Реферат: География | ЖЕР-СУ АТТАРЫ

0
189

Қазақ даласының жер-су аттарын тарихтың хаты деп жүрміз. Осы атаулар негізінен әр замандарда орын алған елеулі тарихи оқиғаларға немесе жеке тұлғаларға байланысты шыққан. Ал, кейбір атаулар табиғи жағдайларды баяндайды.
Мысалы, Арыс, Асы өзендерінің аты б.д.д. мыңдаған жылдар бұрын мекендеген Арыс және Асы сақтарының тайпалық аттарына байланысты екенін жоғарыда айттық. Б. д. д. 178 жылы Дәу би жерленген жер Дәубаба аталды. Б. д. д. заманның соңында өмір сүрген Шақпақ әулие (Үйсіннің 12 ұрпағы) мекендеген жер Шақпақ ата болды. Шамамен 576 – 604 жылдары Қараша хан мекендеген Алматының шығыс жағындағы Ақтау, Қараш таулары – Үш Қараш деп аталып кетті. Орта ғасырларда қазіргі Алматы қаласы Алматау деп аталған. Ал, ежелгі Тәңір тауларын, б. д. д. Үйсін тауларын, қазір қытайша Тянь-Шань таулары деп жүрміз.
Көптеген жер-су атаулары XVII-XVIII ғасырларда елімізді Жоңғар қалмақтарынан азат ету соғыстарына байланысты қойылған.
Ресей отарлау саясатын жүргізген және кеңес дәуірі жылдарында ежелгі қазақша жер-су мен елді мекендер аттарының барлығы дерлік өзгеріске ұшырап, орысша атаулар қаптады. Қазір жөнсіз өзгеріске ұшыраған елді мекендер мен жер-су аттары, өздерінің байырғы атауларын қайта иемдене бастады. Олардың ерекше маңыздыларына ескерткіштер орнатылуда.
1729 жылы хандар мен билердің кеңесі өткен, Қазақ жерін қалмақтардан азат ету үшін халқымыздың ұлы тұлғалары бас қосып бір шешімге келген Ордабасыда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі мемориалдық комплексті салуды аяқтады. Осы 1729 жылы қалмақтарға шешуші соққы беріп, қазақ жерін жаудан тазартқан соғыстар өткен Аңырақай – Отарда арнайы ескерткіштер орнатып, азаттық соғысының 270 жылдығын салтанатпен атап өтуге байланысты, Жамбыл облысының әкімшілігі игілікті істер атқаруда.
Бір айта кететіні, елді мекендердің атын өзгертуге байланысты, кейде ретсіздіктерге орын берілуде. Мы¬салы, Жамбыл облысының Қордай ауданында Қордай атауы алты рет қайталанады. Бұл әйгілі батырға үлкен тау, таулы асу мен ауданның аты лайық. Ал, бір батырдың атын осы аудандағы бірнеше ауылға, мейлі аудан орталығы болсын, қайталай беру артық. Бұл ауданда Қарасай батыр, Өтеген батыр, басқа да тари¬хи тұлғалар баршылық.
Қазақстанның жер-су мен елді мекендердің өзгерген немесе бұрмаланған атауларын дұрыс қалпына келтіруді, олардың мәніне, тарихи маңызына байланыс¬ты ойлар білдіріп жүрген елжанды, үлтжанды азаматтарымыз баршылық. Олардың қатарында ғалымдар, жазушылар Қ.Балғабекүлы, М.Мырзахметұлы, А.Сейдімбек, М.Серікбаев, Ә.Нұрмағамбетұлы, басқа да ағайындар бар.
Төменде кейбір атаулардың мағынасы мен тарихына тоқтала кетуді жөн көрдік.

АҚТАЙ (Қытай) кенорындары

Жезқазған қаласынан 220 шақырым шығысқа қарай, Қаражал қаласынан 50 шақырым батысқа қарай Жайылма (неге Жайрем аталып кеткені белгісіз) кенді ауда¬нында 1960 жылдары геологтар түсті металдар кен орындарын бірінен кейін бірін аша бастады. Солардың бірнешеуі өткен замандағы дәулетті қазақтың қызы Ақтай сұлудың атымен аталатын жерде еді. Олар Қытай кен орындары аталып, геологиялық құжаттарға осы атпен еніп кетті. Қытай атауының бір күлкілі оқиғаға себепкер болғанын айта кетейік.
Геологтардың кен орындарын ашудағы ерен табыстары Мәскеуге жетеді. Ашылған кен орындарын көруге орталықтан арнайы мамандар келеді. Келген мамандар жергілікті геологтарды табыстарымен құттықтайды. Құттықтау арақ-шарапсыз өткен бе, естен тана ішкен қонақтар күн бата машинаға отырып, мейманханаға аттанады. Бейтаныс далада түнде қалғанда сау адам адасады, ал мастар туралы айтудың өзі артық. Баратын жерге жететін уақыт өтті. Түн ортасы ауып, жердің шетіне жететік мезгіл болса да әлі жүріп келеді. Мылжа-мылжасы шығып қалжырағандар жылтыраған отты көріп, жөн сұрауға бұрылады. Қайда келдік деп сұрағандарға Қытайға келдіңдер дейді. Бұл Қытай мемлекетімен Қеңес одағының арасы шиеленісіп тұрған кез ғой. Шалажансар қонақтар Қытай кен орнына келгендері естерінен шығып, Қытайға келіп қалыппыз деп жанұшыра қорыққан екен. Мүмкін, бұл атын бұрмалағанға қорланған Ақтай арудың әруақтарының әжуасы болар.

АЩЫЛЫАЙРЫҚ (Ашлярик)

Қарағанды қаласының солтүстік жағындағы Майқұдық пен Пришахтинск арасындағы созылып жатқан белдеу. Осы ащы мен жусан өскен белдеуде қой баққан Аппақ Байжанұлы суырдың інінен шығып жатқан көмір кесектерін тауып, шамамен 1847 жылы Қарағанды таскөмір алабын ашқан. Ащылыайрық белдеуінде таскөмір қабаттары жердің бетіне шығып, оңтүстік бағытқа қарай тереңдеп таралады.
Орыс саудагері, тау-кен кәсіпкері Н.Ушаков Ащы¬лыайрық таскөмір қабаттары бар белдеуді сатып алып, көмір кеніштерін салған. Сол кезден бастап орыс тау-кен ісі мамандары Ащылыайрықты Ашлярик деп атап кеткен. Қарағанды таскөмір алабының ең төменгі көмірлі свитасы ащылыайрық (ашлярикская свита) деп аталады. Свитаның құрамында 20 көмір қабаты бар. Осы свитаның екі қабатынан көмір өндірген 12 және 12-бис шахталары 1960 – 1970 жылдары Ащылыай¬рық (Ашлярикская) шахтасы аталған.

БОЗАЩЫ (Бозашы, Бузачи)

Маңғыстау түбегіндегі ащы боз шөптер өсіп, шаң суырып мұнартып, жердің үстіндегі байлығын да, астындағы тұнып тұрған қара алтын мүнайын да ғасырлар боны жасырып тұрған өлке орысша Бузачи аталған. Білгіштер оны қайта қазақшалап Бозашы деген.

ЖАМБЫЛЫ (Жамбыл тау)

Бетпақдалада, Хантаудың батыс жағындағы жазықта оқшауланып тұрған тау бұрынғы замандарда батырлар жиналып, жамбы атып, мергендіктерін сынайтын жер болған екен. Басына жамбы қойып ататын болғандықтан Жамбылы аталған. Осы Жамбы, Жамбылы тауының бөктеріндегі бұлақты мекендеген шаруаның отбасында Қазақ Даласының ұлы жыршысы атанған Жамбыл жыраудың 1846 жылы дүниеге келгені белгілі.

КЕНГІР

Бастауларын Сарыарқадағы Арғанаты адырынан Қаракенгір, Желді адырдан Сары Қенгір болып ағатын қос өзеннің тармағы бірігіп, оңтүстікке қарай Кенгір өзені болып ағып, Сарысуға құяды. Осы өзеннің бойында бұрынғы Кенгір ауылы, қазіргі кеншілер астанасы Жезқазған қаласы орналасқан. Қенгірдің атын ака¬демик Ә.Марғүлан «кенді өзен» дегеннен шығарса, ғалым А.Сейдімбек «кең үңгір» болар деген пікір айтады. Кенгір өзенінің алабы жазық жер. Өзендер бастау алатын Арғанаты мен Желдіадыр өте берік граниттен тұрады. Бұл аймақта үңгір пайда болатын табиғи жағдай шектеулі.
Кенгір атауы кенді өңірден (кенді өнгір – кенгір) шыққаны көрініп түр. Бұл өңірде Арғанатыдан бастап Жезқазғанға дейін көптеген кен орындары бар. Олардың ішінде көмір де, темір де бар. Негізгісі алтын-күмісі бар түсті металдар. Әлемдік маңызы бар Жезқазған кен орнынан энеолит (мыс) заманында, б. д. д. 4-3-мыңжылдықтарда, сақтар кен өндіріп, мыс пен қола балқытқан. Біздің дәуірдің басында Ұлы Жібек жолының арнайы бір тармағы Шу, Сарысу, Кенгір өзендерін бойлап Жезқазғанға келген. Жезқазғаннан мыс, алтын, күміс, малахит (жасыл тас) пен азурит (көк тас) тиеген кірешілер Батыс пен Шығысқа үздіксіз ағылып жатқан.
Қенгір алабындағы кен орындарының қазір де, болашақта да халқымызға берері көп.

ҚҰЛАНТАУ

Құлан жортқан жазық далалардың құланға байланысты атаулары түсінікті. Тауларды құлан мекендемейді, сонда Құлан тау деген атау қайдан шыққан? «Құлан таза» деген сөз тіркесін білеміз. Тіркестегі құлан мен таза сөздердің мағынасы бір, тазаны білдіреді. Құлантаудың мәні де таза тау деген.
Құлантау Үлкен Қаратаудың Шақпақ белі арқылы Алатаудың Жабағылы сілемімен жалғасып жатқан бөлігі. Құлантаудың басы жалтыр тас. Бұта да, шөп те өспей, үздіксіз тұрған желден шаң да қонбай тап-таза болып жатады. Құлантаудың бөктерінен жанға шипа мөлдір сулы Құлан мен Бала Құлан өзендері бастау алады, көптеген бұлақтар шығады.

ІЛІНГІР (Ленгір қаласы)

Ленгір аталып кеткен қаланы Қазақ Даласындағы ең көне қала деп атауға болады. Халық жадындағы деректерге сүйенсек, жердің бетін топан су басқанда, Нұх пайғамбар киелі кемесін осы қала орнаған жерге ілінгір (якорь, зәкір) тастап тоқтатып, жан-жағын бағдарлаған. Нұхтың кемесі Қазығұрт тауына тіреліп тоқтаған екен. «Басында Қазығұрттың кеме қалған. Болмаса ол әулие неге қалған» деген өлең жолдары сол көне замандардың куәсі Нұхтың кемесіне байланысты шыққан аңыз осыдан он мың жылдай бүрынғы замандарды қамтиды. Бұл жердің бетін топан су басқан заманның уақыты. Нұх бұл жерге келсін, келмесін, бірақ геологиялық жағдайларға байланысты он мың жылдан астам уақыт бүрын, өңірдегі сай-саланың барлығын су басқан. Мүмкін, сол кездегі халық кемемен жүріп, оларды тоқтатуға ілінгір пайдаланған болар.
Осы дерек Арыс тайпасының сақтарына белгілі болып, атадан балаға жетіп отырған. Батысқа қоныс аударған сақтар да, бұл деректі біліп кеткен. Біздің ғұлама қандасымыз Анарыс (Анахарсис) б. д. д. VI ғасырда теңізшілер елі Элладаға кемелерді ілінгір тас¬тап тоқтату тәсілін бабалары жадындағы деректерге сүйеніп үйреткен деп айтуға негіз бар.
Сонымен өңірді топан су қаптағанда Нұх пайғамбардың кемесінің ілінгірі қалған жерге, су қайтқан соң салынған Ілінгір (бұрмаланып Ленгір аталған) қаласының тарихы да мыңдаған жылдар болады.

МЫҢБҮЛАҚ

Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Теріс өзенінің алабы ежелден осылай аталған. Мыңбұлақтың алғашқы толық сипатын Қытай жиһангез-сопысы Сюань- Цзян шамамен 630 жылы өзінің сапарнамасында: «…Мыңбұлақ елінің территориясы шамамен 200 шаршы ли болады. Оның оңтүстігін қарлы таулар (Алатау) шектейді, ал қалған үш жағы біркелкі жазық. Бүл жер өте ылғалды және оның орман-тоғайы керемет. Көктем айының соңына қарай шығатын әртүрлі гүлдердің көптігінен көз тұнады, жердің беті масаты кілемдей құлпырады. Бұл жерде кәусар сулы сансыз бұлақтар ағып жатады, сол себепті «Мың бұлақ» аталған. Жыл сайын жаздың аптап ыстығында Ту-киу (Түркі) ханы осы жерді паналайды. Бұл төңіректе елік-маралдар көптеп кездеседі…» деп тамсана жазған.
Мыңбұлақ туралы Араб жиһангездері Убейдаллах ибн Абдуллах ибн Хордадбек (846 жылы) және Қудама ибн Жафар (X ғасырдың басында) өздерінің күнделіктерінде: «…Бұл Абарджадж үлкен тебе, оның айналасынан мыңдаған бұлақтар ағып шығады. Олар қосылып бір өзен құрайды. Өзен шығысқа қарай ағады, сондықтан оның аты Баркуаб; бұл сөздің аудармасы «кері бағытта ағатын өзен»… Барқуабтың (қазіргі Теріс өзені) екі жағасындағы тұтасқан орман-тоғайлары мен қалың құрақты шалшықтарынан қара қырғауылдарды аулайды» деген.
Бізге Араб жиһангездерінің шығармалары арқылы VIII ғасырдың басынан белгілі болған, жақсы бекіністері бар Абарджадж қаласын Батыс Түрік хандығының ханы Ызбарлы Халық (Ышбара, Шебало Хэлу) 651 жылы салып, өзінің ордасын осында көшіріп әкелген. Қаланың әуел бастағы аты Мыңбұлақ болған.
Мыңбұлақта, Қү^антаудың етегіндегі көп бүлақты, қоңыр салқын жазықта 1223 жылы Орта Азияға жасаған жорықтардан қатты қалжыраған Шыңғыс хан нөкерлерімен демалып, үлкен той жасап, сауық қүрған (Л. Гумилев, 1993).
Мыңбұлақ қазір де табиғаты жайлы, жері шұрайлы, жайқалған өлке. Қытай жазбаларында баяндалғанындай сансыз бұлақтар үш бағытта жарыса ағып жатады. Алатаудың етегінен бастау алған бұлақтар солтүстікке қарай құлдиласа, Құландаудың қойнауларынан шыққан бұлақтар шығысқа, ал Кіші Қаратау жотасының беткейлерінен – оңтүстік бағытта сылдырай ағады. Барлық дерлік бұлақтардың табысатын жері Теріс өзенінің арнасы. Өзен аңғарында бітік өскен ағаштар мен бұталар, суындағы таудай тулаған балықтар, таза ауасы – барлығы табиғаттың бізге жасаған баға жетпес сыйы. Біздің міндетіміз, осыны дұрыс түсініп, аялап, игілімізге жарата білу.
Мыңбұлақтың жазы көрші мекендермен салыстырғанда қоңыржай, жанға жайлы. Таулары мен жоталарында арқарлар мен киіктер жортып, шатқалдарында кекіліктер өреді. Көптеген сирек кездесетін аңдар мен құстар кездеседі, дәрі шөптердің исі аңқиды.
Батыс жағында Шақпақ белі мен Құлантау жотасы арқылы жапсарласып, іргелес жатқан Түркібасы мекені мен Арыс алабының негізгі күретамыры Арыс өзені басын осы Мыңбұлақтың бұлақтарынан алады.
Мыңбұлақ мекені көне мәдениеттің де ошағы, оның жартастарынан тас заманы мен қола заманының адамдары қашап салған суреттер мен тарихи жәдігерлер көптеп кезедеседі.

ТҮРКІБАСЫ

Арыс пен Құлан өзендерінің құйысындағы қос өркешті тау мен қазір бұрмаланып Түлкібас аталып жүрген ауданның ежелгі аты Түркібасы екен. Бұл атау Батые Түрік хандығының Басы болған Естемес ханға байланысты. Естемес хан шамамен 556 жылы сол кездегі Екітауға шатырын тігіп, оның етегіне ордасын орналастырып қала салған. Түркібасы болған Естемес ханның ордасына, Екітаудың басындағы алтынжібек шатырына 558 жылы Византиялық елші Земарх нөкерлерімен келген [19].
Сюань-Цзянның дерегі бойынша (шамамен 630 жылы), ысгық басталғанда Түркі хандары Естемес, одан кейінгі хандар Түркібасыдан Арыс өзені бастау алатын қоңырсалқын Мыңбұлаққа келіп тұратын болған.
Түркібасы өлкесін тас дәуірі замандарында алғашқы адамдар мекендеген. Түркібасы тауынан 40 шақырымдай батыс жағындағы Қараүңгірді, осыдан 7 мың жыл бұрын, неолит адамдары түрақтанған. Арыс өзенінің басы мен орта ағысы аралығында 1964 – 1970 жылдары жүргізілген археологиялық жұмыстар 20-дан аса тас, қола, темір замандарында өмір сүрген адамдар тұрағын ашқан.
Түркібасыда ежелгі замандардан киелі танылып, адамдар Тәңірге табынған жерлер көп. Сарытөр мен Құлантау жоталарының етегіндегі Әулиесай шатқалындағы Ұзынбүлақта, б. д. д. V – IV ғасырда, Үйсін мемлекетін құрған Үйсін дүниеге келген. Б. д. д. 178 жылы Дәубабада Үйсін мемлекетінің ханбиі Дәуби жерленген. Құлантаудың шығыс етегінде б. д.д. I ғасырда өмір сүрген Шақпақ Әулиенің қорған төбесі жатыр. Ұлы Жібек жолының бойындағы Түркібасы тауына ис¬лам дініне дешн де, мұсылмандық қалыптасқаннан кейін де, бүгінгі күні де өткен-кеткендер мен арнайы келгендер Тәңірге, Аллаға құлшылық етеді.
Осы деректер негізінде Түркібасы өлкесінің Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерін қамтитынын көреміз. Аталған екі облысқа ортақ тари¬хи өлке Шығысында Жуалы ауданының Теріс өзені алабындағы Күркіреусудан бастап, Кіші және Үлкен Қаратау жоталары мен Арыс өзенінің алабындағы ежелгі Сайрам, Шымкент мекендеріне дейінгі аймаққа орналасқан.
Түркібасы өлкесімен Теріс өзенінің бойына орналас¬қан қалалар мен бекеттер, Мыңбұлақ (Абарджадж) қорған-қаласы, Құлантаудын шығыс бөктері арқылы жүріп, Шақпақ белінен асып, Арыс өзенін жағалап, Ұлы Жібек жолының негізгі желісі өткен. Мыңбұлақ қаласынан Құлантаудың солтүстік тұмсығын орап, Құлан өзенін жағалап барып Қызыл белден асатын, Әулие-саймен жүріп Түркібасы қаласына әкелетін, негізгі желімен түйісетін де тармақ жол болған. Негізгі жолдың екінші тармағы Шақпақ белінен асқан соң Арыс өзенінің бас жағынан өтетін, Жабағылысу арқылы Ала-таудың Батыс сілемдерін бөктерлеп (қазіргі теміржолдың сүрлеуі), Машат шатқалы арқылы Сайрам қала¬сына жеткізген. Қытайлық будда сопысы Сюань-Цзан Мыңбұлақтан шығып, Жабағылысу (Ақсу) шатқалының аузындағы Пешуй (Ақсу) елді мекеніне келіп, тауды бөктерлеп жүріп, Испиджабқа (Сайрамға) осы төте жолмен жеткен деген пікір айтылады (Е. Агеева, Г. Пацевич. Труды ИИАЭ, т. 5. 1958).
Мыңбұлақ пен Арыс алабын бөліп тұрған Шақпақ асуы б. д. басында, Түрік хағандығы кемелденген VI – VIІІ ғасырларға дейін, қазіргідей биік емес, әрең білінетін бел еді. Араб — Иран жиһангездері Үлы Жібек жолы¬ның бойындағы елді мекендер мен жер бедерін арнайы зерттеп, байланыс маршрутын сипаттағанда Шақпақ асуының аталмауы сондықтан.
Түркібасы өлкесінде ежелден мал шаруашылығы, мен егіншілікпен қатар әртүрлі кәсіпшілік дамыған. Күйік асуының басында Шауғар қаласы орналасып, оның шеберханасында Қаратаудың тақтатастарынан қайрақ тас дайындаған. Арыс тайпасының сақтары б. д. д. Абайыл темір кен орнында болат қорытқан. Орта ғасырларда болаттан жасалған қару-жарақтар мен түрмыстық заттардың Ұлы Жібек жолымен өткен саудагерлер үшін маңызы өте жоғары болған. Алтын мен күміс өндірілгені туралы да деректер бар.
Орман қарауылы Максимов Шымкент уезінің Майлыкент болысында Алатау сілемдерінің Теректі шатқалынан, орыстар мекендеген Корниловка (қазіргі Жас кешу) ауылынан шамамен 8 шақырым жерде, кен қазындыларын, металл қорытқан жерлерді кездестіргені туралы мәлімет берген. Кен маманы, геолог Н. Ковалев 1905 жылы сәуір айында осы мәлімет бойынша келіп, арнайы тексергенде аузы таспен жабылған оншақты тау-кен ұңғыларын тапқан. Кен үйінділерінен алған сынамаларды тексергенде, олардың құрамында күміс пен қорғасын бары анықталған. Кен қазып, күміс қорыту жұмыстары бүл жерде шамамен ХІІІ ғасырға дейін жүргізіліп, Шыңғыс ханның шапқыншылығына байланысты тоқтаған (Н.Ковалев. Остатки древней куль¬туры в горах Алатау. «Туркестанские ведомости», 1906, № 46).
Түркібасы ауданының топографиялық картасына зер салсақ, қазір айтылып жүргендей түлкінің басы емес, күмбез тәрізденген тау тізбегі Шығыс пен Батыс бағыттарға бірдей созылады. Оның себебі: тау-төбелерді құрайтын тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттеріне, олардың бастапқы бітімін өзгерткен геологиялық процестерге байланысты. Ал, сол тауларды түзген қабаттар берік тасқа айналған тығыз құмтастардан, әк, доломит және жеңіл тұздардан тұрады. Жеңіл тау жыныстары жер қойнауында өзін қоршаған ортаның табиғи қысымына шыдамай, өз үстіндегі қабат-қабат жыныстарды күмбез төбеге көтеретіндігі геологияда белгілі қүбылыс. Эдетте осындай күмбездене көтерілген құрылымдардың астына мұнай, табиғи газдар жиналады. Осы белгілеріне байланысты бір кездері геологтар аудан жеріндегі, іргелес аудандардағы күмбез төбелердің астынан мұнай-газ іздеу жұмыстарын жүргізген. Бірақ табиғат бұл өлкенің жер қойнауында бұндай байлықтардың жиналуына жағдай жасамапты.
Түркібасы өлкесінің табиғатының көркемдігі мен байлығы ерекше. Мөлдір сулы бұлақтар аққан орман-тоғайлы шатқалдары нәрлі жеміс-жидектер өсетін жерлер, сирек кездесетін әртүрлі аң-құстардың мекені. тау беткейлері мен қойнауларында өрік-алма, делана, тау пісте мен жаңғақ, басқа да жеміс ағаштары мен бүталары, арша, қайың, тобылғы, жабайы жүзім және көптеген дәрі өсімдіктер өседі. Шатқалдарын елік, аю, қоян, жыртқыш аңдар мен кекіліктер мекендесе, тау-қыраттарында арқар, киік, тау текелер жортып жүреді. Ертеректе қамыс-құрақ бітік өскен өзендердің бойында жабайы шошқалар (доңыздар) мен жолбарыстар, таулы далаларында барыстар, қабыландар, кобра және айдаһар жыландар болған. Ал, Қаратаудың жылы күнгей беткейінің жеміс-жидекті шатқал-тоғайларында маймылдар болғанын көне көз қариялар айтып отыратын.
Осындай ерекше табиғи байлық шоғырланған өлкені қамқорлыққа алып, қорғап, улттық мемлекеттік қорыққа айналдыру бүгінгі күннің басты мәселесі. Алатау мен оның Батыс сілемдерін қамтитын, көптеген құнды да сирек кездесетін жануарлар мен өсімдік дүниесі бар белгілі мемлекеттік Ақсу-Жабағалы қорығының жағдайы қазір нашарлап кетті. Қорықтың үңгірлері мен тастарына ерте дәуірлердегі адамдар қашап салған өрнек, сурет, жазулар – алғашқы мәдениет үлгілері, өсімдіктер, жәндіктер мен жануарлар – күтімді, қорғауды қажет етеді.
Қаратаудың жоталарындағы алғашқы адамдар ме¬кендеген үңгірлер, осы үңгірлердегі табиғат асқан шеберлікпен жасаған «әшекей тасминералдар» жайылған малдар мен қоршаған ортаға жауапсыздықпен қарайтын адамдар сындырып, жойып жатқан долана, тау пісте мен жаңғақ ағаштарының жағдайы да аянышты. Соңғы жылдары шаруашылықтардың, өндірістердің табиғатпен санаспауының әсерінен жердің беті бүлініп, су мен ауа ластанып, өлкенің экологиясы нашарлады.
Жергілікті әкімшіліктер өлкенің табиғи байлығын бей-берекеттікке ұшыратпай, өркениетті елдердегідей арнайы туристік объектілерге айналдыруды тездетіп қолға алатын іс. Бұндай объектілер жеткілікті, олар: Теріс өзенінің аңғарындағы көне қалалар мен алғашқы адамдар мекені, Мыңбүлақ (Абарджадж) қаласы, Шақпақата қорған төбесі, Шақпақата әулие үңгірі, Әулиесайдағы Майлықара, «Сталактит» үңгірі, Түркі¬басы тауы, Сазтөбе тауы, Машат аңғары, Дәубаба шатқалы, Қараүңгір тұрағы және басқалар. Аталған жерлер туралы тарихи деректер мен мағлұматтар б.д.д. заманнан бері Қытай жылнамаларында, Батые елдерінің ғалымдарының еңбектерінде, Араб-Иран жиһангездерінің жазбаларында, 1870 жылдан бастап Ташкентте шығып тұрған «Туркестанские ведомости» газетінде жарияланған.
Ұлы Жібек жолының сүрлеуінде, б.д. I-IV ғасырларда орнаған Қарауылтөбе, Жартытөбе және Төрткүлтөбе деп аталған, отырықшы халықтар мекендеген көне қалалардың қалдығында археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, көптеген құнды мәдени ескерткіштер табылды (Н.Подушкин, 1970).
Арыстың бойындағы Ұлы Жібек жолымен 846 жылға дейін өткен Араб географы, саяхатшы ибн Хордадбек Түркібасы ауданындағы Шараб, Бадухкет, Тамтадж (бұрынғы Түркібасы), одан шығысқа қарай 25 шақырым жердегі Мыңбұлақта Абарджадж (бұрынғы Мыңбұлақ) қалаларын жазып кеткен. Одан бір ғасырдан кейін, X ғасырдын басында, Бағдад халифінің сарай қызметкері Кудама ибн Жафар, Тамтадж (Түркі¬басы) қаласы қамыс өскен өзен (Арыс) бар ашық жерде деген.
1893 жылы ғылыми сапармен келген академик В. Бартольд бұл өңірдің Түркібасы аталғаны туралы халық жадында сақталған деректі жергілікті халықтың айтуымен жазып алған. Қазіргі Азатлық ауылы, кеңес үкіметі кезінде колхоз болып құрылғанға дейін, Түркібасы аталған.
Осы жерде 1947-1951 жылдары археологиялық жұмыстар жүргізді. Азатлық колхозының шығысындағы көне Түркібасы қаласының қалдықтары зерттелді. Қаланың ескі жұртын археологтар шартты түрде кол¬хоз Азатлық атаған (Е. Агеева, Г. Пацевич, 1958). Қазір сол кездегі көне қаланың шартты К.Азатлық атауын ғылыми әдебиетке де, карталарға да Қазатлық деп енгізіп, келеңсіздік орын алып отыр…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!