Реферат: Экономика | Акциздің экономикалық мәні

0

АКЦИЗДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.
Акциз жанама салық ретінде.

Кез-келген мемлекет өзінің қаржылық базасы болған кезде ғана тіршілік ете алады, яғни дәлірек айтатын болсақ, шығындардың функцияларын іске асыру процессінде туындайтын шығындарды жабу үшін және өзінің аппаратын қамтамасыз ету үшін қаржысы болған жағдайда ғана өмір сүре алады. Мемлекеттік ақша қаражаттарын әр түрлі тәсілдермен табады. Кейбір жағдайларда ол меншік мемлекеттке ақшаны еркін түрде беру әдісін қолданады.
Бұндай әдістің классикалық үлгісі ішкі және сыртқы мемлекеттік зайымдар болып бөлінеді. Басқа да жағдайларда мемлекет ақша қаражаттарын күштеп алу арқылы табады. Оған классикалық үлгі ретінде салық табылады.
Салықтар – қаржы ғылымының негізгі бір түсінігі болуы керек. Бұл жәйтті дұрыс түсіну мәселесі салық тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар, құқықтық, әлеуметтік, философиялық ұғымды ескертеді. Салық салу қоғамның экономикалық тізілу элементі ретінде шаруашылықтың нарықтық және нарықтық емес түрдегі барлық мемлекеттік жүйеге тән.
Салықтарды алу процессі мемлекетпен жүзеге асырылады және де ол оның функциясы болып табылады. “Салық” мағынасын анықтау “ мемлекет ” категориясымен тығыз байланысты. Ол осы ұғымды ашып көрсететін теориялық концепцияларға ғана бағынышты болмайды, сонымен қатар мемлекеттің даму деңгейінен, оның экономикалық жағдайына және әлеуметтік-саяси қатынастарына бағынышты болады. Сол елдің салық жүйесімен танысу арқылы мемлекет қандай даму сатысында екендігін білуге болады. Қоғамның әрбір даму сатысында “ салық ” түсінігі тереңдетілген түрде анықталады, жаңа мінездемелерімен толықтырылады. Нәтижесінде біз “ салық ” түсінігін анықтау мүмкіндігіне ие боламыз.
Салық – бұл билік жағынан мәжбүр ету негізінде жүзеге асатын ақша қаражаттарының жеке тұлғадан мемлекетке дербес эквивалентсіз қозғалу. Сонымен қатар төлеушінің өзара байланысы бойынша әділеттілік принципі және салықтарды алу тиімділігінің жетістіктері сақталуы қажет.
Салық мемлекеттің экономикасына тиімді тетігі ретінде ықпал етеді, бірақ халық шаруашылығына салық салудың жағымды беделі үшін, әрбір ел үшін жекеше түрдегі салық алымдарының оптималды деңгейін орнату қажет. Салықтың экономикалық мағынасын және ерекшелік белгілерін анықтап алғаннан кейін, экономикалық категория ретінде салықтың функцияларын қысқаша қарастырайық.
Салықтар салық ауыртпалығын көтерушілерге байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық – бұл салық салу субъектісі бір мезгілде оның нақты төлеушісі болып табылады, яғни салық ауыртпалығын салық субъектісінің өзі көтереді, және салықтың төленуі салық төлеушінің табысынан жүзеге асырылады. Тікелей салықтарға келесілер жатады: табыс салығы, мүлік салығы, әлеуметтік және жер салығы.
Жанама салық – бұл салық салу субъектісі салық ауыртпалығын іс-жүзінде оның төлеушісі болатын тұлғаға салады. Бірақ та заңды тұлғасы болып тауарды сатушы болғанымен нәтижесінде тауарды тұтынушы төлейді, себебі салық соммасы таурдың құнына еңгізіледі. Бұндай салықтарға келесілер жатады: акциздер және кедендік баждар, қосылған құнға салынатын салық, нарықта тауарды өткізу құқығы алымдары. Салық түрлеріне берілген анықтамалар төмендегідей мүмкіндіктерді болжайды: тікелей салықтар – ынталандыру рөлін атқарады, ал жанама салықтар – қоғамның дамуындағы пайда болған экономикалық және әлеуметтік жағдайларға сәйкес реттеу рөлін атқарады. Салық салудың жалпы қолданыстағы тәжірибесінде жанама салықтарға келесілер жатады:
• Қосылған құнға салынатын салық
• Акциздер – бұл өндірушінің ішкі нарығындағы алынатын салық, сонымен қатар Қазақстан Республикасының территориясына импортталатын, салық заңнамасында белгіленген қызмет түрлері және тізімдері.
• Кедендік баждар – бұл ел шекарасына кіргізілетін және шығарылатын тауарлардан ақша жиналымдары.
• Фискалды монополиялы салық – бұл жалпы қолданыстағы негізгі тауарларға мемлекетпен белгіленетін жанама салықтарының бір түрі. Мемлекет өнімді немесе таурды сатуды монополизациялаи отырып оларды өнімнің өз құнынан жоғары бағамен сатады. Осы арадағы айырмашылық фискалды монополиялы салық болып табылады.
Сонымен, жанама салықтар мемлекеттің фискалды қызығушылығын көрсетеді. Оларды дұрыс пайдалану процессіне позитивті түрде әсер етуі мүмкін және қолданыс құрылымына әсер етеді. Сонымен қатар салық төлеушілерге салық салудың шығындарының өскендерін жоғары бағалайды. Кеңес одағының қаржыгері Соболев М.Н. жанама салықтардың фискалды пайдасының үш түрін анықтады: “ Бұл салықтар мемлекетке табысты болып келеді.Олардың табыстары үлкен көлемді қолданысына сүйенеді. Егер де азық-түлік қолданысына салық салатын болса онда елдің әрбір тұрғынына 20-50 тиын ретінде салық түсіреді.Нәтижесінде бұл тиындар өзімен көптеген миллион рубльдерді құрайды.”
Жанама салықтардың артықшылығы болып біріншіден салық төлеушінің табысына алымның кезексіздігі, екіншіден олардын бюджет түсімдерінің жиілігі және қарапайымдылығы, үшіншіден салық базасының кеңейтілуі.Жанама салықтардың бұндай артықшылықтары көбінесе күнделікті кең көлемді қолданысқа алып келеді. Нәтижесінде ол негативті зардаптарына әкеліп соғады,сондықтан тікелей және жанама салыктардың арасындағы ұтымды қарым-қатынасын табу қажет.Енді жанама салықтардың кемшіліктерін қарастырайық.Сонымен жанама салықтар алымдар үшін өте үлкен шығымдарды талап етеді,дәлірек айтатын болсақ салық салынған тауарларды өндіруді қадағалайтын персоналды қамтамасыз ету қажет.
Жанама салықтардың жақтаушысы Бисмарк болды.Ол онда қаржылық күштілігін тұрақтандыру құралын көрді. Бұл салықтар мемлекетке тікелей салық салу жолымен алмайтын соманы береді. Гурьев А.Н. төменгі кластарға салық салуды қабылдамау мүмкін емес. Жалғыз құрал болып жанама салықтар табылады, бірақ олар өз кезегінде осы кластарға салық салады және халықтан үлкен көлемді сомаларды алады./14/ Ходский В. жанама салықтардың идеясын қолдай отырып бюджеттің барлық ауыртпалығын тікелей салықтарға көшіру өте ауыр тиетінін атап кеткен. Осы себеп жанама салық салу жүйесі бойынша кедей халықтан салықтар алу бойынша негізгі себебі болып келді./57/ Осылармен қатар жанама салықтардың психологиялық аспектілерін айтып кету қажет: бұл салықтар жеңіл және белгісіз төленеді, себебі олар тауардың бағасына қосылып кетеді. Сонымен жанама салықтар салық төлеушілерге психология жағынан тиімді.
Халық тауар құнындағы салықтар қандай бөлігін құрайтынын біле бермейді. Жанама салықтардың үлкен бір жетіспеушілігі болып оның теңсіздігі болып табылады. Олар әрбір салық төлеушінің табысын ескермейді.
Сонымен, жанама салықтар кері пропорционалды регрессивті салық болып табылады. Бұл салықтар регрессивтігіне байланысты ылғи да салық төлеушілер жағынан сынға түсіп отырады. Бірақта билік көзқарасы бойынша жанама салықтарда ең негізгі мәртебесі бар дейді – оларды алудың қарапайымдылығы шынында да тауарды сатып алушы бұл салықтардан шетке шыға алмайды, әйтпесе оған тауарды сатпайды./25/ Олар адамның қаржысы неғұрлым аз, соғұрлым қатты соғады, салық төлеушінің табысы неғұрлым аз, соғұрлым оның үлкен бөлігі өз қажеттіліктерін ырза етеді. Сондықтан салықтар, бұндай тұтыныс бұйымдарына салынатын, ылғида байларға қарағанда кедейлердің табысының үлкен пайызын қамтиды.
Бүгінгі күнде жанама салықтар өте үлкен рөль атқарады, бірақта оның бірнеше өзгешеліктері бар: салықты қазіргі кезде қоғамның кедей қатпары төлемейді, себебі олар халықтың негізгі бөлігін құрайды, бірақ ТМД-да жалпы салық түсімдеріндегі жанама салықтар шамамен 40-45% құрайды. Салық салу жйесінде жалпы заңнамалар бар екенін ескеру қажет, мысалы: жағдайдың стагнациясы, сауданың дағдарысы кезінде тұтынуға салық салудың өзіндік бір бағытталуы іске асады. Бұл жағдай өндірістік сферада өнім өндіруді төмендетумен байланысты болатын салық салу базасының қысқартуымен байланысты. Сондықтан салықтың ауыртпалығын көп тұтынатын тұлғаларға аудару қажеттілігі туындайды. Бұл жерде жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыты көрінеді.
Кейбір елдерде бұндай әдістеме тәжірибе үстінде. Акциз, қосылған құнға салынатын салық,кедендік баждар сияқты жанама салықтардың әсер етуі ерекше көңілді талап етеді.Бірақ та жанама салықтарды орнату кезінде мемалекет фискалды мақсаттарды аңдиды, сонымен бірге салық салу мөлшерлерімен және формаларымен жанама салықтармен тығыз байланыстағы өндірістің дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Бұл салықтар салынған тауар өндірісіндегі ұсталымдардың недәуір бөлігін құрайды. Сондықтан тауарға белгіленген, анықталған бағасы кезіндегі жанама салықпен салынатын берілген тауардың өндірісін тиімді емес жерден тиімді етіп жасауға болады және де керісінше.
Салық салу саясаты жаңадан бизнеспен айналысып келе жатқан көптеген кішігірім кәсіпорындарды жойып жіберуі мүмкін. Жаңа тауарларға жанама салық салу оның құнының өсуіне әсер етеді.
Біздің білуімізше жанама салықтар тауар бағасына қосымша түрінде алынады және оның төлеушісі болып тұтынушы табылады.Соңғысы осы салық топтарының негізгі белгісі болып табылады. Осы салыұтардың фискалды рөлі бюджетке жалпы салық түсімдерін бағалау кезінде көрінеді. Тұтынуға салықтарды қолдану салық салушылардың шығындарын мақсат етпейді. Тек акциздер ғана тұтынуға салық салуды мақсаттайды, бірақ ол барлық тауарға емес, ал оның анықталған құнына салынады.
Сонымен акциздерден монопольді жоғары бағалы және тұрақты сұранысты иемденетін тауарлар және қызметтер анықталған тізіміне салынады.Жанама салықтардың ішінде негізгі рөльді қосылған құнға салық салу атқарады, ал акциз екінші дәрежелі рөльге жатады. Бұл неліктен олай? Ең алдымен бұл салықтарды салыстырайық, біріншіден акциз тауарлардың жеке түрлеріне және топтарына жекеше салық болып табылады, ал қосымша құнға салынатын салық — әмбебеп салық, яғни ол өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден және өндіруден алынады; екіншіден салық салу объектісі болып тауарларды өткізу бойынша айналым табылады; үшіншіден акциздер өндірістік сомадан алынады, ал қосылған құнға салынатын салық айналым және өндіріс айналысынан алынады.
Акцизді енгізудің басты мақсаты болып жалпы және арнайы сұраныстағы тауарларды қолданудан табыс алу. Табыс салығы және жанама салықтар өндіріске және экономикаға әр түрлі әсер етеді. Олар салық жүйесінің прогресивтілігін төмендетеді және табысы аз деңгейдегі халыққа салық ауыртпалығын жоғарлатады. Өз кезегінде бұндай салықтар табыс салығымен салыстырғанда әділетті болып келеді. Ойластырылған қолданыс салығын еңгізу төлем балансының жағдайын жақсартады, барлық қаржылық жүйенің иілімділігін жоғарлатады.
Жанама салықтардың мән мағынасын анықтайық. Олар қалай қалыптасады? Бағалардың тауар құнынан ауытқуы барлық соммасынан ауытқуын құнның соммасын білдіреді,себебі: көп мөлшерлі бағалардың құнынан ауытқуы нарықтық экономика жағдайында қай деңгейде болмасын капиталға қай жағдайда келіп түсуін болжайды және табыстардың орта нормасымен теңдестіріледі. Қазіргі уақыттағы монополиялық бағалар табыстың орта нормасына өз іздерін қалдырады. Яғни дәлірек айтатын болсақ, тауарлардың біркелкі бағасы құнның біркелкілігіне тең, яғни С+V+M.
Бұл жағдайларда мемлекеттің өз табыстарын ұлғайтуы шектеулі сондықтан, мемлекет табыс көздерін іздей отырып халықтың табысына жасырынды түрде салық салуға жүгінеді, яғни қосымша құнға салынатын салық арнайы төлемді қосу арқылы яғни акцизді қолданады. Жанама салықтар мемлекет еңбеккерлерінің табысын алу формасы ретінде қолданылады. Себебі, мемлекет өзінің табысын тікелей салықтар арқылы табысын жоғарлата алмайды.
Тауардың баға сомасы оның құн сомасынан жоғары болады , яғни акциз мөлшерінің үлкенділігі. Бұл факт белгілі қоғамда нақты бір қосымша салықтардың тіршілік етуіне базасын құрылғандығын дәлелдейді, бірақта жанама салықтардың барлық тұтынушыларға бөлінетін болғандықтан нақты бір класстың бөлімдеріне бөлінеді. Сонымен қатар акциз “ байларға арналған” деген тұжырым дәлелсіз, себебі олар жоғары рентабельді тауарларға белгіленеді:
Бірінші тұжырым темекіні, спиртті, сусындарды және де құнданған ойындарды байлар ғана қолданбайды.
Екінші тұжырым акцизделген болып тауарлар ғана емес сонымен қатар қызметтерге де салынады және қазіргі кездегі таурларда акцизді категорияға жатады.
Жанама салықтардың фискалды функцйясы жақсы дәрежеде дамуда, себебі жанама салықтар бюджет табысының тиімді қайнар көзі болып табылады. Жанама салықтардың күрделі ең қиыны болып ынталандырушы функцйяның механизмі болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда салық ауыртпалығы өнімнің өзіндік құнына қосылатын салықтардан құралады. Өнімнің өзіндік құнына қосылатынсалықтар өндіріс процессінде реттеуші түрінде әсер етеді, бірақ та бұндай салықтар жоғарылауы табыс бөлімдерінің төмендеуіне әкеп соғады. Сұранысы иілімсіз баға бойынша тауарларға өнімнің өзіндік құнын төмендететін салықтар бөлігінің жоғарлауы табыс бөлігінің төмендеуіне және ұсыныстың бағаларының жоғарлауына әкеп соғады. Сонымен қатар егерде ұсыныс көлемі қысқарса табыс массасы төмендейді; егерде ұсыныс көлемі сол қалпы қалса онда табыс массасы өзгермей сол күйі қалады.
Біз жоғарыда акциздердің тауар құнына қалай қосылатындығын қарастырып өттік, енді жанама салықты салудың механизмі әлемдік тәжірибеде қалай іске асатынын қарастырайық. Көптеген мамандардың ойлары бойынша бюджетке түсетін салық көлемдері және тікелей және жанама салықтардың арасындағы қатынастар екі түрлі факторға байланысты бөлінеді: елдегі негізгі халық массасын құрайтын өмір деңгейінен және салықтардағы қалыптасқан стереотиптерінен елдің экономикасының төмен деңгейлі дамуы. Халықтың ЖІӨ көлеміне есептеледі. Жеке және заңды тұлғалардың табыстарынан тікелей салықты алуды шектейді. Қажетті мемлекеттік шығындар мөлшерін ереже бойынша экономиканың мүмкіншіліктерін ғана анықтайды. Себебі, экономиканың төменгі деңгейінін тікелей салықтар есебінен бюджеттің қажетті табыстарының бүкіл мөлшерін қалыптастыруға мүмкіншілік бермейді. Бұндай байланысты 1 кесте мысалында қарастырайық.

1 кесте
Халыққа ЖІӨ көлемі бойыншажалпы салық түсімдеріндегі
жанама салық бөліктерінің бағыныштылығы. (%)

Халық жанына ЖІӨ
көлемі
Ел саны
Жалпы салық түсімдеріндегі бөлік

Жанама салықтар Кедендік баждар
100 және төмен 20 68 35
101-200 11 64 32
201-500 19 64 33
501-850 9 50 18
Дамыған елдер- 850 жоғары 15 32 4
*Ақпарат көзі: “Қаржылық бизнес”.2003.-№8.-с.29

Бірінші кестеде көріп отырғанымыздайдамуы өте төмен деңгейлі елдерде барлық салықтың 68 %, деңгейіндегі жанама салықтардың бөлігі сәйкесінше тікелей салықтардың бөлігіне 32% бөлігі түседі. Керісінше көрініс мінездемесі:32% жанама, 61% тікелей. 2003 ж Қазақстан Республикасының статистикасы Агенттігі мәліметтері бойынша халық жанына ЖІӨкөлемі 121,5 % құрады, сәйкесінше біз бұны берілген кесте бойынша 2 топқа жатқызамыз, яғни бұл жылы жанама салықтар бөлігі тікелей салықтардан асып түсті.
Салық жүйесінің құрылымы әр түрлі салықтардың қатынасы табыстардың мөлшеріне әсер етеді, яғни пайдалар,жалақылар, пайыздар. Ауыры болып ақырғы тұтынушыға толығымен жатқызылатын алынған табысынан тәуелсіз есептелінетін салықтық төлемдер табылады.Салықты ақырғы тұтынушыға толығымен жатқызу туралы мәліметте қиялдану керек емес. Бұл берілу сәйкес өнімнің сұранысының иімділігіне байланысты болады.
Бағалардың тұрақталған деңгейінде және жанама салықтардың жоғары ставкаларының ары қарайғы жоғарлауы табыстың жоғарлауына әкеп соғады. Мысалы: батыс елдерінде салықтық төлемдер түсімінің иілімділік принциптері жүзеге асырылуда. Басқаша айтқанда, эмпирикалық түрде анықталған кезеңге әртүрлі ставкаларды еңгізу жолымен бюджетке түсетін түсімдер арасындағы оптималды қатынастар белгіленеді.Бұған мысал болып акциздің әртүрлі ставкаларын еңгізу табылады…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!