Реферат: Биология | Лимфоциттер генезі » ZHARAR

0

Жұқпалы емес иммунологиядағы жетістіктер Ф.Бернетке иммунологиялық бақылау концепциясын ашуға мүмкіндік берді.

Иммунологиялық бақылау концепциясының мәнісі, иммундық жүйе ағзаның ішкі гомеостазының генетикалық тұрақтылығын қадағалауын қамтамасыз етеді.

Қанда В-лимфоциттер сүйек кемігінен шеткі мүшелерге «барар жолында» кезінде анықталады.В-лимфоциттердің ізшаралары сүйек кемігінен шығып, қан арқылы иммунитеттің шеткері мүшелерінің В-аймақтарына келеді.бұл аймақта антигендермен әрекеттесу нәтижесінде толық пісіп-жетіледі.Жетілген В-лимфоциттер аз қозғалмалы жасушалар, сондықтан олар шеткі қанға аз мөлшерде шығады.Шеткі қанда В-лимфоциттердің жалпы мөлшері барлық лимфоциттердің 20-30%-ын құрайды.

Т-лимфоциттердің ізшаралары сүйек кемігінен шығып, қан арқылы алдымен тимустың қыртыстық аймағына орналасып, кейін милық қабатқа өтеді (тимуста антигенге тәуелсіз дифференциялануының белгілі кезеңдерінен өтеді.).Тимустан шыққан Т-лимфоциттер имунитеттің шеткі мүшелерінің Т-аймақтарына келіп, бұл аймақтарда В-лимфоциттер сияқты антигенге тәуелді дифференцияланудан өтеді.Бірақ В-лимфоциттерден айырмашылығы, жетілген Т-лимфоциттер өте қозғалмалы жасушалар, сондықтан олар шеткі қанға, интерстиналдық кеңістікке, лимфа ағымына, шеткі қанға шығып, қайта шеткі мүшелерге қайтып келеді де, қайтадан қанға шығады және т.с.с. яғни, Т-лимфоциттер ағзада айналым жасап отырады және ағзада тәулігіне 5-20 айналым жасайды. Лимфоциттер генезі және де лимфоциттердің миграциясы мен рециркуляция үлгісі 2-ші суретте көрсетілген.

Т-лимфоциттердің мұндай қайталама жылжуы Т-лимфоциттердің рециркуляциясы деп аталады.

Қалыпты жағдайда, шеткі қандағы Т-лимфоциттердің мөлшері барлық шеткі лимфоциттердің 60-80%құрайды.

Т-лимфоциттер рециркуляцияға шыққан уақытта ағзаның ішкі ортасының гентикалық тұрақтылығына иммунологиялық бақылау жүргізеді.Егер де (гипотезді) ағзаны тиімді жағдайға отырғызса (антигенднрдің ағзаға кез-келген жолдармен түсуі шектелсе), бұл кезде де иммундық жүйе керек. Себебі, ағзада үнемі жасушалардың бөлінуі жүреді, бұл үрдіс өкінішке орай, тиімді емес, өйткені жасушалардың бөлінуі кезінде мутантты жасушалар түзіледі, ал олардың көбісі жойылмай, ақаулы ұрпақ береді.Спонтанды мутацияның жиілігі 10, яғни әрбір миллион жасушалардың бөлінуінде 1 минуттық жасуша түзіледі.Адамдар мен сүтқоректілерде тәулігіне орта есеппен, үнемі бөлінетін жасушалардың саны 10-10, яғни ағзада тәулігіне орта шамамен 1-ден10млн. Дейін мутантты жасушалар түзіледі. Эволюция үрдісі кезінде күрделікөп жасушалық ағзалардан тұратын сүтқоректілер мен адамдар даму үшін жасушалардың бөлінуін қадағалайтын жүйе керек болған, ол иммунитеттің Т-жүйесі болып табылады.Сөйтіп, Т-жүйесінің және иммундық жүйенің жалпы ең басты қызметі-ағзаның ішкі ортасының гентикалық тұрақтылығына иммунологиялық бақылауды жүзеге асыру және өспелі, мутантты жасушаларды жою.Экзогендік антигендерге (жұқпалы және жұқпалы емес)қарсы жауап осы негізгі қызметтің нәтижесі болып табылады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com