Реферат: География | Жер қойнауы туралы түсінік
Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы дәл, тек оның беткі қыртысын (литосфераны) қарастыру қалыптасқан жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.
Жер қоймауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:
• жанатын отын-энергия қоры — көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек,
• рудалы пайдалы қазбалар — қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б. металдар кендері;
• бейруда пайдалы қазбалар — химия шикізаты (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосферит, т,б.), етқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б.
Адамдар өте ерте заманнан бері жер қейнауынан пайдалы заттарды алып пайдаланып келеді. Жер қейнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ, жер қойнауындағы минералдық: қазба байлықтар осы заманғы индустриялық өндірістің негізгі шикізат көзі болып табылады. Ауыр өнеркәсіп өнімдерінің 90%-і, халық тұтынатын тауарлардың 20%-і минералдық шикізаттан алынады.
Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлыққа бай. Онда өнеркәсіпте қолданылатын минериалдық шикізаттың барлық түрі бар деп айтуымызға болады. Осы байлығымызды тиімді пайдалану эконо-микамыздағы ең өзекті басты мәселе. Сонымен қатар минералдық шикізатты өндіргенде, өңдегенде ауаға, суға, жер бетіне қалдықтар шығарылу арқылы табиғи ертаға зиян келтіріледі. Осы зиянды шектеу, азайту немесе болдырмау өндірістің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
1.2. Жер қойнауын қорғау, шикізатты тиімді пайдалану бағыттары.
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі:
1. Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу. Кешенді барлау деп — минералды диикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс.
2. Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау (азайту), қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы т.с.с. Жер қойнауынан шығарылатын мұнайдың, газдың үлесін арттыру, ілеспе өнімдерді тиімді пайдалану. Өндіру кезінде көмір-сутектердің жеңіл фракциялар жоғалтпауы т.б.
3. Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану. Кеннің құрамындағы металдарды толығырақ ажыратып алу арқылы ғана шикізаттан алынатын жылдың өтімді 20-30%-ке арттыруға болатыны әлдеқашан дәлелденген.
Қазақстанда өндірілетін түсті металдар кендерінен таза металл және қоспа түрінде қырық тоғыз элемент алынады, яғни кенді кешенді пайдалану әлі де жеткіліксіз. Жезқазған комбинатының кендерінде он жеті элемент пен компенент болатын болса, оның тек он екісі ғана алынады. Соколов-Сарыбай кеніндегі 10-нан астам пайдалы элементтердің негізгі біреуі ғана — темір алынады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Барланған мұнай қорының 30-33%-і ғана өндіріледі. Көмір шахталарында есепке алынған қор мен өндірілген қор айырмашылығы 50-60%-ке жетеді.
Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану қазіргі ғылыми-техиикалық жетістікке (ҒТЖ) банланысты, бірінші кезекте, экономикалық мәселе болып отыр және көпшілік жағдайда ол экономикалық бағалау, ынталандыру, төлемдер белігілеу негізінде шешіледі. Осыған қарамастан ұзақ жылдар бойы экономикалық бағалауға мән берілмей келді, жер қойнауында жатқан байлықтың ақшалай құны жоқ деп есептеліп тау-кен рентасы мойындалмады. Іс жүзінде мұндай көзқарас қазба байлықты пайдалану экономикасында біраз кемшіліктер туғызды. Біз әлі күнге дейін қазба байлықтарымыздың ақшалай құнын білмейміз. Ол нарық қатынасына көшуімізге байланысты өте қажет. Экономикалық бағалау шамасын білмей минералдық шикізатты тиімді пайдалану мәселелері: кеніштерді игеру кезегін анықтау, оларды пайдалануға, жалға беру, сату, олардан алынатын өнімдерді бағалау, т.б. дұрыс шешу мүмкін емес. Экономикалық бағалау минералдық шикізатты кешенді пайдалануға байланысты өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан экономикалық бағалауға байланысты, оны анықтаудың әдістері туралы көптеген ғылыми пікір-таластар, практикалық ұсыныстар айтылып келеді. Оларды бағалау басты көрсеткішіне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.
2.1. Кен орындарын экономикалық бағалауға ұсынылған негізгі көрсеткіштер
Топ- тар Авторлары Бағалау көрсеткіштері (белгісі) Ескерту
1. В.В. Пемеранцев
В.И. Фрей
В.В. Есмолевский
Г.Г. Гудалик
С.Р. Кендин
A.M. Куликев G, А, К, (Ц-С) (К,Сд+Со)
Сд, Co, Ok, K, A
С, П, К, Күд
С-К (К,’-К,)(С,-С,),П/К
Gp, Йсрі,~Ц-С, П/К, Тек
C-EK(min) SЭO-33, П./К Көптеген технике-экономикалық көрсеткіштер-мен бағаланады
2. И.А. Быхевер
И.И. Молчанев
А.Е. Ергалиев
В.А. Шестакев
Н.В. Воледеманен
К.Л. Пежарицкий (Ц-C)(G,-Gn)/G,
(Ц-С) А/К, СгЕК
(Ц-С) Gp
(Цпр-С)Спзд К(Цпр-С)дА
(Ц-С) Епзд, А(1-2) (U2) Пайда бойынша бағаланады Рента бойынша бағаланады
3. С.Г. Струмилин
В.М. Мкргчнн
А.А. Аксолеред Ct-VtmV
C+VfmV
(Сп—гЕ)Т+Күд/Тпр(1+Е) Шығын бойынша бағаланады
Шартты белгілері:
Go, Gn — кеніштің барланған және өндірілетін қоры;
A — кәсіпорынның өндіріс қуаты;
К, Күд — жалпы және өзіндік күрделі қаржы;
С — өнімнің өзіндік құны;
Пп — жобаланған, мөлшерлі ысырап;
П — пайда;
Т, Тпд, Теп — кенішті пайдалану аяқталған жыл, жобалық пайдалану мерзімі, күрделі қаржының қайтарылу мерзімі;
a ~ алынатын өнім;
г ~ процент өсімі;
R — тау-кен рентасы;
Е — күрделі кйржы тиімділігінің нормативті коэффициенті:
С+Ек — өнімнің-бір өлшеміне келтірілген шығын.
Бірінші топтағылар кен орындарын бірнеше технико-экономикалық корсеткіштерді салъістырьщ бағалау керектігін ұсынады. Бірақ, ол көрсеткіштер технико-экономикалық есептеулерде қаншалықты маңызды болғанымен, табиғат ресурстарының экономикалық бағасын бере алмайды. Еіріншіден, көптеген көрсеткіштерді қолданып бір шешімге келуге болмайды, олар әр түрлі бағытта өзгеруі мүмкін. Екіншіден, бағалау белгісі ретінде қандай және қанша көрсеткіш қолданылуы керек екені әлі шешілмеген мәселе.
Екінші топтағылар көп орындарын негізгі бағалау көрсеткіші — пайда деп есептейді және олардың кейбіреулері көп пайдаланған барлық мерзімдегі пайдамен есептеу керек десе, екіншілері — өнімнің бір өлшеммен алынған пайдамем, ал үшіншілері — бір жылдық пайдамен есептеу керек дейді. Бір көрсеткіш қолданғанына қарамастан мұндай есептеулердің нйтижесі әр түрлі болады. Сонымен қатар, пайда жалпы тым шамасын көрсетеді, оның табиғат ресурстарының сапасы мен тиімділігіне байланысты шамасын көрсетпейді, минералдық шикізаттың табиғи өнімділігіне байланысты алынған пайданы ажыратпайды. Ауыл шаруашылығы сияқты тау-кен өндірісінде де еңбектің өнімділігі табиғат жағдайына, оның ресурстарының сапасына байланысты болады. Бірдей еңбек жұмсай отырып әр түрлі нәтиже алуға болады. Екінші жағынан, пайданың өзі өнімнің бағасына байланысты шама. Ол бағаның дұрыс ғылыми тұрғыдан анықталуымен тікелей байланысты. Бағаның шамасы әрқашан қоғамдық қажетті еңбек шығынын дәл көрсете алмайды. Пайданың шамасына табиғат ресурстарына қатыссыз еңбектің өнімділігі, қолданылатын техника-өнімділігі, еңбектің ұйымдастырылуы және тағы басқа факторлар әсер етеді.
Шығындық қағиданы жақтаушылар кен орындарын минералдық шикізат қорын оны геологиялық барлауға, игеруге, өңдеуге, пайдалануға жұмсалған шырын бойынша бағалау қажет дейді. Бірақ олай істейтін болсақ, сапалы жақсы кен орындары арзан, ал нашар кеніштер қымбат бағаланар еді. Өйткені, әдетте, сапасыз кендерден бір өлшем өнім алуға сапалы кендерге қарағанда анағұрлым артық еңбек жұмсалады, яғни шығын да көп кетеді.
Келесі топтағылар экономикалық бағалау көрсеткіші ретінде тау-кен рентасын қолданады. Рента шамасы табиғи ресурстың өнімділігімен байланысты және кен орнының құндылығына сәйкес болады. Минералдық шикізаттың құндылығын көрсету үшін рента жол берілетін, қоғамдық қажетті, ең жоғары өнімдік құн арқылы есептеледі. Минералдық шикізат қорын ренталық қағида бойынша бағалауы қолдаушылардың арасында рента шамасын анықгау әдістері туралы әр түрлі көзқарастар бар. Егер И.В. Володоманон рента шамасын «керенелік» өзіндік құн арқылы есептеу керек десе, басқалары (Н.П. Федоренко, Т.С. Хачатуров, Ю. Сухарин, К.Г. Гофман) нашар кеніштердегі шығындармен салыстырып анықтауды ұсынады. Мұндай жағдайда рента шеткі шығын негізінде анықталған бағадан бағаланатыи кеніштегі өндіріс шығындарын шегеру арқылы анықталады.
Мұндай пікірге қарсыластардың бірі Ю.В. Яковец баға орташа шығындар негізінде анықталады, сондықтан рента болмайды деп есептейді. Өнімнің бағасы шеткі шығынмен анықталатын болса, өңдеуші өндіріс өнімдерінің бағасының негізсіз өсуіне әкеп соғады деп шеткі шығын шамасын қолдануды теріске шығарады.
Қазіргі қалыптасқан экономикалық теорияға сәйкес табиғат ресурстары ренталық қағида бойында бағаланады. Минералдық шикізат хоры уақыт факторын ескеріп шеткі шығынның дербес шығындарды немесе шеткі шығын бойынша есептелген өнімнін бағасынан келтірілген шығынды нормалы пайдасымен қоса шегеріп анықтайды қазба байлық түрлеріне байланысты шеткі шығын шамасы әр түрлі белгіленеді: аймақтық, немесе республика бойынша. Минералдық шикізатын кейбір түрлеріне әлемдік баға деңгейі ескеріледі.
Пайдалы қазба кендерінен экономикалық бағасы оның қорын пайдаланғанда болатын халық шаруашылық тиімді көрсетеді. Экономикалық бағалау ақшалай шамасы өнімге жұмсалатын шеткі және дербес шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Шеткі шығын белгілі бір уақытта нақты өнімге жұмсалатын халық шаруашылық қажетті ем жоғары шығын болып табылады.
Шеткі шығын, сондан-ақ, пайдалы қазба қорының пайдаланудың халық шаруашылық тиімді шегін көрсетеді.
Көп орындарын экономикалық бағалау геологиялық барлау жұмыстарын техника-экономикалық негіздеудің және минералдық шикізат кондициясын бекітудің құрамды бөлігі болып табылады. Белгіленген тәртіппен кен қоры бекітілгеннен кейін кен орнының экономикалық бағасы кеніштердің мемлекеттік кадастрлар жүйесіне кіргізіледі.
Кен орындарын экономикалық бағалау үшін ең алғаш шеткі шығын шамасын анықтау керек. Шеткі шығын шамасын анықтаудың ең қолайлы әдісі нақты сала бойынша өндіргіш күштердің дамуы туралы жоспары негізінде оптималдық есептеулер. Мұндай есептеулер халық шаруашылық қажеттілікке сәйкес алдағы және қазіргі өнім өндіру мүмкіндігін ескеріп жүргізіледі. Сондықтан болашақта нақты кенді барлауға өндіруге, өңдеуге, тасымалдауға жұмсалатын шығындар анықталады.
Оптимизациялық есептеулер мүмкін болмағанда, шеткі шығынды анықтаудың оңайлатылған әдісі қолданылады. Ондай әдістердің бірі өнімді алуға жұмсалатын келтірілген шығынның шамасы бойынша реттеу. Ол үшін әрбір пайдаланылатын кеніштерде өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын дербес келтірілген шығындар анықталады. Келтірілген шығынның құрамында күрделі қаржы және ағымдағы шығындар есептеледі. Қажетті өнімді алуға болатын барлық өндірістер бойынша келтірілген шығындар есептеледі.
Содан кейін өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын келтірілген шығынның өсуіне қарай кеніштер реттеледі.
Қатарға (тізімге) халық шаруашылық қажеттікті өтеуін керекті барлық кен орындары қосылады. Қатарды өнімді ең аз шығыннан, яғии ең тиімді бастайды да одан жоғары шығынды, бірақ өнімі қажетті кеніштен аяқтайды. Шығыны одан да жоғры кеніштер қажетті тиімді беретін кеніштер анықталғаннан кейін уақытша қалдырылады. Қатарға кірген кеніштердегі өнімнің бір өлшеміне шаққандағы ең жоғары шығын шеткі шығын деп есептеледі. Сонымен шеткі шығын нақты өнімді алу үшін жұмсалуға қажетті, жол беруге болатын ең жоғары шығын. Шеткі шығын өткен немесе қазіргі шығындармен емес, болашақ шығындар негізінде айқындалуы тиіс. Былайша айтқанда, ол бір орталықтан алдағы болатын шығындарды, нақты өнімге сұранысты ескере отырып анықталады.
Шеткі шығын шамасы уақыт өткен сайын ғылыми-техникалық жетістіктерге, өнімге сұранысқа, жаңа кеніштердің ашылуына, т.б. байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Сұраныстың өсуі, кедей кеніштердің іске қосылуы шеткі шығын шамасын арттырады. ҒТЖ, қолайлы жағдайдағы жаңа ірі кеніштердің ашылуы өндіріс шығындарын азайтатын факторлар болып есептеледі. Бірақ соңғы жылдардағы іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, кен орындарын игеру шығындары ұдайы тұрақты өсіп келеді.
Пайдалы қазбалардың халық шаруашылық құндылығына — экономикалық бағалау шамасына бірнеше геологиялық, географиялық, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Оларды шартты үш топқа бөлуге болады.
Әлеуметтік-экомомикалық факторлар қазба байлықтың халық шаруашылық маңыздылығын, одан алынатын өнімнің қажеттілігін, нақты кенішті игеру керектігін қамтиды. Миноралдық шикізаттың нақты түріне халық шаруашылық сұраныс кеніштің маңыздылығын көрсетеді. Халық шаруашылық қажеітілік өндіріс салаларының даму дәрежесімен және оларды мимералды шикізатпен қамтамасыз ету көрсеткіштерімен анықталады. Осы мақсатта миноралдық шикізат қоры, оны өндіру, алынаған өнімді өңдеу, тұтыну баланстары қарастырылады. Олар жергілікті, аудандық, аймақтық (облыстық), республикалық деңгейде есептеледі. Баланстар негізінде балама кеніштер, олардың топтары, экономикалық бағалау көрсеткіші бойынша бірінші кезекте игерілетіндері таңдалды. Таңдау кезінде минералдық шикізаттың жаңа түрлерін игеру, табиғи шикізаттың орнына жасанды шикізат қолдану, кен ендіру, өңдеу және ұқсату технологиясын жетілдіру мүмкіндіктері ескеріледі.
Геологиялық факторларға қазба байлық кен орындарының ең маңызды көрсеткіштері: геологиялық, баланстың қоры, ондағы пайдалы элементтер, зиянды қоспадар құрамы, технологиялық сапасы, орналасуы, өндірудің геологиялық жағдайы жатады. геологиялық факторларға байланысты тау-кен өндірісінің қуаты, өндіру әдісі, кеннің таусылу уақыты, өндіру-өңдеу технологиясы, т.б. анықталады. басқа жағдайлары тең болғанда кеніштің геологиялық неғұрлым қолайлы болса, оның құндылығы соғұрлым арта түседі. Экономикалық бағалау шама-үшін қазба байлық қорының геологиялық сан- сапа көрсеткіштері ерекше маңызды.
Қазба байлықтың сапа көрсеткіштеріне оның физикалық, химиялық, технологиялық қасиеттері жатады, олардың ішінде әсіресе құндылығына әсер ететіндері құрамындағы пайдалы және зиянды элементтер мен компоненттер. Кен қорының сан және сапа керсеткіштері бір-бірімен байланысты және өзара себептес болады. Кеннің сапалық сипатының өзгеруі ондағы пайдалы элементтердің санының өзгеруіне байланысты. Мысалы, кендегі пайдалы элементтің азаюы оның сапасын иашарлатады. Кеннің кондиция-сы темондетілгондо оның баланстық қоры артады, кондиция көрсеткіші жоғарылатылғанда баланстық қоры азаяды. Сондықтан экономикалық бағалау жүргізгенде кеннің сан және сапа корсегкіштерін қоса қарастыру керек.
Пайдалы қазбалардың технологиялық сипаты ондағы пайдалы және зиянды компоненттердің құрамында, таралуына, минералдық құрамына, физикалық, химиялық қасиеттеріне (қаттылығы, тығыздығы, опы-рылғыштығы, т.б.), тау жыныстарының, кен талшықтарының химиялық және минералдық қасиеттеріне байланысты.
Кенішті игеру жағдайын анықтайтын геологиялық факторларға морфологиялық ерекшеліктері, орналасу жағдайы, кеніштің және оның жеке бөліктерінің өнімділігі, пайдалы компоненттерінің шоғырлануы, таралуы, физика-математикалық сипаты (беріктігі, кесектелуі, сызаттануы, қаттылығы, ылғалдылығы, т.б.) жатады. Осы факторларға қарап нақты кенішті игерудің техникалық мүмкіндігі, қолданатын технология және экономикалық көрсеткіштері анықталады. Кеннің жер қабатында орналасу сипаты кенді өндіру әдісін (ашық немесе жабық әдіспен), кенді ашу тәртібін, схемасын, кен өндіру жүйесін, кешенді механизациялау құрылымын, өндірісті ұйымдастыру процестерін таңдауға себеп болады.
Экономика-географиялық факторлар кен орналасқан аймақтың табиғи және экономикалық жағдайларын сипаттайды. Олардың қатарына: кенді аудандардың игерілгендігі, құрылыс материалдарымен жұымсшы күшімен, электроэнергиямен, сумен, қатынас жолдарымен қамтамасыздығы, сондай-ақ негізгі материалдық қорлармен жабдықтаушылардан қашықтықа, климаты, жер рельефі, т.б. жатады. Аталған факторлар кенішті игеруге қолайлы жағдай туғызады немесе қиындатады. Сол арқылы кенішгі игеру тиімділігіне әсер етеді.
Кенді аймақтың игерілгендігі, өндіріс қорларының жеткілікті кенішті игеру кезегіне және қарқынына ықпал етеді. Өндірістің әр түрлі салалары, қатынас, құрылыс материалдарын жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, т.б. нашар дамыған аймақта оларды құруға, дамытуға қосымша қаржы бөлуге тура келеді. Ол өндірілетін шикізаттың өзіндік құнын арттырады.
Кеніштердің салыстырмалы экономикалық бағасын анықтағанда олардан алынатын өнімдерді тұтынушыларға жеткізу тұрғысынан орналасуын, әсіресе өнеркәсібі дамыған аймаққа қатысты орналасуы, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдар салу қажеттілігі ескерілуі тиіс. Өйткені соларға байланысты өнімнің; өзіндік құны арзандайды немесе қымбаттайды, яғни кенішті пайдалану тиімділігі де өзгереді.
Кенішті пайдалану тиімділігіне өндірістік кешендер салынатын жер жағдайы мен климаты да едәуір әсер етеді. Мысалы, қар қалың түсетін және жылдын едәуір мезгілінде қар жататын солтүстік аудандарда таулы өңірлерде кенді тасымалдау, ашық әдіслен өндіру қиындайды.
Сонымен кеніштерді экономикалық бағалау барлық факторлардың жиынтық әсерлерін есептеуді қажет етеді. Ол үшін бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштер қолданылады.
Натуралдық көрсеткіштер тобын: қазба байлықтың қорының шамасы, ондағы пайдалы элементтер мен компоненттер түрлері және қоры, кеннен ажыратып алуға болатын компоненттер мен элементтер қоры тау-кен кәсіпорынының жылдық қуаты, кенішті пайдалану мерзімі, еңбек өнімділігі, т.б. құрайды.
Натуралдық көрсеткіштер халық шаруашылық қажеттілігін нақты кеніштен алынатын минералдық шикізатпен қамтамасыз етілуін бағалау тұрғысынан да маңызды.
Құн көрсеткіштеріне кенішті барлауға, минералдық өндіретін, байытатын және ұқсатығын тау-кен жабдықтауға және салуға қажетті күрделі қаржы, оларды пайдалану шығындары; өнімді өндірудің, байытудың және өңдеудің өзіндік құны; алынған өнімнен түсетін жылдық және жалпы пайда; келтірілген шығын және т.б. жатады.
Жобаланатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың натуралдық және құндық көрсеткіштерін салыстыру арқылы олардың салыстырмалы құндылығы анықталады. Сондай-ақ жобаланатын кәсіпорындардың көрсеткіштері қабылданған (бекітілген) нормативтермен салыстырылады.
Барлық натуралдық және құндық көрсеткіштер нақты кенішті пайдалану тиімділігін, құндылығын анықтауға қолданылады. Түптеп келгенде, кеніштің халық шаруашылық құндылығын анықтау дегеніміз -оны экономикалық бағалау болып табылады.
Пайдалы қазба кен қорын экономикалық бағалаудың қарапайым мысалын қарастырайық. Төмендегі кестеде өзіндік дербес келтірілген шығындарға байланысты кеніштер реттеп орналастырылған:
4-кесте
Кеніш рет №
Өзіндік
келтірілген шығын
тг/т. Жылдық қуаты, млн. т. Жылдық жалпы қажетшілік млн т. Кеніш Өзндік
келтірілген
шығын
тг. Жылдық қуаты, млн. т. Жылдық жалпы қажеттілікмлн. т.
ЕКІНШІ вариантта қаржы артық (50 млн. теңге) жұмсалатынына қарамастан, құрылыстың тез (2 жыл бұрын) аяқталып, күрдОлі қаржының іске аспай жату мерзімі қысқарылатындықтан, өндіріс жылдамырақ іске қосылатындықтан екінші вариант тиімдірек болады.
Егер кен қорын пайдалану кезінде шығындар өзгеретін болса, пайдалы қазба қорын экономикалық бағалау уақыт факторын ескеріп жүргізіледі Шеткі шығын кезінде есептОлген, алынатын өнімнің барлық жылдардағы бағасының қосындасынан жұмсалатын күрдОлі қаржыны (қалпына кОлтіру үшін амортизациялық аудармаларды қоспай) және ағымдағы шығындарды шегереді.
мұнда: Т — кен орнын бағалайтын жылдар, кенді, пайдалана бастағаннан қоры сарқылатын жылға дейінгі мерзім (t=1,2,3,…T);
Rk — кеніштің экономикалық бағалануы;
Z, — кеніштен t жылы алынатын өнімдер құны; шеткі шығын шамасымен есептОлген;
S, — өнімдер алуға жұмсалаған t жылғы дербес шығындар;
Е нп- дисконттау коэффициенті (0,08).
Минералдың шикізат қорын, кеніштерді экономикалық бағалау кеннің кондициясын анықтаумен тікОлей байланысты. Кеннің кондициясы — кеннің сапалық және сандық көрсеткіштерінің шегі арқылы көрініс табады. Кен кондициясы жер қойнауындағы шикізатты тиімді пайдалану үшін оның геолегиялық сан және сапалық көрсеткіштеріне қойылатын талаптар жиынтығының шекті шамалары. Осы шамалар шетінде кен қорын есептеу, баланстың және баланстан тыс қорын оның тау, кен орналасқан аумақты бОл-гілеу және кен өндіру мүмкіндіктері айқындалады. Кен орнын ашу, парлау, пайдалану әр түрлі сатыларында кондиция шамасы нақтыланып отырады. Алғашқы ізденістер нәтижесі бойынша алдын ала бағалау, сұрыптау кондициялары анықталады. Алғашқы барлау жұмыстары бойынша уақытша кондиция бекітіледі. Ол бойынша нақты барлаулар жүргізілетін кен орындары, барлау варианттары таңдап алынады. Нақты барлаулар нәтижелері бойынша тұрақты кондиция бекітіледі. Тұрақты кондиция шамасы кенді игеру жұмыстарын жобалау, жоспарлау үшін және тиімді пайдалануды қадағалау үшін қажет болады. Кенішті пайдалану кезеңдерінде тұрақты кондиция нақтыланып отырады.
Кеннің тұрақты кондициясын Мемлекеттік қео комиссиясы бекітеді және сол бойынша кеннің баланстық — тиімді пайдалануға болатын қоры анықталады. Баланстан тыс қорға пайдалануға әлі тиімсіз, бірақ болашақта игеруге болатын кендер жатқызылады Тау-кен өндірісіндегі ҒТЖ, техникалық-экономикалық шарттар, стандарттар, т.б. өзгергенде кондиция шамасы қайта қаралып өзгертіліп отырады
Кондиция параметрлері кенді игерудің тиімділігіне яғни кеннен алынатын 1 т соңғы өнімдер құнының кенді пайдалану шарты бойынша анықталады
мұнда: Ш — 1 т кенді игеруге (пайдалану) жұмсалатын жиынтық шығын;
Б — 1 т кеннен алынатын соңғы өнімдер құны (шеткі шығындармен немесе көтерме сауда бағасымен анықталған);
Кк — кондиция коэффициенті.
Соңғы өнімдер деп — сапасына шикізаттың сапасы әсер ететін өнімдер алынады. Мысалы, түсті және қара мегалдар кендері үшін таза метал немесе концентраты, көмірге – шартты отын, мұнайға шикі мұнай т.б.
Кеннің ең төменгі өндірістік құрамы — кенді тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін кен құрамындағы ең төменгі орташа шамасы анықталады. Осы құрамдағы кен пайдалануға тиімді болғанда жалпы кенішті пайдалану тиімді болады. Пайдалануға болатын ең төмені кеннің керенелік құрамы былай анықталады.
мұнда: Өо, Ө6, Өм — кенді өндіру, байыту, металлур, гиялық өңдеу өзіндік құны;
Кү — өндіру байыту, металлургия кәсіперындарын жобалау, салу үшін қажетті үлестік (1 т кеңге есептелген) қаржы;
Кж~ кенге бос жыныстар араласу коэффициенті;
Е6, Ен- байыту, металлургия процестерінде кеннен пайдалы компененттер бөліп алу коэффициенттері;
В — дайын өнімдегі пайдалы компененттер (элементтер) бағасы.
Пайдалы компененттердің керенілік құрамы кенді пайдалану шекарасын белгілеу үшін қолданылады. Керенелік құрам шамасы — кендегі пайдалы компоненттердің санына, сапасына, өндіру қуатына кенішті пайдалану тиімділігіне байланысты.
Ең жоғары тиім (201,55) үшінші вариантта алынады. Ең жоғары экономикалық бағалауға сәйкес ең тиімді үшінші вариант болады. Ол вариантта металдың керенелік құрамы 0,8%, яғни металл құрамы 0,8%-тен жоғары кен пайдалануға тиімді, одан ары тиімділігі төмен. Экономикалық бағалау бойынша кенішті пайдаланудың оптималды мерзімі және жалпы өнім шамасы анықталады. Мысалы, мұнай қорын пайдалануды қарастырайық. А1 В1 С1 категориялары бойынша кеніштің қоры 500 млн. т. Шеткі шығын шамасы 46 тг/т. Әр жылда мұнай өндіру шамасы, шығындары және экономикалық тиімдер кестеде келтірілген.
2.2. Экономикалық бағалауда уақыт факторын есептеу
«Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі — уақыт факторын есептеу. Өйткені табиғат ресурстарын игеруге едәуір бір мерзімдік күрделі қаржы жұмсалады, ал нәтижесі ұзақ мерзімде біртіндеп алынады. Құрылысқа жұмсалатын күрделі қаржы халық шаруашылығы айналымға уақытша қатыспайды, тиім әкел-мейді. Тез уақытта алынған тиім одан кейін алынған тиімнен құндырақ. Сондай-ақ болашақта жұмсалатын шығынның қазіргі жұмсалатын шығынға қарағанда экономикалық құндылығы төмен. Былайша айтқанда, тиімдер мен шығындардың алыну, жұмсалу мезгіліне байланысты экономикалық теңсіздігі болады.
Кез келген өндірістің жұмыс істейтін уақытында жылдық шығарылатын өнімнің шамасы, барлық техника-экономикалық көрсеткіштері, ремонтқа шығындары, өнімге сұраныс, өнімнің сапасына қойылатын талаптар, т.б. өзгеріп отырады. Осындай өзгерістерді ескеру үшін өндіріс тиімділігін, уақыт факторын есептеп анықтау керек.
Уақыт факторын есептеудің ең белгілі жалпы қабылданған тәсілі шығындарды бір жылға келтіру. Ол бойынша әр жылда жұмсалатын күрделі қаржы сомасы В = (1 + Е)’ коэффициентіне көбейтіледі не бөлінеді. Мұнда Е — әр жылға тиімдерді (шығындарды) бір жылға келтіру нормалы коэффициенті (күрделі есептеулермен анықталады), t — шығын жұмсалған жыл мен келтірілген жылдың айырмашылығын көрсететін жылдар көрсеткіші.
Әдетте, барлық жылдағы шамалар (шығындар тиімдер) өндіріс жұмыс істей бастаған жылға келтіріледі. Алғашқы жылдардың шығындары соңғы жылға келтірілгенде Олар В — коэффициентіне көбейтіледі ал соңғы жылдардікі — алғашқы жылға келтірілгенде g коэффициентіне бөлінеді.
Әйткенмен, мұндай тәсілмен уақыт факторын есептеудің бірнеше кемшіліктері бар. Онда барлық жылдардағы шығарылатын өнімдердің сан және сапалық өзгерістері ескерілмейді, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтарының физикалық және моральдық тозуына байланысты. Оларды жаңарту шығындарының болашақтағы өзгерісі есептелмейді. Осы кемшіліктерге байланысты өндіріс тиімділігін анықтаудың статикалық емес динамикалық тәсілін қолдану ұсынылады. Оның негізгі ерекшелiгi, мұнда өндірістің барлық жылдардағы тиімі мен шығындары жиынтық есептеледі. Және әр жылдағы тиімдер мен шьнындар өзгерісі есептеліп отырады. Әр жылдардағы шығындар мен тиімдер олардың экономикалық теңсіздігін ескеру үшін бір жылға В коэффициентімен келтіріліп отырады. Жиынтық шығындардың құрамында 61 мерзімдік күрделі қаржы және әр жылғы ағымдағы өндіріс шығындары (негізгі қорды қалпына келтіруге амортизациялық аударманы қоспай) есептеледі және күрделі қаржы сомасы амортизациялық аударма арқылы жанама емес тікелей есептеледі. Динамикалық тәсілде статикалық тәсілге тән кемшіліктер жоқ.
Жиынтық шығындарды есептеу формуласы:
мұнда: Кt. — әр жылдағы күрделі қаржы;
Сt — әр жылдағы өзіндік құн бойынша жылдық шығындары;
Вt — әр жылдағы шығындарды келтіру коэффициенті;
Аt — негізгі қорды қалпына келтіруге амортизациялық аудармалар.
Жиынтық тиім:
мұнда: Рt — әр жылда алынатын ақшалай нәтиже.
Нәтижелерді қолданылатын бағамен есептелген өнім деп алатын болсақ:
Формула бойынша жиынтық тиім екі тиімнің қосындысы: өндірістен алынатын тиім және амортизациялық аудармаларды басқа өндірісті қаржыландыру үшін пайдаланғанда алынатын өсім.
Келтірілген формулалардағы жиынтық тиімдер айырмашылығы көтерме саудасының бағасының құрамына кірмейтін дифференциалдық ренталық табыс.
Уақыт факторын ескеріп экономикалық бағалауда келтірілетін жылдардың бір-бірімен қашықтығы (ұзақтығы) бағалау нәтижелеріне едәуір ықпал етеді.
Кенішті салу, пайдалану жылдарындағы шығындарды есептегенде мынандай кемшіліктерге кезігеміз:
1) егер салыстырылатын тиімдерді пайдалану уақыты әр түрлі болса, онда олардан алынатын тиімдер де салыстыруға келмейді;
2) өте ұзақ жылдарға келтірілген шамалардың дәлділігі төмендейді, экономикалық бағалау нақты емес, көмескіленеді;
3) бағалау нысаны ретінде қысқа мерзімде пайдаланылатын құрылыстар алынғанда оларды жаңғырту, қайта құру шығындары толық есептелмейді.
Мұндай кемшіліктерден құтылу үшін күрделі проценттер коэффициенті қолданылады. Оның да өзіне тән кемшіліктері бар. Өте ұзақ уақытқа бағалау жүргізілгенде, оның дәлдігі кемиді. Сондықтан кейбіреулер мұндай жағдайда күрделі проценттерді қолданбау керек десе, екіншілері оның шамасын азайтуды ұсынады, яғни қысқа мерзімдік экономикалық баға-
лауда дисконттау коэффициенті — ұзақ мерзімдік бағалауда қолданылатын шамаға қарағанда жоғары болу керек. Дегенмен, аталған кемшіліктеріне қарамай, есептеулерде күрделі проценттер формуласы қолданылады. Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығарамыз: пайдалану мерзімі онша ұзақ емес, көрсеткіштері біршама тұрақты шағын кен орындарын бағалағанда есептеулерді жеңілдету үшін қарапайым статикалық әдістерді қолдануға болады; ұзақ мерзімдік жобалау, жоспарлау жүргізілгенде міндетті түрде уақыт факторы ескеріледі және екі түрлі әдіс қолданылуы мүмкін, әсіресе өте ұзақ мерзімдік болжамдарда жиынтық көрсеткіштерді пайдаланған лазым. Мұндай әдіс әдетте минералдық ресурстарды бағалауға қолданылады. Минералдық ресурстарды барлау оны пайдаланудан көп бұрын жүргізіледі. Жыл айырмашылығы ондаған жылдарға созылады. Кенішті пайдалану жылдарында техника-экономикалық көрсеткіштер едәуір өзгереді. Кеннің төменгі қабаттарын өндіруге қосымша қаржы жұмсалады. Ол өнімнің өзіндік құнын қымбаттатады, шеткі шығын шамасының өсуін туғызады. Осыларға сәйкес экономикалық бағалау шамасы да өзгереді. Яғни уақыт факторын міндетті түрде ескеру қажеттігін дәлелдейді.
Осыған байламысты кен орындарын (қорын) уақыт факторын ескеріп экономикалық бағалаудың қарапайым мысалып қарастырайық:
Кен қоры екі бөліктен: жақсысынан 12 млн. т. және нашарынан 8 млн. т. тұрады делік. Өндіріс қуаты 1 млн. т. болғанда 12 және 8 жылда өндіріледі. Өндіру өзіндік шығындары жақсы бөлігінде 10 теңге, нашар бөлігінде 13 теңге болады десек, екі бөлікті бірлесіп өндіру (2-вариант) орташа шығыны 11,2 теңге/т (12 10 -8 -13)/(12+8) болады. Шеткі шығын 13 теңге деп алсақ, 1 т өнімге шаққанда дифференциалдық рента жақсы бөліктен 3,5 теңге бірлесіп өндіруден 2,3 теңге жиынтық тиім 42 және 46 млн. т. болады.. Сол уақыттағы дискентталған тиім 28,52 және 24,40 млн. теңге.
Көріп отырғанымыздай, өзіндік құны бойынша бірінші, жиынтық тиім бойынша екінші, уақыт факторын ескергенде қайтадан 1-вариант тиімді болады. Кеннің екі бөлігінде де өзіндік шығын шеткі тығыннан аз, сондықтан олардың екеуінде өндіру тиімді, жиынтық тиім 46 млң. т. Ал егер дискентталған тиімдерге қарасақ, басқа қорытындыға келеміз. 1-варианттың тиімі екіншісінен көп. Мүмкін мұндай белгіге қарап вариант таңдау мүмкін емес шығар? Уақыт факторын ескерудің қажеті болмас?
Кенішті пайдаланудың тағы бірнеше варианттарын қарастырып көрейік. 2-вариантта кеннің екі бөлігі қатар өндіріледі. Жыл сайын біріншісінен 0,6 млн. т., екіншісінен — 0,4 млн. т. 3-вариантта 12 жыл дәуір кендер, соңынан 8 жыл нашар кендер өндіріледі. 4-вариантта алғаш нашар бөлігі, соңынан тәуір бөлігі өндіріледі. Өндіру шығындары өгермейді десек, жиынтық тиім 46 млн. г. болады. Бірақ ол тиім дискенталғанда 3 вариантты 29,75 млн. т, 4-вариантта 18,51 млн. т. болады. Яғни кенді тәуір бөлігінен бастап пайдалану тиімдірек. Оның тиімділігі екі бөліктен қатар өндіруден 22%, 4-варианттан 60% артық. Кенді тәуір бөлігінен бастап өндіру оның тек қана тәуір бөлігін пайдаланудан да тиімдірек.
Әрине, іс-тәжірибеде варианттарды бұлай шектеу әрқашан мүмкін болмайды. Оған кеннің орналасу жағдайлары, т.б. әсер етеді. Кейде тек қана қатар өндіруді қолдануға тура келеді, әйтпесе оның нашар бөліп біржолата жоғалтылады (ысырап болады).
Өндіру қуаты арттырылғанда бағалау бөлгілерінің қалай өзгеретінін қарайық. Өндіріс қуатының артуы, тиімді алуды тездетеді. Сонымен қатар өндіріс өнімнің өзіндік құнын арзандатушы фактер болып есептеледі.
Бесінші вариантта өндіріс қуаты 1,67 млн. т., 20 млн. т. кен қорын 12 жылда өндіреді, шығынның шартты тұрақты бөлігінің үнемделу салдарынан кемуі 30% десек, өнімнің өзіндік құны 9,86 тг/т кемиді. Рента әр тоннадан 3,64 тг/т, барлығы (3,64-20)=72,8 млн. т. болады, ал дискентталған сомасы 49,47 млн.т. 5-вариант 2-вариаитқа қарағанда анағұрлым тиімді. Енді 6-влриантта 3-варианттағы сияқты алғаш кеннің тәуір бөлігі соңынан нашар бөлігі өндіріледі делік, өндіру қуаты 5-вариантпен тең. Кеннің тәуір бөлігі 7 жыл 2 айда, нашар бөлігі — 4 жыл 8 айда өндіріледі, өнімнің өзіндік құны алғашқысында 8,8 тг/т, соңғысында 11,44 тг/r болады. Барлық уақытта жиынтық рента 72,88 млн. г., дискенпалған рента 53,39 млм. т. Барлық варианттардан бұл тиімді.
Қорытынды
Тараудыц соңында мынандай қорытындылар жасаймыз:
1. Жер қойнауының пайдалы қазба байлықтары еліміздің ұлттық байлығы, демек оның құрамында есептеу үшін ақшалай бағалануы тиіс. Экономикалық бағалаудың шамасына негізінен өнімге қажеттілік, қордың жеткіліктілігі, географиялық орналасу жағдайы, геолегиялық сипаттары әсер етеді.
2. Неғұрлым сындарлы бағалау үшін геолегиялық, өндірістік-технолегиялық, әлеуметтік-экономикалық фактерлар есептелуі тиіс. Геолегиялық факторларға сәйкес, оларды сипаттайтын мәліметтер толықтырылған сайын, алғашқы зерттеулерден бастап кеніш толық игерілгенге дейін әр түрлі бағалаулар жүргізіліп тұрады. Өндірістік-технолегиялық факторлар, өндіріс қуаты, игеру мерзімі, т.б. экономикалық көрсеткіштер деңгейін қалыптастырады. Әдетте қуатты өндіріспен кен қорын оның тәуір бөлігінен бастап игеру тиімдірек болады.
3. Экономикалық бағалау шамасында кенді игеруге байланысты барлық шығындар жұмсалатын барлық сатыларында, кезеңдерінде мейлінше толық есептелуі тиіс және бағалаудың әрбір кезеңінде өнімге қажеттілік ескерілуі керек. Кен қорын зерттеу, барлау, игеру, пайдалану мерзімдерінің ұзақтылығына және ол жылдардағы экономикалық қажеттіліктің, тағы басқа көрсеткіштердің өзгеретініне байланысты уақыт факторы ескерілуге тиісті. Бағалаудың алғашқы сатыларында және аз уақытта қолданылатын көрсеткіштерді анықтағанда дисконттау тәсілін қолданбауға болады, ал ұзақ мерлімдік экономикалық бағалауда, кеннің тұрақты кондициясын, баланстық қорым анықтағанда ренталық табыстар міндетті түрде дискентталады. Алғашқысы -үлестік рентаны кен қорына көбейту арқылы алынуға мүмкін табыс шамасын анықтайды, екінші жағдайда дискенттау — кенді игеру кешеуілдетілген жағдайда алынатын табыстың құндылығы төмендейтіні көрсетіледі.
4. Пайдалы қазба байлық қорын экономикалық бағалау үшін, рента шамасын анықтауға мүмкіндік беретін шеткі шығын шамасы қолданылады. Құнды металдардың кендерін бағалағанда әлемдік баға деңгейі негізге алынады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Табиғатты пайдалану экономикасы» С. Мұқанұлы, Е. Үпішеев Алматы 1999 ж Экономика
2. Сатыбалдин, Төлешісов, Мұқаев «Табиғат байлығына егеменділік және оның құны» Алматы 1992 ж
3. Сағымбаев «Экология негіздері» Алматы 1995 ж
4. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 ж….