Реферат: Экология | Қазақстанның су ресурстары

0

Су ресурстары және оның маңызы

Көп бөлігі мұхиттар мен теңіздерге жиналған су кембр кезеңіне (в докем- брийский период) дейінгі жаңаартау (вулкан) атылғанда ақтарылған граниттік магманың кристалдану процесінің нәтижесінде пайла болды. Жердің үстіңгі жағында ювенилді су дкп аталатын, яғни жер шарының ылғал айналымына алғаш рет енген термалды су көздері табылды. Бұл су магмадан бөлінетін оттегі мен сутегінен қалыптасты. Алайда, тұщы судың негізгі қоры мұздықтарда сақталған. Мәселен, тау шыңдарындағы және Антарктида мен Арктиканың мұздығындағы тұшы судың қоры 97%-ті құрайды. Ал, өзендердені, көлдердегі және су қоймаларындағы тұшы судың қоры – 3%.
Жердегі судың айналымын қықаша былай сипаттауға болады: Жер бетіндегі су негізінен теңіз бетінен және өсімдіктерден (транспирация) судың булануы нәтижесінде атмосфераға көтерілетін су буынан пайда болатын жауын-шашын түрінде қалыптасады. Оның бір бөлігі өсімдіктер мен хайуанаттар арқылы тікелей және жанама түрде қайтадан буланады, ал ендігі бір бөлігі жер асты суларын байытса, қалған бөлігі өзен арналарымен теңіздерге барып қосылады да қайта буланады.
Геологиялық ауқымда құрғақтағы су мен теңіз суының арасындағы тепе-теңдіктің (баланстың) жиі бұзылатынын байқауға болады. Теңіз деңгейінің өзгеруі көптеген жағдайларда планетадағы климаттың өзгерісімен байланысты болады. Жер бетіндегі және жер астындағы судың флуктуациясын, өсімдер өзгерісін, қар және мұз жамылғыларының ырғағын бақылап қарағанда, 1800-2000 жылда қайталанатын құрғақтағы режимін байқауға болады.
Су жер шары 70,8%-ін алып жатыр. 510 млн км кв жердің жалпы ауданының 29,2%-і құрлыққа тиесілі. Планетаның қалған бөлігі – мұхиттар мен теңіздер. Әлемдік мұхиттың су қоры – 1370 млн км кв(93,96%). Өзендер мен көлдердің тұщы суы шамамен 230 мың км кв-ді (3% құрлықтың бет жағы) құрайды. Мұздық – 24 млн км кв. Мұздық қорыстары (плавление ледников) Әлемдік мұхиттың деңгеін көтеріп, шамамен 1% құрлықты су астында қалдырады. Жер асты сулары (5 км-ге дейінгі қалыңдықтағы) 60млн км куб-ді құрайды, оның 4 млн км куб-і су айналысы белсенді зонада орналасқан. Жоғары жақ қабатын 85 мың км куб топырақты ылғал алып жатыр.
Су ұдайы қозғалыс үстінде болады – оның мөлшері мен сапасы уақыт және кеңістік ішінде өзгереді.Су ресурстары ғасырлар бойы жинақталған қормен және жаңғыртылатын ресурстармен сипат- талады. Құрлықтағы тұщы судың ғасырлар бойы жинақталған табиғи қорына көлдердегі, мұздықтардағы, сондай-ақ, қатпарларының сулы қабаттарындағы (жер асты суы) су жатады. Жаңғыртылатын су ресурстарына (жылына) құрлық пен мұхиттың су алмасу, Жердегі судың айналым процесінде жыл сайын жаңғыртылатын су жатады. Біздің планетамыз аса алып бу машинасы болып табылады, ал оның қозғаушы күшіне күн энергиясын жатқызуға болшады. Су Әлемдік мұхиттың бет жағынан күн энергиясының әсерімен булану арқылы атмосфераға енеді әрі атмосфералық жауын-шашын түріндеоралады.Буланған судың бір бөлігі ауа ағымымен құрлыққа келіп, жауын-шашын түрінде жерге түседі де құрғақтағы суды, өзенді, көлді, жер асты суын, мұздықты қалыптастырушцы негізгі көзге айналады.
Орташа жылдық ағыны бойынша су ресурстарын бағалау судың пайдаланылуын жоспарлауда және сумен қамтамасыз етілудің деңгейіне баға беруде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ағынды су шаруашылық қажеттілігі үшін өзендерден немесе көлден су алудың нәтижесінде таусылып келеді. Бұл арада судың көп бөлігі шаруашылық процесінде, әсіресе суарылатын жердің қажеттілігін өтеу барысында біржола жоғалады. Су шаруашылығын жоспарлау барысындакөлдің, өзеннің, мұздықтың суы мен жер асты суының табиғаттағы су айналымы процесінде бір-бірімен өзара байланысты болатынын және судың бұлардың біріншісінен екіншісіне немесе екіншісінен біріншісінен өтіп отыратынын есте ұстау қажет. Барлық су түрінің табиғаттағы су айналымының негізгі әрі бастапқы буынына көлдерді, өззендерді, мұздықтарды, жер асты суларын қоректендіретін атмосфералық жауын-шашын жатады. Осыған байланысты өзендер көлдерді, ал жер асты сулары мен мұздықтар өзендерді қоректендіреді.Гидросферадағы айналымның салдарынан су массасының тұрақты алмасуы жүзеге асады. Мәселен, мұхит ағындарының есебінен 63 жыл сайын әлемдік мұхиттың барлық суы ауысып, отырады. Бұл процесс, әсіресе, құрғақта және атмосферада әлдеқайда шапшаң жүзеге асады. Жер шарындағы өзендердің ағынды суы мен жер асты сулары 41000км куб-ді құрайды немесе жердегі айналымдда болатын жалпы көлемнің 8%-ін алады. Ағынды су құрлықтың бет жағына түсетін жауын-шашын мөлшерінің 36,4%-ін құрайды. Бұл қатынасты ағынды су коефиценті деп атау әдетке айналған.
Жер шарындағы құрлықтардың өзен суларымен қамтамасыз етілуі: Австралия-12,9; Азия-7,94; Еуропа-5,18; Африка-13,67; Солтүстік Америка-26,17; Оңтүстік Америка-74,68.
Жер асты суы планетада барлық тұщы судың 14%-ін құрайды. Жер асты суының рөлі жердің бетіндегі судың ластануына байланысты артып отыр. Жер асты суын пайдалану арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету Бельгияла-90%, Финляндияда-75%, АҚШ-та – 50%.
Қазақстанның су ресурстары

Қазақстан Республикасы жер үсті өзен суы сурстарының ҚР Мемлекеттік су комитетінің мәліметі бойынша бір жылдағы сулылығы орта есеппен алғанда – 100,9 млрд м куб. Оның 56,5%-і Қазақстанның өз территориясында түзілсе, 44,4%-ін – Қазақстанмен шектесіп жатқан территориялардан келетін өзен суы құрайды (ҚХР, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы).
Қазақстанның су ресурстары бұрынғы Кеңес Одағы ресурстарының 2,1%-ін құрайды. Біздің еліміз сумен қамтамсыз етілу деңгейі боцынша бұрынғы одақтас республикалардың ішінде соңғы орынды иеленіп отыр. Сумен қамтамасыз етілудің үлесі шаршы шақырыммен алғанда 36,4 мың м куб-ке тең, ал жан басына шаққанда жылына 6,0 мың м куб-ті құрайды. Жер үсті су ресурстары территория бойынша біркелкі емес әрі жылдар аралығында және жылдың ішінде ауықып тұратындықтан республика облыстарының суменқамтамасыз етілуі біркелкі болған емес. Сумен ең көп қамтамасыз етілуі біркелкі болған емес. Сумен ең көп қмтамсыз етіліп отырған облыс – Шығыс Қазықстан-1 шаршы шақырымға 290мың м кубтан келеді, ал сумен ең төменгі қамтамасыз етілген – Атырау, Қызылорда, әсіресе, Маңғыстау облысында – 1 шаршы шақырымға 0,36 мың м кубтан келеді.Алайда ағынды өзен ресурстарын халық шаруашылығы үшін толық пайдалану мүмкін емес, өзендердің төменгі сағасынан (Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Тобыл, Есіл) міндетті түрде жіберілетін судың, су қоймаларда және өзен арналарында ысырап, болатын судың жиынтық мөлшері жылына шамамен 54,8 млрд м кубты құрайды. Жердің үстіңгі жағындағы пайдалынатын өзен суы ресурстарының бір жылдағы сулылығы орташа есеппен алғанда 45,9 млрд м куб мөлшерінде бағаланып отыр.
Ертіс, Тобыл және Есіл өзендерінің суын қорғау олардың пайдаланылуын реттеу Ресей Федерациясымен келісіліп орындалады. Бұл бассейндегі кещенді пайдаланылатын орташа және бөгендер (водохранилища) гидроэнергия, ирригация, кемені жүргізу, балық шаруашылығы және т.б. үшін қажет. Жыл сайын Бұқтырма және Шульба бөгендерінен Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының территориясындағы Ертіс өзенінің жайылмасын толтыру үшін ирригациялық (жерді суландыратын) су жіберіледі. Жіберілген судың мөлшері – 2,5-5,0км кв. 1993 жылы 5,2км кв су жіберіліп, жайылымдағы 354,5 мың гектар шабындық пен көлдетіп суарылатын жер суға толтырылды. Сырдария өзені суының мол болуы нәтижесінде Арал теңізіне құйылатын су 1989 жылы 4,3 км кубтен 1994 жылы 7,4км кубке дейін артты. Каспийй-Жайық бассейні су ресурстары мүдем таусылған аймақты қамтиды, бұл аймақтағы судың тапшылығы шамамен алғанда 6 км куб мөлшерінде болады. Теңіз, Қарашығанақ және басқа да мұнай-газ химиялық кен орындарын игере отырып, бұл аймақты қосымша көздерсіз, яғни Еділ-Жайық каналының құрылынсыз одан ары дамыту мүмкін емес.
Қазақстан мен Ресей Федерациясы Үкіметтері трансшекаралық су обьектілерін бірігіп пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясын құрды. Біздің республика Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Еділ өзендерінің су ресурстарын Ресеймен бірігіп пайдаланады. Бұл аталмыш өзендердің су ресурстарын Шығыс Қазақстан б Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында пайдаланылады. Комиссияның негізгі міндеттері – Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Үлкен және Кіші өзен, Еділ негізгі трансшекаралық ағын су бойынша әр тараптың суды тұтыну лимитін жыл сайын әзірлеп, бекіту олардағы бөгендердің жұмыс режимін әзірлеу, экологиялық талаптарды және екі жақтың да мүдделерін қанағаттандыра отырып, нақты қалыптасқан су шаруашылығындағы ахуалды жағдайда суды бөлуді басқару. Осылайша, мемлекеттер арасында су қатынасын реттеу, су ресурстарын ұтымды пайдалану әрі қорғау мемлекеттердің мүддесін ескеретін маңызды стратегиялық міндет болып табылады.
Қоршаған ортаны сауықтыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі – әлем елдерінің алдында тұрған маңызды пробдема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылық- тардың кедергіснен өту-өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ.
Су – біртұтас кешен ретінде болатын табиғи ресурс. Табиғи ресурстың бұл түрі мыналарға арналған:
– адамзаттың, хайуанаттар мен өсімдіктер әлемінің өмірлік қажеттіліктерін өтеуге;
– өндірістік-шаруашылық қажеттіліктерге (жуу, материалдар мен құралдарды суыту, өсімдіктерді суару);
– гидротасымалдау және кемелермен жүкті тасуға;
– өзіндік ерекшелігі бар технологиялық процестерді қамтамасыз етуге (электр энергиясын өндіру);
Жердегі судың айналымын қықаша былай сипаттауға болады: Жер бетіндегі су негізінен теңіз бетінен және өсімдіктерден (транспирация) судың булануы нәтижесінде атмосфераға көтерілетін су буынан пайда болатын жауын-шашын түрінде қалыптасады. Су жер шары 70,8%-ін алып жатыр. 510 млн км кв жердің жалпы ауданының 29,2%-і құрлыққа тиесілі. Планетаның қалған бөлігі – мұхиттар мен теңіздер. Әлемдік мұхиттың су қоры – 1370 млн км кв(93,96%). Өзендер мен көлдердің тұщы суы шамамен 230 мың км кв-ді (3% құрлықтың бет жағы) құрайды. Мұздық – 24 млн км кв. Қазақстанның су ресурстары бұрынғы Кеңес Одағы ресурстарының 2,1%-ін құрайды. Біздің еліміз сумен қамтамсыз етілу деңгейі боцынша бұрынғы одақтас республикалардың ішінде соңғы орынды иеленіп отыр. Сумен қамтамасыз етілудің үлесі шаршы шақырыммен алғанда 36,4 мың м куб-ке тең, ал жан басына шаққанда жылына 6,0 мың м куб-ті құрайды. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз