Реферат: Әдебиет | Қасымның қаламы нұрлы ақын
Жауынгерлік үлкен міндетін жан аямай-ақ атқарған Қасым майданда абыройлы болады, партия мүшелігіне өтеді. Ақын таланты майданда қанаттанып, творчестволық жағынан күрт көтеріле өседі.
Ақын көп өлеңін майдан өмірін және майдангерлерді суреттеуге арнайды. Олардың қатарында «Қанқұйлы жау», «Отан соғысы туралы жыр», «Үстімде сұр шинелім», «Май майданда», «Подполковник Альпинге», «Маратбек», «Жеңіс даусы», «Сен фашиссің, мен қазақпын», «Қызғалдақ» секілді жақсы өлеңдер бар. «Байқал», «Орал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Сібір» секілді өлеңдерін Отан жерінің тұлғалы орындарына арнайды.
Майданда, арпалысты күресте жүріді ақын дағдылы от басын, көңілдес
достарын ыйтуға сағынады. Ол бейбіт өмірді, тыныштықты, көңілдес жандарымен кеңесіп, кейде өлен жайлы пікір шерткен сағаттарын есіне алады. Өмір туралы, бүгінгі мен болашақ жайлы толғанғандары бар. Сондай жан толқындарының жемісі болып ақынның «Достар, қайда жүрсіңдер?», «Елге хат», «Ғалиге», «Сәбитке», «Есмағамбетке», «Қапанға», «Еркін ініме», «Абайға» секілді өлеңдері туады.
1944 жылы акынның «Абдолла» деген (кейін «Ақын өлімі туралы аңыз» деп аталды) атақты поэмасы жарияланады. Бұл поэма әдебиетімізде жаңа белес болды. Майданнан Қасым үш жүйе үлкен жеңіспен қайтты. Бірінші, ол советтік ұлы армия құрамында қанкұйлы фашистерді талқандау күресінің жуан ортасында болып, жеңіске жетті; екінші, бұрын бейбіт жағданда көп уақытын әдеби әдемілік іздеуге сарп етіп жүрген ақын майданның алғашкы күнінен бастап жорықтың жүгірісінде, окоптың түбінде аялдаған жерде қағазды тізесіне қойып отырып жазды. Кейде сөйлемді бастап үлгіріп, аяқтай алмай жүгіріп кетіп, соңын біраз уақыттан немесе біраз күннен кейін тамамдаған күндері болды. Қасым оған мойыған жоқ. Ұрыс майданының қатал өмірі әр майдангерді, солардың қатарында Қасымды да көп қиындыққа ұшыратты, творчестволық қолайсыз жағдайға қойды. Алайда өмірдің бетімен қалқымай, кені-қазынасы терең қабаттарына шүйгуді арман еткен акынды өлім мен өмір жағаласқан, көзқарасы, тарихи ұстаған бағыттары қарама-қарсы екі әлем, жекпе-жекке түскен үлкен майдан творчестволық үлкен ұмтылысқа жетеледі. Үшінші жеңісі, Қасым ғажайыбы — майданда жұрттың бәрі ақын солып кетті. Майданнан қайтқан талайлардың өлеңге толы қалың-қалың дәптерлерін көрдік. Оның себебі: өлім мен өмірдіқ арпалысы адамнын сезімін, ой-санасын, киялын ұштады. Сондай жағдайға отты ақын Қасым Аманжолов та ұшырады. Творчестволық толғанысты жаны жақтыратын ақын сол қаһарлы күндерде өлеңнін талайын — асыл қазыналарын —тудырды.
Сәл ғана саябырда тауып ракат,
От үрлеп сұр окопта отыр солдат…
Кім білер сол солдат мен екенімді,
Алтын от алдымдағы — дос жазған хат.
Осындай сезімдер кеудесін керген жауынгер ақынның халыққа айтары көп болған, ол көп айтқан, еселеп айтқан, келістіріп айтқан, тау бұзғандай кесек пікірлерді терең шыңыраулардан қопара шығарып айтқан!..
Акын өлеңдері шыншыл да сыршыл. Қасым «Ғалиге жауабында»:
Ажалдық мен бе кенер дегенінен
Кедермін, күтші достар, мен еліме.
Біреулер жанарымнан жанымды ұғып, Біреулер қарар ескі шинеліме,—
дейді.
Майданнан қайтқан бетінде Қасым журнал редакциясында істеді, жаңа шығармалар жариялады. Мәселен, 1946 жылы ол 26 өлең жазады, «Бикеш», «Қытай қызы» позмаларын жөндейді, «Боран» поэмасын (боранмен техника адамдары туралы) жазуға кіріседі. Бұл жылы жазғандарының ішінен «Достар», «Туған жер», «Бөбегімін Лениннің», «Құрбыма», «Сауыншы жеңгейдің жыры», «Май келді», «Домбыра», «Дариға, сол қыз», «Астык пен бастық», «Ақындар бес жылдығы», «Күйім тасып барады, күйім тасып», «Экспромт» атты өлеңдері дарындылығымен ерекше көзге түседі. Бірақ 1947 жылдан бастап Қасым ауруға шалдығады. Ауру айықпай, ақынның денсаулығы біртіндеп кеми береді.
1947 жылы акын он шақты өлең жазады, «Біздің дастан» поэмасын бастайды, Лермонтовтың «Маскарадын», Твардовскийдің
«Василий Теркинін» аударады.
1948 жылы Қасым қаламы құнарлы болып 31 өлең жазады,
«Дауыл» жинағын шығарады. Оқушы және әдеби жұртшылық
жинақты жоғары бағалап, жылы қарсы алады. «Социалистік
Қазақстан» газетінде Ә. Тәжібаевтың жинақты жоғары бағалайтын «Дауылды жырлар» деген мақаласы жарияланады.
Ақынның өлеңдері 1946 жылы «Гроза» деген атпен, 1949 жылы «Стихи» деген атпен жеке кітап болып орысша басылды. Осы жылдарда ақын Пушкиннің «Чаадаевқа», «Еркіндік» өлеңдерін, «Полтава» поэмасын, Лермонтовтың «Тұтқын», «Ақын ажалы», «Қанжар», «Теректің сыйы», «Желкен» өлеңдерін аударған.
Бұл тұста акын сатираға біраз бет бұрды. 1949—1950 жылдары қырық шақты өлең жазған. Олардың қатарында «Трумэнге», «Аденауэр», «Бактерия королы», «Дүние сыймас бомбаға», «Дүние дұшпандарына» атты сатиралық өлеңдері бар. Бұл кезде Қасым бейбіт өмірді өркендеткен өз еліміз туралы «Қуанышқа», «Бақытқа», «Отыз үш жыл», «Қазақстан коммунистеріне», «Аралым, айдын шалкарым», «Есімде Эмба өзені», «Сырдария аңызы», «Крммунизм көктемі», «Шықты егінге колхозшылар», «Жылқышы», «Күн көтерген қарындас», «Комсомолдар колоннасы», «Жастық жыры» сияқты бейбіт өмірді көркейтуші еңбеккерлерді жыр ететін өлеңдер жазады. Ақын «Біздің дастан» поэмасын жазу үстінде болады. Осы мезгілде ол тәжік ақыны Миршакардың «Алтын қыстақ» поэмасын қазақшаға аударады; әдебиет жайында пікірлер толғап, Иса туралы баяндама жасайды, жастар творчествосын сөз етіп мақала жариялайды.
1949 жылы ақынның «Балбөбек», 1950 жылы «Нұрлы дүние»
атты жинақтары жарияланады, 1952 жылы «Таңдамалы шығармалары» кітап болып басылады.
Жыл сайын Қасымның сырқаты ауырлай береді, жазуы да бұрынғыдан шағындала түседі. Сөйтіп, Қасым Аманжолов 1955 жылдың 17 январында қайтыс болды.
Үлкен дарынды ақын, шебер қаламгер, Ленин партиясының
мүшесі, жалынды патриот, құлпыра өскен советтік өмірдің үнді
жыршысы, заманымыздын, көркем ескерткіші болуға лайык, көптеген туындылар берген Қасым Аманжоловтың еліміне советтік
Қазақстан қабырғасы қайыса қайғырды. Жұрт жүрегіне жол
тауып, халықтың жанын тербеген шығармалар қалдырған Қасым Аманжолов өзінің туындыларында ұзақ жасамақ.
«Қасым — қаламы құнарлы, өте көп жазған. Ақын қайтыс болғаннан кейін, шығармалары 3 том болып шықты. Оның 8 поэмасы («Жамбыл тойында», «Құпия қыз», «Бикеш», «Қытай қызы», «Боран», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Поэма фрагменттері», «Хорлығайын») бар. Ақынның аударма саласында сіңірген еңбегі көп. Оның Низамиден, Пушкиннен, Лермонтовтан, Некрасовтан, Шевченкодан, Маяковскийден, Твардовскийден, Миршакардан зор дарындылықпен аударған шығармалары қазақ әдебиетін жаңа идеямен, образдармен, көркемдік өрнектермен, жанрлық жаңа түрлермен байытты. Ақыннын бұл саладағы еңбектері аудару өнерімізді едәуір ілгерілетіп, онын, идеялық, көркемдік, шеберлік мүмкіндіктерін молайтты. Қаламгердің аудармаларының көлемі де мол: бірінші томда 120 бетті, екінші томда 200 бетті алып жатыр.
Ақын соғыска дейін өзінің творчествосымен жұртшылыққа кең таныла қоймады дегенде, оның он жылға жуық жазушылық өмірі боска өтті деген ұғым тумайды. 1939 жылдың өзінде Қасымның қаламынан «Дауыл», «Көкшетау», «Сұлтанмахмұт туралы баллада» секілді дарынды өлендер туды. Алайда, ақын бұл кезеңде оқушыны үйіре билеп әкететін көптеген сүйкімді өлең жазғанымен, олары поэзиялык корымызға елеулі тұлға болып енгенімен, қүдіретті таланты екпінді қарқынмен әлі еркін көсіле алмағаны байкалады.
Бұл сырды акын өзі де ашып айтады:
Ішім пысты жалықтым,
Жүре алман енді аяңдап,
Кенде қаппын, жаңа ұктым,
Не болса соған аялдап…
Өткен күннен белгім аз,
Беттегі әжім болмаса.
Шимайлаппын көп қағаз,
О дағы бір далбаса.
Ақынның өзі туралы тұжырымы тым қатал. Алдына үлкен мақсат қойған, үлкен таланттар әрқашан өзінің істегеніне көңілі толмай, қомсына, кейде мазалана сөйлеп, туындыларына жүдете баға беретін әдеті.
Сол 1940 жылы Қасымның жазғандарынан:
Аты-шулы шығып тұр
Қасым деген бір акын!
Киіп-жарып, басып жүр,
Болды-ау мынау қыратын!..—
деген жолдарды кездестіреміз. Акын бекер айтпайды: «киіп-жарып» көрінгені рас. Шынайы талант өмірді өзінше көреді, өзінше таниды, өз толғамын айтады, өзінің көркемдік өрнегімен жырлайды. Әр қаламгер — қазы, үкім шығарушы. Неғұрлым талант ірі болса, соғүрлым оның пікірі де, үкімі де тосын, күрделі. Сондықтан ол жұрт санасында қалыптасқан ұғымдардың талайын жан-жаққа ысыра, өзінше кең жолды аша келеді. Қасым танылған шағында поэзияға өзінің үлкен жолын осылай салып жөнелді.
— Жылама, сен, күл,— дейді. Күлсем және сенбейді.
Қара тер боп тергейді,
— Неге күлдің сен,— дейді.
Шумақта жұрттың бәріне күдіктене қарайтын талайлардың сыры, мүшкіл күйі терең ашылған. Өлең жол соқты, қалжың түрінде айтыла салған секілді. Бірақ сүйкімсіз жайлар қопси қопарылып қалған. Күдікшілдік дертке шалдыққандардың талайы бұл өлеңнен өздерін танитыны сөзсіз.
30-жылдардың екінші жартысында ақын поэзиясында махаббат мәселесі көрнекті орын алады. Ақын махаббатты көп және тебірене жырлайды. «Марфуғаға», «С-ға», «Қайдасык, махаббаттың періштесі» тағы басқа өлеңдерінде махаббаттық сезіністің, толғаныстың, кұмарлықтың сан қырларын романтикалық серпіліспен жыр етеді.
Бәлкім, осы орамал
Қызыл қанға боялар.
Жанға тисе жат хабар,
Жарың шошып оянар.
(«Орамал», 1940)
Келтірілген жолдар — ақынның махаббат лирикасының күш-тілігінің айғағы. Қасымның «Орамалы», «Дариға, сол бір қызы» өздеріне музыка тауып, жұрт жалықпай айтатын өлеңге айналын кетті.
Ақынның 30-жылдардың екінші жартысындағы махаббаттық өлендерін жеке кітап етіп шығаруға жарарлықтай. Бұл саладағы лирикасында ақын нәзік толғанысты, сезіністі көп жырлайды. Ақында айтып беру басымырақ, жанды, отты сезіністі тікелей суреттеу сирегірек. Абайдың «Қызарып, сұрланып» деген жолдары махаббат ұшқынына шарпылған адамның жан- күйін береді, ал Қасым:
Орамалға, тілесен,
Жүрегімді орап ал,—
дегенде айту, түсіндіру сарыны байқалады. Әрине, бұдан Абайдың махаббаттық лирикасы ғана жақсы, Қасымдікі солғын деген ұғым тумайды. Әр ақынның өзіндік творчестволық тәсілі бар. Өлеңнің күші тарам-тарам жүйеден тоғысып құралады. Қай тарамда бояуды әсемдей қолдану, қай тарамда бәсеңдеу қолдану әр ақынның өзіне тән талғамына, тәсіліне, ерекшелігіне байланысты. Ақынның махаббаттық өлеңдері талай жастың жүрегін жіпсіз көгендеп жүр. Ол күш — Қасымның ақындық қүдіреті. Абай мен Қасымның айырмасын сөз еткенде біз өзгешелігін керсетуді ғана көзделік.
Тавриз — Баку аспанында күн Сана,
Күміс Каспий жағасында гүл Сана, Жүрегіңмен жүрегімді бір сана,
Айтарым көп, айтқызбай-ақ біл, Сана,—
деген шумақта саяси лириканың да, ептеп дидактиканың да әуезі естіледі. Сонымен қатар бұл — махаббаттық лепті лирика.
Көп іздену, көп салғастыру, алтынды өзек таппақ болып талай кітап дүниелерін ақтарыстыру, соларды үлгі тұта сындрып, өлеңдер жазу нәтижесінде ақын тікелей өмірдің өзін көру, соның қат-қабат сырын тербеу биігіне көтерілді. Бұрын ақын өлеңдерінің ішінен:
Жас тұлпар тура ала ма ерге шаппай,
Жас қыран отырар ма қанат қақпай,—
деген тікелей ауыз әдебиеттің өрнегіндегі жолдарды ұшырататынбыз. Абайға құр еліктеуден аса алмағаны байқалатын: шешендік, жарқ-жұрқ сөзді ойнату — риторика көпті. 30-жылдардың екінші жартысында, әсіресе сол он жылдықтың ақырында үйренушілік, салғастырушылық сатысынан өтіп, ақын дербес өзіне арнаулы творчестволық арнасын табады. Бұл кездегі лирикасында орыс поэзиясының озық үлгілерінің өрнектері байқалады.
Көшті дауыл керуені,
Ілестім де мен кеттім.
Киік дауылдай кеуделі
Жігіт болдым ер жеттім,—
деген шумақтан Блоктың да, Маяковскийдің де қүдіретті елесін көзіміз шалады. Әлеуметтік лирика ақын творчествосында бұған дейін де көп орын алатын. Бұдан былай ол арнадағы өлеңдері мағынасы салмақты, эстетикалық әсері мол, көз тартар көрікті, тіл үйірер сүйкімді болып туып жатты. Бұл кезде Қасым өлендерінде ешкімді қайталамас тың образдылық, теңеулеріндегі тосындық, қуатты пафос, Маяковскийге үндестілік мол. Ақынның Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері бірнеше сала. Бір жүйе өлеңде автор ұсқынсыз фашистердің қара ниеттерін әшкерелейді, адамзатқа жау сиықтарын суреттеп керсетеді. Бұл жүйедегі өлеңдерінде дандайсыған гитлершілердің болашағы бұлдыр, басқыншылық әрекеттері есуастық, келешекте олардың күйрейтіні күмәнсыз болып көрінеді. ….