Реферат: Экология | КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

0
86

КАСПИЙ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Каспий аймағының мұнай және газ өндіру көптеген мәселелердің ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Бұл тек қана жеке мемлекеттерге ғана емес, сонымен қатар бүкіл адамзаттың проблемасы болып саналады, өйткені Каспий теңізі құрлықпен шектелгендіктен табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбасақ, бұл өңірдің сұлу табиғаты апатқа әкеп соғуы мүмкін.
Балығымызға белгілі болып отырғандай, Каспий мұнай өндіргіш аймағы өз құрамына Каспий теңізін, сонымен қатар оны қоршаған мұнай мен газ өндіргіш Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Ресей және Иран территорияларын жатқызады. Соңғы мәліметтер бойынша Каспий өңірінің қоры 5,1 млрд. т, ал газ қоры – 8 трлн. м3. 1998 жылдан 2004 жылға дейінгі өңірдің дүниежүзілікке сәйкес мұнайдың қоры 2,6-дан 3,3%-ке дейін өсті. Осыған байланысты өңірдің бөлігі бүкіл әлемдік газ қопының дәлелі бойынша шамамен 5%-ті құрайды.
90-шы жылдардың соңдарынан бастап Каспий өңірінің мұнай мен газ өндіру тез қарқында өсіп келуде. Мұнай өндіру 1992 жылдан 2003 жылдар аралығында шамамен екі есеге өсті: мұнай бір жылда 40,3-тен 76,8 млн. т дейін; одан да тез қарқынмен газ өндірісі дамыды: 1998 жылдан 2003 жылға дейін үш еселенді: бір жылда 23,7-ден 77,1 млрд. м3 дейін. Сөйтіп жаңа мұнайгаз өндіруші өңір әлемдік нарыққа шықты.
Қазіргі уақытта Каспий өңірінде үш негізгі мұнай өндірушілер бар. Олар: Қазақстан (дәлелденген қордың өндіру көлемі бойынша бірінші орында тұр), Әзірбайжан және Түркия. Ал газды осы өндірушілерден басқа Ресей де өндіреді. Солардың ішіндегі газ өндіруден негізгі өндіргіш Түркия болып табылады.
Мұнай өндіруді арттырған сайын Каспий өңірінің табиғи ортасы экологиялық жағдайы нашарлап бара жатыр. Сонымен қатар ең басты проблемасы бұл Каспий акваториясының және оның айналасындағы территорияның ластануы болып табылады.
Ресей ғалымдарының зерттеуі нәтижелері бойынша 10-12 скважиналары бар 3-4 платформаның жұмысы кезінде әр платформада ластану кем дегенде 1 ПӘК-ке артады. Бұл тіпті өзін-өзі тазарту процесі жүргеннің өзінде жылына Каспийдің солтүстік акваториясының төрттен бір бөлігі ластанады. Қазіргі кездің өзінде Каспийдің үстінен ұшақпен өткенде мұнай дақтары көрінеді. Осы ластанған аймақтың көзін тауып, жеке экологиялық экспертизалар істеу өте қиынға соғады, себебі мұнай компанияларының объектілеріне 5-10 км қашықтыққа шейін жақындау тиім салынған.
Мұнаймен ластану кен орындарында апаттардың болуымен байланысты. Қазақстан ғалымдарының мәліметтері бойынша Каспий өңірінің солтүстік бөлігінде мұндай апаттардың болуы артып келуде, өйткені мұнда Тенгиз, Королдік, Қашаған және т.с.с. кен орындарының болуымен байланысты. Апат кезінде, мысалы 1985 жылы Тенгизде болғандай, үлкен көлемді мұнай өнімінің төгілуі нәтижесінде санаулы айлардан кейін теңіздің жойлуына әкеп соғады.
Теңіздің мұнаймен ластануы оның генофондын азаюына және деградациялануына әкеледі. Соның ішінде ең көп көзге түсетіні бұл бекіре тұқымдас балықтардың өлімі болып табылады. Осыған байланысты тіпті совет заманы кезінде Каспийдің солтүстік бөлігі қорғауға алынған болатын. Бұған қарамастан бұл балықтардың түрі жылдан жылға азаюда. Егер 80-ші жылдардың ортасында СССР кезінде Каспийде осы балық тұқымының 25 мың т ауласа, ал 2001 жылы СНГ-нің Каспий жағалауындағы мемлекеттердің барлық өнімі 764 т дейін азайды. Соның ішінде балықты браконьерлік жолмен аулауын қоспағандағы өнімі алынған. 2003 жылы тіпті кейбір балықтардың түрлері мүлдем жоғалып кетті. Бұл мәселелер тек қана үздіксіз аулауға байланысты ғана емес, сонымен қатар Каспидің солтүстік өңірінің кен орындарында әр түрлі сейсмобарлау жұмысын жүргізуімен байланысты. Тіпті бәрімізге белгілі килька балығының өзіне аулау кеміп келеді. Астрахань облысында 1998 жылдан 2002 жылға дейін оны аулау 5 есеге азайды. Кильканың жойылуы оның қорек ететін планктондарының азаюымен тікелей байланысты. Ал егер килька балығы жойылатын болса, онда бұл Каспийдің бүкіл экосистемасын өзгертеді. Бұл балық ең бірінші бекіре тұқымдасына жататын балықтарының және каспий итбалықтарының негізгі қорегі болып табылады. Негізінде каспий итбалықтарының кемуі тек қана кильканың санына байланысты емес, сонымен бірге мұнай ластануымен байланысты. 1997-2000 жылдары аралығында итбалықтардың көп көлемде жағалауға лақтырылуы болды. Жағажайға мұндай лақтырулардың шыңы 2000 жылы болды. Сол кезде шамамен 30 мыңдай жануар жойылды. Бұлардың өлімінің басты себебі мұнай мен түрлі пестицид заттардың нәтижесінен болған токсикоз болып табылады.
1998 жылдан бастап Каспий өңірінде халықаралық табиғатты қорғау ұйымының негізі Каспий экологиялық бағдарламасы (КЭБ) болды. Бұл бағдарламаның мақсаты – Каспийді құтқаруға бағытталған Каспий жағалау мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың күштерін жұмылдыру.
1921 және 1940 жылдары болған совет-ирандік шарт бойынша Каспий теңізі тұйықталған ішкі су көзі, шетелдік кемелерге жабық және белгілі бір үшінші елдердің оның өнімдерін өндіру үшін тиым салынған теңіз болып табылады. Алайда бұл екі мемлекет тек қана Каспий теңіз жағалауының 11-шақырымдық аймағын құрайды, ал акваторияның қалған бөлігі басқа елдердің қолдануына ашық болды. Каспийдің акваториялық аймағының бөлінуіне байланысты бұл жасасқан шартта тек қана Иран мен совет мемлекеттерінің секторларына қатысты болды және ол жай ғана табиғатты қорғаудың бір әдісі еді. Қазіргі уақытта осы Каспий өңірінің жағалау мемлекеттері екеу емес бес болғанымен де жаңа келісім шарт жасағанша дейін ескісі өз күшін жоймайды.
Қазірдің өзінде көріп отарғанымыздай осы Каспий жалауындағы мемелекеттердің іс-әрекеттері бұл міндетке сәйкес келмейді. Оған мысал бола алатын Каспийдің солтүстік территориясында Ресей мен Қазақстан мұнайгаз өнімін өндіруге бастады. Бұл өңір СССР кезінде бекіре тұқымдас балықтарының қорғауға алынған аймағы болып табылады. Бір кездері Әзірбайжан және Қазақстан Каспий теңізіндегі өз секторларын дербес бөлік қылғысы келді. Егер осы мемлекеттер қазір бұл ойды жүзеге асырған болса, онда әр мемлекет өз жерінде не істегісі келсе, соны істеп, соның нәтижесінде Каспийдің экологиялық мәселесі одан бекер нашарлап кететін еді.
Кейініректе жағдай жақсы жаққа бет бұрды. 2002 жылдың күзінде Ресейдің белсенділігімен Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан мемлекет аралық келісім жасады, яғни олар Каспийдің түбін секторларға бөлуге келісті, алайда теңіз акваториясы бәріне ортақ болып қалды. Егер Иран Каспий акваториясының тең бөлікке бөлу туралы талабын орындағанда, онда теңіз баяғыда тұйқталған теңіз көзі болар еді. Тұйықталған теңіз көзі дегеніміз теңіздің көлденең ортасынан бөлінген сызықтан бастап, мемлекеттердің шекараларымен шектелінуі, ал акватория территориясы шекарасының ар жағындағы бөлігі ортақ болып табылады. Каспий акваториясын ортақ деп мойындауы бірігіп Каспий өңірінің табиғатын қорғау және сол мемлекеттердің кез-келген біреуі теңіз ортасына зиян әкелетін әрекет жасау мүмкіндігін шектейді.
Өкінішке орай, бұл мемлекеттердің қай-қайсысы болмасын Каспий теңізі ортасының табиғатын сақтап қалуға емес, ал мұнай мен газ өдірісіне көп көңіл бөледі. Міне, осының өзінен аймақтың қоршаған ортасын қорғау туралы халықаралық келісімдердің іске асуда әлсіз екендігін дәлелдейді. 90-шы жылдардың басында Әзірбайжан, Қазақстан және Түркия мемлекеттері өз басынан экономикалық кризисті өткізгендіктен, шетелдердік ТНК бірігіп мұнайгаз өнімдерін өндіруде қызығушылық білдірді. Басты экономикалық мәселелерін шешу үшін олар шетелдік мұнай өндіру компанияларын қызықтырудың барлық амалын жасады. Осы компаниялардың жұмыс жасаудағы заң бойынша қаралған Каспий өңірінің қоршаған ортасын қорғау туралы мәселесі, өкінішке орай, толығымен қолданылмайды. Осыған байланысты басқа мұнай өндіргіш өңірлер, мысалы, Солтүстік теңіз, Мексика шығанағы, Аляска сияқты аймақтармен салыстырғанда, құқықтың дұрыс іске аспауы, шетелдік инвесторлар істерін толығымен өз еркінше қолдануға мүмкіндік беріп, одан бекер қызықтырды.
Енді біз мұнаймен ластанудан басқа екі негізгі экологиялық мәселелерді қарастырайық, бірақ соның біреуі мұнай ластануына тікелей болмағанымен, әйтеуір жанама болса да қатысты. Оның біреуі Каспийдің солтүстүстік бөлігінде осыдан жарты ғасырдай қолданып келген ядролық жарылыстар болып табылады. Мәліметтер бойынша 2003 жылдың соңына таман Каспийдің деңгейі минус 26,6 м-ге дейін жетті. 2000 жылы 70-ші жылдармен салыстырғанда теңіз деңгейі 205 м-ге көтерілді. Теңіздің бүкіл жағалауында өз деңгейінен жайлап тасып, құрлықты алып бара жатыр.
Қазіргі үақытта теңіздің деңгейі жыл сайын 40см-ге көтерілуде. Бұл теңіздегі бұрғылау платформаларының апатына, сонымен қатар аз тереңдіктегі мұнай өндіру орындарының батуына әкеп соғады. Бұл, әсіресе, Каспий жағалауына, Куриндік және Батыс-түркия өңірлеріне байланысты. КЭП мамандарының мәліметтері бойынша тек қана Каспийдің Әзірбайжан секторында мұндай скважина апаттарының 119 белгілі.
Каспийдің Қазақстанға қатысты солтүстік бөлігінде теңіз деңгейінің жоғарлауына байланысты мұнай өндіру орындарының бұрғылау толқынының тереңдеуі нәтижесінде (қазір оның тереңдігі 50 км-ге жетті) бату ауданы артып келуде.
Сонымен бірге, сейсмикалық тұрақсыздықтың артуына байланысты да ластану жоғарлайды. Бұл, ең бастысы, инженерлік құрылғылар мен терең скважиналарға өз қаупін тигізеді. 2003 жылы мүмкін дәл осы жағдайдың әсерінен Азери-Чираг-Гюнетли кен орнында тоғыз бұрғылау скважиналардың орнынан аутқуынан үлкен апат болды.
Каспийдің экологиясына үлкен зардап әкелген бұл теңіздің солтүстік бөлігінде гидротехникалық мақсатпен жүргізілген ядролық жарылыстар болып табылады. Астрахань облысында 1980-1984 жылдар аралығында 15 жарылыс, ал Қазақстанның Гурьев (қазір Атырау) облысында 22 жарылыс өткізілді. Осыған қоса жарылыстар Каспийдің солтүстігіндегі басқа өңірлерінде де жүргізілді. Мысалы, Қазақстандағы Мангышлак түбегінде орналасқан Қалмақияда. Мүмкін осы қуатты жарылыстардың нәтижесінде өткізілген жерге радиоактивті зардабына қоса, Каспийдің су асты артезиандық су тасқындарына әкелді.
Орынбор мұнайгазконденсат орнында да бірнеше ядролық жарылыстар өткізілді. Олар бұл жарылыстың нәтижесі қандай болатындығын тексеріп, тіпті анализ жүргізген де жоқ. Кен орындарының өнімдерін зерттеу және газ сақтайтын жер асты резерварларды құру мақсатында өткізілген ядролық жарылыстар ішпласталық қысымының төмендеуіне, газ шығарушы тұнбалардың өзгеруіне алып келді. Қазіргі уақытта жас Орынбор кен орны газ өндірудің төменгі деңгейінде тұр. Орынбор кен орнындағы газ өндіру 1971 жылдан басталды. 1979 жылға дейін кен орнында көміртегі өндірісі жоғарылай бастады, ал содан кейін жыл сайын жаңа скважиналарды енгізуге қарамастан төмендей бастады. 1979 жылы газ өңдеу ең жоғарғы деңгейге жетті – 48,7 млрд м3. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына таман газ өндірісі 2 есе кеміді. Радиоактивті ластанудың әсерінен бұл кен орны аймағында ядролық қалдықтарын көму орталықтарын құруға мәжбүр болды. Газ скважиналарын жыл сайын су алу оларды пайдаланудан шығарғанына қарамастан тау жыныстарының жарылыстарынан пайда болған жер асты суының ағыны болып табылады. Бұл ағындар табиғи жолмен қалыптасқан радионуклейндерден құралады. Шығыс жер асты сулары Жайықтың үстінгі су тасқыш жиегін ұстап тұрады және суармалы жер жылуымен қамтамасыз етеді.
Жоғарыда біз Каспий өңірінің негізгі экологиялық мәселелерін қарастырып өттік. Қорытындылайтын болсақ, егер де бұл аймаққа дұрыс назар аудармасақ, болашақта Каспий теңізі жер бетінен мүлдем жоғалып кету қаупі туып тұр. Оның экосистемасын құтқару үшін жеке-жеке мемлекеттер мен компаниялардың өздері жай тазарту әрекеттері түкке де әкелмейді, оған барлығымыз осы адамзат мәселесін шешу үшін бір жұдырықтай жұмылуымыз қажет.

3 ЖАРЫЛЫСТАР НӘТИЖЕСІ
Советтік дәуірде радиодан Жаңа Жерде (Новая Земля) немесе Семей полигонында ядролық жарылыстар өткізілгені туралы хабарлағанда, әрдайым бұның халықтың игілігіне жасалып жатқанын қосып айтатын еді. Ал нақты қай игілігіне атомдық зарядтар жарылып жатқаны туралы сұрақ әдетте қозғалмайтын.
Маңғыстау облысында Үстірт платосында 1969 және 1970 жылдары үш жерасты ядролық жарылыс жасалған. Ол кездері бұл жарылыс жұмыстары жасанды су қоймаларын құру қажеттілігімен түсіндірілген. Халық тұрмайтын шөл далада сол сулы жерлердің кімге керектігін және Маңғышлақтың құрғақ климатында оларда қайдан су пайда болатынын ешкім ашып айтқан жоқ.
Нәтижесінде тереңдігі 20 метр және диаметрі 300 метр болатын екі опырылған ойыс пайда болған жарылыстар орындарында мүмкін емесжоғары радиоактивті фон тұрғаны жөнінде облыста отыз үш жыл бойы әңгіме жүріп жатты. Бірақ сонда да ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ. Сақтық шараларының барлығы тек жарылыстар жерлерін қоршап, қауіп жөнінде ескерту жазылған белгілер іліп қоюмен ғана шектелді. Бұл қоршаулар адамдарды қорқытқан жоқ, керісінше назар аударғызды – шопандар дуалды қой үшін ашық қора ретінде қолданды.
Міне, көптен күткен зерттеулер жақында ғана жүргізілді. Жарылыс орындары мен оның аймағындағы жерлер учаскілерін Курчатов қаласының ұлттық ядролық орталығының мамандары тексерді. Топырақ, су, сонымен қатар өсімдік қабатының бөліктері сынау жүргізу үшін алынды. Радиоактивті қауіпсіздік пен экология институтының ақпаратты-аналитикалық бөлімінің бастығы Юрий Стрильчуктың айтуы бойынша барлық зерттеліп жатқан үш аймақта радионуклидтер анықталды. Радиоактивті бүлінудің бірінші учаскесі Ақтоты жерінде. Диаметрі 30 метр болатындай радиоактивті ластанудың кішігірім дағы кезінде жер астына ядролық заряд енгізілген скважинаның дәлме-дәл үстінде орналасқан. Топырақ бетіндегі доза қуаты сағатына 60 микрорентгенге дейін жетеді – ал бұл фонның қалыпты жағдайдағыдан төрт есе жоғары болуы. Демек адамдар мен жануарларға бұл жерде үш айдан астам уақыт болуы аса қауіпті.
6-Т скважинасына таяу орналасқан екінші опырылған ойыстың радиоактивті ластануы сағатына 30 микрорентгеннен аспайды. Бірақ скважинаның дәл басында бұл шама сағатына 1,5 мың микрорентгенге дейін шұғыл өседі.
Мамандар басты қатерді, сирек болса да, осы аймақтарда болатын жергілікті тұрғындар арқылы радиоактивті ластанудың орын ауыстыру мүмкіндігінен көреді.. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!