Реферат: Экономика | Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздары
ҚР бағалы қағаздар нарығында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ғана емес, сонымен қатар корпоративтік бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Оның көлемі мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы сияқты болмаса да, жыл сайын біртіндеп дамуы байқалады. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығының акция нарығына тоқталайық.
Суретте акционерлік қоғамдар санының және олардың акция шығарылымының санының серпіні қарастырылған. Мұнда, жыл сайын акционерлік қоғамдардың жабылуы және олардың санының қысқарылуы байқалады. Тек, соңғы жылда акционерлік қоғамдар санының біршама өскенін байқаймыз.
Акция нарығынан басқа, корпоративтік бағалы қағаздарға облигациялар да жатады. ҚР-да акция нарығына қарағанда облигация шығарылымы аз көлемде шығарылады.
Акцияға қарағанда облигация шығарылымы 5 есе төмен. Облигацияны шығару эмитентке акцияны шығаруға қарағанда тиімсіз. Оның себептеріне – облигацияның өтелуін, міндетті түрде сыйақыны төлеуін жатқызамыз.
Бекітілген мерзімде эмиссиялық бағалы қағаздардың ішінен тек акция нарығы салыстырмалы түрде дамыған деп айтуға болады. Олардың даму үрдісі 7 есе сипат алады. Акцияларды шығару негізінен акционерлік қоғамдар тіркеу кезіндегі негізгі шарт екенін атап өтуге болады. Сонымен қатар, акция инвестицияның бір түрі – оның өтеуін қайтару немесе сыйақыны төлеу бойынша акционерлік қоғамда міндет туындамайды.
Қор биржаның листинг «В» тобына қарағанда листинг «А» тобындағы шығарылымдар жоғары екінін байқауға болады. Ең алдымен, бұл эмитенттердің қаржылық тұрақтылығының жоғарлығын куәландырады. Сонымен қатар, эмитент қор биржаға айналысына бағалы қағаздарды енгізу кезінде листинг «А» секторына енгізуіне атсалысады. Себебі, бұл эмитенттің беделіне әсер етеді. Сонымен қатар, бағалы қағаздардың сенімділігінің, бағалы қағаздардың нарықтық бағасының өсуіне әкеледі.
6-шы суреттен байқағанымыздай, листинг «А» тобындағы шығарылымдар саны листинг «В» қарағанда 3 есе артық. Сондай-ақ, листинг «А» тобында бағалы қағаздардың шығарылымы қарқынды өсуі байқалса, листинг «В» тобында бағалы қағаздардың шығарылымының өсуі онша байқалмайды.
KASE жалпы капиталдануы ЖІӨ-нің қатынасы негізінде көрсеткішке талдау жүргізу кезінде, осы көрсеткіштің ең жоғарғы деңгеңі 2006 жылы байқалады. Алдыңғы жылдары 21,62% (01.01.2005) және 35,02% (01.01.2006) деңгейінде көрініс тапты. 2007 жылдың 1 қаңтар айында аталған көрсеткіш 87,06%-ын құраса, есепті жылы 64,94%-ы деңгейіне төмендеді. 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «А» және «В» санаты бойынша ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша нарықта жалпы капиталдандыру тиісінше 8451466 млн. теңге және 375554 млн. теңге болды. Бұл ретте облигациялар бойынша капиталдандыру 36,12%-ға өсті, акциялар бойынша 5,11 есе өсті. KASE жалпы капиталдандыру 2007 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша 8827020 млн. теңгені құрады, ол ЖІӨ-нің 101,17%-ын құрады. 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осындай көрсеткіш 35,02% болды. Қор нарығының капиталдануының ұлғаюымен қатар, ЖІӨ-ге қор нарығын капиталдану көрсеткішінің өсуі де байқалды.
Есепті жылдың мәліметіне сәйкес, «А» және «В» санаты бойынша ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша нарықты капиталдандыру 8005664 млн. теңге және тиісінше 258732 млн. теңге болды. Сонымен қатар, облигациялар бойынша нарығын капиталдандыру 9,23 %-ға өсті, акциялар бойынша 9,93 %-ға кеміді.
2005-2008 жылдар аралығындағы кәсіби қатысушылар санының серпінін 8-ші суреттен көруге болады. Кәсіби қатысушылардың ішінен брокер-дилерлік лицензияны алу сұранысы жоғары екенін атап өтуге болады. Оның даму серпіні жыл сайын өсуде. Бұған себеп ретінде – ҚР бағалы қағаздар нарығындағы институционалды инвесторлар қаражаттарының көбеюі қарастырылады.
Қарастырылған кезеңдерде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімінің жүйесін жүргізу ұйымдар санының біршама төмендегенін көреміз. 2005-2006 жылдар аралығында тіркеушілердің саны – 18 болса, келесі жылдары серпіні төмендеп отыр – 2007 жылы 11%-ға, 2008 жылы (базистік жылмен салыстырғанда) 5% төмендеп отыр. Аталған қатысушылар санының төмендеуі уәкілетті органның талаптарына сай болмауы себеп болып отыр.
Листингтік компания, яғни өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарыққа енгізетін ұйым, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы бірнеше қатысушылармен өзара байланысы болады. Мұнда, листингтік компанияның ерікті шешімі емес, ал мемлекет бекіткен міндетті талаптарға сай болуы негізге алынады.
9-шы суреттен көріп отырғанымыздай, листингтік компания кем дегенде төрт қатысушымен өзара байланыста болуы шарт. Ал, әр қатысушыға қызмет көрсеткіні үшін сыйақы, алым төлеуі керек. Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығының листингтік компаниялар ұйымдастырылған нарықта төмен белсенділігінің негізгі факторы ретінде – біз қатысушылар санына байланысты қаржылық ресурстардың қымбаттығы, яғни бағалы қағаздар бойынша шығындардың жоғарлығын тұжырымдаймыз.
Осыған сәйкес, бағалы қағаздар эмитенттері, әсіресе листингтік компаниялардың өз бағалы қағаздарын ұйымдастырылған нарықтың айналысында тіркеу мәселесі бойынша ұсыныс қарастырамыз. Бастапқы кезеңде бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізетін ұйымдардың пайда болуына мемлекет септігін тигізді. Себебі, 1997 жылдың заңнамасына сәйкес, акционерлер саны 500 ден жоғары акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу тек тәуелсіз тіркеушімен жүргізілуі бекітілді. Кейіннен, 2001 жылы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңына сәйкес, барлық акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу уәкілетті органнан лицензиясы бар ұйым ғана қызмет атқаруға құқығын анықтады. Сөйтіп, акционерлік қоғамдарды эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару кезінде тіркеушімен өзара келісім-шарт жасасуға міндеттеді.
Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында, листингтік компания үшін жеңілдік ретінде – бағалы қағаздар ұстау тізімін жүргізуді өздеріне беру құқығын анықтаймыз. Бұл фактор бағалы қағаздары ұйымдасқан нарықта айналысы жоқ эмитенттерге қарағанда бәсекелестік артықшылық береді. Аталған шартты жүзеге асыру үшін келесідей қадамдарды қарастырамыз.
Азаматтық кодекске депозиттік серификатты бағалы қағаз мәртебесі бар құралдардың ішінен шығара отырып, бағалы қағаздар нарығы бойынша заңнамадағы сияқты бағалы қағаздар тізімін енгізу қажет. Сонымен қатар, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңына пайды бағалы қағаз мәртебесіндегі құрал ретінде жағдайды енгізе отырып, «Инвестициялық қорлар туралы» ҚР заңына қарама-қайшылық жағдайды жоюға болады. Сондай-ақ, елде инвестициялық қорлардың акционерлік түрлері қалыптасты. Олардың негізгі жағдайлары мен акционерлік қоғамдардан айырмашылығы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңында көрініс табу қажеттілігі бар. Сонда, акцияны тек акционерлік қоғамдар ғана емес, сондай-ақ инвестициялық қорлар шығаруға құқығы бар екенін және бұл жағдай тек «Инвестициялық қорлар туралы» заңда ғана қарастырылмай, бағалы қағаздар нарығын реттейтін басқа заңнамаларды сипат алады.
Келесі қағида – бұл нақты қажеттіліктерді және мүмкіндіктерді ескеру. Бағалы қағаздардың сан алуан түрлері бар. Акция, облигациядан басқа опциондар, фьючерстер, своптар, депозитарлық қолхаттар, варранттар бар. ҚР-да тек акция, облигация және пайлар даму серпіні бар. Облигацияның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздардың үлес салмағы жоғары. Дамыған мемлекеттерде негізгі бағалы қағаздармен қатар, туынды бағалы қағаздар даму үстінде. Алайда, олардың дамуын келесідей факторлармен түсіндіреміз:
туынды бағалы қағаздардың дамуы ең алдымен тауар нарығының дамуынан шығады. Көптеген мемлекеттерде фьючерстік немесе опциондық биржаға дейін, сол орында тауар биржасы қалыптасқан болатын, кейіннен тауар нарығы өсе келе, бағаның жағымсыз жағдайынан сақтану жолы ретінде туынды бағалы қағаздардың шығаруына әкелді. Тек 20 ғасырда, туынды бағалы қағаздар нарығы тауар нарығының негізгі қызметін (тауарды сату мен сатып алу орнын анықтау және дамыту) ығыстыра отырып, тауар нарығының келеңсіз оқиғаларды алдын-алуға көмектесетін құрал ретінде дамыды. Туынды бағалы қағаздар биржалар дамуының, мемлекеттегі тауар айналымының негізгі индикаторы ретінде қарастырылады.
туынды бағалы қағаздардың дамуы тек негізгі бағалы қағаздардың дамуынан шығады. Себебі, бір жағынан елдегі бағалы қағаздар нарығы өндіріс жағдайын білдірсе, екінші жағынан қаржылық ресурстарға деген сұраныс пен ұсыныстың деңгейін көрсетеді. Туынды бағалы қағаздардың базистік активтері ретінде негізгі бағалы қағаздарға да тиесілі. Әсіресе, депозитарлық қолхат тек акцияға негізделеді. Сондықтан да, туынды бағалы қағаздардың дамуы тек негізгі бағалы қағаздар нарығын дамыту кезеңінен кейін жүргізу қажеттілігін қарастырамыз.
Келесі қағида – бұл экономикалық тиімділікті ескере отырып, бағалы қағаздар нарығын дамыту. Мемлекет инвесторлардың және қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатында көптеген шаралар жиынтығын атқарады. Бірақ, олардың құқықтарын қорғау кезінде бірнеше балама нұсқаларды дайындау керек. Агенттіктер міндетті өзара қатынастарды бекіткен кезде, олардың бағалы қағаздар нарығына әсер ету мүмкіндігін жан-жақты қарастыруы керек. Бағалы қағаздар нарығында негізгі қатысушы – бұл эмитент пен инвестор екенін ұмытпау қажет. Ал, олардың арасындағы институттар мен ұйымдар бағалы қағаздар нарығының тиімділігін арттыру мақсатында енгізіледі.
Эмитенттер немесе инвесторлардың міндетті өзара байланысы бар қатысушылардың санының көп болуы, осы негізгі қатысушылардың бағалы қағаздарды шығару немесе сатып алу ынтасын түсіреді. Осы орайда, бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізу бойынша ұйыммен міндетті шартқа отырудан бас тартуды ұсынамыз. Бағалы қағаздар ұстаушылар тізімін жүргізуге эмитенттің өз құқығында болуы керек. Ал, бағалы қағаздар ұстаушының тіркелімі екі жақта, яғни эмитент пен Орталық депозитарийде жүргізілуін анықтаймыз. Сонымен қатар, брокер-дилерлердің 2 санаты сипат алады. Оның арасындағы негізгі айырмашылығы – 1-ші санатты ұйым номиналды ұстаушы ретінде қызмет атқарып, бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу құқығы бар. Ал, 2-ші санатты брокер-дилер тек бағалы қағаздардың сатып алу мен сату мәмілесін жүргізуге ғана құқығы бар. Осыған орай, 2-ші санатты брокер-дилерлер санының жыл сайын қысқарылуы байқалады. Мемлекет тарапынан санаттарға бөлмей, бірдей талаптарды бекіту арқылы бағалы қағаздар нарығының тиімді механизмге әкелуіне мүмкіндігі болады.
Тәуекел тосуға сәйкессіздік ретінде қарастырылады. Әр түрлі баламалар бола отырып, инвестор оларды бағалайды және салыстырады. Мұнда, болжамдалатын нәтижелер бақылай алмайтын факторлар әсерінен сай болмайтынын ескеру керек. Инвестор қандай баламаны таңдайтыны оның тәуекелге баруына, сондай-ақ тәуекел мен табыс қатынасының қандай пропорциясын алатынына тәуелді.
Акция активінің тәуекелділігін өлшеудің бірлігі ретінде өзгерістілік, волатильдік (volatility) кеңінен қолданылады. Өзгерістілік, волатильділік акция табыстылығының мүмкін мөлшерлеме диапазонымен және оларды алу ықтималдылығымен байланысты. Акция табыстылығының мүмкін мөлшерлеме диапазоны кең болған сайын, сонымен қатар экстремалдық мәндерді алу ықтималдылығы жоғары болған сайын, соғұрлым акцияның өзгеріс көрсеткіші жоғары болады. Нақты табыстылық болжамдалған көрсеткішінен не жоғары, не төмен болуы анық. Өзгерістілік мәнін түсіну үшін, акцияның әр түрлі табыстылық деңгейінде алу ықтималдылығын бөлуін қарастырайық. Барлық мүмкін болар табыстылықтың дейгейлері нөлден (яғни табысты ала алмау) бірге (анықталған табыстылық міндетті түрде алынады) дейін сай болады.
Табыстылықтың күтілетін мөлшерлемесі (табыстылықтың орта шамасы) табыстылықты алу бойынша сәйкес ықтималдылыққа көбейту арқылы табыстылықтың барлық мүмкін болар мөлшерлемелерінің жиынтығы ретінде анықталады:
n
E (r) = P1r1 + P2r2 + …+ Pnrn = Σ Piri (2)
i=1
Жоғарыдағы формуланы акция табыстылығын бағалауға қолдансақ, онда АҚ «Астана-Финанс» компания акциясының күтілетін табыстылық деңгейі 10 %-ға тең.
E (r) = 0,2*30% + 0,6*10% + 0,2* (-10%) = 10% (3)
АҚ «NOMAD» компания акцияларының табыстылық деңгейінің ықтималдылық көрсеткішінің диапазоны АҚ «Астана-Финанс» акцияға қарағанда кең. Екі компаниялардың акция табыстылығының ықтималдылығы келесі кестеден көре аламыз.
Кесте 1 – АҚ «Астана-Финанс» және АҚ «NOMAD» акцияларының табыстылық ықтималдылығын бөлу.
Экономика жағдайы АҚ «NOMAD» акциясының табыстылығы,
% түрінде АҚ «Астана-Финанс» акциясының табыстылығы,
% түрінде Ықтималдылық
Өсу 50 30 0,20
Тұрақты 10 40 0,60
Құлдырау 30 -10 0,20
Ескерту – компания акцияларының негізінде жасалған
Кестеден байқағанымыздай, ықтималдылық көрсеткіші екі компанияда бірдей, бірақ табыстылықтың ауытқу деңгейі АҚ «NOMAD» компаниясында жоғары. Егер экономика өсу кезеңінде болса, онда АҚ «NOMAD» компаниясының акция ұстаушылары 50 %-дық табыстылықты, ал АҚ «Астана-Финанс» компаниясының акция ұстаушылары 30 %-дық табыстылықты алады. Сонымен қатар, экономикалық жағдай төмендесе, онда АҚ «NOMAD» компаниясының акция табыстылығы — 30%-ға, ал АҚ «Астана-Финанс» компаниясының акциялары тек қана -10%-ға төмендейді. Қорытындылай келе, АҚ «NOMAD» компаниясының акцияларына инвестиция табыстылығы өзгеру мүмкіндігі жоғары, яғни олардың тәуекелі де жоғары болып келеді.
Акция табыстылығының өзгеруі мүмкін диапозонымен және экстремалды, төтенше жағдайдың ықтималдылығымен байланысты екенін атап көрсеттік. Табыстылықтың мүмкін көрсеткіштерін алудағы өзгерістерді есептеуде орташа квадраттық ауытқу қолданылады, оны біздің талдауымызға келесідей анықтаймыз.
n
σ2 = Σ (r1 – E (ri))* Pi (4)
i=1
Мұнда математикалық тосу
n
E (ri) = Σ r1Pi (5)
i=1
Стандарттық ауытқу жоғары болған сайын акциялардың өзгеріс көрсеткіші жоғары болады.
АҚ «Астана-Финанс» және АҚ «NOMAD» акциялары бойынша EА (ri) = EВ (ri) = 10%.
АҚ «Астана-Финанс» акциясы бойынша стандарттық ауытқу келесіге тең:
σ2А = (0,2)*(30%-10%)2 + (0,6)*(10%-10%)2 + (0,2)*(-10%-10%)2 ,
σА = 12,65%.
Ал, АҚ «NOMAD» акциясы бойынша стандарттық ауытқу келесіге тең:
σ2В = (0,2)*(50%-10%)2 + (0,6)*(10%-10%)2 + (0,2)*(-30%-10%)2 ,
σВ = 25,30%.
АҚ «NOMAD» акцияларының стандарттық ауытқу АҚ «Астана-Финанс» акциялары бойынша екі есе жоғары. Сондықтан да орта шамадан мүмкін ауытқу АҚ «Астана-Финанс» акциясы бойынша көрсеткіштен жоғары болып келеді.
Тәжірибеде акцияның табыстылық көрсеткішінің диапазоны үлгідегі бірқатар шамамен шектеліп қоймайды және табыстылық қандайда болмасын мәнде болуы ықтимал. Сондықтан да акциялардың табыстылығын бөлу ықтималдылықты үзіліссіз бөлуді қарастырады.
Стандарттық ауытқу – бұл өзгерістерді өлшеудің бірлігі. Көбінесе өзгерістілік және стандарттық ауытқу өзара ауыстырушы терминдер ретінде қолданылады.
Сенімді интервал бекітілген ықтималдылықпен нақты акция табыстылығының аралығындағы шамалардың диапазонын анықтайды.
Мұнда X(ri) – E(ri) математикалық тосумен және σ орташа квадраттық ауытқумен кездейсоқ шама, ал t – анықталған параметр. t = 3 ықтималдылығы кезінде кездейсоқ шаманың X(ri) интервалға түсуі бірге тең болады. Жоғарыдағы формуладан сенімді интервал аралығындағы акция табыстылығын дұрыс бөлу жағдайында 0,68 ықтималдылығы тұсында анықталады. Екі стандарттық ауытқу үшін сәйкесінше сенімді интервалдың 0,95 ықтималдылығы, ал үш стандарттық ауытқу үшін сенімді интервалдың 0,99 ықтималдылығы бар.
Мысал ретінде күтілетін 10% табыстылығы мен 20% стандарттық ауытқуы бар акцияны қарастырайық. Дұрыс бөлу жағдайында 0,95 ықтималдылығы бар, яғни нақты табыстылық интервалға түседі. Ол күтілетін табыстылықпен екі стандарттық ауытқуымен (10%+2*20%=50%), сонымен бірге күтілетін табыстылық пен минус екі стандарттық ауытқуымен (10%-2*20% = -30%) шектеледі. Минималды шамадағы -30% және максималды шамадағы 50%-бен шектелген табыстылық диапазоны 0,95 ықтималдылығымен аталған акциялар үшін сенімді интервал болып табылады.
Көрсетілген есептеулер сәйкесінше ықтималдылықты береді. АҚ «NOMAD» акциялары үшін ықтималдылық 2,3%, ал АҚ «Астана-Финанс» акцияларына 0,13% ретінде орын алады.
Үш сигм ережесін қолданайық. АҚ «NOMAD» компанияның акцияларының нөлдік табыстылығының мәні (а — 2 σ), ал теріс (а — 3 σ) диапазонына келеді. Ал, АҚ «Астана-Финанс» компаниясының акцияларының нөлдік табыстылығы (а — 3 σ), ал теріс табыстылықты алу ықтималдылығы 2-ге тең. Себебі, орташа табыстылық өте жоғары және стандарттық ауытқу мәні үш есе асып түседі.
Көрсетілген талдау орта табыстылықтардың ерекшеленуі жағдайында вариация коэффициентін қолданудың артықшылығын дәлелдейді.
Ықтималдылықты дұрыс бөлу заңы қаржылық операциялардың тәуекелдерін талдау кезінде кеңінен пайдаланады. Оның маңызды ерекшелігі ретінде орта шамадағы қатысты бөлудің симметриялығын жатқызуға болады. Сонымен қатар, оны бөлу центрінен мәндердің үлкен ауытқу ықтималдылығы төмен. Осыған байланысты талдауды жүргізу және сәйкесінше талдауларды есептеуде жеңілдік туғызады.
Бөлу тығыздығының максимум нүктесі 14%-ды табыстылыққа сәйкес келеді. Мұндай жағдайда талдауда екі параметрді (орта шаманы және стандарттық ауытқуды) қолдану дұрыс емес қорытындыға әкелуі мүмкін. Стандарттық ауытқу ығыстырылған бөлу кезінде тәуекелді нақты сипаттамайды және көп жағдайда күтілетін табыстылықтың оң немесе теріс жақтарының өзгерісін есепке алмайды.
Орта шама және стандарттық ауытқудан басқа асимметриялық бөлу көбінесе қосымша параметрлерді білуін талап етеді.
Бағалы қағаздардың шығарылымдары туралы мәлімет
Барлық тіркелген бағалы қағаздар шығарылымдарына қатысты:
1) бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының жалпы саны, түрі, санаты және нақтылы құны, сондай-ақ бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған орган, бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі және тіркеу күні;
Бірінші эмиссия:
— шығарылған акциялардың жалпы саны 2 31 0 000 дана, на қтылы құны 100 теңге, оның ішінде:
— жай атаулы акция: саны 2 310 000 дана, на қтылы құны 100 теңге;
— бағалы қағаздың түрі: акция;
— шы ғарылым түрі: құжатсыз;
— мемелекеттік тіркеуді жүзеге асарған орган: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы;
— мемлекеттік тіркеу нөмірі А0289-2;
Екінші эмиссия:
— шығарылған акциялардың жалпы саны 1 440 000 дана, нақтылы құны 100 теңге, оның ішінде:
— жай атаулы акция: саны 1 4400 000 дана, нақтылы құны 100 теңге;
— бағалы қағаздың түрі: акция;
— шы ғарылым түрі: құжатсыз;
— мемелекеттік тіркеуді жүзеге асарған орган: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы;
— мемлекеттік тіркеу нөмірі А0289-3;
2) бағалы қағаздарды орналастыру күнінің басталуы және аяқталуы. Егер бағалы қағаздарды орналастыру аяқталмаған болса, онда бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге қоғам берген құжаттардағы деректерге сәйкес бағалы қағаздарды орналастыру басталған және аяқталған нақты күнді көрсету қажет.
3) қоғамның бағалы қағаздар ұстаушыларының алдында өз міндеттемелерін орындамауы, облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеуі (төлемді кешіктіруі), жай және артықшылықты акциялар бойынша төлемеуі (төлемді кешіктіруі) орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және оларды орындаудың мерзімі өткен күні туралы ақпаратты қоса алғандағы фактілер туралы мәліметтер. Дивидендтерді есептеу және төлеу бойынша берешектер болған жағдайда оның себебін көрсету; «Ақтөбемұнай-финанс» АҚ акциялар ұстаушыларының алдында міндеттемелері жоқ ;
4) бағалы қағаздарды орналастыру немесе айналысқа жіберу тоқтатылған немесе бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайларда осы шешімді қабылдаған мемлекеттік органның атауы шешім қабылданған күн және оның негіздемесі көрсетіледі;
«Ақтөбемұнай-финанс» АҚ бағалы қағаздар шығылымы айналымдағы;
5) облигациялар бойынша төлемдердің өтеу күні және жалпы мөлшері;
«Ақтөбемұнай-финанс» АҚ облигациялар шығарылымын жасаған жоқ;
6) бір акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтің сомасы және екі соңғы қаржы жылының ішіндегі әрбір жыл үшін әрбір акция түріне дивидендтің жалпы сомасы;
Дивидендтер есептелген және төленген жоқ.
7) сауда-саттық ұйымдастырушыларының атауын қоса алғанда, қоғамның бағалы қағаздарымен сауданы жүзеге асыратын негізгі рыноктар көрсетіледі.
«Ақтөбемұнай-финанс» АҚ бағалы қағаздары ұйымдасқан рыногта «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізімінің «В» категориясында сауда-саттықтан өтті….