Реферат: Биология | Қан құрамы

0

Қан құрамы
Қан — омыртқалы организмдердің аса маңызды ткані. Клеткалар өзін қоршаған ортадан тек қанның көмегімен ғана қоректiк заттар алады. Сол сияқты зат алмасудың қажетсіз өнімдері де клеткадан қанмен бөлініп шығады.
Қаның мөлшері дененің 8% шамасындай. Ол плазмадан және плазмаға араласқан пішінді заттардан құралады. Ондай пішінді заттарға эритроциттер (қанның қызыл түйішікрі), лейкоциттер (қанның ақ түйіршіктері) және тромбоциттер (қан пластинкалары) жатады. Жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда пішінді заттардын шамасы барлық қан көлемің 35— 54% мөлшердей.
Эритроциттер — ядросыз және ішкі мембранасыз ұсақ клеткалар. Оның іші оттегін байланыстырушы белок-гемоглобинге толы. Қан құрамының 1 мм3 мөлшерінде 5000000 эритроцит бар. Эритроциттің орташа үлкендік ересек адамда 7,5 мкм, әдепті пішінді екі жағы да қушиған дискіге ұқсайды. Осындай пішінің арқасында, шар тәріздес пішінмен салыстырғанда, сыртқы аумағы үлкен келеді. Эритроциттің осындай ерекше пішіні негізгі қызметің — тыныс алуға қажетті газдарды жеткізуге тиімді атқаруға жәрдемдеседі. Эритроциттің мұндай пішіні газдармен байланысатын аумарын улгайтады.
«Хромопротеидтер алмасуы» деп аталатын бөлімде баяндалғандай, эритроциттердің тipшiлiгi— 110—130 күн. Есептеулерге қарағанда әр тәулік сайын ересек адамдарда олардың 0,8% мөлшepi жаңарады, әр минут сайын 160 млн эритроцит ыдырайды және қайтадан түзіледі.
Лейкоциттер — құрамында ядросы бар, 6ipaқ гемоглобині жоқ клеткалар. Ересек адам канының, 1 мкл мөлшерінде 4000— 10.000 лейкоцит болады. Дені сау сақа мал мен ересек адам канындағы эритроциттер саны біршама тұрақты. Ал лейкоциттер саны организм күйне, тәулік мезгіліне байланысты өзгepiп отырады! Лейкоциттердің бірнеше түрі бар. Олардың пішінде негізгi екі Tүpi — полиморфты ядролы лейкоциттер мен лимфоциттер организмді табиғаты бөтен, зиянды заттардан корғайды.
Полиморфты ядролы лейкоциттер организмге енген бактерияларды және басқа да зиянды заттарды жояды. Олар активті түрде кез-келген микробты ұстап алып, «жеп қояды», ондай микробтардың ыдырап өзгepyiнe лизоцим белсенді қызмет атқарады.
Лимфоциттер — антителалар синтезше және улы заттарды зиянсыздандыруға қатысады. Лимфоциттер қандары барлық лей¬коциттер 25—40% мөлшеріндей болады. Қанның 1 мкл мөлшерінде 1000—3600 шамасындай лимфоцит клеткалары бар. Олар лимфа түйіндерінде, жұтқыншақтың бадамша безінде, көк-бауырда, тимус безінде және жілік майында түзіледі.
Тромбоциттер — ядросыз жалпақ клеткалар, домаланган пішінді келеді. Олар жілік майында түзіледі де қан құрамында 5—11 күн шамасындай болады, одан кейін бауырда, өкпеде жә¬не көк-бауырда ыдырап бұзылады да, организмде қайтадан жанасы түзіледі. Тромбоциттердің негізгі қызметі — қан ауруын тоқтатуға және қанның ұюына қатысу.
Қан плазмасы және сарысуы. Егер ұйымаған қанды центри-фугара салып өңдесе, қаннын клеткалық бөліктері түбіне шөгеді де, ақшыл сары, ашық түсті сұйық зат қалады. Осы қалған сұйықтық қан плазмасы деп аталады. Ұйыған қаннан сарғыштау келген ашық түсті сүйық зат бөлініп шығады. Ол қан сарысуы деп аталады. Қан сарысуы мен қан плазмасының құрамы ic жүзінде бірдей. Тек плазма құрамында фибриноген белогы бар. Ол белок қан ұйыған кезде фибрин түрінде шегеді
Қанның химиялық құрамы. Қан құрамында 83% су және 17% құрғақ зат бар, олардың мөлшері 6-таблицада берілген.
Қанның тығыздығы жануарлар түрге байланысты, 1,041 — 1,061 аралығында. Қан дегеніміз — тұтқыр суйықтық. Оның тұтқырлығы судыинен 5—6 есе жоғары. Қалыпты нормада рН көрсеткіші 7,4, осмостық қысымы 7—8 атм. Қанның осмостық қысымы құрамындағы хлорлы натрий, бикарбонат, фосфат тұздарының концентрациясына байланысты.

Қанның қызметі
Қан организмде алуан түрлі қызмет атқарады.
1) Қанның тыныс алуға қатысты қызметі — негізгi қызметтің 6ipi. Ол қызметте қан молекулалық оттегін өкпеден барлық тканьдерге жеткізеді Сөйтіп оларды оттегімен қамтамасыз етеді. Сол сияқты тканьдерден көмірқышқыл газды (СОз) тыныс алу мүшесіне жеткізеді. Бұл қызметті қан құрамындағы эритроцит, оның гемоглобині атқарады. Oттeгi Fe2+ байланысады, гемоглобин молекуласында төрт гем бар. Демек, Fe2+ саны да төртеу және оның әр молекуласы 4 молекула О2 жеткізеді, («Белоктар классификациясы» деген тақырыпты қараңыз). Көмірқышқыл газының да негізгі белін гемоглобиннің қатысуымен тасымалданады, дәлірек айтқанда ол қызметті гемоглобинмен байланысқан катиондар атқарады. Көмірқышқыл газдын аздаған бөлігі ғана плазма катиондарының көмегімен тасымалда¬нады.
2) Қанның тасымалдық қызметі — ас қорыту мүшелері қоректі қорытып өзге андргеннен кейін аминқышқылдары, қанттар, май қышқылдары, витаминдер, бейорганикалық қосылыстар, су және басқа да қоректік заттарды қан организмнің тканьдеріне және мүшелерше жеткізеді. Сол сияқты зат алмасудың ақырғы қалдық өлшемдерін (СО2, мочевина, бейорганикалық иондар және т. б.) белт сыртқа шығарушы мүшеге жеткізеді.
3) Қанның жылуға қатысты қызметі — судын жоғары жылу
сыйымдылырына байланысты (қан құрамының 83% су), қан
энергиялы заттардың тотығуы нәтижесінде пайда болатын жылудың организмге таралуына мүмкіндік жасайды. Сол сияқты
жылудың тыныс алу мүшесі және тepi қабаты арқылы белшығуына мүмкіндік береді. Денеде температураны тұрақты деңгейде ұстау ушін де қан маңызды қызмет атқарады.
4) Қанның реттеушілік қызметі — қан гуморальдық реттеуші
қызметін атқарады. Ол гормондарды және басқа да биологиялық активті заттарды, биохимиялық реакция жүретін нысана —
мүшелерге жеткізеді. Сол сияқты су — тұз алмасуын, қышқылдык — сілтик теңесуді, рН көрсеткішінің тұрақтылығын реттейді. Осылайша гомеостаз организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы сақталады, яғни организмнің iшкi ортасынын құрамы және қасиеттері біршама тұрақты қалыпта сақталады.
5) Қанның қорганыш қызметі — қан құрамында антитела,
антитоксин тура қарсы бар. Олар организмге енген зиянды заттардан, улы микроорганизмдерді зиянсыздандырады. Қаннын
маңызды қорғаныс қызметіне қан тамырлары зақымданған кезде ую қасиеті жатады. Қанның уюы нәтижесінде оның ағуы тоқтап қалады.
Қан плазмасы және сарысуы
Плазма — қанның сұйық бөлігі.. Оның құрамында 90% шамасындай су, 6—8% белок, 2% шамасындай төменгі молекулалы заттар болады. тығыздығы 1,025—1,029, тұтқырлығы 1,9—2,5, осмостык қысымы 7,3 атм.
Плазма құрамындағы төменгі молекулалы заттарға жататындар: Na+, К+, Са2+ сияқты катиондар және басқа да микроэлементтер, С1~, НСО^ , Н2РО4~ , 50 сияқты аниондар, органикалық қышқылдар (сүт қышқылы, лимон қышқылы, пирожүзім қышқылы, қымыздық қышқылы), амин қышқылдары, сонымен қатар витаминдер, пигменттер, глицерин және әр түрлі метаболиттер.
Жоғарыда айтылғандай, плазманың қан сарысуынан айырмасы — плазма құрамында фибриноген белогы болады. Ол екеуінің басқа құрамдас бөліктері ic жүзінде бірдей. Плазмадарымен де, қаннын ую процесің қарастырған кезде баяндалады. Қазір қан сарысуынын нeгiзгi белоктарын қарастырамыз. Өйткені қанды зерттеу кезінде негізінен сол белоктар ескеріледі.
Қан сарысуының белоктары. Қан сарысуындағы белоктардын мөлшері 7% шамасындай және белоктық заттардық саны 70-тен асады. Олардын бәрі де epiгeн күйде және өздері алуан түрлі биологиялық қызмет атқарады. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!