Реферат: География | Қорғалжын қорығы

0

Реферат: География | Қорғалжын қорығы казакша Реферат: География | Қорғалжын қорығы на казахском языке


Қорғалжын қорығы-құстар мен жануарлардың кеибір түрлерін сақтау және олардың табиғат өзгерісіне беиімделуін зертеу үшін құрылған Сарырқдағы қорық . қорық 1968 жылы 16- сәуірде үйымдастырылды . Ол Ақмола қаласынан Оңтүстік-Батыста 140км жерде орналасқан . Қорғалжын және Теңіз көлдерінің айдынын және олардың қамысты, нулы жағалауларындағы 2 мың км аумақты алып жатыр . Көлдердің тереңдігі Нұра мен Құланөтпес өзендері ағызып әкелген жыныстардың шөгуіне байланысты жылына 0,5-2,5 м –ге дейін өзгеріп отырады . Қорықтың климаты құстар мен жанурлардың тіршілік етіп , өсіп-өнуіне өте қолайлы келеді . Жазда 40 С ыстық , қыста (қаңтар айында )-40 С-қа дейін аяз болады : жылына 200мм шамасында жауын-шашын түседі. Жаз айларында мұнда Африка , Оңтүстік Европа және Үндістаннан млн-нан астам қаз , үйрек , 2млн-дай балшықшы , аққу , қызғыш қаз , ақ шіл , шағала , көгілдір үйрек , бір қазан , жапалақ , қарлығаш , тырна , көк құтан , т .б . құстар келеді . Көктем айларында бұларға арналып көл жағалаулары мен шөпті , ағашты алаңдарға мыңдаған ұя салынады , жабайы күріш сияқты дәнді өсімдіктер себіледі . Қорықта жануарлардан ақ қоян, көр тышқан , борсық , сайғаз , жабайы шошқа , т.б. кездеседі. Шортан , қызыл қанат, сазан , тұқы ,т .б. балықтардың өсіп өнуіәне толық мүмкіндік жасалған .
Қорық- туристер мен өлкетну әуесқойларының орны .
Орталық Қазақстанның үлкенді- кішілі шоқылық жерінің бір шетіне орнласқан көптеген аралдары бар , тың жердің арсында көсіліп жатқан үлкен ащы-тұзды көл . Теңіз көлінің ерекшелігі , оның көркем табиғатын тек алыстан көріп қана тамашалауға болады . Өйткені өның көркем жері тартпа батпақ , аяғыңды бассаң болды ақұырындап батпаққа кіре бересің . Теңіз көлінің жағалаулары тартпа батпақ боғандықтан одан адам өте алмайды .
Ол жерде тек ұшқан құс қана ұя салады, ұрпағын өсіреді . Теңіз көлінің көлемі 156 мың гектар, жағаларының ұзындығы 450 шақырым . Мүнда 60-қа тарта аралдар кездеседі . Жағалауында ешқандай өсімдік өспейдіктер өспейді , тек балдырларға ғана бай . Мұндағы жануарлр дүниесі де әр алуан . Қорық жерінде құстардың 225, сүтқоректілердің 30, қосмекенділер мен бауырымен жорғалушылардың 10-нан артық , балықтардың 12 — түрі тіршілік етеді .
Қорғалжын қорығының басты байлығы су құстары . Біз осыған дейін қорықтардың жануарларын айтқанда су құстары жайлы сөз қозғамадық , демек ол басқа қорықтарда су құстары жоқ деген, ой туғызбайды , қорықтарда олар бар , бірақ Қорғалжын қорығында құстардың көптігі сондай , әдетте Қорғалжын қорығын « құс базары » деп атайды . қорық территориясында 119 түрлі құс ұя салса , оның 106 түрі күзде басқа жаққа қоныс аудару кезінде кезінде осында мекендейді . Сондықтан да қорық ғалымдарымыздың туған өлкеміздің фаунасы мен флорасының дамуын зерттейтін лабороториясына айналып отыр . Олай дейтініміз қорық қызметкерлері белгілі ғалымдардың басшылығымен өздерінде кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін орта жағдайына бейімделуінің негізгі заңдылықтарын ашу мақсатында мазмүнды зерттеу жұмыстарын жүргізіәп келеді .
Қоқиқаздың мекені атанған Қорғалжын қорығында Қазақстанның « Қызыл кітабына » енген 20-дан артық құстың түрі мекен етеді . Олардың ішінде қоқиқаз немесе қызыл қаз , қарша қаз , ақбас үйрек , ақ тырна , дуадақ , безгелдек , бұйра бірқазан , жалбағай , қара ләйлек , ақ құтан , тарғақ , су бүркіті немесе балшықшы , ақ құйрықты бүркіт бар.
Теңіз – Қорғалжын көл жүйелері сыңсыған құс мекені . бірақ осы көлдердің көркі , мақтанышы қоқиқаз . қоқиқаздар мен Қорғалжын -Нұра –Теңіз көлдерінің тағдыры бір-бірімен ажыратқысыз . сондықтан да тіршілікті адамдар қалжыңдап былай деиді : «Қоқиқаздрдың арқасында көл , ал көлдің арқасында қоқиқаздар сақталып қалды». Қоқиқаздың сырт түлғасы сымбатты , салмағы 3 – 4 кг болатын ірі құс.
Тарихи деректерге қарғанда , қоқиқаз біздің елімізде үстіміздегі ғасырдың 41- жылдарына дейін Қара – Бұғаз көл шығанағында ұялаған , сол сияқты біздің республикамызда -Шалқар , Жаман ақкөл , Ащытастысор көлдерінде үйір-үйірімен жүрген. Қоқиқаздар жұбын бұзбай , колония құрып тіршілік етеді . Бір колонияда бірнеше мыңдаған қоқиқаздар болады . Ол кездерде арнайы қорық ұйымдастырылмаған кез , қоқиқаздрдың еті мен қызғылт қауырсыны үшін кез- келген адам тып ала берген , тіпті ммырлау кезінде , дәрменсіз , қанатсыз отырған құстарды таяқпен де ұрып алған кездер болған . Соның нәтижесінде елімізде қоқиқаздар біраз жерлерден үркіп кетіп қалса , екінші бір жерде олардың саны күннен – күнге азая берді.
Уақыт жылжып өте берді , Қорықтағы сирек кездесетін құстардың саны да көбейе бастады . Қазір ұя салатын қоқиқаздың саны шамамен 15 мыңға жуықтады десе болады .
Егер кімде – кім табиғаттың қайталанбас сүлу бейнесінің ажарын кетірсе , ия, сирек кездесетін андар мен құстардың санына азаюына нұқсан келтірсе халық алдында жауапкешілігін сезінуі кажет . ….


Полную версию материала можете скачать через !!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!