Реферат: Якобиншілдер диктатурасы

0
193

Якобиншілдер диктатурасы

Якобиншілдер диктатурасы. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке якобшілдер келді. Революция жаңа күштерді жинай бастады. Елде революциялық диктатура өкіметі құрылды. Ол буржуазиялық-демокра-тиялық революцияның жетістіктерін нығайтуда батыл шаралар қабылдады.
Монтаньярлар аграрлық мәселелерді шешу арқылы якобиншіл Конвенттің халық бұқарасымен байланысын нығайтуға тырысты. 1793 жылдың 3 маусымында шет елге қоныс аударғандардың иеліктерін мүмкіндігінше ұсақ бөліктермен 10 жыл көлемінде өтей алатындай етіп несиеге сату жөнінде заң қабылдайды.
10 маусымда қабылданған заң бойынша барлық қауымдастық жері қауым шаруаларының жеке меншігі деп жарияланды. Шаруалар кезінде мырзалар олардан тартып алған жерлерін қайтаруды талап етті. Егер бұл шешімді тұрғындардың үштен бірі қолдаса, онда барлық қауымдастық жер әр шаруаға жеке иелікке бөлінуге тиіс. Ақыр соңында, 1793 жылдың 17 шілдесінде қабылданған декрет барлық феодалдық қалдықтарды толығымен жойды.
1793 жылдың маусымында Конвент Францияның жаңа конституциясын қабылдады. Конституция республика өкіметінде бір палаталы жиналыс болуын, төтенше сайлау жүйесін және де сайлануға қатысатын ерлердің жасы 21-ден темен болмауын қарастырды. Сондай-ақ демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жарияланды. Революцияның өрлеу кезінде пайда болған якобшілдердің буржуазиялық-демократиялық конституциясы халықтың барлық талаптарын қанағаттандырды.
Бірақ та осының барлығына қарамастан, шілде-тамыз айларында республиканың жағдайы қиындай түсті. Коалиция әскері республикаға қарсы шықты, сөйтіп, экономикалық жағдай нашарлап, азық-түлік дағдарысы басталды.
1793 жылдың шілдесінде Конвент қоғамдық құтқару комитеті түрінде қайта сайланып, бұл оның өкілдігін кеңейтті. Комитетті Робеспьер басқарды.
5 қыркүйекте санкюлоттар өкілдерін бастаған Шометт пен Эбер Конвентке халық талабын жеткізеді.
17 қыркүйекте «сенімсіздер» жөнінде арнайы заң шығарылады, ал «сенімсіздердің» қатарына бұрынғы дворяндар жатты.
Әлеуметтік-экономикалық салада якобиншілдер диктатурасы қалың бұқараның қысымымен бекітілген айналым саласын реттеуді жүзеге асыра бастады. 1793 жылдың 28 қыркүйегінде жалпыға ортақ жоғары баға жөніндегі заң қабылданады.
Якобиншілдер тобының революцияға қарсы күштермен күресі және оларға қарсы жүргізген зорлық-зомбылығы күнделікті іске айналып кетті.
1793 жылдың қыркүйегінде Жак Ру және Жая Барле абақтыға қамалып, кейін олардың жақтастарының басына да осы күн тудырылды.
1793 жылдың қараша айында Конвент жаңа республикалық күнтізбе мен жыл санауының жаңа жүйесін кіргізеді. Жаңа ғасыр республиканың бірінші күнінен, яғни 1792 жылдың 22 қыркүйегінде республиканы жариялаудан басталатын болды. Якобиншілдер халықтық білім беру жүйесіне де көп көңіл бөледі. 1793 жылдың 19 желтоқсанында Францияда тұңғыш рет жалпыға бірдей тегін бастауыш білім беру туралы заң қабылданады. Мемлекеттік мекемелер оқу орындарын ашу, оның ішінде саяси мектеп, өнер және қолөнер институтын, ән-күй консерваториясын, Луврда (бұрынғы король сарайында) мұражай ашуға байланысты, ұлттық кітапхана мен ұлттық мұражай ұйымдастыруға қатысты бірқатар шаралар өткізеді. Якобиншілдер үстемдігі республиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, елдегі барлық қарулы күштерге өзгерістер енгізді. Ең алғаш рет Францияда қысқа мерзімде жалпыға ортақ Ұлттық гвардия құрылды.
Якобиншілдер диктатурасы 14 үлкен армия бөлімшесін ұйымдастырды. 1793 жылдың күзі мен қысыңда барлық майданда елеулі алға жылжу байқалды. Якобиншілдер маңындағы әр түрлі қоғамдық топтармен соғыс аяқталуға таянды. Осы кезде якобиншілдердің өз ішінде қайшылықтар мен алауыздық күшейе түсті. Якобиншілдер партиясының негізгі басшылары Робеспьердің сыбайластары болды. Олардың идеалдары ұсақ және орта кәсіпкерлер еді.
1793 жылдың күзі мен қысында якобиншілдердің ішінде «қайырымдылар» ағымы қалыптасып, ойы Жорж Дантон басқарады. «Қайырымдылар» якобиншіл төбел топтарының диктаторлық тәртібін тез арада ауыстырып, жұмсартуға тырысты.
«Қайырымдыларға» «нағыз» революционерлер қарсы шығып, максимум жөніндегі заңды қатал сақтауды және мемлекеттегі тәртіпті одан әрі қатайта түсу шараларын іздеу кажет деп санады. «Нағыздар» қатарына Париждік секциялар, Коммуналар, Коммуна жетекшілері Шометт, Эбер және басқалар жатты.
Якобиншілер үкімет басына француз революциясының ең қиын-қыстау кезеңінде келді. Европалы колтревомациясының коалициясының
үлкен жеңуші күштері шегініп жатқан француз әскерлерін ығыстырып шығарды. Вандейде, Бретанда, Нормандияда монархиялық көтерілістер нығая түсті. Жирондистер Францияның оңтүстігінде және оңтүстік батысында көтеріліс ұйымдастырды. Англия флоты француз жағалауын қоршап алды. Англия көтерілісшілерді ақшамен және қару-жарақпен қамтамасыз етті. Революция дұшпандары революционерлерге қарсы террористік қастандықтар жасады. 1793ж 13 шілдеде дворян Шарлотта Кордэ «халық досы», батыр революционер Маратты сатқындықпен өлтірді.
Республиканы құтқарып қалу үшін халықтың батыл күші, революциялық шешім керек еді.
Шетелдік интервенцияға және ішкі контрреволюцияғ қарсы күресті ұйымдастыра отырып, алдыңғы қатарлы буржуазиялық революционер-якобиншілер үлкен халық күшіне, көптеген миллион шаруалар мен қалалық плебейлердің қолдауына арқа сүйеді. Якобиншілер туралы В.И.Ленин былай жазады: «Нағаз Якобиншейлердің, 1793 жылы Якобиншілердің тарихи маңызы, үстемдігі «халықпен бірге Якобиншілер», рефолюциялық көпшілік халық, өз уақытысындағы алдыңғы қатарлы революциялық класс екендігінде еді».
Якобиншілердің аграрлық заңдылығы
Билік басына келе сала Якобиншілер шаруашылардың талаптарын дұрыс қарсы алды. 3 маусымдағы Декретте Конвент эмигранттардың конфискацияланған жерлерін кедей шаруаларға сатуға жеңілдіктер жасады. Жердің құны 10 жылда төленуге рұқсат етілді. Бірінеше күннен кейін Конвент шаруаларға помещиктердің тартып алған жерлерін қайтару туралы және қауымдастық жерлерді адам санына қарай тең бөлу туралы декрет қабылдады.
17 шілдеде Конвент феодалдық құқықтың толық және түпкілікті жойылуы туралы шешім қабылдады. Феодалдық актілер сақталғаны үшін жер аударды. Лениннің мәлімдеуінше бұл феодализмді шынайы революциялық жазалау болды.
Тек эмигранттардың жерлері конфискацияланғанымен, кедей шаруалар өз ойларындағы жер көлемін ала алмады, бірақ олар феодалдарға бағынудан құтылды.
Шаруалар жаңа аграрлық заңдардан кейін Якобиндік революциялық өкімет тарапына өтті. Шаруа – республикалық армияның әскері енді өзінің тараптары үшін күресті. Мұндай жаңа экономикалық және әлеуметтік жағдайларда Республикалық армияның батылдығы, ерлігі дүниеге келді.
1793 жылғы Конституция. Осындай революциялық тездікпен Якобиндік Конвент жаңа Конституцияны қабылдап, бекітуге халыққа ұсынды.
1791 жылғы Конституцияға қарағанда алға қарай үлкен қадам басты. Бұл ХVIII ж. ХІХ ғасырлардағы буржуазиялық ең Демократиялық Конституция еді. Мұнда Руссоның идеялары орын алды.
1793 ж. Конституция Францияда республикалық құрылым орнатты. Жоғарғы заң шығарушы өкімет Заң шығарушы мәжіліске бағынды. 21 жасқа толған ерлер сайлауға қатысты. Заң жобалары сайлаушылар жиналыстарында бекітілді. Жоғарғы атқарушы өкімет 24 адамнан тұратын.
Атқарушы кеңеске бағынды. Оның мүшелерінің тартысы жыл сайын жаңарып отырды. Конвенттің жаңа адам және адамзат туралы Декларациясы адамдардың құқығы – бостандық, теңдік қауіпсіздік және меншік, ал мақсат – «бүкілхалықтық бақыт».
Жеке тұлға еркіндігі, дін еркіндігі, баспасөз еркіндігі, білім алу құқығы, жұмысқа жарамсыз кезде көмек алу, қанаушылыққа қарсы күреске құқық – 1793 ж. Конситуцияның Демократиялық принциптері осындай еді.
Конституция халықтың бекітуіне, сайлаушылардың көпшілік дауыспен қолдауына ұсынылды.
XVIII ғасырдағы Еуропа мен Америка елдерінде өткен буржуазиялық революциялар ішінде, XVIII ғасырдың соңында тұтанған француз револю-циясының айырмашылығы — әлеуметтік-саяси қақтығыстар шиеленісті өтті және революция нәтижесінде елеулі, іргелі өзгерістер жасалды.
Революцияның басты нәтижесі — феодалдық абсолюттік билікті жоюы, буржуазиялық қоғамдық құрылысты нығайтуы және Францияда капитализмнің әрі қарай дамуына жағдай туғызуы болды. Революция феодалдық қалдықтарды жойып, елде аграрлық проблеманы шешті. Революция нәтижесінде Францияда жерге деген екі меншік түрі пайда болды: шаруашылық меншігі және ірі жеке жер иелену.
Француз революциясының демократиялық құқықтар мен еркіндіктер жариялауы аса зор тарихи маңызға ие болды. Тарихта тұңғыш рет азаматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру құқығына мүмкіншілік алды.

Якобиншілер диктатурасының құлауы

1794 жылдың көктемінде күрес өзінің соңғы шегіне жетті. Өкімет якобиншілдер тобының жетекшілерін жазалауды қолға алды. Эбер және оның жақтастары сотқа беріліп, олардың бастары кесілді.
Якобиншілдер блогі таратылды. 1794 жылдың 10 маусымында террорды жазалау туралы заң қабылданды. Бұл Робеспьерді және оның жақтаушыларын құлатуға, Конвентті таратуға жағдай туғызды. Қоғамдық қауіпсіздік комитеті мен қоғамдық қорғаныс комитетінің кейбір мүшелері оның қабылдануына қарсы болды.
27 шілдеде (9 термидорда) депутаттар Робеспьерді және оның жақтастарын қамауға алу туралы декретке қол қояды. 10 термидорда — 28 шілдеде Робеспьер, Сен-Жюст және олардың серіктерінің бастары кесілді. Осылайша, якобиншілдер диктатурасы құлады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!