Реферат: География | Қазақстанның климаты

0

Реферат: География | Қазақстанның климаты казакша Реферат: География | Қазақстанның климаты на казахском языке

[quote]
Климат қалыптастыратын негізгі факторлар
Қазақтанның климаты шұғыл континентті.Қазақстан климаттық жағдайлар солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес,батыстан шығысқа қарай да өзгереді.Бұл климат қалыптастырушы факторлар әсерімен түсіндіріледі.(1-сурет)
Қазақстан климат қалыптастырушы негізгі факторлар (1-сурет)
Қазақстан географиялық орны мен әр түрлі ендіктерде орналасуына байланысты күн сәулесі солтүстікке қарай орналасқан бөлігіне аз түссе,оңтүстікке қарай бірітіндеп артады.
Сондықтан Қазақстан солтүстік-шығысында қыс өте қаталдығымен ерекшеленіп, ал оңтүстігінде қыс онша болмайды.Жазда Қазақстанның солтүстіктен басқа бөліктерінде жер беті қатты қызып,ауа температурасы едәуір жоғары болады.
Қазақстан бойынша жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімі әртүрлі.Жер шарындағы жауын-шашынның ең көп түсетін жер Қазақстандағы Батыс Алтайда,жалпы алғанда Қазақстан көпшілік бөлігінде,әсіресе ішкі аудандары мен оңтүстік-батысында климат өте құрғақ.Бұл құрлық аумағының өте үлкен болуына, ауа массаларының қасиеттеріне,жер бедерінің сипатына байланысты.
Қазақстан батысы мен солтүстігінде жазық өңірлердің басым болуы Атлант мұхитынан келетін жылы,ылғалды теңіздік ауа массалары мен Солтүстік Мұзды мұхит үстінен келетін суық желдердің оңтүстікке қарай еш кедергісіз қозғалуына мүмкіндік береді.Мұхиттардың Қазақстан климатына әсер ету дәрежесі мұхит ағыстарының қасиеттеріне,қысым аймақтарының орналасуына,басым желдерінің бағытына да байланысты.
Қазақстан шамалы аумақты алып жатқан биік таулы аудандарда климаттық жағдайлар биіктік белдеулер бойынша өзгереді.Биіктік климаттық белдеулер Тянь-Шань,Алтай тауларында айқын байқалады. Тянь-Шань мен Алтайда жылдың басым бөлігі аязды,ал жазы құрғақ болатын биік таулық климат тән.
Қазақстанның климатында оның территориясының аса көлемділігімен байланысты ерекшеліктері айқын көрінеді.Қазақстан негізгі бөлімінің қоңыржай белдеуінде болуы,шығысы мен орталық бөліктерінің тұтасатығы,мұхит бассейндерінің әсері,күрделі орография Қазақстанда аса алуан түрлі климат жағдайларын жасайды.
Қазақстанның климаты алуан түрлі.Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады.Белгілі климат зерттеушісі ғалым Б.П.Алисов Жер шарындағы бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа масаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.
Қазақстандағы климаттық белдеулер
Қазақстан алуан түрлі климат жағдайлары туралы толық мәлімет алу үшін климаттық белдеулерді қарастырайық.
Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулерге:арктикалық климаттық белдеу,қоңыржай климаттық белдеу,тропиктік климаттық белдеу және экваторлық климаттық белдеу.Өтпелі климаттық белдеулерге: субарктикалық климаттық белдеу, субтропикалық климаттық белдеу және субэкваторлық белдеу.Қазақстан негізгі климаттық белдеу – қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан.Шығысқа қарай Атлант мұхитының ықпалы әлсіреп,континенттік ауа массаларының әсері күшейгендіктен Орал тауына дейінгі аралықта климат қоңыржай континенттік сипатқа ауысады.Жаз жылы,қыс суық.Қыста ашық,аязды ауа райы жылымық күндермен алмасып отырады.Ауа райының мұндай құбылмалы сипаты әсіресе Шығыс Еуропа жазығына тән.
Белдеудің Солтүстік Қазақстаннан шығысқа қарай орталық бөлігінде жыл бойы континенттік ауа массалары басым болады.Сондықтан жазы ыстық,қысы суық,аязды болады.Қыста ауа температурасы –50˚ С-қа дейін төмендейтіндіктен жер бетінде тоңды қабат пайда болады.Қар жамылғысы жұқа.бұған Монғолия қалыптасатын жоғарғы қысымды аймақтан жан-жаққа таралатын суық әрі құрғақ континенттік ауа массалары себепші болады.Жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде азайып,тауларда артады.мұндай климат шұғыл континенттік деп аталады.Қазақстан жеріне осы аталған климат тән.
Қазақстанның климаты шұғыл континенті.Қазақстан климатының қалыптасуына арктикалық,қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа масалары әсер етеді.Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар,ең жылы ай – шілде.
Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар.Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -19˚С (Петропавл),оңтүстікте -2˚С (Дарбаза), кей күнднрі солтүстік-шығыста -54˚С-ге дейін барады.
Ең жылы ай – шілде.Шілденің орташа температурасы +19˚С,оңтүстікте +28˚С,+30˚С,ең жоғары температура солтүстікте +41˚С,оңтүстікте +47˚С болып келеді.
Радиациясы.Жиынтық радиация мөлшері солтүстіктен – оңтүстікке қарай 4200-5500 МДжм² тең.
Ауа қысымы.Қысымның әртүрлі болуына жер бетіне күн жылуының әркелкі таралуы себепші болады.Атмосфералық қысым ауаның жер бетіне,барлық заттарға түсіретін күші.
Қыста – ауаның қысымы жоғары.
Жазда ауаның қысымы төмен.
Қоңыржай,тропиктік,арктикалық ауа массаларды жыл бойы республика аумағында өтеді.
Жел – атмосферадағы ауаның жер бетіне параллель бағытта қозғалуы.Жел атмосфера қабатында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады,әрі жоғарғы қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады.ҚР-да кездесетін желдер: Сайқан,Ебі,Шілік,Арыстанды-Қарабас,Қордай,Мұғалжар желдері.Жоңғар қақпасында үнемі жел соғады.
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы

Қазақстанның ауа райы температураның қатты тербелісі мен жауын-шашын мөлшерінің аздығымен айқындалады.Қазақстан жері құрғақ болып келеді.Қазақстандағы жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-1600мм аралығында.Балқаш көлінің батыс бөлігінде жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-130мм.Қоңыржай теңіздің ауа массалары Қазақстан аумағына ылғал алып келеді.Жауын-шашын ең көп түсетін жер – 1600 мм (Батыс Алтай). Жауын-шашын солтүстікте орташа есеппен 400 мм (Петропавлда 425 мм),орталықта 275 мм,оңтүстікте 130 мм.
Қыста республиканың солтүстігінде жылдық жауын-шашынның 20-30%-ы,оңтүстікте 50-60% түседі.Солтүстікте қардың қалыңдығы 20-30 см,Қар жамылғысы жылына 125-165 күн жатады,оңтүстікте қардың қалыңдығы 10-15 см,40-60 күн жатады.Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктікке байланысты.Мысалы,Іле Алатауында,Мыңжылқыда (3036 м) қар жамылғысының қалыңдығы 90 см,230 күн қар ерімей жатады.
Жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды.
К – ылғалдану коэффициенті
Ж – жауын-шашынның жылдық мөлшері
Б – булану
К=Ж/Б
К>1 болса,ылғал жеткілікті (орманды дала,дала)
К


Полную версию материала можете скачать через секунд !!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!