Реферат: Дінтану | Ислам діні

0

Алла тарапынан білдірмеген өмір және тыйымдардың жиынтығын дін деп атайды.
Дініміздің аты ислам діні. Бұл атты Алла қойған. Сондықтан Ислам діні тек бір қауымға немесе бір ұлтқа ғана тән дін емес. Бүкіл адам баласына тән дін. Сондай-ақ ең соңғы ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже дін.
Сүйікті Пайғамбарымыз былай бұйырған
Мұсылмандық, негізгі бес нәрсенің үстіне орнатылған. Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығынан, Мұхаммедтің. Оның құлы әрі еншісі болғандығына сену, намаз оқу. Зекет беру, рамазаның оразасын ұстау, қажыға бару.
Ардақты Пайғамбарымыздың мубарак сөздері бойынша Ислам діні бес негіз үстіне орналасқан. Бұл үш мінің толық Мұсылман болуы Исламның шарттары делінген осы бес нәрсені орындауымен болады.
1. Алланың барлығына, бірлігіне хазірет Мұхамммедтің Алланың құлы әрі Пайғамбары болғаандығына көңілмен сеніп тілімен бұны айту.
Әшһәдү ән ла ілаһә іллаллаһ уә әшһәдү әннә Мұхаммәдән Ғабдүһу уә Расулүһ.
2. Діннің діңгегі болған, күнде бес уақыт уақыт намаз оқу.
3. Дін бойынша баай есептелгендердің жылына бір рет малының кірін беруі.
4. Рамазан айында бір ай ораза ұстау
5. Дені сау және жетерліктей пұлы не малы болса, өмірінде бір рет хажылық ғибататын орындауы.

Хақ дін ислам және ғылым.
Ислам діні. Аллаһ Тағала тарапынана адамзатқа жіберілген ең соңғы хақ дін. Күллі ғалам мен адамзатты жоқтан бар етуші ұлы Раббымыз Аллаһ тағала алды. Хазреті адам Атамыздан баста, аяғы ең соңғы Пайғамбар Мұхаммедке дейін барлық қауымдарға өз тілдерінде сөйлеп, тура, жолға, әділетке тазалыққа, ең жоғары адами қасиеттерге шақырған хабарлаушыларын, яғни пайғамбарларын жліберіп тұрған.
Ислам діні ең соңғы дін және Әз Мұхаммед (с.а.д) ең соңғы пайғамбар. Сондықтан, таңда махшар қиямет қайымға дейін жааңа дін яки жаңа пайғамбар жіберілмейді. Өйткені дінді һәм пайғаамбарды Аллаһ тағала ғана жіберді.
Ислам діні ең соңғы дін болуына байланысты ең кәміл дін, яғни ол қияметке дейін өмір сүретін адамзаттың рухани, дүнияуи, ғылыми, низами қажеттіліктерін толығымен қамсыздандыра алатын һәм әр ғасырдың мәселелеріне шешім таба алатын, басқаша айтқанда барлық замандарды билейтін мазмұнмен және ғылыммен жіберілген.
Исламның қалыптасуы.
Мұғаммед (Ғ.С) негізін қалаған Ислам діндер сияқты шындыққа тек өз ие болуды мақсат етпейді, қайта алдына түскен жазбалары да қолдап-қуаттайды. Ислам тарихымен танысқан әрбір адам Мұхаммед (Ғ.С) Алла Тағала сүйіспеншілігін, мейірімі мен шапағытын басқа діндер сияқты белгілі бір қауымға емес, бүкіл адамзат баласына, оның ұлты түр-түсіне қарамай істеген іс-әрекеттеріне қарап үйіп төгетін көрінеді. Оның айтуы бойыншаа жазылған Құдай сөзі Құран қай заманда, қай қоғамда болсын қолдануға ұтымды. Көптің көңілінен шығатын, ақылға қонатын мыңдаған жылдар бойы бір сөзіне қылау түспейтін мәңгілік кітаптар.
Мұғаммед (Ғ.С)-тің сіңірген еңбегі сол ол кезде араб бәдәулерінің сана-сезімі толық жете бермейтін өткеннің терең шыңырауларын ашып береді. Ол өзінен мыңдаған жылдар бұрынғы оқиғалар жөнінде айтты, бізге олар жөнінде мағлұмат берді.
Кейбір ислам тарихын зерттеушілер Мұғаммед (Ғ.С) –ті сауатсыз, хат танымаған деп баса көрсеткісі келеді. Бірақ біз Пайғамбарымызды ешнәрседен хабары жоқ, құр көкірек адам болған деп ойламауымыз керек. Ол хат танымаса да өз саясатын қалағанындай етіп, іс жүзінде асыра білген.
Мұхаммед (Ғ.С) адамдардың ішінде мейлінше құрметті болды, ол қашанда жақсылық әкелетін жұмыс ісейтін және қайсысы да сәтті шығатын жаратылысыннан мінезі де жақсы, келісті адам еді дейді.
Ислам дініне дейін арабтарда жас қыздарды өз бойына арсанап, нәрестелігіннен-ақ өлтіріп жіберетін тағылық дәстүр орын аалған еді. Ислам діні оны да үзілді-кесілді тоқтатты. Ол туралы Құран Кәрімде көмілген қыздар сұралған сәтте қай күнәмен өлтірілді? деп жауап алынады деп қорқытады.
Ислам діні адамдарды иманды болу тек жақсылық істеу, жаны таза болуғаа шақырады. Жаман жолдың қай-қайсысы болсын мұсылмандықпен сыйыспайды.
Араб тарихында исламға дейін тіпті адамды құрбандыққа шалу орын алған. Ислам діні кейін оған тыйым салған. Ал бұл жағдай тіпті Пайғамбарымыздың әкесіне де қатысты болды.
Хазірет Әли былай деп айтыпты: Жас кезімде Кабаның шырақшысы болған атам Әбу әл-Мүтталибтен мына әңгімені кө естейтін едім. Айтуынша, атасының түсіне үш күн бойы бір аян берілген. Оның үшіншісі «Зәмзәмды қаз» деген сөз екен. Атасы үшеуінде түсінбепті. Келесі күні мезгеген жерге барып, тауып, қасына бір баласы Аббаспен қаза бастағанда, түсіндегісі дәл келіп, Зәмзәм құдығы шыққан.
Зәмзәм суының иесі Әбд әл-Мүтталібтің болуы кейбір құрайштарға қызғаныш туғызғанда ол жалғыздығына қиналып: «Егер жаратқан он ұл берсе, бірін құрбандыққа шалар едім»-деген. Кейін бұл сертін орындау үшін шөп тастағанда ең кіші баласы Абдоллаһқа түскен. Оны кейін жүз түйені құрбандыққа шалып алып қалған. Сол Абдоллаһ Пайғамбарымыздың әкесі еді. Кей жазбаларда Алла 124 мың пайғамбар жібергені, соның 300-і ғаана расул болғаны жөнінде айтылды. Осы раасулдардың қатарының бастыларына алтауы ғана алынған. Олар:Адам Ата, Ибраһим, Мұса, Иса және Мұхаммед пайғамбарлар. Құранның шығуының өмірлік қажеттігі болды. Халифаттың ресми идеологиясы ислам болғандықтан мұсылман құқыларының нормалары, құдайға сыйынуда басшылыққа алатын құралдарды қажет етеді. Бұл Құранның жазылуының керектігін көрсетті. Алғашқы халифалардың кезінде-ақ заңдылық және діни қызметті мәнге ие болған тиісті жазбалар болды және олар Құран-кітаптың пайда болуына әсер етті.
Құран соңғы жылдарға дейін айтылып келгендей діни догмалардың жиынтығы емес, адамзат баласын бар жақсылыққа тәрбиелеп, имандылыққа шақырған кітаптар ішіндегі классикалық үлгісі. Құран араб әдебиеті тарихында кітап болып басылып, жарық көрген аалғашқы көркем шығарма. Оның мазмұны, жан-жақты қамтыған мәселесі мейлінше кең. Атап айтқанда, онда араб тарихы, әдебиеті, ғылым, сол кездегі халықтың салт-санасы, әдет-ғұрпы, жаңа дәстүрінің қалай болуы керектігі, шариғаты, әділдік пен имандылық т.б. мәселелері кеңінен қамтылады. Ол адамдарды сабырлы, мейлінше салиқалы, бір-біріне мейірбан, өзгелерге қайрымды, күнәдан пәк болып, тек жақсы істерд істеуге тәрбиелейді. Онда адам баласы, Алла туралы Алланың сипаттамасы, әлемге байланысты аяттар, ғылым, ақыл, ой жүгірту, ғибарат дін, жақсы және жаман жол, соғыс, қоғамдық тәртіп, мінез, құлық, өмір мен өлімнен кейінгі ахуал жөніндегі тұжырымды ойлар айтылады. Олай болса қаншама ғасырлар өткеніне қарамай бұл күні де іздеген кісі адам өміріне байланысты қандай бір мәселе болсын жауап табатыны сөзсіз. Рас, Құранда барлық құқықтық нормалар мен ережелер жүйелі түрде мазмұндап берілмеген. Бірақ оның әртүрлі сүрелерде мазмұндалатын «тазалық ен «күнәхарлық» өлшемдері белгілі мөлшерде тұтастай алғанда жанұя мен қоғамдағы, мүліктік және қылмыстық құқықтағы, қазына-салық және қаржы жүйелерінің және басқа салалардағы қатынастарды реттеуге тиісті ерекше шариғаттық зааңдар жүйесін жасауғаа мүмкіндік береді.
Жалпы, мұсылмандардың іс-әрекеті алдымен Құранға, одан кейін Суннаға негізделеді. Шариғат заңдары Құран мен Суннадан, яғни екі қайнар көзден бастау алса. Сунна Құраннан кейінгіі екінші орында. Сунна хадис деп те атайды. Хадисте Пайғамбардың өмірі мен қызметі жайында, оның діни мінез-құлқы, әдеп хақындағы айтқан уағыздары мен шешімдері қамтылады. Сунна немесе хадистерде ис ламның негізгі қағида-ережелері: парыз, уәжит суннат, мүстахаб, адам, макрүһ, мубаахтан бастап мнез-құлық, әдеп т,б, жөнінде айтылып, көбіне Пайғамбардың іс-әрекеттері үлгі етеді.
Сунналар ғибадаттың қағида ережелер имен тәртіптерді сөзөсіз орындауға шақырады. Сондықтан Мұхаммед (Ғ.С) бас болып Суннаның мазмұнының бұзылуына қарсы болған. Өйткені Суннадағы негізгі идея Құран қағидаларымен астасып жатыр. Мұсылмандар міндетті түрде бес парызды ороындау керек. Олар:иман, бес уақыт намаз, ораза, зекет және қажылыққа бару. Шариғат бойынша бұл парыздарды бұлжытпай, мерзімінде орындап тұру керек.Шариғат адамдарға Құран арқылы жеткен Аллаға құлшылық ету заңдары, діни беделді басшылары жалған хадистерді іске асырып отыруды міндеттейді. Адам іс-әрекетінің жақсыға не жаманға бөлінетін белгілейді. Шариғат адамды сыртқы көріністері іс-әрекеттері арқылы Алла Тағала жағымды жолға салып, оны өмірдегі барлық теріс жолдан сақтандырады. Осы арқылы әрбір мұсылман Аллаға қарай жақындай түседі. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз