің барлық түрлеріне; алкоголь өніміне; темекі бұйымдарына; құрамында темекі бар басқа бұйымдарға; бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына; жеңіл автомобильдерге (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа); шикі мұнай, газ конденсатына және қызметтің төмендегідей түрлеріне: ойын бизнесі; лотереяны ұйымдастыру мен өткізуге акциздер салынады,
Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы. Өнімді бөлу туралы келісім шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикі мұнайды, газ қонденсатын экспортқа өткізетін жеқе және занды тұлғалар экспорт¬талатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушілер болып табылады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 304-бабы 4-тармағына сәйқес экспортталатын шикі мұнайға, газ қонденсатына рента салығының ставкалары төмендегідей мөлшерлерде белгіленеді:
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңіндегі әрбір жекелеген келісімшарт бойынша таза табысының салық кезеңінің аяғына көзделген шегерімдер сомасының 20 пайызынан асатын бөлігі салық базасы болып табылады. Осы бөлімнің мақсаттары үшін таза табыс салық салынатын табыс және қорпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместің тұрақты мекемесінің таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Үстеме пайда салығы төмендегідей мөлшерлерде белгіленеді:
Жинақталған табыстардын жинақталған шығыстарға қатынасының алынған мәні Ставкасы
1,2-ден кем 0 пайыз
1,2-ден 1,3-ке дейін 10 пайыз
1,3-тен 1,4-ке дейін 20 пайыз
1,4-тен 1,5-ке дейін 30 пайыз
1,5-тен 1,6-ға дейін 40 пайыз
1,6-дан 1,7-ге дейін 50 пайыз
1,7-ден жоғары 60 пайыз ….