Реферат: Дінтану | Имандылық- инабаттылық мұраты

0

Реферат: Дінтану | Имандылық- инабаттылық мұраты казакша Реферат: Дінтану | Имандылық- инабаттылық мұраты на казахском языке

Имандылық араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан. Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі — Алланың біреу екеніне, одан басқа алланың жоқтығына сену. Әдетте, ол дін жолынан қия баспауды, ар-ождан тазалығын, обал-сауал талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адаляықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылалы.
Имандылық пен әдептілік бір-біріне балама ұғымдар емес.
Бірақ олардың арасында тығыз байланыс, табиғи шарттылық бар. Өйткені екеуінің негізінде де ізгілік пен ар-ұят жатыр.
Иман дегеніміз — сенім. Имансыз сөзі — сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда, соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да, еш нәрсеге сенбейтін, яғни сиынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма? Адамға керегі ішу, жеу ғана емес. Бір нәрсеге сеніп, сиынып өмір сүру оның табиғатына тән. Ол солай жаратылған. Адам қарулы, қайратты да құдіретті, сонымен қатар әлсіз, уайымшыл. Өйткені оны өзінің құдіретті санасы қинайды, алда не болатынын ойлауға мәжбүр етеді Сол кезде ол өз әлсіздігін, шарасыздығын сиынумен, сенім-иланыммен толықтырады. Сеніммен күн кешу адамға жеңіл болады. Сондықтан адамдардың сеніміне нұқсан келтіру — үлкен әдепсіздік. Адам мен адам арасында пікірталас, айтыс-тартыстың болуы мүмкін, алайда оның сеніміне тиісу жарамайды.
1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;
2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;
Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиынлықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;
4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;
5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;
6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға:
7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.
Оқушылардың міндеттері:
1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.
2. Оқуға арналған уақытгы толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.
3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.
4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп директорының, мұғалімдердің педагогикалық ұйымының нұсқаулары мен бұйрықтарына, сондай-ақ сынып жетекшісінің нұсқаулары мен мектептің қарарларына бағыну.
5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:
• үлкендерді құрметтеу;
• басқа адамның ар-намысын қадірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;
• өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тиым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.
6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.
7. Өндірістік және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенділікпен қатысу.
8. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.
ӘДЕП – қоғамдағы адамдар мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Ә-тің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты, Бұл сипатта Ә. мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез-құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Ә. өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Ә. ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған.
Қазіргі заманғы ғылым Ә-тің қалыптасуына әсер еткен 3 басты факторды атап өтеді. Олар: жыныстық қатынасты реттеу арқылы аналық рудың пайда болуы; тайпа мүшелерін өлтіруге тиым салу: қариялар мен балаларға қамқорлық ету (альтруизм). Мәдениеттің өзегін салт-дәстүр, Ә. құрастырады. Егер соқыр сезім (инстинкт) жануарлар тіршілігіне қалай әсер етсе, салт-дәстүр де алғашқы адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына, ақыл-ойына сондай әсер етті. Алғашқы рулық қоғамдағы Ә. Көріністері; «қанға қан, жанға жан» (талион) принципі, сезімнің ақылдан басым болуы, жеке бас бостадығының қауымдық мүдделермен тежелуі, т,б. осындай жайттардан байқалады. Дәстүрлі қоғамдағы Ә-тің қарапайым түрін кейін рационалды имандылық қағидалары алмастырды. Алайда бұдан көне Ә. жүйесі жоғалып кетті деген ой тумайды. Себебі көне мәдениет қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипі қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлттық Ә. жүйесі сонау көшпенділер мәдениетінен нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді…..


Полную версию материала можете скачать через !!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!