Реферат: География | Дүниежүзілік нәсілдер құрамы

0

Дүниежүзілік нәсілдер құрамы
1.1 Жалпы сипаттама. Нәсілдер құрамы
Нәсілдер шығу тегі мен дене құрылымының тұқым қуалау белгілері бойынша тарихи тамыры ортақ адамдар тобы. Адамдар ең негізгі өзіндік белгілері бойынша: яғни терісінің түсіне, бет бейнесіне, дене құрылысына, шашына және көздерінің бітіміне қарай үш улкен нәсілге: еуропоеидтерге, манголойдтерге және негроидтерге бөлінеді. Бұл нәсілдер өте ертеде пайда болған және олардың атаулары да олардың шыққан жерлеріне сәйкестендіріліп берілген. әрбір нәсілдерден олардың кейбір белгілері жөнінен бір-бірінен айырмашылықтар жасайтын жеке тармақтар пайда болды. Мысалы : еуропеоидтерге екі тармаққа- солтүстік және оңтүстік, манғолоидтер екі тармаққа- азиялық және америкалық, негроидтер екі тармаққа-африкалық және австралиялық болып бөлінеді, ал кейбір әдебиеттерде австралоид атауымен жеке нәсіл ретінде беріледі.
Ғасырлар бойғы қарым-қатынас нәтижесінде үлкен нәсілдердің қабысу шегінде нәсілдік жағынан әр түрлі ауыспалы типтер пайда болып отырды. Негізінен, бұл өтпелі және аралас формалардың қалыптасуының үш кезеңін бөліп көрсетуге болады: ежелгі дүниеде, орта ғасырда, жаңа кезеңде пайда боғандар. Африкада ертеде оңтүстік еуропалық және негроидтық нәсілдердің арасынан судандық және эфиопиялық өтпелі типтер қалыптасқан. Бұлар бет бейнесі жағынан еуропалықтарға келсе, шаштары бұйра, ал өңдері қара түсті болып келеді. Ал Үндістанның оңтүстігінде ауыспалы форма-веддоидтік тип пайда болды. Сол сияқты австралоидтер мен манголойдтер арасынан-Индонезия, Малай, Филиппин халықтары қалыптасты. Осы тәріздес аралық формаларға жапондықтарды, полинезиялықтар мен микронезиялықтарды жатқызуға болады, бұлардың түр тұлғасында үш нәсілдің де белгілері бар. Орта ғасырлар мен одан берігірек жаңа кезкңде-жер шарының әр бөлігінде ертедегі ауыспалы формалар мен нәсілдер өкілдері арасынан аралас типтер қалыптасты. Мысалы олардың қатарына- Орта Азиялық және Оңтүстік Сібірлік типтер жатады. Оның құрылуына еуропеидтік қоныстанушылардың жергілікті бушмен және готтентоттар мен т.б. араласуынан түрлі-түсті топтар пайда болды. Латын Америкасы еліндегі мулатта, самболар мен метистер де аралас формаға жатады. Индонезиядан Мадагаскар аралына қоныс аударған оңтүстік манголоидтер жергілікті негроидтермен алаласып, өзге мальгаш атты антропологиялық типті таратты. Көптеген елдердің халық санағында олардың нәсілдік құрамын есепке алмайды. Сондықтан бір жеке нәсілдердің сандық мәліметтері туралы деректер жоқ.
Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты.
Дүние жүзінің белгілі бір халықтарының құрамында әр нәсілдік топтың өкілдері болуы немесе бірнеше ұлттардың бір-бірінен ерекшеленген антропологиялык айырмашылығы болмауы да мүмкін. Мысалы, Қытай, Тибет тіл жанұясында сөйлейтіе халықтардың барлығы да монғолоидтер,
( қытай, тибет, дұнған, чжуан, бирма т.б. халықтар). Ал Алтай және семит-хамит тіл семьясына келсек, мұнда нәсілдік типтердің айырмасын көреміз. Мысалы, монғол, якут, буряттар- таза монғолоидтер; ал қазақ, қарақалпақ, қырғыздар өтпелі монғолоидтер; түрік, әзірбайжан, гагауздер- оңтүстік еуропоидтер; өзбек, түркімендер, татарлар-өтпелі еуропоидтер. Немесе семит-хмит тіл семьясы бойынша, араб пен еврейлер-еуропоидтер, ал амхара мен судандықтар-негроидтік типке жатады. Үнді еуропа тіл емьясы халықтарының бралығы дерлік еуропалықтар. Банту тіл семьясы түгел негроидтер, ал америкалық үндістер тек монғолид нәсіліне жатады. әрбір үлкен нәсіл өкілдерінің сан мөлшері, планетамыздағы пайыздық үлес салмағы мен таралу географиясы төмендегідей. а) еуропоидтер- 2млрд 200млн адам. (дүние жүзі халқының-42%-нан астамы). Олар еуропа дүние бөлігі халқының 99%-ын, Австралияның 75%-н, Американың 52%-н, ал Азия халқының 30%-н құрайды. ә) монғолоидтер-бір миллиардтан аса адам. (дүние жүзі халқының 20%-н құрайды), осы нәсілге жататындар: Азия халқының 31%-н астамын, ал Америка континиентінің 6% тұрғынын құрайды; б)негроидтер-400 млн-н аса адам. (Жер шары халқының 7,5%-ы ), бұл нәсілдің негізгі өкілдері-Африка материгі халқының 54%-ы , Америка құрлығының 7%-н астамын құрайды; в) ал енді аралас және өтпелі нәсілдік типтерге келсек, олар дүние жүзі халқының 13-інен астамын құрайды. Және үлес салмағы жөнінен Азия 39%, мен 35% құрлықтарында жетекші орында.
Қазіргі адамзаттың дені үш нәсілге жатады. Экваторлық нәсілге терісі қара, бұйра шашты-негроидтар, шашы толқынды, денесі түктілеу, прогматизмді, жақ сүйегі біршама шығыңқы, жалпаққ мұрынды, қалың ерінді болып келетін-негро-австролоидтер:
Еуропалық нәсілдер-терісі ақ, шашы толқынды, денесі түкті, артоганотизмді, бет сүйегі мен мұрын қыры өте шығыңқы, еріндері жұқа;
Монғол нәсілдері- терісі сарғыш, шашы тік, қайратты, денесінде түгі аз, мезагнотизмді, бет сүйегі өте шығыңқы, таңқы мұрын, еріндері біршама қалың, эриантусты, қиық көзді, қалың қабақты болып келеді.
Нәсілдер бас пішіміне, дене бітіміне, ал еуропалық нәсіл үшін, сонымен қатар шаш пен көздерінің түсіне қарай отызға тарта нәсілдік тармаққа бөлінеді.
Адамдардың нәсілідік пайда болуын – олардың шыққан тегі арқылы, физиалогиялық белгілері арқылы білеміз. Олар негізгі үш нәсілден тұрады – еуропалық (еуразиялық), монғолоидтық (азия – американдық), негроидтар (африкалық) және аралас нәсілдер. Кейбір аймақтарда өтпелі нәсілдермен қоса аралас нәсілдер де кездеседі. Аралас нәсілдердің шығу тегін ажырату қиын, оларды екі нәсілдердің араласуы нәтижесінде пайда болғанын көрсетуге болады немесе олар қазіргі кездегі нәсілдердің пайда болуынан бірнеше уақыт бұрын пайда болған.

1.2 Негроид нәсілі
Негроид нәсілдерінің – шаштары бұйра, қара болып келеді, қызыл – қоңыр көзді, терісі қара, таңқы мұрын болып келеді. Терісі ыстыққа шыдамды. Еріндері қалың болып келеді. Негроид нәсіліне тән халықтвң басым көпшілігі Африка континиентінде мекендейді. Сахараның оңтүстігіне таман «негрлер» деп аталатын халық мекендейді. Сонымен қатар оларға Орталық Африка пигмейлері, олар негізінде азиялық негроидтарға ұқсас келеді. Оңтүстік Африкалық бушмендер мен гаттеноттар да осы негроид нәсіліне жатқанымен, олардың монғолоидтық нәсілдерге тән белгілері бар. (түсі сарғыш, беті жалпақ, эпмкантус).
Адамдардың нәсілідік пайда болуын – олардың шыққан тегі арқылы, физиалогиялық белгілері арқылы білеміз. Олар негізгі үш нәсілден тұрады – еуропалық (еуразиялық), монғолоидтық (азия – американдық), негроидтар (африкалық) және аралас нәсілдер. Кейбір аймақтарда өтпелі нәсілдермен қоса аралас нәсілдер де кездеседі. Аралас нәсілдердің шығу тегін ажырату қиын, оларды екі нәсілдердің араласуы нәтижесінде пайда болғанын көрсетуге болады немесе олар қазіргі кездегі нәсілдердің пайда болуынан бірнеше уақыт бұрын пайда болған.
Негроид нәсілдерінің – шаштары бұйра, қара болып келеді, қызыл – қоңыр көзді, терісі қара, таңқы мұрын болып келеді. Терісі ыстыққа шыдамды. Еріндері қалың болып келеді. Негроид нәсіліне тән халықтвң басым көпшілігі Африка континиентінде мекендейді. Сахараның оңтүстігіне таман «негрлер» деп аталатын халық мекендейді. Сонымен қатар оларға Орталық Африка пигмейлері, олар негізінде азиялық негроидтарға ұқсас келеді. Оңтүстік Африкалық бушмендер мен гаттеноттар да осы негроид нәсіліне жатқанымен, олардың монғолоидтық нәсілдерге тән белгілері бар. (түсі сарғыш, беті жалпақ, эпмкантус).
1.3. Еуропоид нәсілі
Еуропоид нәсідеріне тән белгілер – шаштары бұйра немесе тік, түсі түрліше; сі ақшыл.
Оңтүстік Батыс Азия, Солтүстік Америка және Оңтүстік Еуропада үш негізгі топқа бөлінеді: Оңтүстіктегі еуропоидтарға тән блгілер – терісі ақшыл, шаштары қара, көздері қара, қыр мұрынды, еріндері жінішкелеу келеді. солтүстүк бөліктегі европоидтерге тән белгілер терісініңк түсі ақшыл ,көздері көкшіл, жирен және ақшыл түсті шаш тән. Оңтүстік европоидтерді таралу ареалына байланысты жерорта теңкіздік-үнді нәсілі деп атайды. Жерота теңіздік нәсілді батыста — үнді африкалық, ал шығыста адриатикалық немесе диинарлық, азиялды, арменоидттер және памир-феерғаналақ (Тәжіктер, өзбектердің бір бөлігін жатқызамыз. Аралас нәсілдерді келесі топтарға жіктейміз. Олар альпілік –Швейцария, Франция, ФРГ, Австрия және Италияға жуық жатқан аудандардың халықтары жатады. Ортаеуропалық нәсілдерге-оңтүстіктегі немістер, Австриялықтар, Венгрлер, чехтер, словактар, батыс украйндер, оңтүстік беларусстер, лиитвалықтар жатады. Шығысеуропалық нәсілдерге-орыстар, солтүстік украиндер және белерусс халықтары жатады. Кейбір ғалымдар ақшыл еуропоидтерді солтүстік батыс(атлант-балтық құрамына жататын- Ұлыбббритания, Нидерланды солтүстік ГФР, скандинавиия елдері Латвия, эстония, батыс Финляндия елдерінің халқын) және солтүстішығыс (ақ теңіз балтық құрамына жататын орыстар т.б) ажыратады. Шығыста еуропоидтер ерте замандардан бері моғолоидтармен шатысуы нәтижесінде солтүстік шығыс сібірде және қиыр шығыста оралдық нәсіл-ханттар, монсейлер т.б пайда болды. Монғолоидтар мен еуропоидтар араласуы нәтижесінде бет пішіні жіңішке, аққұба, үлкен жалпақ мұрынды нәсілдер пайда болды. Сонымен қоса лопоноид (саам ) нәсілі, ол жайында кем айтылған. Бұл нәсілге удмурд, ком, марий, морт топтары жатады. Орал және енесей аймақтары арасынрда монғолоидтармен еуропоидтардың қосылуы нәтижесінде оңтүстік сібірлік нәсіл пайда болды. Орта ғасырларда орталық және орта азияда еуропоидтармен монғолоидтардың араласқан популяциясы — өзбектер, ұйғырлар, саларлар пайда болды.
1.4. Монғолоид нәсілі
Монғол нәсілдері- терісі сарғыш, шашы тік, қайратты, денесінде түгі аз, мезагнотизмді, бет сүйегі өте шығыңқы, таңқы мұрын, еріндері біршама қалың, эриантусты, қиық көзді, қалың қабақты болып келеді. көзптеген белгілер бойынша оларға американдық үнділер тән. Азиялық монғолоидтар екі негізгі топқа бөлінеді: тынықмұхиттық және континенттік. Континенттік монғолоидтар солтүстүк азиялық нәсілге (эвенктер, эвендер, ююкагирлер, якутьтер, бурьяттар, негидальдер, орохтер) және ортаазиялық нәсілге (монғолдар, буряттар, якуттер, тувииндер, оңтүстік алтайлықтар ) ажыратылады. Солтүстік топқа кіретін үндімұхиттық монғолоидтарға — солтүстік қытайлықтар, солтүстік тибеттіктер мен кәрістер жатады. Континенталдық және тынықмұхиттық монғолоидтықтардың арасынан эскимостық нәсіл ( эскимостар, алеуттер ) жалпақ бетті және тар танаулы нәсілдер пайда болды. Оңтүстікке қарай тынықмұхиттық монғолоидтармен бірге өтпелі оңтүстік азиялық малай нәсілі тән. Оңтүстік азиялық нәсілге – оңтүстік қытайлықтар, Вьетнам халқы, Тайланд, Бирма, малайлықтар, Индонезия, Филиппин ( яванцтар, тағалдар, бисапалар) халықтары жатады. Австралоидтар терісінің түсі қоңыр, кең танаулы , қалың ерінді келуі оларды негроидтармен жақындатады.
Нәсілдер генетикалық құрамына қарай екі топқа ажыратылады: батыс және шығыс. Шығыстық нәсілге – еуропойдтық, австропоидтық, негроидтық нәсілдер тән. Ал шығыс топқа – монғолоидтар тән.
Шетелдік Еуропаға. Шетелдік Еуропаға тән халықтардың түгелі дерлік еуропоид нәсіліне жатады. Исландия, Ұлыбритания, Ирландия, Нидерланд, ГФР аумақтарында солтүстік еуропоидтық – атлант балтық нәсілдері жатады. Пиреней түбегінің, Оңт. Шығ. Франция, Оңт. және орт. Италия Оңт. Греция, Жерортатеңіздік аралдардың халқы – жерортатеңіздік нәсілге, ал Югаславия, солт. Греция, Оңт. Еуропаның кейбір аудандарында мекендейтін халықтарға оңт динарлық нәсілдер тән. Еуропа халқының қалған бөлігі аралас нәсілдерге тән болып келеді.
1.5. Аймақтар бойынша нәсілдердің таралуы
Шетелдік Азия. Еуропоидтарға жататын — нәсілдер: жерортатеңіздік, үнді – ауғандық, пмиро – ферғандық түрлері Оңтүстік батыс Азия және Солтүстік Үндістан аймақтарында таралған. Азиялық монғолдар – Солтүстік және Шығыс болып бөлінеді. Оңтүстіктегі монғолоидтарға – Оңтүстік қылайлықтар, Индонезия, филиппин, үндіқытай халқы жатады.
Африка. Африка материгінің 54% халқы негроидтық нәсілге тән. Олар оңтүстік Сахара аудандарында мекендейді. Оңтүстік еуропоидтықтар Африканың 74% құрайтын нәсілдер болып табылады. Олар солтүстік континенттен Сахараға дейінгі аралықты жайлаған. Оларға аврлармен берерлердің басым бөлігі кіреді. Ал материктің қалған бөлігінде аралас нәсілдер мекендейді. Африкаға эфиопиялық нәсілдер ерте кезден бастап – ақ тән болатын. Елдің шығысына қарай батыс Судандық аралас нәсілдер жайлаған. Арабтармен күрес кезінде материкке араб тілдес оңтүстік еуропоид нәсілдері енді. Оңтүстік шығыс Азиядан келген монғол тектестер мен еуропоидтық нәсілдердің араласуынан Мадагаскарда малагаси типіне жататын нісілдер пайда болды.
Америка. Мұндағы ерекше нәсілдік құрамы бар халықтың шығу тегі үлкен үш нәсілдің қатысуымен пайда болды. Абаригендік халық – үндістер, эскимостар мен алеуттер, Мексика тау қыратының, Аннд және ооңтүстік Американың ішкі аудандарында біркелкі аз тараған. Олар монғолоидтық аралас нәсіл типіне жатады.
Қазіргі таңда Американың 90% халқы европоид нәсіліне кіреді. Америка халқының екінші қатарында метистер, үндіеуропалық типке жататын нәсіл тән. Олар Американың біраз бөлігінде тараған. Айта кетсек Мексика, орталық Американың бірқатар республикалары, Венесуэла, Чили, Парагвай т.бмемлекеттерінде тараған. Еуропалықтар мен Африкалықтардың араласуы нәтижесінде пайда болған мулаттар АҚШ-тың территориясында тараған. сонымен қатар афро американдық мулаттар Бразилия, Куба, Венесуэла мемлекеттерінің территорияларында тараған. Сонымен қоса бұл аймақтарда үнді-негритяндық(самбо) және үнді негритияндық-еуропалық нәсілдер тараған.
Американың негроидтық нәсілдері Африкадан келген құлдармен араласуы нәтижесінде пайда болған. Негроидтардың еөпшілік бөлігі Бразилия және АҚШ, Гаити,Ямайка тұрғындарды құрайды.
Австралия және Океания елдері. Бұл аймақтардағы халықтың басым көпшілігі еуропоид нәсілдерінің келуіне дейін, жергілікті нәсілдер екіге бөлінген. Олар – австралоидты және папуасско – малинезейліктер.
Шығыс және Солтүстік Океания елдерінде Полинезия мен Микронезия аймақтарында ірі үш нәсілден құралған халық қоныстанған. Австралия және Жаңа Зеландияда еуропоид нәсілінің саны аз кездеседі. Океандықтар мен еуропомдтардың араласуы Азия, Полинезия, Микронезия және Фиджи, сондай – ақ Калледониядан келген келімсектермен араласуы нәтижесінде метистер пайда болды. Халықтың 77% — н еуропоидтар құрайды. Маленезиялықтар мен папуастар -16,5% — н құрайды. Полинезиялықтар мен микронезиялықтар жергілікті халықтың 4,2% — н ғана құрайды. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!