Реферат: Экономика | КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ

0
165

КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі.

Корпорацияның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол корпорацияның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші корпорациядар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісіндесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, корпорациядар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Құрылыс корпорациядарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер бөлімшелері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.) 3.
Құрылыс корпорациядарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланады, олар біртіндеп тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:
– өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
– өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, корпорация жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
– меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;
– арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.
– қозғалыстағы – өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;
– тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
– запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.
Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
– мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);
– мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.
2. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).
Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.
4. Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).
5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:
– күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).
– күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер).
– өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).
– есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).
– басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).
6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.
7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
8. Өндірістік жабдықтар және құралдар – өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмыс столы, шкафтар, және т.б.
9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (үстелдер, шкафтар және клемдер).
10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі шарбақтар және т.б.).
11. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).
12. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б 4.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету 6.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы корпорацияның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.
Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.
Корпорацияның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: корпорацияның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.
Қозғалыстағы – пайдаланудағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).
Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.
Тоқтатылған негізгі қорлар корпорацияның немесе бөлек цехтардың уақытша қолданысынсын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.
Жеке меншіктегі сол корпорацияға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір корпорациянан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы корпорацияның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі

Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп корпорациядарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді корпорациядарында (45%) 6.
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар корпорациядарда ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының ұдайы өндірісі

Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс тұсында жүріп жатқан саясат аса маңызды мәнге ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына жауап береді.
Бұл саясат тек макро деңгейде ғана емес, сонымен қатар микро деңгейде де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс саясатының негізгі мақсаты – макро деңгейде шаруашылық субьектілерге ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену, реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге асырылады.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену, реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.
Ұдайы өндірістің екі нысаны бар:
– жай ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизацияның есебімен сәйкестенгенеді;
– кеңетілген ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары амортизация есебінің сомасынан жоғары болған кезде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің басты мақсаты – корпорацияда негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі үрдісінде келесі міндеттер шешіледі:
– әр түрлі жағдайларға байланысты істеп шыққан негізгі қорларды қалпына келтіру;
– өндірістің көлемін ұлғайту мақсатында негізгі қорларды көбейту;
– негізгі қорлардың түрлі технологиялық, жастық құрылымдарын жетілдіру немесе өндірістің техникалық жағдайын көтеру.
Негізгі қорлардың ұдайы өндіріс үрдісі түрлі көздер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Корпорациядарда негізгі құралдардың өндірісі үшін негізгі құралдар келесі арналар бойынша келуі мүмкін:
– корпорацияның жарғылық капиталы ретінде;
– капиталды салымдар нәтижесінде;
– міндетсіз беру нәтижесінде;
– аренда ретінде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі сандық жағынан жыл бойы негізгі қорлардың балансында толық бастпқы құны бойынша мына формуламен көрінеді:
Фк = Фн + Фв – Фл (1)
Мұндағы, Фк – негізгі құралдардың жыл соңындағы құны;
Фн – негізгі құралдардың жыл басындағы құны;
Фв – негізгі құралдардың жыл бойына қозғалстағы негізгі құралдардың құны;
Фл – негізгі құралдардың жыл бойына жою құны 3.
Модернизация (жаңғырту) – бұл жаңа құрал-жабдықтардың қатарына дейін негізгі құралдардың ТЭК-ін жақсарту және моральды тозуды азайту мақсатында техникалық жетілдіру болып табылады. Жаңарту дәрежесіне байланысты модернизация бөлікті және кешенді (түбірлі қайтажасау) деп екіге бөледі. Әдісі мен шартына байланысты модернизацияны типтік және мақсаттық деп бөледі.
Типтік модернизация – бұл сериялық құрылыста топтық біртипті өзгерістер;
Мақсаттық модернизация – нақты өндірістің қажеттілігіне байланысты жетілдіру.
Модернизацияның шарты үнемдеу немесе қосымша түсімдердің өткізілуі мына формуламен анықтауға болады:
С = П = (C1 – C2) V2 , (2)
мұндағы, С – өнімнің өзіндік құнын азайту;
П – қосымша түсім;
С1,С2-өткізілген модернизациядан кейінгі және алдыңғы өнімнің 1 данасына кеткен өзіндік құны;
V2 – модернизациядан кейінгі өнімнің шығару көлемі.
СМ СССР-ң 22 қазан 1990 ж. № 1072 қаулысымен «СССР-ң халық шаруашылығының негізгі құралдарын толық қалпына келтіретін амортизациялық төлемдердің бірдей нормаларын еңгізді. Олар 1 қаңтардың 1991 ж барлық корпорациядар басқару және иелік нысандарына қарамай өнімнің өзіндік құнына негізгі құрал жөндеу шығындарын өтеуге міндетті болды.
Әрбір корпорация жөндеуге кеткен шығындарының бірқалыптылығын сақтау үшін жөндеу қорын (резервтік) құруға құқылы.
Өндірістік емес негізгі қорлар жөндеу және қалпында ұстау шығындары корпорацияның таза түсімінен, яғни салықтан кейінгі түсім арқылы жүзеге асырылады 6.
Негізгі өндірістік қорларға кеткен жөндеу шығындары оның табиғи тозу дәрежесіне, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу деңгейіне, машиналар мен құрал-жабдықтармен қызмет ететін персоналдардың біліктілігіне айтарлықтай байланысты болады. Сондытан да әрбір корпорациядарда құрал-жабдықтардың шамадан тыс табиғи және моральдық тозулар болдырмауға тырысу керек. Егер корпорацияда негізгі құралдардың активті бөлігінде тозу біршама болған жағдайларда (40 %-тен жоғары), мұнда құрал-жабдықтарды жұмысқа қабілетті жағдай ұстау үшін қуатты жөндеу бөлімшелерін жасау қажет. Бұл жағдайда жөндеушілер саны бүкіл жұмысшылар санының 60 пайызын құрауы мүмкін. Бұл әсіресе тау-кен корпорациядарға мінездес келеді. Көптеген жағдайларда бұл корпорациядарда жөндеу шығындары айтарлықтай көп және олар шығындарды азайту жолдары көп, олардың негізгілерін қарастырайық.
Біріншіден, корпорацияда жоспарлы көрсетуші жөндеулер (ЖКЖ) уақытылы және сапалы өтуі керек, яғни бұл аварияларды кемітіп, жабдықтардың тоқтауларын, капиталды және орта жөндеулерді азайтуға көмектеседі.
Екіншіден, капиталды жөндеуге кіріспес бұрын экономикалық жоспарда мұқият талдау жасап, капиталды жөндеу жасау немесе жаңа техника сатып алу тиімділігін анықтау керек.
Негізінен 2-шісі күрделі жөндеулерді жүргізу экономикалық жағынан тиімді.
Көп жағдайда күрделі жөндеу моральді тозуды жоймайды, сондықтан да күрделі жөндеумен бірге модернизацияны бірге өткізу экономикалық мақсатта дұрыс саналады. Дегенмен, мұнда да санау жүргізіп, күрделі жөндеу модернизациямен бірге немесе жаңа техникамен мүліктену тиімділігін алдымен тапқан жөн.
Үшінші жағдайда корпорацияға тікелей қатысты бөлшектерді, әсіресе өткір дефицит кезінде қалпына келтіру.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру мүмкіндік береді:
– уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу және кейбір запас бөліктердің дифицитін жою;
– жөндеу шығындарын азайту, өйткені бөлшектерді қалпына келтіру, ережеге сәйкес жаңа техниканы мүліктену немесе қайта жасалған бөліктерден әлдеқайда тиімді;
– корпорацияға жеткізілетін запас бөлшектердің тасымалдау шығындарын азайту.
Тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық көзқарас жақтан пайдалы, егер:
жаңа бөлшектер салыстырымында
(Св + Ен Кв) Y =< ( Ц + Зтр) (3)
Жаңа бөлшектерді өзіңнің қаражатымен жасаған салыстырымында
(Св + Ен Кв) Y =< ( Cизг + Eн Kизг) (4)
Мұндағы,
Св – бөлшектерді қалпына келтіру өзіндік құны;
Ен – күрделі салымдардың тиімді мөлшерлік коэффициенті;
Кв–тозған бөлшекті қалпына келтіру үшін арнайы құралдармен мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.
Ү – жаңа бөлшекпен қалпына келтірілген бөлшектердің арасындағы қызмет ету мерзімін есептейтін коэффициенті;
Зтр – бөлшектерді жасап шығарушыдан корпорацияға жеткізу тасымалдау шығындары;
Сизг – өзіндік күштермен жаңа бөлшектерді жасап шығаруға кеткен өзіндік құн;
Кизг – тозған бөлшектерді қалпына келтіру үшін қажетті құралдармен мүліктенуге жұмсалған күрделі салымдар.
Тәжірибе көрсеткендей орта және әсіресе ірі корпорациядарда тозған бөлшектерді қалпына келтіру экономикалық тиімді болып саналады. Жөндеу шығындарын азайтудың басқа да жолдары көп. Бірақ, минималды шығындар өз қорларының активті активін уақытылы жаңартып отыратын, моральді және табиғи тозудың шамадан тыс болдырмай, амортизацияның жедел түрін пайдаланатын, корпорациядар жөндеу шығындарын көп есе азайта алады 19.
Негізгі қордың жөндеуі:
Корпорацияда негізгі қорларды қолдану үрдісінде үнемі тозып отырады. Оларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау үшін жөндеу жүргізіп отыру қажет. Жөндеудің үш түрі ажыратылады: қалпына келтіруші, ағымды, капиталды.
Қалпына келтіруші жөндеуі – бұл әртүрлі жағдайларға байланысты болатын жөндеудің ерекше түрі: стихихиялық аппараттар (суалу, өрт, жер- сілкінісі), әскери бұзушылық , негізгі қорлардың ұзақ тұрып қалу жағдайларына байланысты сияқты. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаржысына жасалады.
Ағымды жөндеу – бұл кіші жөндеу және негізінен негізгі қорлар қызмет ету барысында жасалады. Тәжірибе бойынша көп уақыт алмайды. Кіші жөндеуде кейбір бөлшектер және тораптар ауыстырылады, анықталған кіші жөндеулер орындалады.
Капиталды жөндеу – бұл негізгі қорлардың негізгі жөндеуін жүргізеді. Корпорацияды жөндеуде машина толық бөлшектенеді, тозған барлық тораптар мен бөлшектер ауыстырылады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!