Реферат: География | ДҮНИЕ ЖҮЗІНІҢ САЯСИ КАРТАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүние жүзінің казіргі саяси картасының қалыптасуына адамзаттың тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ықпалы зор. Бұл — өте ұзақка созылған, мыңдаған жыл тарихы бар процесс. Адамзат қоғамының дамуы бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізді. Осыған сәйкес дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуының да әр түрлі кезеңдері бар. Қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйене отырып, дүние жүзі саяси картасының қалыптасуын төмендегідей кезеңдерге бөлеміз: ежелгі, ортағасырлық, және қазіргі заманғы. Осы себепті саяси картаны «дәуір айнасы» деп бекер айтпаймыз.
Ежелгі кезең (б. з. V ғ. дейін) — алғашқы қауымдық құрылыстың соңы мен құл иеленушілік дәуірді толық қамтиды. Жер шарындағы ең алғашқы мемлекеттік құрылымдар — Египет, Ежелгі Қытай, Парсы патшалығы, Финикия, Ассирия, Ежелгі Грекия мен Рим империясының және басқаларының дамуымен немесе күйреуімен сипатталады. Осы мемлекеттер әлемдік өркениетке зор үлес қосты. Сол кезеңде жер бөліктеріндегі негізгі келбетті өзгерістер әскери күш қолданысы арқылы жеңіске жеткендердің есебінен жүзеге асырылды.
Келесі ортағасырлық кезеңде (V—XV ғғ.) саяси картаның қалыптасуы феодализм заманымен тұстас келеді. Феодалдық мемлекеттердің саяси билік құрылымдары құл иеленушілік құрылыстан гөрі күрделі әрі жан-жақты еді. Оларда жер аумақтарын жаулап алу мүддесі айқын байқалып отырды. Осы себепті ұлан-байтақ жерді мемлекеттер үнемі бөлісумен келді. Ол заманда жер шарының көптеген аймақтарының саяси картасы өте тұрақсыз еді. Ондай мемлекеттер сапында: Византия, Араб халифаты, Киев Русі, Шыңғыс хан және Осман империялары, Франция мен Англия, т.б. болды.
Жаңа кезең (XV ғ. соңынан — XX ғ. басына дейін) — капитализм дәуірінің пайда болуына, өрлеуіне және орнығуына сәйкес келеді. Капиталистік қоғамдық қатынастардың бас кезінде болған Ұлы географиялық ашылулардың өзі Жаңа Дүние материктеріне жол салып, дүние жүзі картасын үлкен өзгеріске ұшыратты. Ол адамзат баласына жат құбылыс — отаршылдық, құлдар саудасы және еріксіз түрде өз діндерін жергілікті ұлт өкілдеріне күштеп таңуға ұласты. Әсіресе дүние жүзінің саяси картасын бөлісу жолындағы күрес отаршыл мемлекеттер арасында XIX ғасырдың ортасынан XX ғасырдың бас кезіне дейін барынша еріді. Мұны біз Африка материгі мысалынан айқын көреміз. 1876 жылы осы материктің бар-жоғы 10%-ы еуропалық мемлекеттердің отары болса, ал 1900 жылы бұл көрсеткіш 90%-дан асты. XX ғасырдың басында дүние жүзінің саяси картасы түгелдей өзгеріп, ендігі жерде оны күштеп қана қайта бөлуге тура келді. Ол ірі державалар арасында әскери-саяси топтар құруға және оны қайта бөлісу үшін болған аймақтық қақтығыстар мен Бірінші дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқты.
Қазіргі саяси картаға тарихи-географиялық шолу. Қазіргі заманғы, яғни саяси картаның қалыптасуындағы ең жаңа кезеңнің басталуы Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен тұспа-тұс келіп, ол бүгінге дейін созылуда.
XX ғасырдың басында жер шарында тәуелсіз дербес мемлекеттер саны 55 болса, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары олардың саны 81 -ге жетті. Бұл елдердің Исландиядан басқасы өз саяси тәуелсіздіктеріне қол жеткізе алған Азия құрлығының жас мемлекеттері болды. Олардың қатарында осындағы аса ірі елдер — Үндістан, Индонезия, Пәкстан, Филиппин, т.б. бар (қосымашдағы 2-кестені қараңдар). Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығы мен одан кейінгі уақыт казіргі саяси картаның бірінші немесе алғашқы кезеңі деп аталады. Бұл кезең Ресей, Австрия-Венгрия, Осман империяларының ыдырауымен, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО), т.б. мемлекеттердің құрылуымен және социалистік жүйе елдерінің саяси картада пайда болуымен сипатталады. Сонымен бірге осы кезең аймактың қақтығыстар мен дүниежүзілік соғыстарды болдырмай, ауыздықтау сипатында құрылған халықаралық ұйым — Ұлттар Лигасының (ҰЛ) (1920 ж.), әсіресе қазіргі кездегі аса беделді Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) (1945 ж.) құрылуымен ерекшеленеді.
1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92-ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада — Гана (1957 ж.) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл «Африка жылы» болып есептелінеді. Өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. Отаршылдықты жою процесі басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды.
Осы заманғы саяси картаның алғашкы кезеңі мен 1980 жылдардың соңғы межесіне дейінгі уақытты шартты түрде оның екінші кезеңі дейді. Бұл кезеңде отарлық империялар ыдырап, олардың орнында ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінде дамушы елдер деп аталынатын жүзден астам жас тәуелсіз мемлекеттер саяси картада пайда болды.
1990 жылы планетамызда егеменді ел 171-ге жетті. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық-этникалық құрамы негізінде екі Йемен — Солтүстік жәнеОңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет — Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екі Герман — Батыс және Шығыс Германия мемлекеттері бірікті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия Федерациялық Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991 жылдың қаңтары карсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169-ға дейін қысқарды.
1991 жылдың қыркүйек айында Балтық маңы елдері — Литва, Латвия және Эстония тәуелсіздіктерін алды. 1991 жылдың соңында КСРО ыдырағаннан кейін, оның орнында егеменді, жас тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Олар: Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Армения және Грузия республикалары. Осы аталған мемлекеттер енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құрды.
Югославия Социалистік Федеративтік Республикасында басталған саяси науқан қарулы қақтығыстар мен соғысқа айналып, ақырында оның ыдырауына әкеліп соқтырды. Югославияның құрамындағы бұрынғы одақтас республикалардың орнына келесі тәуелсіз мемлекеттер пайда болды: Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония. Тек Сербия мен Черногория республикалары ғана алғашқы — Югославия Одағына бірікті, кейіннен федеративтік құрылымдағы аталмыш республикалар атауымен қайта жаңғарды. Бірақ осы екі республика арасында, әсіресе Сербияның Косово және Метохия аймағында саяси даудамайлар әлі де өршіп тұр.
Сол сияқты Босния және Герцеговинадағы үш қауымдастықтың бір-бірімен қарама-қайшылықтары (серб, хорват және мұсылман қауымдары) мен екі жақты саяси кереғарлықтар (хорват мұсылман және серб топтары арасындағы) осы уақытқа дейін толық шешуін таппай отыр. Ал Македонияға келсек, оған Грекия үкіметі іштей өзінің қарсылығын өлі білдіруде. Оның басты себебі — елдің «Македония» деп аталуына келіспеушілігі. Жалпы, Македонияның Югославия құрамына ену кезінен қалған Болгариямен арадағы өзара түсініспеушіліктері тағы бар. Осы екі мемлекеттің Македонияның БҰҰ-ға мүше болып кіруінде дауыс беруде қалыс калуына байланысты Югославия құрамында болған басқа республикаларға қарағанда оның БҰҰ-ға мүшелікке енуі біраз кешеуілдеді.
1993 жылдың қаңтарында Чехо-Словакия Федерациялык Республикасы өзінің бірігіп өмір сүруін тоқтатып, оның орнында тәуелсіз екі мемлекет: Чехия және Словакия республикалары құрылды. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының осы үшінші кезеңіне өзіміз куә болып отырмыз. Біртұтас Кеңес Одағы, Югославия және Чехо-Словакия Федерацияларының бұрынғы республикаларының егемендік алуы, социалистік жүйенің ыдырауы мен басқа да тәуелсіз мемлекеттердің (Эритрея, Палау, Шығыс Тимор) пайда болуы және бүгінгі таңдағы дүние жүзі картасындағы кептеген саяси өзгерістерді осы соңғы кезеңге жатқызамыз.
Қазіргі кезде дүние жүзінің саяси картасында 200-ден астам егеменді тәуелсіз мемлекеттер бар. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына 194 мемлекет мүше (қосымшадағы 1-кестені қараңдар). Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ-ның құрамына, оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешімі бойынша қабылданды. Мысалы: бұрынғы КСРО мен Югославия республикаларын БҰҰ-ға қабылдау рәсімі 1992 жылдың көктемінде жүзеге асты.
Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары. Егеменді мемлекеттермен қатар казіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршедігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол ав-тономиялық құрылымнан (1994 ж.) өлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.
Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1. Отарлар,яғни БҰҰ-ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді аумақтар, бұларға бостандық берілуі қатаң түрде талап етіледі.
2. Негізгі аумақтар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жер, бірақ олар БҰҰ-ның тізіміне кірмеген. Себебі оларды басқарушы мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар «теңізден арғы департаменттер немесе аумақтар», «еркін қауымдастықтағы мемлекеттер», т.б. болып табылады. Мұндай жерлер Мұхиттық аралдар мен Кариб теңізі алабында жиі кездеседі. Бұл елдердің барлығы дерлік жер аумағы және халқының саны жағынан шағын мемлекеттер.
Отарларды жою процесі өлі де жүріп жатыр, бірақ өткендегімен салыстырған-да — баяу. БҰҰ-ның тізіміндегі ең ірі отарлық иелік — Намибия 1990 жылғы наурызда (халқы 1,9 млн) өз саяси дербестігін алды. 1976 жылдың ақпанында Испания иелігінде болған Батыс Сахара жері өз тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Батыс Сахарада 15 жылға созылған қарулы қақтығыстан кейін (ұлт-азаттық. «Полисарио» майданы, Марокко жөне Мавритания арасындағы кақтығыс), 1991 жылдың қыркүйек айынан бастап соғыс қимылдары ресми түрде тоқтатылып, келіссөз жүргізілді. Кейіннен Мавритания үкіметі өзінің оған деген аумақтық талаптарынан бас тартты. Бұл жерде енді БҰҰ-ның ұйымдастыруымен референдум (тәуелсіздік немесе Мароккомен интеграция) өткізілмекші. 1996 жылдан бастап «Полисарио» майданы мен Марокко арасында тікелей келіссөздер ендігі жерде БҮҮ мандаты жүйесі тұрғысынан қайта жанданды. Бірақ өлі де толық бір мөмілеге келген жоқ, екі арада жөне бүл мәселеде Марокканың көршілес елдермен (Алжир, Ливия) арасындағы келіспеушіліктер бар.
Ал Сянган (Гонконг) мен Аомыньның (Макао) тағдыры еткен ғасырдың соңында анықталды. «Бір мемлекет — екі түрлі жүйе» ұстанымы негізінде ҚХР-дың құрамына енді. Қытай үкіметі Тайваньға да жоғарыда аталған ұстаным негізінде біртұтас мемлекет болып емір сүруді ұсынуда.
Жалпы отарларға келетін болсак, олардың көбісін метрополия бірінші кезекте әскери-стратегиялык мақсатта пайдаланылуда, сол сияқты отарлар олардың баска да саяси-әлеуметтік және көліктік-экономикалық қызығушылық-тарын туғызуда. Сондықтан отаршыл-метрополиялар оларды мүмкіндігінше өз қолында ұстап тұруға тырысуда. Осы себепті де Испания мен Ұлыбритания арасындағы Гибралтардың мөртебесі туралы тартыстың шегі жоқ сияқты . АҚШ-тың көптеген әскери-әуе және әскери-теңіз базалары оның отар аралдарында және онымен қоса Ұлыбританияға қарайтын Үнді мұхитындағы Чагос архипелагының аралдарында (олардың ішінде Диего-Гарсия да бар) орналасқан. Сонымен қатар осы Гибралтар бұғазындағы Испанияға қарасты Перехилъ (арабша аты—Ләйла)аралдары үшін Испания мен Марокко арасындағы талас та, мароккондық аумақта орналасқан испандық -Сеута және Мелилья (бұларды 1640 жылы Испания жаулап алған) қалалары төңірегіндегі дау-дамай да өршіп тұр (тақырыптағы — Еуропаның қазіргі саяси картасын қараңдар).
Франция өзінен шамамен 17000 км арақа шықтықта орналасқан Полинезияны 1958 жылдан өзінің «теңізден арғы аумағы» деп жариялап, онда (Муруроа аралы) мұхит кеңістігінде өлі күнге дейін ракеталық-ядролық қаруын сынақтан өткізуін тоқтатпай отыр (жұртшылыққа осыдан он шақты жыл бұрын мұндағы полигонында Францияның бірнеше дүркін ядролық жарылыстар жасағаны белгілі). Ал Францияның Оңтүстік Америкадағы тағы бір отары — француз Гвианасы «теңізден арғы департамент» болып саналады. Оның Куру қаласы маңында 1968 жылы салынған ғарыш орталығы мен ғарыш айлағын Франциямен қоса бірнеше Батыс Еуропа компаниялары да Жердің жасанды серіктерін ұшыруға бірлесіп пайдалануда.
Дүние жүзінің қазіргі саяси картасындағы түйінді мәселелер. Тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, дамуы, қалыптасуы немесе оның ыдырауы мен егемендігінің жойылуы, мемлекет атының өзгертілуі, астаналардың көшірілуі, шекаралардың өзгерісі, т.б. мөселелер аса күрделі тарихи-қоғамдық процесс болып табылады. Бұл процестер — саяси, әскери, әлеуметтік, экономикалық, діни, этникалық, т.б. көптеген ішкі және сыртқы факторлармен анықталады. Осындай жағдайда көптеген жылдар, кейде ғасырлар бойы, кейбір елдер мен халықтардың еміріндегі күрделі мәселелер қордаланып, шешілмей қалады. Солардың ішінде аумақтық және шекаралық келіспеушілік те аз емес .
Халықаралық, маңызы бар мұндай дау-шарлардың шығу себептері әр түрлі. Олар, негізінен алғанда, әр қилы таластартыстар, әсіресе соғыстар мен қакты-ғыстардың әсерінен немесе баска елмен шекара туралы шарт жасасқанда туын-дайды. Шекараны отаршылдардың, болмаса, жеңуші елдердің күшпен белгілеуі салдарынан олардағы этникалық жағынан біртекті халықтар тұратын аумақтар-дың белшектенуі де байқалып отырады. Сол сияқты шекараны табиғи шептер арқылы белгілеп жүргізудің қиындығы (Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда, т.б.) немесе олардың жаңадан игерілген аумақтар арқылы жасанды геометриялық, және астрономиялық түзу сызықтар мен географиялық координаттар арқылы ойша жүргізілуі (Канада, Австралия) себептерінен болады . Мұндай аумақтарды — дүние жүзінің қазіргі саяси картасынан анық кәруге болады. Осындай «түзу сызғыш немесе циркуль бойымен алынған аумақтар» шекара дауының басты себептері болып табылады. Мәселен, Африка елдерінің шекарасының 1/3-і геометриялық және астрономиялық сызықтармен, яғни түзу сызықтар, параллельдер мен меридиандар бойынша жүргізілген. Онда мәдени-ұлттық аумақтар мен табиғи шептер ерекшеліктері тіптен ескерілмеген.
Халықаралық проблемалар жөніндегі мамандардың тұжырымдауынша, планетамызда — аумақтық, шекаралық, т.б. дау-жанжалдар ошағы болып табы-латын шамамен 300-дей пункт бар деп есептелінеді. Ал оның 100-ден астамында аса күрделі шиеленіскен түрдегі қарама-кайшылықтар бар. Мұндай «кикілжіңді еңірлер» тек сол елдердің шекара маңында ғана емес, кейде аса үлкен арақашық-тықтарда да байқалады (мысалы, Ұлыбритания мен Аргентина арасындағы даулы Оңтүстік Атлантикадағы Фолкленд аралдары).
Батыс елдері ғалымдарының бағалауынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі және өткен ғасырдың соңына дейінгі аралықта әлемде шамамен 450-ден астам әр түрлі масштабтағы екі-үш немесе одан да көп елдер араласқан қарулы қақтығыстар болған, яғни орта есеппен бір жылда он шақты рет . Әрине, мұндай көп жылдарға созылған дау-жанжалдардың, әсіресе соғыстар мен ірі қарулы қақтығыстардың белгілі бір себеп-салдары болады. Қақтығыстардың шығуының шамамен тең жартысына аумақтық және шекаралық даулар негізгі себеп болып табылуда. Осындай себептерден, Иран мен Ирак (1980—1988 жж.) арасындағы сегіз жылра созылған қантөгіс соғыс туды.
Үндістан мен Пәкстан арасындағы шекара, шын мәнінде, «діни шекара» болып табылады. Ал Жамму мен Кашмир штатындағы демаркациялық сызық мемлекеттік шекара ретінде әлі де тұрақталған жоқ. Ол осы екі ел арасындағы шешілмеген түйін күйінде қалып, олардың милитарландыру саясатына бой ұруына негізгі себеп болуда. Нәтижесінде — осы екі ел ядролық қақтығыс қаупінде тұр. 1990 жылдардың ортасында дүние жүзі бойынша 50-ге жуық соғыс әрекеттері тіркелген. Оның жартысы Азйяда, 1/3-і Африкада, ал қалғаны Латын Америкасында. Сол кезде Еуропада, Балқан түбегіндегі мемлекеттерде (бұрынғы Югославия) және Солтүстік Ирландияда соғыс қимылдары болған. Бүгінде өлемнің 40 елінде қарулы қақтығыстар әлі жалғасуда, ал дүние жүзі бойынша 25 миллионнан астам босқындар ресми түрде тіркелген. Қазіргі таңда халықаралық қатынастарда жаңа кезең туындап, аймақтық жанжалдарды саяси құралдар арқылы шешуге әлемдік қауымдастық бет бұрды. Оның ішінде бұл процеске егеменді еліміз Қазақстан өз үлесін үстемелеп қосып келеді.
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ЕЛДЕРІН ТИПКЕ БӨЛУ
ЖӘНЕ ТОПТАСТЫРУ
Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлілігі және типологиясы. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар (қосымшадағы, 1-кестені қарацдар). Әлемнің сан алуан елдері бір-біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсысының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т.б. белгілеріне қарай ерекшеленеді. Осы себепті оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау арқылы жекелеген түрлерге бөлеміз. Әдетте, елдердід жалпы әлеуметтік-экономикалық деңгейі мен өндірістік қатынастарының даму дәрежесіне негіздеп саралау басым. Бұл негіздемелер елдерді типке бөлудегі басты белгілер болғанымен, оны біз мәңгілік өзгермейтін ұстаным деп есептеуімізге өсте болмайды. Сонымен қатар қазіргі құбылмалы дүниеде оның бір түрінен екіншісіне өту немесе қайта оралу процестері нақтылы түрде болып отыр.
Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп жіктеу Қазан революциясынан кейін, әсіресе жүйелі түрде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әр түрлі саяси-қоғамдық құрылыстар негізінде пайда болды. Елдерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығына дейін үш типке бөліп келді: социалистік, дамыған капиталистік, дамушы елдер.
ТМД және Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Азия мен дүниенің басқа бөліктерінің кейбір елдеріндегі бертіндегі біраз жылдар ішінде болған түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты «социализм жүйесі» типологиясы өзінің көп бөлігін жоғалтты. Бірақ қазіргі кезде социализм құрылысын ұстанып отырған мемлекеттер дүние жүзінде бар, олар Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары.
Жалпы экономикалық-географиялық типологияға статистикалық сандық көрсеткіштер негіз етіп алынғанымен де, бұл кешенді түрдегі географиялық типология. Әдетте, дүние жүзі елдерінің экономикасының әлеуметтік кұрылымында шаруашылықтың белгілі бір сферасы басымдық көрсетеді. Мәселен, дамыған елдерде басты орынды өңдеуші, әсіресе басқару және қызмет көрсету секторлары алады. Ал дамушы елдердің барлығы дерлік тарихи жағынан бұрынғы отар немесе жартылай отар елдер болғандықтан, шаруашылығы көп укладты әрі онда ауыл шаруашылығы (орман, балық, т.б.) және өндіруші (отын, шикізат, т.б.) өнеркәсіп салалары басым болады. Мәселен, көмірсутек экспорттаушы елдер (Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт, Бахрейн, т.б.)- Осы себепті оларда аграрлық, болмаса, минерал-шикізаттық мамандану мен әлемдік экономикалық жүйеге бағыныштылығы орын алады.
Елдердің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрлеуі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің тек сандық қана емес, сапалық жағын да қарастырады. Негізінен, дамушы елдерге тән экстенсивті жолменен дамудан, интенсивті типтегі дамыған елдерде еңбек өнімділігі аса жоғары. Олар мұндай нәтижеге өндірісті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, ҒТП мен технологияның озық түрлерін пайдалану және жұмыс күшінің мамандану дәрежесін арттыру арқылы жетіп отыр. Осы екі тип елдерінің сыртқы сауда байланысының жалпы көлемдері, оның қатынас түрлері мен құрылымдары да әрқалай. Дамыған елдерде экспортқа дайын өнімдер, озық технология, капитал шығару мен қызмет көрсету басым болса, ал дамушы елдерге отын, шикізат, азық-түлік тауарларын шығару және инвестиция тарту, сол сияқты жұмыс күшімен қамтамасыз ету, оның ішінде «ақыл-ойдың сытылуы» тән. Әсіресе экономикалық жағынан өсіп-өрлеуіне сыртқы сауда айналымы үлкен ықпал етіп отырған «ашық экономикалы» елдер бұл жағынан айрықша орында.
Осылайша дүние жүзі елдерін жалпы шаруашылығының сипаты мен оның түрлі бағытта даму ерекшеліктеріне орай топтастыра отырып, олардың ұлттық экономикасын жүйелеу арқылы 3 топқа бөлеміз: 1) өнеркәсібі дамыған (капиталистік) елдер; 2) өтпелі экономикалы кезеңдегі (бұрынғы социалистік) елдер; 3) дамушы елдер. БҰҰ даму деңгейінің қарқынының жоғарылылығынан емес, халық санының көптігі мен жер аумағының кеңдігі, ондағы табиғат ресурс-тарының молдығы мен өндіргіш күштерінің көлемі жағынан экономикалық әлеуетінің ауқымы аса үлкен Қытай мен Үндістанды да дамушы елдерге жатқызады. Сол сияқты Қытаймен бірге елі де социалистік елдер болып табылатын Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Кубаны және шаруашылығының әлеуметтік құрылымы мен даму деңгейлері жағынан жоғары дамыған елдермен шамалас келетін «негізгі дамушы» немесе «жаңа индустриялы елдер» — Бразилия, Мексика, Тайвань, Аргентина, Сингапур, Оңтүстік Кореяны да осы соңғы типке жатқызады.
Сонымен қатар бұл топ елдерін жіктеуде демографиялық көрсеткіштер де есепке алынады. Мәселен, халқының орта жасының ұзақтығы, туу мен өлім коэффициенттері, халықтың есу қарқыны, экономикалық тұрғыдағы белсенді адамдар үлесі, қала мен ауыл халқының арасалмағы, т.б. Соңғы уақытта халықтың әлеуметтік жағдайларын «өмір сүру сапасы» көрсеткіші бойынша талдау басты орын алуда. Бұл жерде: халықтың білім алуындағы деңгейі, денсаулық сақтаудағы қол жеткен табыстары, тағамдану сапасының дәрежесі, тұтыну заттары (автомобиль, компьютер, т.б.) және электр энергиясын, басқадай адамның жайлы да салауатты ғұмыр кешуіне қажеттіліктерді пайдаланудың жиынтығы, т.б. мәдени-тұрмыстық көрсеткіштер есепке алынады. Оқулық қосымшасындағы 6-кестедегі елдердің әлеуметтік-экономикалық керсеткіштерін салыстыру барысында, оларды 3 топқа жіктеуге болады. Алғашқы 3 ел дамушы елдер тобына, соңғы 3 ел дамыған елдер тобына, ал ортадағы 3 ел етпелі экономикалық елдер тобына жатады. Осы кестеде дамыған және дамушы елдер арасындағы алшақтық байқалады. Мәселен, Швеция жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) жан басына шаққанда Мозамбиктен ағымдағы рести валюта курсы (АРВК) көрсеткішімен 250 еседей, ал сатып алу қабілетінің паритеті (САҚП) өлшемімен 25 еседен аса артық өндіруде. Сонымен қатар енді бір дамушы елдер (Сингапур, Қатар, БАӨ, Бруней) бұл көрсеткіштер бойынша кейбір жоғары дамыған елдерден (Испания, Жаңа Зеландия, Грекия, Португалия) алда тұр. Былайша қарағанда дамыған және дамушы елдер арасында белгілі бір шек жоқ сияқты. Бірақ жоғарыда аталған тарихи және саяси қалыптасу барысындағы өзгешеліктері, олардың экономикалық және әлеуметтік дамудағы өзіндік ерекшеліктерімен сөйкестендіріліп, әлем елдері жалпы екі типке бөлініп қарастырылады.
Дамушы елдер топтарына берілген саяси-экономикалық анықтамаларда «социалистік бағыттағы» елдер туралы сипаттама ескерілмеген. Жалпы салыстырмалы түрде өткен ғасырдың 70—80-жылдарында олардың саны дүние жүзі елдері бойынша 20-дан астам болатын. Қазір бұл елдердің көпшілігі социализмнің болашағының жоқ екенінен әрі өздерінің саяси-әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлардағы келіспеушілігінен социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік басқыншылықтың өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т.б. елдерден берілетін қаржы-экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық) қысқартылуынан, т.б. осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер дүние жүзінің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.
Типологиялық бөлінуге негіз етіліп, тек саяси-қоғамдық жағдай ғана есеп-телініп алынған жіктеушілік өзінің келешексіздігш көрсетіп отыр. 1970 жылдары Қытай, Югославия, Румыния, сәл кейін Вьетнам, Лаос және Куба өздерін дамушы елдерміз деп жариялады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының басым көпшілігі (славян және Балтық маңы республикаларынан басқасы) қазір дамушы мемлекеттер болып табылады.
Басқаша мысал, Түрік үкіметі өзінің даму деңгейін дамушы елдер тобына кіретін елдерден жоғары санайды. Ол Түркияның, Еуропалық Одақ (ЕО) мүшелігіне өту тілегін ресми түрде жариялауда. Түркия ЕО-ның кейбір елдерін өзінің басты экономикалық көрсеткіштері бойынша қуып жетті. Түркия көптеген халықаралық еуропалық ұйымдарға мүше ел, онысын ЕО елдерімен барлық бағытта өте тығыз байланыста екендігімен дәлелдеуде. Сонымен қатар өзінің Еуропадағы 3%-дан астам аумағының және онда елдің аса маңызды мәдени әрі экономикалық орталығы Стамбұл каласының көп белігінің орналасқандығын тілге тиек етуде.
Сонымен, казіргі дүние жүзі елдерін, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қарай: экономикасы дамыған және дамушы мемлекеттер деп екі түрге ажыратамыз. Бұлайша саралаудың мәні — оларды жалпы тану тұрғысында ғана емес, халықаралық ұйымдардың осы типтердегі жекелеген елдер топтарының даму проблемаларын зерттеп білу мен оны шешу үшін ұсыныстар беруде де практикалық маңызы зор.
Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады. Бұл топтағы елдер өз кезегінде ішкі айырмашылықтары мен әкономикалық даму деңгейіне, тарихи ерекшеліктері мен даму дәрежесіне қарай бірнеше топшаларға бөлінеді. Мысалы, дамыған елдер типологиясы құрамынан төрт топшаны бөліп көрсетуге болады. Олардың түгелдей дерлік экономикалық-әлеуметтік даму деңгейі мен экономикалық әлеуеті жоғары. Экономикасының құрылымы мен оның халық-аралық географиялық еңбек бөлінісіне қатынасу дәрежесімен және әлемдік өндірістегі бұл елдер үлесінің қомақты болып келуімен сипатталады.
Бұл жерде жинақтаушы көрсеткіш халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ өндіруі болып табылады. Өйткені ол, БҰҰ типологиялық әдістемесі бойынша, елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ дегеніміз — сол елдің жер аумағында өндірілген барлық тұтынатын тауарлар мен көрсетілген қызметтер, мемлекеттік сатып алу мен іске жұмылдырылған капиталдың жиынтық күны. Сонымен қатар бұл жерде осы елдің ЖІӨ ішінен шетелдік компаниялар әкелген инвестициялар мен олардың сыртқа аударылған кіріс пайдалары және шетелдік жұмысшыларға төленген еңбекақылары есепке алынбайтын жалпы, ұлттық өнім (ЖҮӨ) өндіру де көрнекті көрсеткіш. Аса маңызды осынау қос көрсеткіш елдердің экономикалық күш-куатының әлеуетін керсетеді. Осы себепті аса жоғары дамыған елдерде бұл көрсеткіштер арасында елеулі айырмашылықтар жоқ. Бірақ ЖІӨ өндірудің жалпы мөлшері және жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша жоғары тұрған — Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия, т. б. елдерде жағдай керісінше қалыптасқан. 1998 жылы болған Азия-Тынық мұхит аймағындағы (АТА) инфляция бұл елдердің ұлттық экономикасын едәуір шайқалтты. ….