Реферат: Әлеуметтану | Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік ғылымдар

0

1. Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік ғылымдар
Социология XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында пайда болған; леуметтік
ғылым болып, келе құрылады. Социологияның негізін құрушы француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857), «социология» терминін ойлап тапты. «Социология» латынның сөзі «қоғам» дегенді және гректің «социетас» деген мағынаны білдіреді. XIX ғ. социология қоғамды танитын ғылым болып толық қалыптасты. Қазіргі кезде социология – адамдардың жеке бастың, топтың және қоғамның дамуын зерттейтін ғылым. Социология қоғамды және әлеуметтік қатынасын да тұтастай зерттей келе, ғылым ретінде әлеуметтік жұмысқа қоғам туралы білім береді. Әлеуметтік қызметкердің социолог болуы тиіс, ол қоғамның дамуы мен құрылымның заңдылығын жақсы білуі тиіс. Әлеуметтік жұмыста қоғамды, жеке тұлғаны, отбасын, саясатын, дінді және т.б. зерттеуде, осылардың барлығы оған білім ретінде керек болады. Көп балалы отбасымен жұмыс жүргізу, нашақор, жұмыссыз қалғандар мен жалғыз басты аналар мен және т.б. жұмыс жүргізу алдында әлеуметтік қызметкер отбасы, еңбек социологиясын, девианттық мінез-құлық социологиясын, гендерлік социологияны білуі тиіс. Осы бойынша біріншіден, социология әлеуметтік қызметкерге білім береді, ал әлеуметтік қызметкер ғылымға сүйенеді.
Екіншіден, әлеуметтік жұмыс социология зерттейтін пәндерге жатады, ол: «дене шынықтырудың мәдениеті мен спорт социологиясы», «медицина социологиясы», «тәрбиелеу социологиясы», «әлеуметтік білім беру» сияқты «әлеуметтік жұмыс социологиясы» деп социологияның бір бөлігі болады. Жалпы социологиямен салыстырғанда, әлеуметтік жұмыс қолданбалы пәндерге жатады.
Үшіншіден, әлеуметтік жұмыста өз зерттеу тәсілдерімен қоса, социология әдістерін де пайдаланады. «Әлеуметтік жұмыс» атты мамандықтың студенттері өз мамандығына байланысты зерттеулерді: анкета, интервью, бақылау, әлеуметтік әдіс құжаттарды сараптау және т.б. социологиялық әдістерден кейін жүргізеді. Болашақ әлеуметтік қызметкерлер «Әлеуметтік жұмыстың мәселелерін социологиялық әдістері мен меңгеру техниасы» атты сабақты зерттейді.
Төртіншіден, әлеуметтік жұмыс ғылым және іс-әрекет тәжірибесі ретінде социологияға эмпирикалық мәліметтер және деректер береді.
Әлеуметтік қызметкер өзінің іс-әрекетінің объектісі ретінде адамды алады, ал адамды ғылымдар меңгереді: социология, педагогика, психология, медицина және т.б. Тек философия ғана адамды тұтас етіп қарастырады, барлық ғылымды бір арнаға ортақтастырады. Философия ерте заманда адамзаттың әлемді тұтас екенің түсіндіру мақсаты негізінде туындаған. Адамның өзінің өмір сүруі, ақыл-есінің болуы және дамуы философиялық мәселені деген «Мен кіммін?» «Мен және басқа адамдар қайдан пайда болады?» деген философиялық сұрақтар қояды. Ол адамзат туралы жалпы сұрақтарды талқыға салады, оның өмірінің мағынасын және өмір сүруін ашады. Философия ақылмен байланысты. «Адамға философия керек пе?» деген сұрақ, «ақылды болу пайдалы ма, адамға ойлану керек пе?» дегенді білдіреді. «Философия» гректің сөзі «ақылға сүйіспеншілік» деген мағынаны білдіреді. Бірақта философия тек Грецияда ғана емес, Грецияға дейін де пайда болған. «Философия» деген терминді ежелгі грек математигі Пифагор, б.э.д. 2600 жыл бұрын ойлап тапқан деп есептейді.
Философия көптеген бөлімдерден тұрады: «онтология» (болыс туралы ілім), «гносеология» (таным туралы ілім), «аксиология» (баға туралы ілім), «социология» (қоғам туралы ілім) және т.б. Өз бөлімдерінде философия жоғарыдағы аталған ғылымдарды қайталамайды, бірақ тану, ойлау, қоғам, адам туралы жалпы сұрақтарды қарастырады. Философиядан басқа философиялық ғылымдарға біртіндеп өту толық айқындалмаған, кейде қай жерде философия бітіп, тек жеке мәселелерді ойлау, тану, адамды зерттеу басталатының көрсету қиын. Бұл философия ғылымының басқа ғылымдарға қарағанда, ерте дамығаның және жалғыз ғылым тәріздес білім болғанына байланысты. Біртіндеп философиядан бөлініп, жеке ғылымдар құрыла бастады, мысалы, астрономия, геометрия, физика, терапия, математика. Жаңа ғылымдар пайда болуы мен құрылуы жалғасуда философия ғылымы да дауда. Философия мен басқа да ғылым арасында осы өзгерістерге қарамай, философия екі ролі мен міндеті: методологиялық және дүниетанымдық қалуда. Дүниетаным ретінде философия барлық ғылымдарды біріктіреді, ғылымдар жүйесін, әлемнің тұтастай ғылыми көрінісін құрады. Методология ретінде философия ғылымдарды басқарады, ол оған танымның жалпы әдістерін береді. Әлеуметтік жұмыс іс-жүзінде қолданбалы ғылым болғандықтан, теориялық ғылымдармен тығыз байланысты. Ал филосоия болса әлеуметтік жұмысқа осындай ғылымдар арқылы әсер етеді сол арқылы байланыста болады. Бірақ әлеуметтік жұмыс іс-жүзінде қолдана отырып, әлеуметтік қызметкердің әрекетімен байланысты. Сондықтан философия әлеуметтік қызметкерге жалпы мәдениет психологиялық және логикалық феномен ретінде керек. Философиялық білім адамның жеке дара қасиетін көтереді, оны тәуезсіз ойлайтын, өзінше әрекет жасайтын әрбір адамның тұрмыстық бағасын байқайтын ада ретінде тәрбиелейді. Философияны, логиканы, этика мен эстетиканы және басқа да ғылымдарды білетін адам – мәдениетті адам. Жалпы мәдениет әлеуметтік қызметкердің ажырамас қасиеті болады.
Әлеуметтік жұмыс пен тарих бірнеше түрлі өзара байланысты. Тарихи процесс кезінде әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі мен теориясы бір-бірінен ажырамайтын құбылыс, ол қоғамның даму нәтижесінен туған. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы қоғамның прогрессті дамуына байланысты. Адамзат тарихында түрлі өркениеттердің елдері мен діндерінің арасында қақтығыстары болған, олар: қытай, үнді, мұсылман, батыс елдері және конфуцийшіл, индуизм, ислам, христиан діндері. Әлеуметтік жұмыс өркениеттерден және діндерден алшақ жүргізілетін жұмыс. Оның мақсаты – қоғамда тепе – тендікті сақтау, қоғамдық жанжал, таласты болдырмау, ал болып қалған жағдайда, олардың көзін тез арада жою. Әлеуметтік жұмыстың тарихи бөлінуге: бай мен кедейдің қоғамына қатысы бар. Ол әуелі бастан-ақ кедейлерге көмектесу үшін пайда болды. Батыста жоғары оқу орындарында әлеуметтік қызметкерлерді кедей адамдарға көмекші ретінде тәрбиелейді. Әлеуметтік жұмыс қоғамның әлеуметтік институттарында: денсаулық сақтау, білім беру, отбасы, діндік ұйымдарда (мешіт, шіркеу т.б.) өз орнын алады. Егер де денсаулық сақтау мекемесі денсаулығын түзесе, оқу білім жүйесі оқытса, ал әлеуметтік жұмыс қиындық туған шақта адамдарды қолдайды, көмек көрсетеді, сондықтан әлеуметтік қызметкерлер өз жұмысында дәрігер, тәрбиеші, жақсы педагог және т.б. болуы тиіс.
Саясат дегеніміз – қоғамды басқару өнері. Саясаттың басты мәселесі мемлекет пен мемлекеттік басшылық болып табылады. Мемлекет әлеуметтік институт ретінде қоғамды басқарады. Өзінің органдары арқылы құқық, сот, әскер, әкімшілік жүйе т.б. қоғадағы адамдардың арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Мемлекеттік саясат: ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Әлеуметтік жұмыс мемлекеттің ішкі саясатына қатысты. Ол әлеуметтік қаулыларда, заңдарда, мемлекет басшысының жарияларында, мемлекеттік органдардың салықтық жеңілдік құжаттарында көрініс береді. Әлеуметтік саясат экономикасының дамуына тәуелді және әрқашанда олар өзара байланыста. Қазіргі кезде мемлекеттің әлеуметтік саясаты халықты нарық қатынастарының тигізетін әсерінен сақтауы керек. Жергілікті әлеуметтік жұмыс мемлекетіміздің әлеуметтік саясатын қолдауға, оны өткізуге шақырады. Осыдан әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік саясаттың байланысы көрініс береді. Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік саясаттың байлансы – осы саясаттың әлеуметтік қызмет арқылы жүргізуінде. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты өзінің тұрақты орындалу механизмдері (әлеуметтік қызметтің көп түрлері, әлеуметтік бағдарлама, мемлекеттік шешімдер мен шаралар) арқылы халыққа көмек көрсетеді. Мемлекет халыққа ақшалай, азық-түлікпен көмек береді, мүгедектер мен жалғыз қарт адамдарына әлеуметтік қызметкерлерді тағайындап, жүктейді. Уақытша тұратын үй, тегін медициналық қызмет көрсетеді, зейнетақы төлейді т.

2. Әлеуметтік жұмыс теорияларының даму тарихы
Біздің елімізде 2000 жылы жұмыссыздар саны 12,8 % құрады. Кедейлік
деңгейі жұмыс істемейтін отбасылар санымен тығыз байланысты, сондықтан кедейліктің бірден-бір объективті себебі жұмыссыздық деп сенімді айтуға болады. 2001 жылдың екінші тоқсанында барлық аймақтарда жұмыссыздық деңгейі төмендегідей анықталады. Әлеуметтік жұмыстың бірден-бір маңызды және басты объектілерінің бірі – отбасы, жалғыз басты аналар отбасы, мүгедек балалары бар отбасылар. Сол сияқты ата- аналары мүгедек отбасылары. Әдетте, қиын материалдық жағдайда әсіреск кішкентай балалары бар отбасылары. Осы отбасыларына қосымша мемлекет қамқорлығында босқындар мен көшуге мәжбүр болған отбасылары бар. Тағы бір көмек қажет ететін отбасы категориясы – ол кәмелетке толмаған балалары бар жұмыссыздар отбасы. Тағы бір отбасылар ол маскүнемдер, нашақорлар мен тәртіп бұзушылар т.б. Әлеуметтік жұмыс осы отбасыларының проблемасын шешуге ғана емес, оларды нығайту, дамыту, отбасының ішкі потенциалын, әлеуметтік-экономикалық демографиялық жағдайын тұрақтандыру. Қаладағы қаңғыбастар мен үйсіздер бұл адамзаттың тіршілік ету аралығындағы құблыс. Бірақ бұл құбылыс, әсіресе әлеуметтік күйзелістер кезенінде және табиғи апаттар, атап айтсақ: соғыс, аштық, су тасқыны, жер сілкіну, дағдарыс процестері түрлі елдерде кеңінен кездеседі. Ол дамыған, сондай-ақ нашар дамыған елдерге тән. Қазіргі жағдайда көптеген елдерде қанғыбастық пен үйсіздер проблемасын қиындататын жалпы принциптерге қоса принциптер сипаттамасы:
 Тұрғын үй мен арзан тұрғын үйдің жетіспеушілігі;
 Жұмыссыздыққа байланысты тұрғын үйге төлейтін қаржының жоқтығы;
 Кейбіп азаматтар мен көптеген отбасының табысының аздығы;
 Қоғамның әлеуметтік саулығы (маскүнемдік, нашақорлық т.б.);
 Отбасындағы қарым-қатынастың қиындығы, қамаудан шыққан адамдардың жағдайы;
 Әлеуметтік бағдарлааларды іске асыруда мүмкіндіктердің нашарлығы, аз қамтылған отбасыларына, топтарға материалдық және басқа көмектер көрсетуге бағыттау.
Үйсіздер тобын түрмеден шыққандар толтыруда, ата-аналарынан қашқан
балалар, мүгедектер, нашақорлар, маскүнемдер, босқындар, басқа елдерден қайтқан әскери қызметкер. Үйсіздердің көпшілігі жалғыз басты ер адамдар. Үйсіздердің түрлі проблемасын шешуге арнайы мекемелерде жұмыс істейтің әлеуметтік қызметкерлер үлкен рол атқарады. Әлеуметтік жұмыс кәсіби іс-әрекеттің түрлі және әлеуметтік институт ретінде күшті теориялық базасыз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік жұмыс түрлі теориялардң парадигмаларына сүйенеді. Қазіргі заманғы әдебиеттерде әлеуметтік жұмыстың түрлі тұжырымдамалық тәсілдері беріліп, оның іс-әрекетінің аөмұның түсінуге байланысты.
Конститутцияға сәйкес әлеуметтік мемлекет орнату – біздің еліміздің дамуның қоғамдық мақсаты. Бұл мақсаттың негізгі түйіні әрбір адамға, отбасына қазіргі өркениет елдердегі сияқты жағдай жасау және осыған сәйкес тиімді әлеуметтік саясат қажет. Кедейлік мәселесі өтпелі кезенде ғана пайда болған жоқ, ол Кеңес үкіметі кезінде болды, бірақ ашық түрде мойындалмады. Халықтың аз қамтылған бөлігі кедейлер деп аталып, бағдарламалық құжаттарда аз қамсызданғандарды жою мақсаты қойылды. 1990 жылғы есеп бойынша, КСРО халықтарының 20% кедейлік шегінен төмен болды, ал Батыс Еуропа елдеріндегі көрсеткіш 8-12% ауытқып отырды. Кедейлік көп жақты құбылысты көрсетеді, ол тек ақшаның жоқтығына тіркелмейді, басқа да игіліктерге жету мүмкіндігінің аздығы, мәселен тиімді тамақтану және денсаулық, білім алу, таза қоршаған орта т.б.
Кедейлікті талдауда ақша көрсеткішінен басқа төмендегідей критерийлер айқындалады:
— тұрғын үй жағдайы;
— әлеуметтік игіліктермен қамсыздандыру;
— денсаулық жағдайы;
— білім деңгейі;
— қоғамдағы бірігу;
Біздің Республика үшін кедейлік проблемасы өте өзекті. Қайта құрулар кезінде кедейліктің масштабы кеңіді. Жоғарғы инфляцияның нәтижесінде кдейлер категориясына жұмыс істейтін халықтың көпшілік бөлігі кірді. Жұмыссыздық кедейліктің басты себебіне айналды. Егер де отбасы басшы емес, отбаы мүшелерінің біреуі жұмыссыз болған күнде, отбасының кедей болу мүмкіндігі туындайды. Кедейліктің жаңа категориясы – босқындар, үйсіздер, кезбелер пайда болды. Бұл проблемалар бүгінгі тұрақсыз және ылғи өзгеріп отыратын заманда өте өзекті болып отыр.
Әлеуметтік сауықтыру олардың тек қана еңбекпен қамту денсаулығын
қалпына келтіруге арналып қана қойған жоқ, сонымен қатар жеке адамның статусын, құқықтық жағдайын, моральді-психологиялық тендігін, өзіне деген сенімін қалпына келтіру. Әлеуметтік жұмыстың басты проблемаларының бірі – тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар, яғни босқындар мәселесін шешу болып табылады. Көп мәселе тұрғын үй проблемаларына тіреледі. Тұрғын үй мәселесін шешуде экономистер халықтың қаржысын тартуды ұсынады. Мұнда үш жол бар:
1. пәтер үшін жаңа төлем ақы кргізу.
2. тұрғын үй кооперативін кеңейту.
3. жеке тұрғын үй құрылысына көмек көрсету.
Осыған қосымша, түнеп шығу үйлері, баспаналар, интернат үйлерін ашу,
босқындарды уақытша демалыс үйлеріне, пансионаттарға, кәсіпорындар жатақханасына орналастыру. Үйсіз адам – ол тек баспанасыз ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірге қажетті жағдай дәрігерлік қызмет (тұрақты тіркелген жер жоқ), тұрақты жұмыс орны (төл құжат, еңбек кітапшасы жоқ, жұмыс жоқ, жұмысқа алмайды) көңіл жайлылығы мен өзін-өзі жақсы сезінуін айтпағанда. Бұл адамдармен де әлеуметтік медициналық жұмыс жүргізу қажет.
Тұрақты мекен жайы жоқ адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды жоғарыда аталған принциптерді қолдану әлеуметтік қызметкерлер жұмысында жақсы нәтижелер береді. Қарастырылып отырған мәселені шешуде ең негізгісі ол елдегі жүйелі дағдарысты жеңу осындай әлеуметтік саясатты аз қорғалған топтар үшін жүргізу. ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!