Реферат: Биология | Ішкі секрециялық бездер
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы
туралы жалпы түсініктеме.
Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Сыртқы секрециялық ( лат. секреция- сөл шығару ) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері , яғни секреттері (лат. секрет – без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады ( мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі -сілекей) немесе дененің сыртына шығады ( мысалы, тер безінің өнімі –тер дененің сыртына шығады ). Сондықтан оларды
сыртқы секрециялық немесе экзогендік ( грек. Экзо – сыртқы, сыртқа + ген- тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей , қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ішкі секрециялық немесе эндокриндік ( грек. Эндон –ішкі +крино- бөліп шығару.) бездердің өнімдері тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сінеді де қанмен бүкіл денеге тарап мүшелердің қызыметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон ( грек. Гормо- іске қосамын, қозғаймын ) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы(қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады.
Организмдегі гормондық тепе-теңдік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай қызымет жоқ . дегенмен ішкі секрециялық бездер өзінің қызметін жүйке жүйесі арқылы реттейді. Сонғы зерттеулер бойынша гормондардың көбі жүйке жүйесіндегі күллі жүйке клеткаларынның қызмет жағдайын өзгертетіні мәлім болды. Мысалы бүйрек үсті бездерінің гормондары қозу мен тежелудің күшін өзгертеді. Егер жануарлардың бүйрек үсті бездерін, тәжірибе жасау үшін, сылып алып тастаса, ішкі тежелумен қозу нашарлайды да жоғары жүйке әрекетінің терең өзгерістері пайда болады.
Гипофиз безінің гормондары аз мөлшердің өзінде жоғары жүйке әрекеттерін күшейтіп, ал көп мөлшерде оны тежейді. Ал қалқанша безінің гормондары аз мөлшерде жүйке жүйесінің қозуы мен тежелуін күшейтіп,көпмөлшерде оны нашарлатады.Сонымен бірге, қалқанша безінің гипо және гиперсекрециялары адамның жоғары жүйке әрекетін талқан қып бұзады. Жыныс бездерінің гормондары қозу мен тежелуге және жүйке клеткаларының қызметіне айтарлықтай әсер етеді.
Ішкі секрециялық бездердің дамуында гетерохрондылық заңы айқын сезіледі ең ерте дифференциацияланып, қызмет атқара бастайтын бездер – эпифиз, Лангерганс аралшалары және бүйрек үсті бездерінің кейбір жері.
Нейрогормональдық реттеу алдымен өсуді, бала денесінің дамуын және сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді де, кейінрек ұрпақ жалғастыру қызметін дамытады.
Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.
Ішкі секрециялық бездердің өнімі гормон- өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті күллі организмге әсер етеді.
Осыған байланысты ішкі секрециялық бездерқан тамырларына бай келеді.
Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді,тым азғантай мөлшерде(микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бірбелседі химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғыни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Химиялық құрамына қарай олар белок,полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады.Гормондар ішкі секрециялық бездерде,ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырларда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.
Гормондардың биосинтизі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақты гормондарды өндіреді.
Адам организміндегі гормондардың ішіндегі гипоталамус-гипофиз-бүйрек үскі бездері гормондарының маңызы өте жүйе организмнің біртұтастығын сақтауға қатысатын физиологиялық қызыметтердің негізігі, әрі маңызды реттеушісі. Бұл жағдайда мидың гипоталамус бөлігі жоғарғы дәрежедегі қыртыс асты ішкі секрецияның реттеушісі болып есептеледі. Оның бір қызыметі гипофиз безінің жұмысына дем беруші химиялық өнімдер – нейросек реттерді (грек. Нейрон- нерв клеткасы + секрет ) өндіру және шығару арқылы орындалады. Гипоталамуста пайда болған нейросекрет гипофизге құйылып, оның басқа бездерге әсер тудырады. Аралық мида орналасқан гипоталамус барлық ішкі мүшелердің және ішкі секрециялық бездердің қызметтерін реттейді. Сондықтан ол мидың барлық бөлімдерімен және гипофиз безінің артқы бөлімімен тікелей байланысты жатыр.
Гормондар ұлпаларға немесе тікелей әсер етіп, олардың қызметтерін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді. Кейбір гормондар( бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша бездерінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен әрекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірінің қызметіне белсенді түрде тікілей де, жүйке жүйесіарқылы жанама да әсер етеді. Мұндай өзара байланыстың нәтижесінде олардың қызметіжүйке жүйесі арқылы керібайланысты жолымен реттеліп отырады да, денедегі гормоналдардың мөлшері тұрақты мөлшер қалпында сақталады. Егер бұл байланыс бұзылса, организге түрлі зат алмасуға байланысты аурулар пайда болады. Жүйке жүйесінің ішкі секрециялық қызметті реттеуі өткен ғасырдың 50-ші жылдары анықтайды. Қазіргі түсініктеме бойынша, нейтрондар өздерінің негізгі қызметіне қоса, физиологиялық белсенді заттар- нейросекреттерді –түзейді. Нейросекреттердің түзілеуінде гипоталамустың нейрондары маңызды роль алады, ол құрлысы бойынша гипофиз безімен тікелей байланысты. Оның нейросекреттері гипофиз безінің, ал ол арқылы басқада ішкі секрециялық бездердің қызметін өзгертеді. Гипоталамустың нейросекреттерін рилизинг- гормондар деп атайды. Оларға либериндер мен статиндер жатады. Либериндер гипофиздің троптық гармондарының өндірілуін, ал статиндер – тежелуін реттейді.
Ішкі секрециялық бездердің қызметі соншама жақсы реттелгенімен олардың қалпына және қызметіне түрлі аурулар әсер етеді. Гормондардың өндірілуі нашарлағанда гипосекреция (грек. Гипо- аз, төмен ) және күшейгенде гиперсекреция(грек. Гипер- артық, жоғары, шегінен тыс ) байқалады. Демек ішкі секрециялық бездердің қызметінің бұзылуы организмнің тіршілігіне әсер етіп қауіп төндіреді…..
Полную версию материала можете скачать через !!!!