Реферат: Экономика | Кәсіпорынның негізгі қоры және олардың тиімділігін арттыру

0

Өндірістің экономикалық қатынастары 2 түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады.
Елімізде экономикалық реформалардың табысты жүргізілуі арқасында әлеуметтік жағдай да айтарлықтай жақсара түсуде. Оған зейнетақылары мен бюджет саласы қызметкерлері еңбекақыларының жыл санап өсуі, әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсалатын қаржы көлемінің барған сайын молая түсуі дәлел. Еліміз бойынша 2000-2002 жылдардағы ІЖӨ-нің жалпы көлемі 45 пайыз құрайды деген болжам бар.
Қазақстан демократиялық, нарықтық бағыттағы мемлекет құру жолына сенімді түрде аяқ басты, ал елдің экономикалық дамуындағы оң ілгерлеулер стратегияда белгіленген шаралардың нәтижелі болып отырғанын көрсетеді. 2001 жылы экономикалық өсімнің 13,2 пайыз құрап, үстіміздегі жылы ол көрсеткіш 9 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Нарық экономикасының жұмыс істеуі мемлекеттік қуатты реттеуін, макроэкономикалық және секторлық саясаттың ырғақты жүзеге асырылуын талап етеді. Нарық экономикасында жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорынның бәсекелесуші нысан ретінде жұмыс істейтін жеке меншік кіәсіпорыннан айырмашылығы онша көп емес. Телекомуникация, электр энергиясы, авиация тәрізді айтарлықтай жоғарғы технологиялы ауыр салаларда жұмыс істейтін көптеген мемлекеттік кәсіпорындар қолайсыз деген жағдайлардың өзінде бизнесті жақсы жүргізіп отыр. Қазақстан өте бай мемлекет. Сондықтан экономиканы одан әрі өрге бастыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, дұрыс таңдап алынған стратегияны одан әрі жүзеге асыра беру қажет. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды.
Өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен ақша қаржылары өндірәістік қорлар қоғамдық ұлттық байлықтың басты көздері. Ол негізінен өндірістік қорлар мен айналым қорынан тұрады. Қорлар өндірістің құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны екі топқа бөледі: өндіріс құрал-жабдықтары және еңбек құрал-жабдықтары.
Кәсіпорыннның еңбек құралы мен өндіріс құрал жабдықтары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады. Сондықтан олар негізгі қорға жатады және өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді. Негізгі қорлар өндіріс процесінде пайдалану кезінде тозуға ұшырайды. Ол тозу: моральдық және табиғи тозу деп 2-ге бөлінеді
Негізгі қордың құрамын 2 топқа бөледі: актив, пассив
Актив бөлігіне құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді.
Ал пассив бөлігіне өндіріс процесіне қатыспайтын негізгі қорлар жатады (шаруашылық құралдары, өндіріс корпустары, ғимараттар).
Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар техника мен технологияны пайдалана отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі(қызмет көрсетуі), осы өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы сөзсіз. Бірақ оларда сапалы өнімдерін уақытында өткізіп пайда алу үшін, оларды тұтынушыға қолайлы бағаға сатуға тура келеді. Содан-соң тұтынушылар өз қажеттілігін қанағаттандырады. Сөйтіп ел экономикасының өсімі жоғары болады.
Өндірістің экономикалық қатынастары екі түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады. Олар шаруашылық салалары: өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, машина жасау т.б. Өндірістің әдепкі буыны кәсіпорын, ол әрбір қоғамның өсу әдістеріне сай келетін кәсіпорын болып табылады. Оны ұйымдастырған өндіріс факторлары мен қамтамасыз ету халық шаруашылығының құрамдас бөлігі. Қоғамдық өндіргіш күштермен экономикалық қатынастардың бірлігімен бейнелетін әлеуметтік экономикалық категория. Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.
Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық, құқылық, формалары бар:
1) мемлекеттік кәсіпорын
2) серіктестік
Серіктестік

толық аралас шектеулі

Егер шаруашылықты ұйымдастыруда ол жаңа саламенен айналысатын болса ол шаруашылық 2 жыл бойына салықтан босатылады.
Аралас серіктестік-бұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестіктер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктері мен тәуекелділік етіп отырған қатысушы қоғамның ішкі мүшесі деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуеке етушілер сыртқы қатысушылар немесе командистер деп саналады.
3) Біріккен кәсіпорын. Бұл бірлескен кәсіпорын үшін бізде заңды статус
толық анықталмаған. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың 90 пайызы ЖШС болып отыр. Мемлекеттік кәсіпорын құқылы статусы әртүрлі. Олардың жағдайын анықтан реттейтін заң актілері жоқ. Іс жүзінде әрбір кәсіпорын мемлекетпен рынок арасындағы финанс мүмкіндік қатынастарын реттейтін арнайы қорларға сәйкес ұйымдастырады. Жеке кәсіпорын. Бұл топқа заңды шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар кіреді. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді. Тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомостыларға не жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан табыс төлемейді.
4) Корпарация-қызметінде жауапкершілік менеджрлерге ауысады. Сөйтіп
капитал мен меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де меншікке нақты бақылау жасайтын менеджр болып қалады.
5) Бұдан кейінгі кең тараған кәсіпорынның түрі акционерлік қоғам. АҚ-ның
2 түрі болады.
1) ашық
2) жабық.
АҚ-бұл белгілі бір ұйымның қаржысын жинақтай отырып акция шығарады, оны шығара отырып, кәсіпорын екі жақты пайдада болады.
 Мол пайда алу мақсатында тұрғындардың қосымша қаржыларын
жұмылдырады.
 Жұмыскерлерді басқару процесінде белсендірек кіріседі. Себебі
кәсіпорынның жетістігі олардың табысына елеулі түрде әсер етеді.
Меншік түріне қарай кәсіпорын нарық жағдайында 2 топқа бөлінеді: мемлекеттік және жеке меншік. Саяси әкімшілік экономикада кәсіпорынның бәрі мемлекеттік меншік болған, бұндай меншікті қоғамдық немесе бүкілхалықтық меншік деп атаған. Жеке меншік жұмысшыларының еркін еңбек етуіне өзіндік құқы барын растайды және оған кепілдік береді.
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.
Негізгі қорға 2 жақты мінездеме беруге болады:
1) Материалдық заттық жағынан
2) әлеуметтік экономикалық жағынан
Материалдық заттық жағынан негізгі қорға еңбек құралдары жатады. Еңбек құралдарына еңбек заттары жатады. Негізгі қордың әлеуметтік-экономикалық жағы өндірістік қозғалыстық қатынаста болады. Адамдар еңбек процесінде белгілі өндірістік экономикалық қатынасқа түседі.
Негізгі қорға тәуелді өндірісті кеңейтілген түрде өндірістік және өндірістік емес негізгі қор деп 2 процеске бөлеміз.
Өндірістік негізгі қор- өндірісте жұмыс істеп тұрған материалдық сферадан, өндірілген өнім құнын тасымалдайды. Толық өнім кәсіпорынға жұмсалады.
Өндірістік емес негізгі қор-тұрғын үй, балалар және спорттық мекеме, басқа да мәдени-тұрмыстық объектіде қызмет көрсету және тағы басқа шығын кәсіпорын баланысынан шығады. Өндірістік емес негізгі қор өзінің өндірілген өнім құнын өндіріске тасымалдайды немесе құрмайды. Яғни тұтынушы құны жоғалады. Қор шығын орнын толтыра алмайды. Ұдайы өндіріс ұлттық есеп шотына кіреді.
Қорлар өндірістің құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны 2 топқа бөледі:

Өндіріс құрал-жабдықтары

Еңбек құрал-жабдықтары Еңбек бұйымдары

Еңбек құралдары бірнеше топқа бөлінеді:
1) еңбек құралдары (машина, станок)
2) жер участкесі және табиғат байлықтары(су, )
3) ғимарат (инженерлік құрылыстық бөлім, өндірістік қызмет көрсету)
4) электр жүйелері
5) өлшеуіш және реттеуіш приборлар
6) күш машиналары
7) жұмыс машиналары
8) есептеуіш техника
9) өндірістік және шаруашылық түгендеу
10) ішкі шаруашылық жолдар
Еңбек бұйымына (шикізат, материалдар, жанар, жағар майлар жатады). Осы екі еңбек бұйымы мен еңбек құралы өндірістік қорды құрайды. Еңбек құралы өндірістің негізгі қорлары болады. Еңбек бұйымдары өндірістің айналым қорын құрайды. Әр кәсіпорын тауарды қанша және қалай өндіру, қалай және қайда тарату, сондай-ақ түскен кірісті қалай бөлу жөнінде өз бетінше шешім қабылдайды. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қызмет көрсету және өнімді таратудан түскен пайда және кіріс алумен қатар пайдаланылатын өндірістік қорлар көлемі және дами бастаған күннен бастап дәл сол уақытағы кәсіпорын жиған басқа да тұтынушылық жиынтығы енеді. Осы элементтердің табиғи және затай өзінің жиынтығымен кәсіпорын экономикасын көрсетеді. Олардың тұтыну бағалары кәсіпорын экономикасының даму масштабы мен деңгейін сипаттайды. Кәсіпорын экономикасының даму масштабының деңгейі:бір жағынан шығарылған өнімнің санымен,сапасын, ресурстарды қамсыздандыру арасындағы тиімді пропорцияларды таба білу. Екіншіден-сату көлемі мен оны таратудаығы кіріспен пайдаға байланысты.
Осы факторларды тарату жолдарпының сипаты мен деңгейі кәсіпорын дамуының сыртқы және ішкі жағдайларының есебі мен әсеріне байланысты, яғни тәуелді.
 өндірісті ресурстық қамтамасыз ету факторрлары (ғимарат, оқу құрал
жабдықтары). Яғни өнімді өндіру мен нарықта талап етілетін сан мен сападағы қызмет көрсетуі. Мүмкін болмайтын барлық қатыстьы жайттар.
 Кәсіпорынның техникалық дамуын экономикасының деңгейін қаматмасыз
ету факторлары (ҒТП, инвестициялар. Еңбек ғылыми ұйымдастыру)
 Коммерциялық теңділіктерді қамтамасыз ету факторлары. Бұл топтар
арасында айқындалып көрсетілген шек жоқ.

Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатвар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.
Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты біренше түрі бар. Олар:
1. Бастапқы құн
2. Қалдық құн
3. Қалпына келтіру құны
 Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны-бұл қорларды жасақтауға
немесе сатып алуға шығындалған сома. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.
 Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп бастапқы
құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып табылады, яғни қалдық құн-негізгі қордың бастапқы құны мен тозу сомасының айырмашылығы болып табылады.
 Негізгі қордың қалпына келтіру құны-ісжүзіндегі еңбек құралдарының сол
периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп, кәсіпорындардың финанстық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан кәсіпорын үшін, финанстық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэфициенті қабылдайды.
Негізгі кәсіпорынның айналымы 3 фазадан тұрады:
1. Негізгі қорлардың тозуы: физикалық және моралдықтозу.
а) физикалық және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.
Физикалық тозу мына жағдайда болады:
 Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану
процестері
 Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны
жойылады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!