Реферат: География | Әлемдік мұхит » ZHARAR

0

Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы.

Мұхит – Жер шарындағы ең көп таралған зат, осынау өзгеше минерал – судың басты сақтаушысы. Біздің планетада су қалайша пайда болған ? Бұл мәселені ғылым түпкілікті шешкен жоқ . Жер пайда болған кезде су материктік жер қырты-сы секілді, жоғарғы мантиядан бөлініп шыққан немесе біртіндеп жиналған деп жорамалдайды . Вулкандар атқылаған кезде , литосфера плиталарының созылу зоналарында мұхиттық жер қыртысы пайда болған сәтте Жер бетіне төгіле отырып, су қазіргі уақытта да магмадан бөлініп шығады. Әлі де миллиондаған жылдар бойы осылай бола бермек. Жер шарына судың бір бөлігі космостан келеді. Мұхит суының басты қасиеттері – оның тұздылығы мен температурасы .
Үнді мұхитының физикалық – географиалық орны. Бұл мұхит планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан . Мұхит солтүсті-гінде Евразиямен шектеседі және Солтүстік Мұзды мұхитпен байланысы жоқ. Үлкен Зонд аралдары мен Австралия оны Тынық мұхиттан бөліп тұрады. Атлант мұхиты-мен шекарасы Игольный мүйісінің меридианы арқылы, ал Тынық мұхитпен шека-расы – Тасмания аралының меридианы арқылы өтеді . Мұхиттың жағасы аз тілім- денген . Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығынақтары , Аравия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз . Мұхиттың шекарасында ғана ірі арал-дар бар. Мұхитта вулкандық және маржан аралдары бар.
Үнді мұхитының жағасы – ежелгі цивилизация дамыған аудандардың бірі. Ғалым-дар онда теңізде жүзу басқа мұхиттардағыға қарағанда шамамен 6 мың жыл бұрын басталған деп жорамалдайды. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұң-ғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәлі-меттер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж.) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген .
XIX ғасырдың соңында мұхитты комплексті зерттеу жұмысы басталды. «Челлен-джер» кемесімен шыққан аылшын экспедициясы аса ірі зерттеулер жүргізді. Алайда XX ғасырдың соңына дейін Үнді мұхиты жеткілікті зерттелмеді . Қазіргі кезде ғылы-ми- зерттеу кемелерін пайдаланатын ондаған экспедициалар оның байлықтарын ашуда. Олардың ішінде – «Михаил Ломоносов», «Океан» және басқа ғылыми кеме-лер бар.
Мұхиттың орташа тереңдігі шамамен 3700 м, ал ең терең жері –Ява шұңғымасын-да 7450 м-ге жетеді. Мұхитта қайраң онша үлкен емес. Шарасы басқа мұхиттардағы сияқты , мұхит түбінің ең үлкен бөлігін алып жатады. Оны толып жатқан жоталар кесіп өтеді. Батыс бөлігінде су асты жотасы созылып жатыр , ол Африканың оңтүсті-гінде Атлант мұхиты ортасындағы жотамен жалғасады. Мұхит түбіндегі терең жарықтар , жер сілкіну және вулканизм аймақтары жотаның орталығына қарай шоғырланған . Жер қыртысының жарықтары Қызыл теңізге дейін жалғасып, одан құрлыққа өтеді . Қазіргі кезде олардың құрлысын орыс ғалымдары зерттеуде. Олар сүңгуір аппаратпен теңіз түбіне түсіп, жас базальт лаваларын бақылады. Бұл лава-лардың пайда болуы мантиядан заттардың жоғары көтеріліп , Қызыл теңізде жер қыртысының ажырағанын, сөйтіп жаңа мұхиттық жер қыртысының түзелгенін көрсетеді. Тынық мұхит – оны Ұлы мұхит деп те атайды- планета бетінің 13 –ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің жартысын дерлік алып жатыр. Мұхит сопақша пішінді экватор тұсында ерекше енді , сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит .
Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген теңіздер жатыр . Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м –ден аспайтын қайраңды теңіздер де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары(Жапон, Охот және басқа ) өзара әсер еттін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен бөлінген .
Тынық мұхитта аралдар өте көп , олардың саны 10 мыңнан асады. Тынық мұхит-тың жағасы мен аралдарын мекендеген халықтар ертеден –ақ мұхитта жүзіп , оның байлықтарын игерген. Ф. Магелланның , Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтиже-сінде мұхит туралы мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянс-кийдің Жер шарын айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен зерттеуге бастама болды. XIX ғасырда С.О. Макаров «Витязь» кемесімен комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициалық кемелер 1949ж. бастап жүйелі ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уақытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде арнайы халық-аралық ұйым құрылған. Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит таби-ғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары , түбінің жер бедері, терең сулы науаларындағытіршілік , мысалы, омыртқасыздардың, жіп тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу үшін біздің елімізде , Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы ғылыми – зерттеу орталығы құрылған.
Солтүстік Мұзды мұхит – Жер бетіндегі ең кіші мұхиттардың бірі. Мұхит Арктиканың нақ ортасынында орналасқан, ол Солтүстік полюстің айналасындағы мұхитты, таяу жатқан материк бөліктерін, аралдар мен архипелактарды қосатын кең-байтақ кеңістікті алып жатыр. Мұхиттың жағалары негізінен ойпатты, тек кей жерлерінде ғана таулы. Климат жағдайларының қатаңдығына байланысты халық аз қоныстанған және шаруашылық жағынан аз игерілген . Әдетте, бұл жазықты және батпақты тундыралар.
Мұхит аумағының елеулі бөлігі теңіздерден тұрады. Олардың көбі шеткі теңіздер, тек біреуі ғана ішкі теңіз болып табылады. Мұхитта аралдар көп- олар материктерге жақын орналасқан. Жаңа Жер , Новосибирск және басқа аралдар. Олар материктерге таяу орналасқан. Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеу- бұл бірқатар елдердің : ТМД , Норвегия , Швеция және басқа елдердің теңізде жүзушілерінің , саяхатшыларының және ғалымдарының көптеген ұрпақтарының қаһармандық ерліктерінің тарихы.
Сонау ерте кездерде жайпақ шағын қайықшамен және қайықтармен орыс адамдары – поморлар саяхатқа шығатын. Грумантте (Шпицбергенде) қыстап шығып , Обьтың сағасына қарай жүзетін. Олар балық аулауды кәсіп етті, теңіз аңдарын аулады және поляр суында жүзудің жағдайын жақсы білді .
Орыстардың теңізде жүзуі жөніндегі деректерін пайдалана отырып , ағылшындар мен голландықтар Европадан Шығыс елдеріне (Қытай мен Үндістан ) аса қысқа жолды іздеп табуға әрекет етті . Виллем Баренцтің XVI ғасырдың аяғында теңізде жүзуінің нәтижесінде мұхиттың батыс бөлігінің картасы жасалды.
Ұлы солтүстік экпедициясы (1733-1743 жж.) мұхит жағалауларын жоспарлы түрде зерттей бастады. Оған қатысушылар ғылыми ерлік жасап , Печора сағасынан Беринг бұғазына дейін жүзіп өтіп, жағалар мен теңіздерді картаға түсірді . Олардың көпшілігі есімдері (Челюскин , Лаптевтер және басқалары) картадағы географиялық атауларда қалды. Осы экспедиция жинаған деректерді зерттей отырып, М.В.Ломоносов Солтүстік Мұзды мұхит туралы алғашқы ғылыми түсінікті тұжырымдады: полюс ауданында теңіз түбінің көтерілуі мүмкін екені туралы өз ойын айтты, ағыстардың бағыттарын, мұздардың шығыстан батысқа қарай ығуын болжап берді. Орыстардың тәжірбиесіне сүйене отырып,XIX ғасырдың аяғында А. Норденшельдтің басшылығымен орыс- швед экспедициясы «Вега» шхунасымен жолда бір қыстап , батыстан шығысқа қарай мұхитты алғаш рет төтелей жүзіп өтті. XX ғасырдың басында бұл жолды Р. Амундсен қайталады. Мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдың аяғында Ф. Нансеннің «Фрам» кемесімен ығуы кезінде және XX ғасырдың басында Г. Седовтың «Әулие Фок» шхунасымен полюске қарай жүзуі кезінде жинақталды. Россияда мұхитты зерттеудің жаңа жоспары жасалды. 1899 ж. адмирал С.О. Макаровтың жобасы бойынша дүние жүзіндегі ең тұңғыш «Ермак» мұзжарғыш кемесі жасалды, онымен поляр суында үш рет жүзу жүзеге асырылды және мұзды машина күшімен жеңуге болатыны дәлелденді.
Бір жүзу маусымында мұхит арқылы өтудің мүмкіндігін 1932 ж. кеңестік «Сибиряков» мұзжарғышының экспедициясы дәлелдеп берді. Осы экспедицияға қатысушылар О.Ю.Шмидтің басшылығымен тереңдіктерді, мұздың қалыңдығын өлшеді, табиғатқа бақылау жүргізді.
Кеңес ғалымдары Солтүстік Мұзды мұхитты зерттеудің жаңа тәсілдерін талдап жасады. 1937 ж. ыққан мұзда алғашқы «Солтүстік полюс- 1» (СП-1) поляр станциясы ұйымдастырылды. Төрт кеңес поляршысы И.Д. Папаниннің басшылығымен мұз үстінде Солтүстік полюстен Гренланд теңізіне дейін қаһармандықпен ығып барды. Ағыспен осы ығу мұхитты зерттеу жөніндегі жаңа тәсілдің заманын ашты. Ықпалы станцияны қазірде ТМД, американ және канада поляр зерттеушілері кеңінен қолданады.
Сол 1937 ж. «Георгий Седов» мұзжарғышы мұз құрсауында қалды, сөйтіп ол қалқымалы ғылыми станцияға айналды. Ұзақ ығу кезінде экспедицияға қатысушылар мұхиттың поляр маңы аймағының табиғаты туралы жаңа мәліметтер жинады. Солтүстік полюске жеткен кеңестік «Арктика» атом мұзжарғышы мұнда еркін жүзген алғашқы кеме болды. (1977 ж.).
Мұхитты зерттеу үшін қазір ұшақтар пайдаланылады, олар мұзға қонып, бір реттік бақылаулар жүргізеді. Космостан түсірілген суреттер мұхит үстіндегі атмосфера жағдайының өзгеруі туралы , мұздардың ығуы туралы мәлімет береді. Барлық осы зерттеулердің нәтижесінде Мұзды мұхиттың табиғаты (климаты туралы, органикалық дүниесі жөнінде) көп материал жиналды, оның түбінің жер бедері анықталды, түпкі ағыстар зерттелді.
Солтүстік Мұзды мұхит табиғатының көптеген құпиялары қазірдің өзінде белгілі, бірақ болашақ ұрпақтың ашатын жаңалықтары әлі көп, оның ішінде , сендердің де болуларың мүмкін
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері.

Жер шарының су қабаты – дүниежүзілік мұхит деп аталатын біртұтас бет. Оның ауданы 361,3 млн км2 (жер бетінің 71%), орташа тереңдігі 3,7 км , көлемі – 1 370 000 000 км3( гидросфера көлемінің 94%) . Жердің беті бойынша Мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің көлемімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз, аз, бірақ географиялық қабықша-дағы әртүрлі процестер үшін маңызы орасан зор.
Құрлықтар мен мұхиттар жер бетінде біркелкі таралмаған. Оңтүстік жарты шар мұхиты – оның ауданының 81% -ын , солтүстік жарты шардың 61% -ын алып жа-тыр. Планетамызда құрлықтар мен мұхиттардың біркелкі таралмауы Жер бетінің табиғи ерекшеліктерінің қалыптасуындағы негізгі фактор болып есептеледі.
Шартты түрде Дүниежүзілік мұхит бір- бірінен оқшауланған , жеке бөліктерден – мұхиттардан тұрады. Алғаш рет Дүниежүзілік мұхитты жекелеген бөліктерге жіктеуді 1650 ж. Голландия ғалымы Б. Варениус өткізген. Ол Дүниежүзілік мұхитты бес бөлікке бөлген: Солтүстік мұзды мұхит , Атлант, Тынық , Үнді және Оңтүстік мұхит. Кейбір шетелдік географтар осы уақытқа дейін бұл классификацияны пайда-ланады. Үнді, Атлант және Тынық мұхиттардың оңтүстік бөлігінің физикалық, химиялық, биологиялық және динамикалық қасиеттеріне байланысты Оңтүстік мұхтииың бар екендігін ТМД ғалымдары да мойындайды, бірақ оның шекарасының айқын анықталмауы мен зерттелмегендігінен қазіргі мұхиттар классификациясында Оңтүстік мұхит бөлінбеген. Сондықтан жер шарында төрт мұхит бөлінеді. (14 кесте).
Мұхиттардың морфометриялық сиппаттамасы

Мұхиттар
Жалпы ауданы млн км Су бетінің ауданы млн км Аралдардың ауданы млн км Судың көлемі млн км Орташа тереңдігі,м Өте терең жері, м
Тынық 182,6 178,7 3,9 707, 1 3957 11034
Атлант 92, 7 91, 7 1, 0 330, 1 3602 9219
Үнді 77,0 76, 2 0, 8 284, 6 3736 7450
Солтүстік
Мұзды 18, 5 14, 7 3, 8 16, 7 1131 5220
Дүниежүзілік мұхит 370, 8 361, 3 9, 5 1338, 5 3704 11034

Әрбір жекеленген мұхит бірнеше тармақтардан тұрады:олар теңіздер мен шығанақтар.
Теңіз дегеніміз – көршілес бөліктерден физикалық және химиялық қасиеттері-мен, ( тұздылығы, температурасы, мөлдірлігі т.б.) экологиялық жағдайымен, ағыс-тары мен толысуларының сипатымен ерекшелінетін мұхиттың азды- көпті оқшау-ланған бөлігі. Морфологиялық және гидрологиялық ерекшеліктеріне байланысты теңіздер шеткі , жерорталық (ішкі құрлықтық және құрылық аралық ) және арал аралық деп жіктеледі.
Шеткі теңіздер өтпелі зоналарда немесе материктердің шетіне жақын орналасады, тереңдігі 200 метр , сирек – 200 метрден асады. Мұхиттардан олар аралдар тізбегімен , сирегірек түбектермен бөлініп жатыр. Материктік қайраңдағы (шельфтік) теңіздердің суы терең емес. Мысалы Сары теңіздің максимальды терең-дігі 106 метр, өтпелі зонадағы теңіздердің тереңдігі 3500-4000 метп(Беринг, Охотск, Жапон). Шеткі теңіздер Дүниежүзілік мұхит суымен қатынасып жатқандықтан физикалық қасиеті мен химиялық құрамы бойынша мұхит суларынан айырма-шылығы жоқ.
Жерорталық теңіздер құрлыққа еніп жатады, мұхит суларымен салыстырмалы ені тар бұғаздармен бөлініп жатады. Жерорталық теңіздердің оқшаулануы, мұхит суымен су айырбасының күрделенуі салдарынан бұл теңіздердің гидрологиялық режимі мұхит суларынан өзгеше. Олар: ішкі құрлықтың және құрылық аралық деп бөлінеді. Құрылық аралық теңіздер ірі, тектоникалық активтілігі жоғары зоналарда пайда болғандықтан терең, жағалауы қатты тілімденген, сейсмикалық және вулкан-дық процестер тән.
Олар құрлықтардың аралық бөлігінде орналасқан: Евразия мен Африка құрлықтарының арасындағы – Жерорта теңізі .
Ішкі құрлықтық теңіздердің жағалаулары бір құрылық шеңберінде (мысалы, Балтық, Ақ, Қара теңіздер) және құрлықтық қыртыста орналасқан , онша терең емес , таяз. Мысалы, Балтық теңізінің ең максимальды тереңдігі -470 м, Ақ теңіздікі 350 м, Азов теңізі -13 м.
Арал аралық теңіздер мұхиттардан жекеленген аралдар немесе арал тізбектері арқылы бөлініп жатады. (Филиппин, Банда, Сулу т.б). Саргасова теңізі де арал аралық теңіз болып табылады. Мұхиттың ортасында орналасып , айқын шекарасы жоқ болса да өзіндік гидрологиялық режимі, жануарлары мен өсімдік түрлері арқылы көршілес территориялардан ерекшеленеді.
Шығанақтар – судың құрлыққа еніп жатқан бөлігі . Шығу тегіне , жағалау-ларының құрлысына , формасына қарай шығанақтар: фьорд, бухта, лиман деп те аталады. Тарихи сонау ерте кезден бастап қалыптасып кеткен түсініктер бойынша кейбір теңіздер шығанаққа (Парсы, Мексика, Бенгаль), ал шығанақтар , режимі жағынан айырмашылығы болса да , мұхиттарға жатқызылып кеткен (Босфор теңізі, Линкольн теңізі).
Мұхиттарды, теңіздерді және шығанақтарды бір- бірімен бұғаздар жалғастырып жатыр. Өте енді және терең бұғаз – Дрейк бұғазы (Оңтүстік Американың оңтүстігін-де ) –орташа ені 986 км , орташа тереңдігі 3111 км , ал ең ұзын бұғаз Мозамбик бұға-зы – 1760 км.
Дүниежүзілік мұхиттың еркін жатқан беті деңгейлік деп аталады. Тыныш күйде бұл геоид бетімен сай келуге тиіс. Алайда көптеген себептердің жиынтықтарының әсері: температура, атмосфера қысымы, жел, толысу түзетін күштер, су баланысы, жер қыртысының қозғалыстары – оның ауытқуын тудырады. Мұхит деңгейінің үздіксіз өзгерістері кезеңді және кезеңсіз де болуы мүмкін. Ауытқу кезеңдері өте қысқа (бірнеше сағат) және өте ұзақта (ғасырлық ауытқулар) болады. Мәселен, жазда мұхит суының жоғарғы қабатының қызуы деңгейінің көтерілуін, қыста оның суынуы төмендеуін тудырады. Мұхит деңгейінің баяу түсуі мен көтерілуі екі түрлі себепке байланысты. Мұхит деңгейінің көтерілуі немесе түсуі мұхиттағы судың азаюмен, көбеюмен – су балансының өзгерісімен (гидрократтық себептер) тууы мүмкін. Мысалы, Антарктиданың мұз жамылғысының толық еріп кетуі Мұхит деңгейінің шамамен 60 метрге көтерілуін туыдырады. Сірә, құрлықта мұздықтардың пайда болуы Мұхит деңгейінің төмендеуін тудырса керек. Мұхит деңгейінің жағдайы жер қыртысы қозғалысына да байланыстыөзгеріп отырады(геократтықсебептер) мысалы, Голландия мен Дания жағаларының осы кездегі төмен түсуі салдарынан Мұхит құрлыққа өріс жаяды, ал керсінше, Скандинавия түбегінің көтерілуі салдарынан Швеция жағаларында шегінеді.
Соңғы жарты ғасыр аралығында Дүниежүзілік мұхит деңгейі 10 см-ге көтерілді , бірақ көтерілу деңгейі мұхиттардың әртүрлі бөлігінде әрқалай. Мұхит деңгейінің ауытқын отыруын бақылауды арнайы постар зерттейді. Осындай алғашқы постар XҮII ғасырда ашылған (1682ж. –Амстердамда, 1704ж. –Кронштадтта); қазіргі күні Дүниежүзілік мұхиттың су деңгейінің өзгерісін бақылайтын осындай постардың саны 1500-ден артық.
Сонымен, дүниежүзілік мұхиттың деңгейі үздіксіз өзгеріп отырады және оның әртүрлі бөлігінде әрқалай. Жалпы өзгеру механизмі күрделі, 1500-ден артық бақылау нүктелерінен алынған көп жылдық мәліметтердің өзі жеткіліксіз. Мұхиттың орташа тереңдігін есептеп шығаруға мүмкіншілік аз. Сондықтан орташа көп жылдық деңгей көрсеткішін әрбір жекелеген нүкте үшін жеке-жеке есептеп шығарады. Осы деңгейлер құрлықтардың абсолюттік биіктігі мен мұхиттардың тереңдігін анықтаудағы алғашқы нүкте болып табылады. Әрбір елде бір нүкте алынады. ТМД елдерінде тереңдік пен биіктікті есептеу Кронштадттағы Фин шығанағы деңгейі (Кронштадт футштогының нолдік деңгейі), Батыс Европа елдерінде Солтүстік теңіз деңгейінен есептеледі.
Мұхит суларының қасиеттері
(температура қысымы, тығыздығы)

Мұхит суы- бұл құрамынан химиялық заттардың бәрі дерлік табылған ерітінді . Онда тұздар , газдар, организімдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген органикалық заттар еріген . Судың ішінде ерімейтін бөлшектер де кездеседі . Су мантиядан бөлініп шыққан кезде- ақ онда кейбір тұздар болған . Басқа тұздар мұхитқа материктерден құйылатын сумен бірге келеді . Мұхит суының тұздылығы барлық қабаттарда бірдей емес. Негізгі өзгерістер беткі қабаттан байқалады . Бұл қабаттың тұздылығы негізінен атмосфералық жауын-шашын мен буланудың арақатынасына байланысты өзгеріп отырады . Судың тұздылығы экватор маңында 34‰ шамасында , тропиктерге таяу жерде, 36‰ қоңыржай және поляр ендіктерінде 33‰ ге жуық. Жауын-шашынның мөлшері буланудан артық, құйылатын өзен суы мол , мұздар еріп жататын жерлерде судың тұздылығы кем болады.Теория жүзінде суда ерімейтін зат жоқ, сондықтан теңіз суларында Менделеев таблицасының барлық элементтері бар деп айтуға болады. Бірақ кейбір элементтер өте аз мөлшерде –олардың бар екендігін біз осы элементтерді бойын-да сұрыптап жинау қабілеті бар теңіз организмдерінің құрамынан ғана анықтай ала-мыз. Олар, мысалы кобальт, никель және қалайы голотурийдің, омарлардың, устрица-лардың және басқа жануарлардың қанының құрамынан табылған .
Дүниежүзілік Мұхит суларында ерітінді түрінде кездесетін қатты заттардың орта-ша
көрсеткіші салмағы бойынша 3,5% . Теңіз суында ең көп тараған хлор -1,9% , натрий-1,6%, магний- 0,13% , күкірт-0,088% , кальций- 0,040% , калий-0,038 %, бром-0,0065% , көміртек- 0,003% . Биогендік және микроэлементтермен қоса есеп-тегенде басқа элементтердің үлесі 0,3 %. Мұхит суларында бағалы металдар да кездеседі, бірақ олардың шоғырлануы нашар, өте аз –бүкіл мұхит суынан шаққан-дағы мөлшері –алтын 55∙105 тонна , күміс -137∙106 тонна , өндіру тиімсіз.
Судағы көп тараған негізгі элементтер «таза»күйінде кездеспейді ; көбінесе әртүр-лі қоспа түрінде таралған . Олардың негізгілері:
1. Хлоридтер(NaCl, Mg Cl ) –бүкіл суда еріген заттардың 88,7 %. Осы тұздарға байланысты судың дәмі ащы ;
2. Сульфаттар( MgSO4, CaSO4, K2SO4 )-теңіз суындағы мөлшері -10,8% ;
3. Карбонаттар(Ca SO3 )-бүкіл ерігн тұздың 0,3% .
Планетарлық деңгейдегі зат айналымы үшін мұхит суларында хлор қоспаларының мол, ал өзен суларында өте аз кездесетінің маңызы зор . (15кесте).

Мұхит пен өзен суларында еріген тұздардың
құрамы(%-пен) 15-кесте.

Химиялық заттар Мұхит суы Өзен суы
Хлоридттер
Сульфаттар
Карбонаттар
Басқа тұздар
88,7
10,8
0, 3
0, 2 5,2
9,9
60,1
24,8

Керісінше өзен суларының тұздылығының негізін құрайтын карбонаттар мұхиттарда жоқпен тең .
Мұхит суларындағы заттардың құрамы мен қарым-қатынасы судың тұздылығын анықтайтыны белгілі . Ол мұхит суының барлық бөлігінде : беткі қабатында да, терең жерлерінде де тұрақты . Еріген тұздардың сандық шамасы өзгере –де пайыздың қарым-қатынасы өзгермейді . Сондықтан, теңіз суының тұздылығын есептеу үшін бір химиялық элементтің (жылдам анықталатын болған-дықтан әдетте хлордың) сандық шамасын есептеп , сол арқылы жалпы тұздылық пен қалған элементтердің мөлшерін анықтайды. Мұхит суының тұздылығы мен хлордың эмпирикалық қарым-қатынасын төмендегі формуламен анықтайды .

S = 1,81∙CI%
1,81 саны хлор коэффициенті деп аталады.

Кейбір ішкі құрлықтық теңіздердің тұздарының құрамында айырмашылықтар бар, бұл формула жарамайды. Сондықтан еріген тұздардың қарым-қатынасы әрбір теңізге жеке-жеке есептеледі .
Мұхиттардағы тұздың жалпы сандық шамасы 50∙1016 т. Егер де осы тұздарды Мұхит түбінің қазан-шұңқырлары мен тегіс бөлігіне жаятын болсақ, онда қалың-дығы-60м, бүкіл Жер шарын -45м, ал құрлықтарда қалыңдығы -153метрлік қабат түзілер еді.
Мұхит суының тұздылығы барлық жерде бірдей емес, мұхиттың ашық бөлігіндегі тұздылық -33-37‰ , орташа тұздылығы 35‰ — бұл көрсеткіш климаттық жағдайға: жауған жауын-шашын мен буланудың айырмасына байланысты. Сондықтан оның таралуында зоналық ендік сипаты байқалады да, тұздылықтық өзгеруін картаға түсіруге мүмкіншілік туады- изогалин картасы деп аталады.
Мұхит суындағы ең төменгі тұздылық жоғарғы ендіктерде. Оның себебі: жоғарғы ендікте жауын-шашын мөлшері буланудан жоғары, өзенмен келетін ағын судың молдығы (солтүстік жарты шарда) мен қалқып жүретін мұздардың еруі. Тропик-терге жақындаған сайын тұздылық артады, максимальды мөлшері 20 және25 ендік аралығында, өйткені буланудың шамасы жауын-шашын мөлшерінен едәуір артық. Экваторлық ендікте жауын-шашын мөлшерінің көбеюіне байланысты қайтадан тұздылық азаяды.
Дүниежүзілік мұхит суындағы ең жоғарғы тұздылық Атлант-35,3‰, ең төменгі Содтүстік мұзды мұхитында -32% , ірі өзен атырауларында 20‰-ке дейін төмендейді.
Зоналық ендік бойынша да вертикальдық бағытта тұздылықтың таралуы әр-қалай. Поляр ендігінде 200м тереңдікке дейін тұздылық тез өседі де осы тереңдіктен төмен тұрақтанады. Қоңыржай ендікте төмендеген сайын тұздылық аз өзгереді. Субтропиктік ендіктерде 1000м-ге дейін азаяды, осы тереңдіктен төменде тұрақты болады. Экваторлық ендікте тұздылық тереңдеген сайын біртіндеп артады да 100-150м тереңдікте тропиктен тереңдік ағыстарымен келетін суға байланысты тұздың мөлшері күрт көбейеді -36‰ және одан жоғары. 150м тереңдікте тұрақты шамаға ие болады-34,7 -34,9‰ , ал ендік бойынша өзгеруінде айтарлықтай ауытқулар байқалмайды.
Теңіз суының тұздылығының мұхит суының тұздылығынан айырмашылығы бар. Бұл да – ең алдымен су балансымен анықталады, яғни климаттық жағдайға тәуелді. Теңіздегі тұз мөлшері оның беткі қабатында да , тереңдеген сайын да, мұхит-тармен салыстырғанда , үлкен шекте өзгеріп отыруы мүмкін . Теңіздер өздері жағалауын шайып жатқан құрлықтың әсерінде болады және тұздылықтың өзгеруін дүниежүзілік мұхитпен байланысы да анықтайды. Егер де , теңіздің тұздылығы көршілес мұхиттың (теңіздің) тұздылығынан аз болса , онда көршілес теңізден тереңдік ағыстары арқылы келетін судың тығыздығы жоғарғы болғандықтан теңіздің терең қабатын толдырады, сөйтіп теңіздің тұздылығы тереңдеген сайын артады. Мысалы, өте тұзды Жерорта теңізі мен тұзды Қара теңіз аралығында орнасасқан Мрамор теңізі – Жерорта теңізінің тұзды суы Дарданелла бұғазы арқылы еніп, тұздылығы 38-39 ‰ Мрамор теңізінің төменгі қабатын толтырса , тұздылығы 25 ‰ Қара теңіз суы жоғарғы бетін тұшырландырады.
Құрлықтың орталық бөлігінде, яғни дүниежүзілік мұхит суымен байланысы жоқ , орнасасқан теңіздердің тұздылығы климаттың ерекшелігіне (жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасына), географиялық ендікке, теңізге құятын өзен суларының химиялық құрамына , ағын судың шығынына да байланысты ауытқымалы. Мысалы, Қызыл теңіз ыстық және құрғақ климатта орналасқан. Жылына теңіз акваториясына жауатын жауын-шашын мөлшері буланудан 30 есе кем , ал мұхит суымен жалғастырып , су айырбасын іске асыратын Баб-эль-Мандеб бұғазының ені өте тар. Теңіз бен дүниежүзілік мұхит арасындағы су айырбасы нашар, сондықтан Қызыл теңіздің тұздылығы 42‰ . Қара теңізде су балансы шамамен тепе-тең –буланған судың мөлшері жауын-шашыннан артық емес, тұздылығы небәрі 18‰ .
Жыл мезгілдері бойынша мқхит суының тұздылығының айырмашылығы онша көп емес –шамамен -0,2‰, поляр аймағының жағалауға жақын жерлерінде жазғы мұздықтардың еруінен 0,7‰-ге дейін төмендейді. Су өзі түйіскен қабаттағы газдарды сіңіреді, ерітеді. Сондықтан мұхит суында атмосфера газдары , өзен суы алып келетін газдар, әртүрлі химиялық және биологиялық процестердің нәтижесінде пайда болған газдармен қатар мұхит түбіндегі вулкандық атқылаулардан қосылған газдар кездеседі. Мұхит суының әртүрлі газдарды еріту мүмкіншілігі температураға, тұздылыққа және гидростатикалық қысымға байланысты. Температура мен тұздылық жоғары болса-онда теңіз суында еріген газдың мөлшері аз. Жалпы алғанда, суда еріген газдардың мөлшері аз болса да олардың мұхиттар мен теңіздердің органикалық өмірі үшін маңы-зы зор.
Осы газдардың ішіндегі ең маңызды роль атқаратын газ-оттегі. Ьасқа газдар сияқты оттегінің мөлшері де температураға , тұздылыққа жіне теңіз суының араласу қарқындылығына байланысты. Осы көрсеткіштердің географиялық енлік бойынша өзгеруіне қарай оттегінің мөлшері де экватордан полюстерге қарай артады.
Судың құрамына оттегі тек атмосферамен түйіскенде ғана қосылмайды, сонымен қатар мұхиттар мен теңіздерде өмір сүретін балдырлардың фотосинтез процесі сал-дарынан да түседі . Фотосинтез процесі судың беткі қабатында өтетіндіктен тереңдеген сайын оттегігің мөлшері азаяды. Осы жоғарғы қабаттағы (100-300м) оттегінің мөлшері жоғары -180‰-ға дейін. Артық оттегі атмосфера қабатына қосылады. Мұхит сулары-ның өте терең қабатында оттегі жоқ деп айтуға болмайды. Мұнда оттегіні тасымал-дайтын-теңіз ағыстары. Полюстерден келген суық ағыс оттегіге қанық және экватор маңына оттегі жеткізуші қызметін атқарады. Оттегінің мөлшері ендік бойынша ғана емес , жыл мезгілдері , тіптітәулік ішінде өзгермелі-өйткені фотосинтез процесінің даму деңгейі сәулелі энергияның жарықтығына байланысты ауытқып отырады.
Көмір қышқыл газы оттегі мен азоттан айырмашылығы мұхит суында , негізінен алғанда, байланысқан күйде, көмірқышқыл қосындылары түрінде (карбонаттар мен бикарбонаттар) кездеседі. Ол суға атмосферадан келіп түседі, организмдер дем алғанда және органикалық заттар шірігенде бөлініп шығады, су асты атқылауларында жер қыртысынан келіп қосылады. Оттегі сияқты көмірқышқыл газы суда жақсы ериді. Сондықтан температура жоғарылағанда су оны атмосфераға бөледі, төмендегенде сіңіреді. Мұхит суында көмір қышқыл газының еру жылдамдығы оттегімен салыстырғанда жоғары болғандықтан оның мөлшері атмосферадағы шамадан 60 есе көп. Азот та мұхит суында кездеседі, бірақ басқа газдармен салыстырғанда мөлшері аз . Мұхитта ол, сірә үлкен рөл атқармаса керек. Теңіздердегі газдардың таралуы мен сандық көрсеткіші мұхиттармен салыстырғанда мүлде өзгеше. Төменгі тереңдікте оттегі жоқпен тең, орнына күкіртті сутек жиналады. Күкіртті сутек шоғырланған тереңдікте тіршілік көзі болуы мүмкін емес . Мысалы, Қара теңіз суында 200м-ден төменгі тереңдікке күкіртті сутек басым. Өйткені теңіз суы толығымен араласпайды, төмендеген сайын оттегі азайып , күкіртті сутек артады да теңіз түбінде әрбір литрде 6,5 см3-ге тең болады.
Тазартылған судың физикалық қасиеті 2 түрлі көрсеткішке байланысты: темпера-тура мен қысымға, ал теңіз суының физикалық қасиеті үшінші көрсеткіш-тұздылыққа тәуелді. Теңіз суының тұздылығымен тазартылған суда болмайтын, оның мынандай қасиеттері байланысты: осмотикалық қысымы және электр өткізгіші.
Бетіне келіп түсетін күн жылуының әсерінен мұхит суы да құрлық секілді қызады. Ауданы үлкен болғандықтан , мұхит құрлыққа қарағанда жылуды көп қабылдайды. Су бетінің температурасы әркелкі болады және географичлық ендікке қарай бөлінеді. Мұхиттың кейбір аудандарында мұндай заңды бөлінуді мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал жағалау бөліктерінде-материктерден құйылатын едәуір жылы су ағыстары бұзады.
Мұхит суының температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Алғашында ол болма-шы ғана төмендейді де, одан соң баяулайды . 3-4 мың м-ден астам тереңдікте темпера-тура әдетте +20-тан 00С-ге дейінгі аралықта ауытқиды . Мұхитта ең жоғарғы жылдық орташа температура 27-280С экватордың солтүстігінде 5 және 100солтүстік ендікте байқалады. Мұнда жердің термикалық режимі орналасқан. Батыс және Шығыс жаға-лаулардағы орташа температуралық айырмашылық 8-100С . Осы ендіктің шығыс жағалауындағы температураның төмен болуы пассат желдеріне байланысты, өйткені теңіз жағалауынан жылы су ығысады да орнына тереңнен суық су көтеріледі. Оңтүстік жарты шардың қоңыржай ендігінде құрылық жоқ болғандықтан температураның ендік бойынша таралуы-600о.с 00С-тан 400о.е. 100С шамасында ауытқып отырады.
Солтүстік жарты шардың қоңыржай недігінде теңіз суы жылырақ, 100С-тық изотерма тамыз айында поляр шеңберіне дейін жетеді.
Дүниежүзілік мұхит суының беткі қабатының температурасы 17,40С, яғни бүкіл жер бетінің орташа температурасынан 30С жоғары. Ең жылы мұхит-Тынық мұхиты-теңіз бетінің орташа температурасы 19,10С, Үнді мұхитында-17,60С, Атлант-16,90С, Солтүс-тік мұзды мұхитында-0,750С. Ең төменгі температурада(-1,70С) ақпан айында Солтүстік мұзды мұхитта, Ең жоғарғы температура (+320С) Тынық мұхитында тіркелген. Антарктида суының суытуы әсерінен, жалпы алғанда, жыл бойы оңтүстік жарты шардың суы жамылғысымен салыстырғанда суығырақ.
Мұхит бетіндегі тәуліктік температура амплитудасы 10С-тан аспайды. Орташа жылдық температура амплитудасы төменгі және жоғарғы ендіктерде 10С және 20С, тек қоңыржай ендікте 100Сжәне одан жоғары. 0.
Теңіз суының негізгі көрсеткіші –тығыздығы. Тұздылық артқан сайын тығыздық та өседі. Теңіз суының беткі қабатының тығыздығының артуына мқздықтардың пайда болуы, булану және суынуы ықпал етеді. Ашық мұхитта тығыздық температураға бай-ланысты, сондықтан экватордан полюстерге қарай жылжығанда артады …..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com