Реферат: Әлеуметтану | ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ ПӘНІ МЕН ТАПСЫРМАСЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

0

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері.

Экономикалық ойлау адамзат қоғамымен бірге өмір сүріп келеді. Ежелгі философтар (Аристотель, Ксенофан, Платон және т.б.) шығармаларында экономикалық тұрмыстық варианттары көрсетілген.
«Экономия» термині грек тілінің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (ереже, заң) деген сөздерінен алынып, бастапқы кезде үй шаруашылығы туралы ғылым ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі экономика – бұл «рыноктық шаруашылық» категориясының синонимі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы – бұл жеке тұлға, отбасы, қауым және бүкіл қоғамның тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін ресурстық база, жағдайлар кешенін құруға бағытталған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі субъектілерінің қызметі. Ол экономикалық ресурстарды қалыптастыру және рационалды бөлу, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау және тағы сол сияқты элементтерден тұрады.
Адамның жеткілікті түрде тіршілік ету мәселесін шешу бойынша экономикалық қызметті іске асыруға үш субъект қатысады: мемлекет, қоғам және адамның өзі. Нақты жағдайларға байланысты олардың әрқайысысы көп немесе аз міндеттерді өз мойнына алады.
Рыноктық қатнастар қалыптасуының қазіргі сатысында әлеуметтік жұмыстың экономикалық функцияларын іске асыруда мемлекет басты роль атқаратындығын тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы – материалдық емес қызмет өндіру бойынша халықты әлеуметтік қорғаудың барлық құрылымдарының экономикалық қызметі.
Материалдық емес қызмет өндіру сферасының мынадай спецификалық ерекшеліктері бар: бұл сфераның өкілі (тұтыну заты) тауар түрінде емес, белгілі бір қызмет, еңбек түрінде болады. Яғни, «… зат түрінде қызмет көрсетпей, еңбек түрінде қызмет көрсетеді…». Бұл жерде материалдық – заттай өндіріске тән қызмет формасынан өнім формасына өту іске аспады, және қызмет өндіру процесі әрқашан да оны тұтынумен сәйкес келеді.
Материалдық емес қызмет сферасына тұрғын-ұй коммуналдық қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жолаушы автокөлігі және байланыс, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру, әлеуметтік қызмет көрсету және тағы басқалары жатады. Олардың барлығына ортақ қасиет қызметтің осы түріне қамтылған жұмысшылар еңбегінің материалдық емес сипаты болып табылады. Бұл салаларды тағы да олардың адамдарға және олардың тіршілік етуіне әлеуметтік жағдай жасауға бағытталуы біріктіреді.[1].
Сонымен қатар 90 – шы жылдардың басында «әлеуметтік жұмыс» деп аталған қызметтің принципиалдық ерекшеліктері де бар. Ол тек әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету, қызметі ретінде емес, сонымен қатар қоғамның объективті себептерге байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын мүшелерінің мүдделеріне сай әділетті әлеуметтік қайта құруға бағытталған мемлекет емес құрылымдар қызметінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Рыноктық өту кезеңінде мемлекет тарапынан қолдауды объективті қажет ететін адамдардың саны көбейеді. Сонымен қатар мемлекет иелігінен алу және меншіктің көп формалылығы мемлекеттің халықтың әлсіз топтарының әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ресурстың мүмкіндіктердің елеулі түрде қысқаруына әкеледі.
Бұл да рыноктық экономика қалыптасуы кезінде әлеуметтік жұмыс экономикасының бір ерекшелігі болып табылады.
«Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері» курсының зерттеу пәні – бұл рыноктық экономика жағдайында әлеуметтіксферадағы және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономикалық процестердің заңдылықтары, экономикалық факторлардың бүкіл қоғамның, жекелеген әлеуметтік топтарға көрсететін ықпалы.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы қоғам мүшелері мен мемлекет және басқа да саяси жүйелер арасындағы экономикалық қатнастарды зерттейді.
Әлеуметтік жұмыс экономикаға қоғамның материалдық негізі ретінде тоқталады. Бұл әсіресе қазіргі кезде өндіріс құлдырауы мен жұмыссыздықтың, инфляцияның өсуі, тауарлар мен қызметтердің барлық түрлерінің қымбаттауы байқалған өтпелі кезеңде маңызды болып табылады.
«Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері» атты курс қоғамның әлеуметтік организіміндегі экономикалық байланыстарды, оның өтпелі экономикадағы өзгерісін және экономикалық, құқықтық және басқа да әлеуметтік құқықтары төмен халықтың бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталғандығын, рыноктық қатынастардың қоғамның әлеуметтік организіміне ықпалын, экономикада жүріп жатқан процестерді және оның қоғамның әлеуметтік өміріне, оның жекелеген әлеуметтік топтары мен оның мүшелеріне, қоғамдағы отбасына және отбасындағы жеке адамға ықпалын зерттейді.[2].
Қоғамның экономикалық қатнастары оның жекелеген мүшелеріне тікелей әсер етеді. Әсіресе өндіріс құрал – жабдықтарына байланысты қатнастар үлкен ықпал етеді. Өндіріс құрал – жабдықтарымен бөтенсіту жұмысбастылық және әлеуметтік жіктелуіне, отбасындағы экономикалық, әлеуметтік мәселелерге алып келеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саясатын іске асыру әлеуметтік жұмыстың міндеті. Мұнда қартаю, жұмысқа қабілеттілігін жою жағдайына байланысты әлеуметтік сақтандырудың, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік кепілдіктің маңызы арта түседі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы экономикалық теорияның негізгі категорияларымен анықталады: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Жеке адам және қоғам мүдделерін іске асыру кезінде адамдар қызметінің шешуші саласы – рыноктық қатынастар қалыптасу жағдайында өмірлік игіліктерді өндіру және бөлу саласына ерекше көңіл бөлінеді.
Материалдық игіліктерді өндіру – адам және қоғам өмірінің негізі.
Экономикалық ғылым категориясы ретіндегі бөлу – бұл тек қоғамдық өндіріс нәтижесін бөлу ғана емес. Бұл ресурстарды немесе өндіріс факторларын да бөлу болып табылады.
Шаруашылық рыноктың жүйесінің қалыптасуы және осы негізде меншік иелері тобының қалыптасуы жинақталған мүлік бойынша бөлу принципінің ықпалын күшейтеді. Мұнда халықтың өз табысының қалыптасуы дифференциялануының өсуіне, қоғамның әлеуметтік, экономикалық жіктелуіне алып келеді. Бұл әлеуметтік ауыртпалықты жою үшін, халықтың әлсіз жүйесін қалыптастыру үшін жүйелі мемлекеттік араласуды талап етеді.
Әлеуметтік – экономикалық көмек мемлекеттік бағдарламасының негізінде азаматтардың конституциялық құқықпен қамтамасыз ету іске асырылады: тегін білім беру менмедициналық қызмет көрсету, қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету, аналық пен балалықты қолдау және тағы сол сияқты. Оларды қанағаттандыру дәрежесі осындай жағдайдағы экономикалық даму деңгейімен анықталды.[3].
Бөлу процесін реттеу бойынша мемлекеттің қызметі негізгі үш бағыт бойынша іске асырылады.
Бірінші бағытта халықтың түсімі оның еңбегінің нәтижесіне, өмір сүруді қамтамасыз ету үшін қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін есепке ала отырып тәуелді болады.
Екінші бағыт бірінші орында жәрдемақысы, арнайы емдеуге берілген төлемдердің бағытталған қажеттіліктер көлемімен сипатталады.
Мемлекеттік қолдаудың үшінші бағытының ерекшелігі өндірістік емес сфералардың сәйкес мекемелері арқылы халықтың заңмен анықталған топтарына берілетін жеңілдіктер және қызметтер арқылы бейнеленеді.
Әлеуметтік – экономикалық қолдау бағдарламасы еңбек процесіне тыс себептерге байланысты табыс деңгейіндегі айырмашылықты жоюға бағытталады.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы жалпы экономикалық теория шеңберінде қала отырып, оның халықтың өмір сүруін қамтамасыз етуге ықпалын, экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық, этникалық және басқа да қоғам өмірінің нормаларына тәуелді болатын мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік стандартын анықтауды зерттеумен айналысады.
«Халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету» экономикалық категориясы қоғамның өндірістік күштеріне, рыноктық экономикасына қызмет етуі және дамуы жағдайында әлеуметтік – экономикалық қатнастарға сәйкес келетін сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады.
Бұл тұрғыда халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесінің әлеуметтік – экономикалық үлгісі қызығушылық туғызады.
Қазіргі рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі мен ғылымға халықты «өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесі» экономикалық категориясын енгізу теориялық тұрғыда дәлелденген және Қазақстанда жоғары деңгейде дамыған, әлеуметтік әділетті қоғамның қалыптасуын мемлекеттің білікті түрде қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.[4].
Әлеуметтік жұмыс экономика оқу пәні ретінде танымдық, методологиялық, тәжірибелік функциялар тән болып табылады. Бұл функциялардың мақсаты – экономикалық мәселелердің және олардың қоғам әл-ауқаты әсерін талдау.
Зерттеу объектісі тұрғысына курс бөлімдері халықты әлеуметтік қорғаудың екі аспектісі ретінде микро және макроэкономикаға байланысты әртүрлі аспектілерін қарастырады. Бір жағынан ол өзін-өзі қамтамасыз етуге жағдай жасауды көздесе, екінші жағынан өзін-өзі қалыпты өмір сүру деңгейімен объективті түрде қамтамасыз ете алмайтын адамдарға көмекті көздейді.
Микроэкономикамен рыноктық экономикадағы жекелеген әлеуметтік субъектілерді (мысалы, әлеуметтік кәсіпорындар мен қызмет, өндірістік ұжымдар және тағы басқалары) қызмет ету заңдылықтары мен салдарын, себептерін талдау байланысты. Микроэкономикамен табыс, жұмысбастылық, материалдық әл-ауқат динамикасы жиынтық көрсеткіштерін қарастырып, мемлекеттік экономикалық саясаттың заңдылықтары мен әлеуметтік бағыттылығын анықтайды.
Олай болса, әлеуметтік жұмыстың экономикалық сферасының пәні осы сфераға бағытталған материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының қозғалу заңдылықтарын және онда қолданылатын қоғамдық және жеке адам қойған мақсаттарына жетуі болып табылады.
Ол экономикалық теорияға методологиялық негіз ретінде сүйенеді және әлеуметтік сфераны жоспарлау, қызмет ету және ресурсты қамтамасыз ету қызметтерін қамтиды, мемлекет, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың экономикалық процесс заңдылықтарын білу негізінде және экономика заңдарын әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде пайдалану негізінде экономикалық байланыстарын зерттейді.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы кәсіптік деңгейде мынадай сұрақтарға жауап беруге бағытталады: салаға салынған ресурстардың тиімділігі қандай және осы тиімділіктің критериі қандай.
Әлеуметтік жүйе элементтік құрамына адамдар мен олардың арасындағы қатнастар кіретін жүйенің ерекше түрі болып табылады.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі — әлеуметтік жүйенің дамыған түрі және оған мақсат, иерархия, басқару, синергия сияқты жүйелік қасиеттер тән.
Гомогендік жүйе тек әлеуметтік элементтерден тұратын болса, ал халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне гетерогендік жүйе ретінде адаммен қатар басқа табиғаттың элементтері жатады: социотехникалық (кәсіпорын, мекеме, қайырымдылық қоры), экоәлеуметтік (географиялық адамдар, муниципалитеттер). Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі биологиялық, техникалық және басқа да жүйелермен салыстырғанда өте күрделі, себебі оның басты элементі – адамның өзіндік субъектілігі және мінез-құлық таңдаудың үлкен диапазоны болады.
Бұл себепке байланысты субъект – қызметтің «субъект – объектілік» сипаты әлеуметтік жұмыста заңдылықтарды практикалық қолдауды күрделендіреді.
Әрбір нақты әлеуметтік жүйе кең көлемдегі әлеуметтік жүйеленген және макрожүйе сияқты бүкіл қоғаммен органикалық байланысты және салыстырмалы дербестігін сақтап қалады. Әлеуметтік жүйенің бұл дербестігі оның кең көлемде таралуын қамтамасыз етеді.[5].
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі (ХӘҚЖ) әлеуметтік тәртіп сферасының туындысы ретінде қоғамда объективтендірілді және онда салыстырмалы автономиясы, өзіндік заңдылықтары, әлеуметтік жұмыс принциптері мен әдістері болды.
Әлеуметтік жұмыс экономикасының принциптері – бұл ғылыми дәлелденген, тәжірибеде тексерілген халықты әлеуметтік қорғау кәсіпорындары мен мекемелерінің экономикалық қызметінің формасы мен әдістері жөніндегі қаулы. Әлеуметтік жұмыс экономикасына әлеуметтік сфера қызмет етуінің принциптері және ерекше принциптер де тән.
Гуманизм принципі адамның жоғары құндылығын мойындауды, оның жетістіктері мен азаматтық құқықтарын қорғауды, жеке адам қабілетін жан – жақты көрсетуге жағдай жасауды көздейтін негізгі принциптердің бірі.
Әлеуметтік әділдік принципі. Әлеуметтік – экономикалық әділдік абсолюттік тепе – теңдік түрінде емес, ең алдымен еңбектің әділ бағасы, ұсақ өндірушілердің әділ табысы, минималды жалақыны жақындату, бюджеттік сфера мен негізгі халық шаруашылығы арасындағы қатынасты директивті қолдауды енгізу түрінде көрініс табады.
Ол екі формада көрініс табады: айырбас әділеттілігі және бөлу әділеттілігі. Бұл формалардың екеуі де бөлудің рыноктық механизімімен теңестіруге болады, бір жағынан мемлекеттік реттеу механизімімен, екінші жағынан «байлық теориясының» — жеке және қоғамдық меншік сияқты екі артықшылығымен теңдестіруге болады.
Әлеуметтік әділеттілік барлық адамдардың экономикалық өмір мен қоғамдағы саяси оқиғаларға белсенді қатысуын көздейді. Экономикалық әділеттілік кәсіпкердің, сондай-ақ тікелей рыноктық — өндірістік қызметтен тыс адамдар: өндірістік қатынасқа әлі түсіп үлгермегендер (балалар, жасөспірімдер) немесе объективті себептерге байланысты оған түсе алмайтындар (мүгедектер, көпбалалы аналар), сондай-ақ жас мөлшері бойынша немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты өндірістен кеткен адамдарды (қарттар, мүгедектер) экономикалық қорғауды көздейді.
Басқа сөзбен айтқанда бұл меншікті қорғаумен қалыпты кәсіпкерлік қызметі қорғауға құқыққа иелік ету құқығын мойындау, балаларды, зейнеткерлерді, мүгедектерді әлеуметтік – экономикалық қолдауды білдіреді.
Қоғамдық мақсатқа бағытталған принципі. Бұл принципке сәйкес қоғамда қорғалатын халықтың толығымен немесе ішінара жұмысқа қабілеттілігінен айырған бөлігімен қатаң түрде шектеуі тиіс. Бұл принцип бұзылса іске деген мотивация төмендеп, еңбек армиясы көбейеді. Әлеуметтік жұмыстың бұл принципінің тәжірибедегі көрінісі адрестік әлеуметтік – экономикалық көмек жүйесі болып табылады. [6].
Экономикалық тиімділік принципі әлеуметтік шығын көлемімен оны қаржыландыруға бөлінген ақша көлемінің арасындағы оптималды арақатнасы бейнеленеді. Әлеуметтік сфераны қаржыландыруға бөлінетін қаржы барлық макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес келуі тиіс: жалпы ұлттық өнім, еңбек ақы қоры, халық табысы және тағы басқасы. Әлеуметтік мұқтаждыққа берілетін қаржының оптималды көлемнен алып келеді. Сонымен қатар, экономикалық тиімділік принципінің мәні әлеуметтік төлемдер мен жалақы арасындағы оптималды арақатынас болып табылады.
Әлеуметтік жәрдемақы көлемі жәрдемақы алу жалақы алуға қарағанда тиімді болатындай жағдай тудырмауы қажет. Бұған жәрдемақының заңды түрде бекітілген минималды еңбекақыға (мысалы, балаларға берілетін жәрдемақы минималды еңбекақының 70℅-пайызын құрайды) оптималды арақатнасы арқылы және өмір сүру минимумының анықталатын құны арқылы қол жеткізуге болады. Бұл принципі сақтау үшін халықтың — әлеуметтіе әл-ауқатының түпкі мақсатын анықтау, әрбір индивид пен қоғам үшін максималды пайдамен оған жетудің экономикалық тиімділігін анықтау талап етіледі.
Халықты әлеуметтік қолдауда мемлекеттік бастамалардың приоритеттілігі принципі. Бұл принципке сәйкес объективті себептерге байланысты өз-өзін қамтамасыз ете алмайтындарды. Әлеуметтік жіктілікті өмір деңгейімен экономикалық қамтамасыз етуші мемлекет болуы тиіс. Көптеген жағдайларда әлеуметтік қорғау құралы төмендегідей екі категория арқылы көрініс табады:
1. рыноктық әсердің әлеуметтік қауіпті деңгейге жетуіне мүмкіндік бермейтін тұрақты шектегіштер. Бұл үшін мемлекет еңбекақының минималды деңгейін, салық максималды мүмкін болатын ставкасын реттейді, тегін білім беру мен медициналық қызмет көрсетудің минимумына кепілдік береді.
2. жеңілдік, субсидия, тегін және ішінара ақылы қызметтер, кедейлерді қолдау сияқты әлеуметтік компенсация жүйесі.
Жергілікті органдардың экономикалық дербестігі принципі федералды және жергілікті деңгейдегі субъектілердің экономикалық өкілеттіктерін шектемеуді талап етеді.
Әлеуметтік жәрдемақы және басқа да төлемдер федералдық деңгейде минималды көлемде кепілделуі тиіс, ол одан жоғары төлемдердің барлығы жергілікті қорынан аймақтық халық және әкімшілік аймақ экономикасын дамытуға ынталануы үшін іске асырылады.[11].
Сондай-ақ еңбекақының еңбектік мотивациясы принципі, өмір сүру сапасын жоғарылату, қажеттіліктердің көбеюі сияқты экономикалық принциптер де бар.
Жоғарыда тізбектелген принциптерде халықты әлеуметтік қорғау жүйе ретінде негізделген. Бұл принциптер өндіріс және тұтыну сфераларының арасындағы пропорцияны, оптималды арақатынасты сақтауға бағытталған, әлеуметтік жұмыс тұтыну сферасына көмек көрсететіндігін ұмытпау қажет. Бұл принципке сәйкес әлеуметтік технология әлеуметтік – экономикалық әдіс түрінде көрініс табатын халықты әлеуметтік қорғау механизмі әрекет етеді.
90-жылдардың аяғында халықты әлеуметтік қорғау жүйесі рыноктық қатнастарға әлі енбегендігін айта кету қажет. Мемлекет федералдық, республикалық және муниципалдық меншік формасында оның иесі болып қалады.
Біздің мемлекетіміз үшін билік институты мен меншік институтын біріктіру қасиеті тән. Ол көп укладты экономикада тек қана меншік субъектісі сипатында емес, сонымен қатар басқару субъектісі ретінде еңбек қатынастары сферасына енуі қажет.
Осыған байланысты әлеуметтік қорғау мекемелері мен кәсіпорындары басқарушылық ықпалымен жоғарыдан төмен қарай реттеледі. Жүйе элементтері арасындағы арақатнас жоспарлау, демократиялық централизм және ішінара шаруашылық есеп принциптеріне бағынады. Кәсіпорындарда қызмет көрсетілгендер жазылып, қызмет ассортименті шектеледі, қаржылық кадрлық және басқа да ресурстар көлемі анықталады.
Әлеуметтік жұмыстың нақты бір тұлға бағытталғандығы әлеуметтік жұмысшыға жеке адам мен қоғам арасындағы бұзылған қатнасты қайта қалпына келтіруге бағытталған тиімді әдіс – тәсілдер мен технологияларды іздеу мәселесін қояды. Бұл қоғамның әлеуметтік әлсіз мүшелерінің көбеюіне және оларды қолдау процесін жетілдіруге деген қажеттілікке байланысты.
Әлеуметтік қолдау технологиясында әлеуметтік – экономикалық әдістер – бұл экономикалық принциптер негізінде әлеуметтік мақсатқа жету әдістері. Ал әлеуметтік мақсат қоғам, топтар мен жеке адамдардың мүдделерін біріктіруді қамтамасыз ету болып табылады. Әлеуметтік жұмыс технологиясында экономикалық әдістері пайдалану дұрыстығы олардың тиімділігі арқылы анықталады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық әдістері әлеуметтік қолдау механизімінде басты орын болады, яғни ол әлеуметтік қорғау концепциясының негізгі аспектілеріне әсер етеді, бір жағынан жеке адамды потенциялдық мүмкіндіктерін өзін-өзі көрсетуге ынталандыра отырып, екінші жағынан – дағдарыс жағдайында адамға, отбасына, жеке топтарға әлеуметтік – экономикалық қолдау көрсете отырып ықпал етеді.
Әлеуметтік – экономикалық әдістер мемлекеттік деңгейде бұл міндеттерде қоғамның жұмысқа қабілетті бөлігін әл-ауқатпен өзін, отбасын және бүкіл қоғамды қамтамасыз етуге ынталандыратын құқықтық және әлеуметтік саясат арқылы, экономикалық және құқықтық жағдай жасай отырып шешеді.
Бұл кешенді әлеуметтік міндетті шешудің негізгі экономикалық әдісіне минималды әлеуметтік – экономикалық кепілдік жүйесін енгізуді жатқызуға болады. Бұл жерде минималды еңбек ақы көлемі мен өмір сүру минимумы анықтаушы фактор болып табылады.[7].
Кейбір кезеңдерде зейнетақы және жәрдемақымен қамтамасыз ету деңгейін сақтап қалу шығысты компенсациялау сияқты әлеуметтік — экономикалық әдіс қолданылады. Шығысты компенсациялау – бұл билік органдарының халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының шығындарының орнын толтыру. Бұл мынадай седептерге байланысты бағаның өсуі жағдайында іске асырылады:
— табиғи немесе антропогендік сипаттағы апаттар;
— бала тууға байланысты шығында;
— мүгедектерге күтім жасау.
Әлеуметтік қорғау мақсатында жеңілдіктер мен компенсация жүйесі, сондай-ақ заңды түрде анықталатын халықтың жекелеген топтарына мемлекеттік жәрдемақы жүйесі әлеуметтік – экономикалық әдістер қолданылады.
Әлеуметтік жұмыс экономикасында позитивті және нормативті талдау әдістері, экономико – математикалық моделдеу, экономикалық эксперимент және тағы басқа әдістер қолданылады.
Нормативті талдау әдісі ғылыми негізделген әлеуметтік – экономикалық стандарттар мен нормативтерді зерттеу мен анықтауға байланысты. (жұмыссыздық пен кедейліктің мүмкін болатын деңгейі, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақының оптималды мөлшері және тағы басқалары).
Позитивтік талдау экономикалық құбылыстардың арақатнасын (мысалы: бағаның өсуі мен өмір сүру деңгейінің төмендеуін) зерттейді.
Экономико – математикалық моделдеу экономикалық процестердің себептері мен заңдылықтарын және олардың салдарын анықтауға, сондай-ақ оны болжауға мүмкіндік береді.
Экономикалық эксперимент көмегімен әлеуметтік қолдау үлгісінің тиімділігін есептеуге болады. (халықтың кейбір топтарының, әлеуметтік қызмет кәсіпкерлік қызметінің, зейнетақы қызметін ұйымдастыру құрылымын және тағы басқалары).
Экономикалық әдістер талдау объективті жағдайларға, ресурстық қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғаудың барлық деңгейлеріндегі мамандардың квалификациясына тәуелді болады….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!