Home Білім Реферат: Экономика | Көлік құралдарына салынатын салық

Реферат: Экономика | Көлік құралдарына салынатын салық

0
252

Көлік құралдарына салынатын салық
Көлік құралдарына салынатын салық, тікелей салық және мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салықтарға жатады. Көлік құралдарының иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автомобиль жолдарын пайдаланады. Ал осы автомобиль жолдарын қаржыландыруды мемлекеттік бюджет жүзеге асырады. Сондықтан көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық, мәні зор деп айтуға болады.
Көлік құралдарына салынатын салык салу обьектісіне қарай тікелей салықтарға жатады. Ал пайдалану белгісіне қарай бұл көлік құралдарына салынатын салық арнайы салықтарға жатады. Өйткені, бұл салықтан жиналған ақша қаражаттары сол көліктер жүретін жолдарды жөндеу үшін арнайы мақсатқа жұмсалады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне карай көлік құралдарына салынатын салықтар нақты салықтарға жатады. Өйткені бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай табыстың түсуін есептеместен салынады. Ал салық салынатын органға қарай көлік құралдарына салынатын салық жергілікті салықтарға жатады.
Бұл салықты төлеушілер болып меншік құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдары салығын төлеушілер болып и табылады.
Салық салу объектілеріне уәкілетті органда мсмлекеттік тіркелген және есепте тұрған көлік құралдары (тіркемелерді қоспағанда) жатады.
Жүк көтергішті 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар; мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу обьектілері болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салық жылына бір рет төленіп отырады жане айдық есептік көрсеткіштен мынадай ставкалар бойынша есептеледі.

Көлік құралдарына салынатын салық ставкалары.

Салық салу обьектісі Салық ставкасы (айлық
есептік көрсеткіш)
Двигатель көлемі мынадай жеңіл автмобильдер
/текше см/
1100 – ге дейін қоса алғанда 4,0
1100 – ден жоғары 1500 – ді қоса 6,0
1500 – ден жоғары 2000 – ді қоса 7,0
2000 – нан жоғары 2500 – ді қоса 10,0
2500 – ден жоғары 3000 – ді қоса 17,0
3000 – нан жоғары 4000 – ды қоса 22,0
4000 – на жоғары 117,0
Жүк көтергішті мынадай жүк таситын арнаулы
автомобильдер /тіркемелерді есептемегенде/
1 тоннаға дейін қоса алғанда 6,0
1 тоннадан жоғары – 1,5 тоннаны қоса алғанда 9,0
1,5 тоннадан жоғары – 5 тоннаны қоса 12,0
5 тоннадан жоғары 15,0
Шынжыр табанды машиналар мен
механизмдерді қоспағанда, өздігінен жүретін
машиналар мен пневматикалық жүрістегі
механизмдер 3,0
Автобустар:
12 отыратын орынға деін қоса алғанда 9,0
12 – ден жоғары – 25 отыратын орынды қоса 14,0
25 – отыратын орыннан жоғары 20,
Мотоциклдер,мотороллерлер, мотошаналар,
көлемі шағын кемелер /двигатель қуаты 55 –
кВт – тан кем/ 1,0
Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,
Яхталар /двигательдің қуаты мынадай ат
Күшіне тең/
160 – қа деін қоса алғанда 6,0
160 – тан жоғары 500 – ді қоса 18,0
500 – ден жоғары 1000 – да қоса 32,0
1000 – нан жоғары 55,0
Ұшу аппараттары әрбір кВт қуаттан
А.Е.К. – тің 4,0 пайызы

Жеңіл автокөліктердің жеті айлық есептік корсеткіш (бұдан әрі А.Е.К.) ставкасы бойынша салық салынатын двигательдің көлемі 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрді қоса, он А.Е.К. ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше см. қоса, он жеті А.Е.К. ставкасы бойынша салық салынатын 2500-дсн жоғары 3000 текше см. қоса, және жиырма екі А.Е.К. ставкасы бойынша салық салынатын двигателъдің көлемі 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрлі қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемімен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғаяды.
Салық төлеудің белгіленгем мерзімі аяқталғанға дейін пайдалану мерзімі алты жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

ТМД елдерінде шығарылған автокөлік
Құралдары үшін:
Түзету
коэффициеті
6 жылдан 15 жылға қоса алғанда 0,3
15 жылдан жоғары 25 жылды қоса алғанда 0,2
25 жылдан жоғары 0,1
Двигатель көлемі мынадай басқа автокөлік
құралдары үшін:
3000 текше сантиметрге дейін қоса алғанда 0,5
3000 – нан жоғары 4000 текше сантиметрді
қоса 0,7
4000 – нан жоғары 1,0

Белгіленген салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзегу коэффициенті қолданылады:

ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлік құралдары үшін: Түзету
коэффициеті
7 жылдан 14 жылға дейін қоса алғанда 0,5
14 жылдан жоғары 20 жылды қоса алғнанда 0,3
20 жылдан жоғары 0,1

Пайдалану мерзіміне байлаиысты ұшу аппараттарының салық ставкасына мынадай түзету коэффициенті қолданылады:

Ұшу аппараттары үшін: Түзету
коэффициеті
1999 жылғы 1 сәуірден кейін сатып алынған
ұшу аппараттарына:
Пайдалану мерзімі 5 жылға дейін қоса
алғанда 1,0
Пайдалану мерзімі 5 жылдан жоғары 15
жылды қоса 2,0
Пайдалану мерзімі 15 жылдан жоғары 3,0
1999 жылғы 1 сәуірден дейін сатып алынған
ұшу аппараттарына:
Пайдалану мерзімі 5 жылға дейін қоса
алғанда 1,0
Пайдалану мерзімі 5 жылдан жоғары 15
жылды қоса 0,5
Пайдалану мерзімі 15 жылдан жоғары 0,3

Көлік құралдарының пайдалану мерзімі көлік құралдарының паспортында /әуіе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада / көрсетілгсн көлік құралы шығарылған мерзім негізге алына отырып, ессптеледі.
Кеменің пайдалану мерзіміне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенті қолданылады:

5 жылға дцін қоса алғанда
1,0
5 жылдан жоғары 10 жылды қоса алғанда 0,5
10 жылдан жоғары 20 жылды қоса алғанда 0,3
20 жылдан жоғары 30 жылды қоса алғанда 0,2
30 жылдан жоғары 0,1

Салық төлеушілер салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық сомасын дербес есептейді. Бюджетке салық төлеу салық салу обьектілерінің тіркелген жері бойынша салық кезсңінің 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.
Салық төлеуші заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде көлік құралдарына салынатын салық бойынша декларацияны беру мерзімі басталғаннан кейін он күннен кешіктірмей көлік құралдарына салынатын салық бойынша мүлкілікті есеп айырысып болуые керек.
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда көлік құралдарына салық сомасы меншік құқықтарын іске асырудың нақты кезеңі үшін есептелінеді.
Есептелінген салық мемлекст алдындағы борыш болып табылады және бюджетке төленуге жатады. Уақтылы теленбеген салық сомасынан мерзімі өткен әр күн үшін, Қазақстан Республикасының Үлттық банкі белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе мөлшерінде өсім есептеліп, өндіріліп алынады.
Мына заңды және жеке тұлғалар көлік құралдарына салынатын салықтан босатылады.
– Қазакстан Республикасының ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!