Реферат: Экология | Қоғамдағы экологиялық жағдай оның Қазақстандағы көрінісі
Экологиялық дағдарыстардың тууына негізгі себеп – экономикалық өсу. Яғни өндіріс орталықтарынан шыққан зиянды газ, радиоактивтік заттар, ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттар, полигон зардаптары тағы басқа.
Өнеркәсіптер – ауаны ластаушы негізгі обьектілер.Қазіргі кезде осылардан шығатын ауаны ластайтын улы заттар саны 150-ден астам.
Экология және табиғат ресурстары министрлігінің мәліметтері бойынша Қазақстанның 80 қаласында 2,5 мың өндіріс қалдықтары, әсіресе, Шығыс Қазақстан 43%, Орталық Қазақстан 36% болып отыр.Осыған байланысты Атмосфера ауасы шамадан тыс ластанған қалалар қатарына Алматы, Лениногор, Зырян, Өскемен, Теміртау, Шымкент, Тараз қалалары тұр. Бұл аймақтарда жоғары ластану деңгейі негізінен металлургия, минералды тыңайтқыштар, жылу энергетика өндірістері, автокөліктердің зиянды қалдықтары әсерінен және Теміртауда жылына 345 мың т, Жезқазғанда 141 мың т, Қарағандыда 59 мың т көмір шығару әсерінен болып отыр.
Жылдар аумағында ауаға 243 мың т зиянды заттар шығарылады. Мұның 76 мың тоннадан астамы «Қазақмырыш» акционерлік қоғамына қарасты. Өскемен металлургия өндірісінің 70 мың тоннадайы «Қазақмыс» корпорациясының Ертіс мыс қорыту зауытының үлесінде. Бұлардың бір ғана қорғасын-мырыш комбинаты ғана бір жылда қоршаған ортаға 19544,4 т келесі жылы 21876,9 т күкірт ангидридін таратқан. Яғни жыл санап өсіп келе жатыр.
Біздің өмірімізде тағы бір маңызды мәселе — ауыз су. Ол жер шарының 3/2 бөлігін алып жатыр.Су кеңістігінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері гидросфера қабығы ғаламшардың бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі рөл атқарады. Суда барлық заттар еріген күйінде болып, оның үлкен және кіші айналымы арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді. Одан әрі бұл процесс биосфера шегіндегі биогеохимиялық айналымға ұласуда. Соның нәтижесінде, жер шарындағы барлық судың 94%-ы мұхиттар мен теңіздердің, ал қалған 6%-ы өзен-көлдердің, жер асты сулары мен мұздықтардың үлесіне тиіп, оның сарқылмайтын табиғи қор екендігін дәлелдеуде.
Соңғы жылдары Дүниежүзілік мұхиттар мен өзен-көл суларының ластануы су сапасын нашарлата түсуде. Мұхиттарда мұнай тасымалдайтын кемелер мен танкерлердің көбеюі, атом қаруларын сынау, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің, радиоактивті қалдықтардың тасталуы, т.б. экологиялық жағдайы мен тіршілік ырғағы деңгейін төмендетті. Оның үстіне Африка, Орта Азия және Кіші Азия, Орталық Азия, Аустралия елдерінде дүниежүзілік ауыз су мәселесі туындап, әлемдік экологиялық проблемалар шеңберін ұлғайта түсуде.
Бір үлкен де, ел есінен кетпейтін, зардабын әбден тарттырған, экологияны да, денсаулықты да құртқан, әрине, бұл – Семей полигоны. Полигон қазақ жерін 1949-1989 жылдар аралында,яғни 40 жыл бойы 19 млн га жерінде ядролық сынағын жүргізіп отырған. Атом қаруы сыналған елдерді салыстырсақ, Ресейде – 225, АҚШ – 1032, Қазақстанда – 500-ден астам жарылыс жасалған. Атом қаруы сол сияқты Ұлыбритания, Қытай, Франция, Үндістан және Пәкстанда сыналғанын білгеніміз жөн. Оның үстіне Дүниежүзіне танымал ядролық сынақтың орталықтары Капустин Яр (Ресей) мен Лобнор (Қытай) Қазақстанға жақын шекаралас жатқан аумақтар.
Капустин Яр полигонына іргелес жатқан аудандарда қалыптасып отырған экологиялық жағдай, химиялық және радияциялық ластанудың деңгейін және оның тұрғындарының денсаулығына тигізетін зардаптарын кешенді түрде зерттеуге тура келді.
Әр елде полигондарға пайдаланылған жердің ауа, су, топырақ құрамы радионуклидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі.Әлемде осының әсерінен миллиондаған адамдар мутагенез ауруымен есепте тұрғандар. Оның басым бөлігі осы жарылыс өңірінің тұрғындары. Сол сияқты қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру және жүйке ауруымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақ бойынша жоғары.
Сонымен қатар біздің елде ен далада тіршілік ететін ақбөкен, қарақұйрық, елік, сілеусін, қабылан, қарақал сияқты аңдар мен дуадақ, безгелдек, бұлдырық, т.б. құстар сиреп немесе жойылып кетуге жақын, ал өсімдіктер мүлдем сиреп кетті. Енді олардың қалпына келуіне жүздеген, тіпті, мыңдаған жылдарға созылатыны анық.
ХХ ғасыр обасы – СПИД (синдром приобретенного иммуно дефицита – иммунитет жетіспеушілік синдромы). Ең алдымен СПИД-ті тексеріп жариялаған 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Монтанье тапты. Ал 1984 жылы америкалық ғалым Р. Галло вирустың барлық қасиетін жан – жақты қарастырып,жариялады. Бұл ауру алғаш 1987 жылы АҚШ – та табылса, 1989 жылы 5 қаңтардағы хабарында жер жүзінде 1988 жылдың 31 желтоқсанында алынған есеп бойынша ауру саны 142 елде тіркелген, аурулар саны 132976 адам болды. Ал тоғыз айдан кейін, 1989 жылдың 4 қазанында бұл сырқат жер шарының 152 мемлекетінен табылып, онда аурулар саны 177965 – ке жетті. Өздеріңіз байқап отырғандай бұл өте жылдам таралатын ауру. Қазірдің өзінде әлемде 1 секунд ішінде 10 адам осы ауруды жұқтырады екен.
Әлемде бұл ауру көрсеткіші мынадай: Солтүстік Америкада 980000, Шығыс Еуропада 570000, Латын Америкасында 1,5 млн, Орта және Оңтүстік Америкада 29,4 млн, Австралия мен Жаңа Зеландияда 15000, Солтүстік Африка 550000. Ал Қазақстан Республикасында 01.01.2006 жылы 6943 СПИД – пен зақымдалғандар тіркелсе, оның ішінде жасқа жейінгі балалар саны 118. 60 – ы жүкті әйелдер болып отыр. Олаың 19 ғана дүниеге нәресте алып келді, солардың ішінде үшеуіне СПИД диагнозы қойылған, 3 – і мүлдем тіркеуден алынған, 13 – і дисансерлік тіркеуде.
Ауру қандай жолдармен таралуы мүмкін? Мұны, әрине, баршаңыз өте жақсы білесіздер деп ойлаймын. Егер атап айтатын болсақ ең көп таралатын жағдай, жыныстық жолы арқылы. Соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда, аурудың алғашқы клиникалық белгілері вируспен зақымданғаннан кейін бірнеше апта ішінде – ақ біліне бастайды. Яғни, жалпы шаршампаздық, терлегіштік және бездердің, әсіресе, мойындағы, қолтықтағы бездердің ісінуі. Сонан соң бұларға жиі – жиі іш өту, арықтау, теріге және шырышты сілекей қабықтарына іріңді бөртпелердің шығуы және өкпе қабынуы қосылады.
Осы аурудың қабынуына әкеліп отырған басты мәселе – есірткі. Көрсеткіш бойынша есірткіні инъекциялы жолмен тұтынғандар қатарында тұрған – 84,2%.Бұл көрсеткіш азайудың орнына жыл санап өсіп келеді. Оның себебі қазіргі кезде бүкіл әлемге таралған мәселенің басты таратушылары жасөспірімдер болып отыр. Бір проблемадан екіншісі туындайды демекші Классикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит жұмыссыздық мәселесін қарастырыт отырып нашақорлық, жезөкшелік сияқты жағдайларды көрсетіп кетті. Барлығымызға белгілі бұл ауруға қарсы әлі вакцина табылған жоқ. Геннадии Онищенко бас санитар дәрігерінің айтуы бойынша алдағы бір – екі жыл аралығында проблеманы шеше алмайтын түрі бар.
Өткен ғасырдың бас шенінде синидикализм философиясының негізін қалаған Жорж Сорель «ХХ ғасырдың бір – ақ қаруы бар, ол – үрей салу» деп айтқан. Ал Сергей Нечаев «Катехезис революционера» атты кітапшасында «революционер бір ғана білімді біледі – ол жою білімі» деген. Оның бұл жерде революция деп атап отырғаны, терроризм екенін анық білуге болады. Осыдан бізде террор деген не деген ұғым пайда болмайды ма? Бұл сөздің мағынасы «қорқыту, үркіту, үрейлендіру, шошыту, қаймықтыру». Террор термині орасан зор үрей салатын және жекелеген адамдарды қаймықтырып, тоздыратын іс — әрекетті, амалды білдіреді. Ал «Терроризм » дегеніміз саяси идеологиялық мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан, жүйелі мен жалғасты террорлық іс — әрекеттерді қолдануды әдістенуді білдіреді. Жалпы терроршылардың ортақ мақсаты – нысанаға алынған низамды, түзімді, жүйені күшпен құлатып, орнына өз идеологиялары негізіндегі жаңа билікті орнату.
Террор амалдары: терроршылар лаңкестік амалдарды жоспарлағанда қоғамды ең осал жерінен ұруды ойлсатырады, үлкен жаңғырық шығаратын, халыққа қатты әсер ететін қылмыстарды жоспарлайды. Осы жоспарын олар мына лаңкестіктерінде орындады. Мәскеудегі террор амалын жасағандардың басшысы дереу телеарналардың уәкілдерін шақырып, оларға берген сұхбатында «Біз мақсатымызға жеттік. Енді өлсекте қалсақ та маңызды емес.» дегені естеріңізде болар. Лаңкестердің басқа қаланы емес Мәскеудің өзін таңдап алғаны да тегін емес. Өйткені Мәскеуде жасалған террактілердің әсері күштірек болады, онда көбірек баспасөз ақпарат құрамы қатыса алады. Неғұрлым көп БАҚ болса, соғұрлым лаңкестерге тиімді. Ал театрда жасадуы да нағыз бәйкүнә адамдарды нысанаға алу арқылы тұтастай мемлекетке ықпал жасау мақсатының көрінісі. АҚШ – қа 2001 11 қыркүйекте болған шабуылдарда басқа қалалар емес, ең ірі Нью – Йорк пен федералдық астананың және ондағы символдық мәні бар ғимараттардың таңдалуы да тегін емес.
Биыл осы сұмдық оқиғаға 5 жыл толды, сол жылы Нью – Йоркте, Вашингтонда, Пенсильванииде 3000 – нан астам адам қаза тапты. Және де қазірге дейін оның зардабын шегуде. БҰҰ — ның бас хатшысы Кофи Аннан БҰҰ – ға қарсы терак бүкіл адамзаттқа жасалған қарсылық деп білетінін хабарлады.
Терроризм қарсы жасалынған қорытындылар мен келісім шарттар.
Қазақстан Республикасы Нью – Йоркте 2000 жылғы 10 қаңтарда жасалған «Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы», тағы да осы қалада 1998 жылғы 12 қаңтарда жасалған «Бомбалы терроризмге қарсы күрес туралы» халықаралық конвенцияларға қосылған. Еліміз Шанхайда 2001 жылғы 15 маусымда жасалған «Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы» Шанхай конвенциясы мен Минскіде 1999 жылғы 4 маусымда жасалған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроршылдыққа қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы» шарттарды бекіткен. Қазақстан Республикасы соныме қатар Германия, Венгрия, Чехия, Иран – Ислам Республикасы, Литва, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекістан, Үндістан үкіметтері арасында ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және қылмыстың басқа да қауіпті түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімдер жасасқан. Бұларға қоса мынадай ішкі құқықтық – қалыптық актілер терроризммен күрестің ахуалын анықтайды.Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілде № 416 – 1 бабында «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңы Қазақстан Республикасының Парламентінің 2000 жылғы 10 ақпан №332 «Терроризмге мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тыю жөніндегі шаралар туралы » Жаолығы аталмыш құжаттар терроризммен күрестің ішкі және халықаралық құқықтық ахуалын реттейді…..
Полную версию материала можете скачать через !!!!