Реферат: Информатика | Интернет

0
201

Реферат: Информатика | Интернет казакша Реферат: Информатика | Интернет на казахском языке

Интернет – кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет – байланыс арналарын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы (коммуникациялық жабдық пен серверлері бар.)
Әрбір торапта UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі – провайдер деп аталатын (ағылшынның «provide»-қамтамасыз ету деген сөзінен) ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді.
Шлюз – басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне әр түрлі ақпараттық платформаларда, әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді. Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы біріңғай келісімдер (хаттамалар) қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысы да басқа кез-келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.
Хаттама – ақпаратты желіде беру ережелері (келісімдер, стандарт).
Интернет хаттамларының екі типін айырған жөн:
– базалық хаттамалар, Интернет (ІР және ТСР) компьютерлерінің кез келген типтері арасындағы электронды хабарларды заттай жолдау үшін жауап береді. Бұл хаттамалар өзара тығыз байланыстылығы соншалықты оларды көбіне «ТСР/ІР хаттамсы» атты бірыңғай терминмен белгілейді;
– өте жоғары деңгейдегі қолданбалы хаттамалар,мамандырылған Интернет қызметі жұмыс істеуі үшін жауап береді: http хаттамасы (гипермәндік хабарларды беру), ftp хаттамасы (файлдарды беру), telnet хаттамасы (қол жетудің қашықтауы), электронды почтаның хаттамaлары және т.б.
ТСР (Transmission Control Protocol – хабарларды басқару хаттамасы) көліктік деңгейдегі хаттама. Ол ақпарат берудің қалай өтетіндігін басқарады.
Бұл хаттама бастапқы хабарды бірнеше шағын фрагменттерге – пакеттерге бөледі. әрбір пакетке тақырып қойылады, әрбірінде қызметтік ақпарат бар (жіберуші мен алушының адрестері, хабардың идентификациясы, хабардағы пакет нөмірі және т.б.)
Тапсырылған адрес бойынша жеке пакетті жеткізу үшін ІР-хаттама (Internet protocol) жаупкершілк танытады.
Бүкіләлемдік желінің әрбір қатысушының өзінің бірегей адресі (ІР-адрес) болуы тиіс. Мұнсыз ТСР-пакеттердің қажетті жұмсы орнына нақты жеткізілуі жайлы айту нақты жеткізілуі жайлы айтуға болмайды. Бұл адрес төрт байтпен бейнеленеді, мысалы:195.38.46.11.
ІР-адресінің құрылымы қайсібір ТСР-пакет өтетін әрбір компьютер осы төрт сандар бойынша алушыға «жақын» болып шығатын пакетті жуықтағы көршіге жолдау керектігін белгілей алады.
Интернет қызметі. Электронды почта, Электронды почта,немесе e-mail (electronic mail – электронды почта), адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы – планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында «электронды хаттармен» – мәтіндік хабарламамен оперативті өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабарды, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейне материалдарда беру, ғылыми журналға, сирек кітптпрға, жарнамаға жету және әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету, мекемелер мен ұйымдарда құжат айналымын қолдау, ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer – ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electronic Data Interchange – мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс-жүзінде қас-қағым сәтте «электронды қойылған қолмен» қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аударады.
World Wide Web (WWW) қызметі. World Wide Web – қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген қызметтердің бірі.
World Wide Web – Web-серверде сақталатын жүздеген млн. өзара байланысқан электронды құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web – парақтар деп аталатын Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттар. Бұл құжаттарда мәтіндік және графикалық ақпарат, сонымен қатар Интернеттің басқа құжаттарына сілтеме болады.
Тақырып жағынан біріктірілген Web-парақтық топтарын Web-тораптар деп аталады (жаргондық термин-сайт). Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін.Электронды Web-құжаттар принтерде басу үшін емес, компьютер экранында қарап шығуға арналған және сонымен бірге оның қайсысында екені алдын ала белгісіз. Экран мөлшері де, түсті және графикалық шешілу параметрлері де, клиент компьютері жұмыс істейтін операциялық жүйе де белгісіз. Сондықтан Web-құжаттардың қатаң пішімделуі болмайды. Безендіру оларды клиенттің компьютеріне шығарған кезде тікелей атқарылады және қарап шығуды орындайтын программаның қондырмаларына сәйкес жүреді.
Web-парақтарды қарап шығуға арналған программалар броузерлер деп аталады.
World Wide Web түп – түгел гипермәтіндерден тұрады. Гипермәтін – мәтіннің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық (мағына бойынша) түрде ұсынылған мәтін. Гипермәтінді қолдану мәтінді сызық бойынша оқуға емес, қажет болса керекті жерге секіре көшуге мүмкіндік береді. Блоктан блоқка көшу гиперсілтеменің көиегімен іске асырады.
Гиперсілтеме – гипермәтіннің арнайы ерекшеленген фрагменті, мұнда пайдаланушыға көрінбейтін басқа серверге, сайтқа, құжатқа немесе құжат фрагментіне нұсқаушы болады.
Гиперсілтеме жасағанда тышқанның нұсқағышы созылған сұқ саусақты қолдың білезіг түріне ұқсайды. Гиперсілтемеге көшу үшін мұнда шерту жеткілікті. Сонымен бірге шолушы сілтемеде көрсетілген адресте тұрған жаңа Web-парақта жүктейді.
Жаңа Web-парақта сол тақырыпқа қатсты құжаттарды қарап шығуға мүмкіндік беретін жаңа гиперсілтеме болуы мүмкін. Гиперсілтеме механизмі World Wide Web ерекшіліктерінің бірі болып табылады, олар бұл қызметтің танымалдығ өсуіне ең көп дережеде мүмкіндік ашты.
Internet Explorer броузерін іске қосу үшін жұмыс үстеліндегі және тез іске қосу панеліндегі Internet Explorer таңбашасын, сондай-ақ бас мәзірді (Іске қосу – Программалар – Internet Explorer) пайдалнуға болады.
World Wide Web ақпарат іздеу. Гипермәтіндік сілтемелерді пайдаланып, желінің ақпараттық кеңістігінде бір Web-парақтан басқасына көшіп, шексіз ұзақ саяхат жасай беруге болады, бірақ әлемде миллиондаған Web-парақтар жасалғанын ескерсек, оларға қажетті ақпаратты мұндай тәсілмен табудың сәті бола қоймас. Арнайы ізденіс серверлері көмекке келеді. Ізденіс серверлері өте көп, олардың адрестері Интернетте жұмыс істейтіндердің барлығына белгілі. Ізденіс жүйесімен жұмыс істеу ережелері жалпы алғанда MS Word редакторындағы ізденіс ережелеріне ұқсас және бір-бірінен бүге-шегесі айрықшаланады. әдетте бұл ережелер ізденіс пакеттері анықтамалық бағыныңқы жүйелерде келтірілген. Іс-қимыл принципі бойынша ізденіс серверлері екі типке бөлінеді: ізденіс каталогтары мен ізденіс индекстері.
Ізденіс каталогтары тақырыптық ізденіс үшін қызмет етеді.
Ізденіс серверлерінің үй парақтарының сыртқы түрі, дәлірек айтқанда графикалық безендірілу сан қилы. Дегенмен, кез-келген жағдайда терезеде Табу батырмасымен қатар орналасқан, сұраныс деп аталып кеткен, ізденіс үлгісін енгізу өрісі бар.
Титул парақтарындағы ізденіс каталогтарында әрқашан мазмұны, тақырыптық бөліктердің тізімі тұрады, сіз олардан қажетті сайттарды іздеп табасыз. Ең көп таралған ізденіс программалары – Yahoo.com, Altavista.com, Rambler.ru, Aport.ru, Rax.ru.
Интернет каталогтарының типтік және әйгілі өкілі – Yahoo! (www.yahoo.com).
Мұндай жүйелердегі ізденісті сұранысыңызға сәйкесетін рубриканы іріктеуден бастаған дұрыс. Yahoo! Мәліметтер базасының барлығы мынадай категорияларға бөлінген:
Arts&Humanities (өнер және басқа гуманитарлық сабақтар),Business&Economy (бизнес және экономика және т.б.) Әрбір категория ретінде ең танымал бағыныңқы категориялар ұсақ жазылған. Қажеттісін шерте отырып, керекті парақты таңдауға болады.
Ізденіс индекстері алфавиттік нұсқағыштар сияқты жұмыс істейді. Клиент ізденіс аумағын сипаттайтын сөз немесе сөз тобын береді, мәселен: Қазақстан + білім + информаттандыру және көрсетілген терминдер бар Web-парақтарына арналған сілтемелердің тізімін алады.
AltaVista (AltaVista.digital.com) сервері ізденіс индекстерінің ең әйгілі және қуатты өкілі болып табылады.
AltaVista құралдарымен ізденіс жүргізгіңіз келсе, AltaVista енгізу өрісінде сұраныс мәтінін теріп, Ізденіс кнопкасын басу керек.
Ең қарапайым сұраныс – мысалы, сіз берген «Информатика» сөзі бар Internet парағын алу.
Егер сұраныс бірнеше сөзден тұрса, онда AltaVista-да мынадай келісімдер қарастырылған:
1. Бос орын қалдырып, терілген бірнеше сөз OR (Немесе) логикалық операциясына сәйкесетін сұранысты белгілейді. Мысалы, Экономикалық информатика сұранысы бойынша не «экономикалық» немесе «информатика» бір парақтар таңдалып алынады.
2. Тырнақшаға алынған бірнеше сөзді жүйе біртұтас ретінде қабылдайды. Мысалы, «Экономикалық информатика» сұранысы бойынша осы символдық жолы бар құжаттар іріктеледі.
3. «+» (плюс) белгісімен біріктірілген сөздер And логикалық операциясына сәйкес келеді. Мысалы, сұраныс бойынша осы екі сөзі де бар құжаттар таңдалып алынды.
Желідегі ізденістің тиімділігі едәуір дәрежеде пайдаланушының тәжірибесі ой-өрісіне байланысты. Белгілі бір тақырып жөніндегі материалдарды іздегенде, қандай жағдайда да машина зердесіне сенуге болмайды: сіз өзіңіз осы тақырып жөніндегі мамандардың лексикон ерекшеліктерін, терминдердің ықтимал үйлесімн және т.б. ескеруге тиіссіз.
Телеконференция қызметі электронды почтаны циркулярлық долдауға ұқсас, оның барысында бір хабар бір корреспондентке емес, үлкен топқа жіберіледі. Жаңалықтар тобын пайдаланудың негізгі әдісі, барлық әлемге қарата, сұрақ қою үшін және осы сауалдың мәнісін білгендерден кеңес немесе жауап алу үшін қолданылады. Сонымен бірте сұрақтың мағынасы осы телеконференция тақырыбына сәйкес келетін қадағалау да маңызды. Әлемнің көптеген жоғары білікті мамандары өз іс-қызметі саласына қатысты топтарда болатын телеконференция хабарларын жүйелі қарайды. Мұндай қарап шығу ақпараттың мониторингі деп аталады. Жүйелі мониторинг мамандары әлемде олардың мамандықтары бойынша нендей жаңалық болып жатқанын, адамдар қауымын қандай проблемалар мазасыздандыратын және өз жұмысында неге баса назар аудару керектігін дәл білуге мүмкіндік береді.
Телеконференцияда хабар жолдағанда кері байланыс үшін өзіңіздің электронды почта адресін көрсету табылған. Тікелей өндірістік іс-әрекетке қатысы жоқ, корреспонденциясының электронды «почта жәшігі» артығымен толу қаупі бар жағдайларда іскер қатынас-хаттарда қолданылатын негізгі адрес орнына қосымша адрес көрсетіледі. әдетте, мұндай адрес тегін почта қызметтері бірінің серверін жолдайды, мысалы www.hotmail.com.
Жаңалықтар тобындағы хабарлардың орасан зор көлемі мақсатқа бағытталған мониторингті едәуір қиындатады, сондықтан кейбір топртарда конференция тақырыбына қатысы жоқ пайдасыз ақпаратты алдын ала «іріктеу» жүргізіледі. Мұндай конференциялар жаңғырту деп аталады. Модератор ретінде адам ғана емес, белгілі бір түйінді сөздер бойынша хабарларды сүзгіден өткізетін программа да шығады. Соңғы жағдайда автоматты модерация туралы айтады.
Файлдарды беру қызметі (ҒТР). ҒТР хаттамасының көмегімен (File Transfer Protocol – файлдарды жолдау хаттамасы) бір компьютерден басқасна файлдарды жолдау Internetте бар маңызды мүмкіндіктерінің бірі болып табылады.
ҒТР қызметінің мәліметтер мұрағаты сақталатын әлемдік желіде өзінің серверлері болады. Клиент тарапынан ҒТР серверлерімен жұмыс істеу үшін арнайы программалық қамтамасыз орнатыған, бірақ WWW броузерлері көптеген жағдайларда жұмыс істеу үшін және ҒТР хаттамалары бойынша кірістірілген мүмкіндіктерге ие.
ҒТР хаттамасы бір уақытта сервер мен клиент арасындағы екі ТСР-қосындыларымен бірге жұмыс істейді. Бір қосылыс бойынша мәліметтерді беру өтеді, ал екінші қосылыс басқарушы ретінде қолданылады. ҒТР хаттамасы сондай-ақ клиентті ұқсастыру үшін серверге құралдар ұсынады. Тек тіркелген клиенттерге ғана ақпарат ….


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!