Реферат: Информатика | Желілер

0

Екі және одан көп компьютерлер заттай қосылғанда компьютерлік желі пайда болады. Компьютерлік желі аумақтық жағынан батыраңқы орналасқан пайдаланушыларға бірдей программаларды, жалпы ақпараттық және ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара апарат алмасуға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желі бір-бірімен қатынаса алатындай арнаға қосылған, компьютерлік және басқа электронды жабдықтарды іске қосуға қажетті барлық ақпараттық және программалық қамтамасыз ету кіреді. Желі басқа құрылғылармен өзара әрекеттесетін құрылғылар станциялар, тораптар немесе желілік құрылғылар деп аталады. Тетіктер саны екіден бастап мыңдаған санға жетеді.
Бір рангілі желілер. Желі тораптары бірдей коммуникациялық функцияларды орындауда, олар тең деп аталады. Осындай тораптар арасындағы қатынастар әдетте бір рангілік деп аталады. Бір рангілік жүйелердің маңызды ерекшелігі бар. Олар арнайы программалық қамтамасыз етуге мұқтаж.
Оларға қарама-қайшы жұмыс станциялары немесе клиенттер деп аталатын көптеген компьютерден тұратын желілер болады, олар іс жүзінде сервер деп аталатын бір немесе бірнеше компьютермен ғана айырбасталады.
Сервер – басқа компьютер-клиентке (жұмыс станциясына) қызметін ұсынатын компьютер. Сервердің көмегімен басқа компьютерлер серверге қосылған принтерлерге, факстарға, серверде тұрған мәліметтер базасына жетеді.
Желілердің типтері. Есептегіш желілерді көбіне қамтыған географиялық ауқым мөлшеріне байланысты үш негізгі типке бөледі. Шағын ауқым әдетте “жергілікті есептеу желісі” (Local Area – LAN) терминімен байланыстырылады. Үлкен ауқымдар – “аймақтық есептеу желісі” (Metropolitan Area Network – MAN) және “ғаламдық есептеу желісі” (Wide Area Network – WAN) терминдерімен байланысты.
Компьютерлік желінің барлық түрлерін тағайындау екі функциямен анықталады:
А) Желінің ақпараттық және программалық ресурстарын бірлесіп қолдануды қамтамасыз ету;
В) Мәліметтер ресурсына бірлесе қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Мысалға жергілікті желінің барлық қатысушылары басудың жалпы құрылғысын (желілік принтер), не болмаса бір ерекшеленген компьютердің (файлдық сервердің) қатқыл дискінің ресурстарын бірлесе қолдана алады. Бұл программалық және ақпараттық қамтамасыз етуге де қатысты.
Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ). Егер желі бір орынға (әдетте бір ғимаратқа немесе әр түрлі ғимарат кешеніне) байланса, ол жергілікті деп аталады. ЖЕЖ компьютерлік жүйелер мен перифериялық құрылғыларды (қатқыл дискідегі жинақтағыштар, стримерлер, принтерлер және т.б.) мәліметтерді және перифериялық құрылғыларды бірлесіп қолданатын топтарға байланыстырады.
ЖЕЖ-дің айрықша қасиеті – мәліметтердің үлкен жылдамдығы, қателердің төмен деңгейі, мәліметтерді берудің арзан ортасын пайдалану. ЖЕЖ-дің көпшілігі оларды қолдайтын қайсібір нақтылы ұйымға жатады.
Жергілікті есептеу желілері жұмыс тобы, бөлімі, кампусі мен корпоративті желілерге бөлінеді. Корпоративті желілердің тез дамуы мен олардың зор болашағына орай кеңірек тоқталайық.
Корпоративті компьютерлік желілер (ККЖ). Корпоративті желілер компьютерлер мен желілерді бір кәсіпорын немесе корпорация аясында біріктіреді. Аумақтық (территориялық) белгінің ешқандай маңызы жоқ. Мұндай желілер жер шарының кез келген бөлігін қамтиды. Қашықтаған жергілікті желілер мен компьютерлерді біріктіру үшін телекоммуникация құралдары, спутниктік байланыс және басқа қазіргі заманғы құралдар қолданылады.
Корпоративті желілердің қолданатын жабдықтары, программалары және технологиялары жоғары дәрежеге ие, әрі сан алуандығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге мұндай желілер қолайлы уақытта әсер ететін, кез келген ресурсқа қол жету мүмкіндігімен біртұтастығы құрауы тиіс.
Корпоративті желілер қамтудың едәуір аумағы бар жергілікті желілердің ерекше алуан түрі болып табылады. Қазір корпоративті желілер өте белсенді дамуда және олардың бөлігін Интернет (интражелі) желілері деп атайды.
Интернет (интражелі) – Интернетке кіре алатын, бірақ аз ресурстарына сыртқы пайдаланушылардың қол жетуінен қорғалған, Интернет технологияларын қолданудың арқасында мол мүмкіндіктерге ие болған жеке фирмаішілік немесе фирмааралық компьютерлік желі. Оны жергілікті желі мен Интернет желісі құралдарын қолданып, фирмалық және фирмаішілік ақпаратқа жету мен оны сақтау, беру, өңдеу жүйесі ретінде айқындауға болады.
Толық функционалды Интернет желісі мынадай базалық желілік технологияларды орындауды қамтамасыз етеді:
1) Желілк басқару;
2) Барлық қалған қызметтер мен ресурстарды бейнелейтін желілік каталог;
3) Желілік файл жүйесі;
4) Хабарларды біріктіріп беру (электронды почта, факс, телеконференция және т.б.);
5) Word Wide Web жұмысы;
6) Желілік басу;
7) Ақпаратты рұқсат етілмей қол жетуден сақтау.
Интранет Интернеттің сыртқы пайдаланушылардан желілік қорғау құралы– брандмауэрлердің көмегімен оқшауланады. Әдетте, web-серверлерде немесе прокси-серверлерде орналасатын брандмауэрлерді программалық қамтамасыз ету ең кемінде сыртқы абоненттің өкілеттіктерін және оның парольді білуін тексереді, осылайша желіге рұқсат етілмей, қол жетуден қорғау мен одан құпия ақпаратты алу қамтамасыз етіледі. Интернет желісіндегі ақпарат пен оның барлық көрсетілген қызметтері корпоративті желінің барлық пайдаланушылары үшін қол жетерліктей мүмкіндіктер қарастырылған. Қазіргі заманғы бәсекелестік қызып тұрған нарықта жаңаша ақпаратқа қол жеткізу бизнестегі табыстың маңызды компонентіне айналды. Сондықтан Интранет желісін корпоративті қосымша тіркемелерді жүзеге асыруды келешектегі атқарылар істің ортасы ретінде қарауға болады.
Интернет тарихы 1994 ж. басталады, ол кезде бұл термин Интернет желісінен алынған принциптерге құрылған корпоративті компьютерлік желілер үшін ұсынылған еді. Бұл тәсіл нақты өндірістік бейіні мен ауқымына қарамастан, кез келген кәсіпорын үшін әмбебап еді.
Интранет – мақұлданған web-технологияның корпоративті желіге көшуі. Корпоративті жергілікті құрылым өнімдерінен айырмашылығы Интранет – жүйелері дайын және өте арзан коммуникациялық компоненттерді қолданады. Шетелдік экономистердің бағалары бойынша, ірі корпорацияларда Интернетті енгізу құны бір жұмыс орнынан шаққанда 50 доллар құрайды.
Интернеттен әр тектес техникалық құралдар мен операциялық жүйелерді бір инфрақұрылымға біріктіретін қарапайым байланыс тарайды. Интернеттен транспорттық (ТСР) және желілік (ІР) деңгейлердің негізгі желілік хаттамалары да алынды. Корпоративті желілерді жасау процесі елеулі түрде қарапайымдандырылған, өйткені интеграциялық жоба жасау қажеттілігі болмай қалады. Осылайша жекелеген бөлімшелер өздерінің ЛВС серверлерін басқа бөлімшелермен байланыстырмай-ақ қолданып, өзіндік бағыныңқы жүйелер құрады. Қажет болған жағдайда олар кәсіпорынның біріңғай жүйесіне қосылады.
Клиенттік компьютерде WWW объектілеріне жету мен HTML-файлды көрнекі кескінге көшіруді атқаратын броузер-программа болуы тиіс. Бұл файлдар пайдаланушының операциялық ортасына қарамастан қол жетерліктей болуы тиіс. Осылайша, серверлік қосымша тіркемелер клиенттердің инвариантсыз құрылуы тиіс және оларды жасау корпорацияның функционалды міндеттерін жүзеге асыруға және әмбебап клиенттің болуына толықтай бағытталуы тиіс.
Ірі кәсіпорындарды басқарудың қазіргі заманғы жүйелері қатаң орталықтандырылған жолдан бөлінген жүйелерге дейінгі жолдан өтті. Бөлінген басқаруды қолдауды қамтамасыз етілген ақпараттық технология “клиент-сервер” архитектурасы бар жүйе негізінде құрылды. Бөлінген басқару мәліметтердің бөлінген базасымен үйлесетін (мәліметтердің тұтастығы мен қарама-қайшы еместігін, актуалдандырудың синхронды үйлесімін, рұқсат етілмей қол жетуден қорғауды қамтамасыз ету), желінің ақпараттық және есептеу ресурстарына әкімшілік жасау және т.б.
Интернет принциптеріне басқару жүйесін құру бөлінген коммуникациялары бар ақпарат сақтаудың орталықтандырылған жүйесінің ең жақсы қасиеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді.
Бүгінде біздің көз алдымызда жаңа өнеркәсіп және тағы да есептеу техникасы айналасында революция өтіп жатыр. Егер алда болып өткен ақпараттық технологиялар бәрінен бұрын кең мағынадағы мәліметтерді өңдеу ретінде түсініліп келсе, бүгін де акценттер телекоммуникациялық технологиялар пайдасына, әр тектес мәліметтерге жетудің бірегейлендіру пайдасына орай бірлескен бөлінген өңдеу мен тасымалдау пайдасына қарай өзгереді. Іс-тәжірибе жүзіндегі басты бағыт бөлінген архитектура. Программалық қамтамасыз ету нарығында Интернет технологиясы мен топтық жұмыс құралдары саласы тез өсуде.
ЖЖҚ (желілік есептеу желісі) топологиясы. Желілер құрылыммен (топологиямен) сипатталады. Жергілікті желі құрылымы ретінде ЭЕМ байланыс желілермен бірігудің белгілі бір тәсілі түсініледі. Негізінде жергілікті желілер үшін үй стандартты топология: шина, сақина және жұлдыз қолданылады.
Шиналық (желілік) топологияда компьютерлер магистраль немесе шина деп атау қабылданған орталық кабельге қосылады. Бұл қосылыс компьютердің әр түрлі құрылғыларын біріктіруге ұқсас.
Сақина түріндегі топология шиналық топологияға ұқсас, бірақ магистральдардың соңдары тұйықталған сақина құрап, қосылған. Шиналық және сақиналық топологиясы бар желілер өте үлкен қашықтықтарды (бірнеше ондаған километрлерді) алады.
Жұлдыз түріндегі топологияда барлық компьютерлер бір орталық машинаға қосылған, ол, әлбетте, өзіне қосылатындарға қарағанда қуатты.
Ол желіде жетекші роль атқарады, өйткені желінің қалған басқа компьютерлері арасындағы барлық ақпарат ағыны орталық компьютер арқылы өтеді. Мұндай топология үшін шағын ауқымдар тән.
Топологияның әрқайсысының өз артықшылары мен олқылықтары бар. Сондықтан компьютерлерді жобаланатын желіде қосу тәсілін мамандар мұқият ойлап-толғануы тиіс. Негізінде, желіде тек қаралған стандартты схемалар ғана қолданылып қоймайды, ұйымның өркендеген нақтылы ерекшеліктерін ескеретін сан түрлі ықтимал амалдар да пайдаланылады.
Аймақтық есептеу желісі. Егер желі бүкіл қаланы қамтыса, ол онда аймақтық есептеу желісі (АЕЖ) болып саналады.. АЕЖ – желілердің ең ғана түрі. Аймақтық желілер бірнеше облыстарды, сонымен қатар тұтас елдер мен континенттерді қамти алады.
Аймақтық желілер мысал ретінде мыналарды көрсетуге болады: JANET (Ұлыбритания), DFN (Германия), Compu Serve және America Online (Американдық коммерциялық ақпараттық желілер). Мұндай желілерде байланыс желісі ретінде негізінде телефон желілері мен оптоталшықты (оптоволоконные) арналар қолданылады.
Аймақтық есептеу желілерінің (АЕЖ) ЕЖ-бен көптеген ұқсастықтары бар, бірақ олар көп параметрлер бойынша соңғысынан күрделірек. Мәселен, АЕЖ мәліметтер мен дауыстық алмасудан басқа бейне және дыбыс жазу ақпаратын бере алады. АЕЖ ЕЖ-на қарағанда үлкен қашықтықтарды ұстау үшін жасап шығарылған. Олар үлкен жылдамдықтағы бірігіп-кіріккен желілік жүйелермен бірге бірнеше ЖЖҚ байланыстыру үшін қолданылады. АЕЖ үлкен географиялық қашықтықпен ЖЖҚ-ның жақсы сипаттамаларын (қателердің аздығы, хабарлардың тез берілуі) ұштайды.
Ғаламдық есептеу желісі (ҒЕЖ). Егер желі кең ауқымға, тіпті тұтас елдерге жаралса, ол ғаламдық есептеу желісі (ҒЕЖ) деп аталады. ҒЕЖ бойынша коммуникациялар телефон желісі, спутниктік байланыс немесе жер бетіндегі микротолқынды жүйе арқылы жүзеге асады. ҒЕЖ көбіне ЖЕЖ бен АЕЖ біріктіру жолымен жасалады. Оқшауланған ЖЕЖ бен АЕЖ-ді іс жүзінде ҒЕЖ-ге біріктіру желі саласындағы қазіргі заманғы тенденция болып табылады. ҒЕЖ әдетте, көптеген ЖЕЖ бен АЕЖ өзіне біріктірсе, онда олар әр түрлі технологиялардың ретсіз қосындысы (конгломерат) болып саналады.
ЖЕЖ-ге қарағанда ҒЕЖ көпшілігі хабарларды баяу берумен және қателердің көп кетуімен ерекшеленеді. ҒЕЖ саласындағы жаңа технологиялар бұл проблемаларды шешуге арналған.
Ғаламдық есептеу желілерімен жұмыс істеу үшін пайдаланушының тиісті ақпараттық және программалық қамтамасыз етуі болуы тиіс. Ақпараттық құралдардың қарапайым жағдайында телефон желісі бойынша байланыс жүзеге асуына жәрдемдесетін модемді қосымша орнату керек.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Алексеев А.П. Информатика 2001 ж.
2. Қазақстан Республикасының “Ақпараттандыру туралы” заңы. – Астана, 8 мамыр 2003 ж.
3. Қазақстан Республикасының “Электрондық құжаттар мен электронды-цифрлы қолтаңба туралы” заңы. – Астана, 7 қаңтар 2003 ж.
4. Берлинер Э.М., Глазырина И.Б., Глазырин Б.Э. Office 2000.
5. Ахметов К. Жалпы информатика. Астана, 2001 ж.
6. Габбасов Ю. Internet 2000.
7. Гаевский А.Ю. Microsoft Office: Word 97/2000. Excel 97/2000.
8. Долженков В., Колесников Ю.Р. Microsoft Excel 2000.
9. Симонович С., Евсеев Г. Практикалық информатика. 1998 ж.
10. Симонович С., Евсеев Г., Алексеев А. Жалпы информатика. 1998 ж. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!