Реферат: Әдебиет | Әбу Насыр ӘлФараби шығыстандық педагогы психологы философы

0

1. Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)
Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушісі, ақын.
Толық аты-жөні. Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби. Аристотельден кейінгі “екінші ұстаз”, “Шығыстың Аристотелі” атанған ұлы ғұлама.
Араб парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, қайсыбір деректерде –оның тікелей ықпалында болған іргелесі Уасиджде (Оқсыз) отырарлық әскер басының отбасында дүниеге келген. Ол туған жерінің атауымен “Әл-Фараби”, яғни “Фарабтық” деген атқа ие болған.
Болашақ ғалым алғашта туған жері Отырар медрессесінде, кейін Шаш, Самарқан, Бұхара, Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад қалаларында оқып, жан-жақты білім алған. Ол дүние жүзілік ғылым мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған.
Әлемнің екінші ұстазы (арабша жетпіске жуық тіл білген. Ол философия, жартылыстану, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім
2.1. Әл-Фараби еңбектері.
Ұлы ғалымның ұшан теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық ғылыми еңбек деуге болады. Фараби әдебиет теориясымен де жан-жақты шұғылданған ғалым. Әдебиет теориясы бойынша көптеген зерттеулер жазғанын Фараби шығармаларының сақталып қалған тізімдерінен білеміз. Араб ғалыми ибн Әби Усайбаның (1203-1270) айтуы бойыфнша. Фарабидің “Өлең құрылысың зерттеуге арналған сөз”, “Өлең ырғағы туралы”, “Поэзия өнерінің негіздері туралы тарктат” деп аталатын зерттеулері болған. Бұл салада-Фарабидің бізге толық күйінде жеткен екі зерттеуі ерекше назар аударады. Олардың бірі–“Өлең өнері” деп араб поэзиясының теориялық мәселелерінің арналған. Мұнда өлеңнің мазмұны мен формасы арасындағы үндестік мәселесі, сондай-ақ бәйіт, газел, месневи, т.б. сөз болады.
Фараби грек поэзиясының жанрларына, терминдеріне, өлең өлшемдеріне талдау жасайды.
Ислам дәуірі әдебиеті мен қазақ ақын-жазушылары поэзиясы арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын сөз еткенде мықтап ескеретін бір жайт бар. Кез келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал, тарихи жалғастық дегеніміздің өзі, ең алдымен, ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты. Мәселен Әл-Фараби өзінің “Интеллект (сөзінің мағынасы жайында” атты зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны “потенциалды интеллект” “актуальды”, “жүре келе дарыған интеллект”, “әрекетшіл интеллект” сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби “жүре келе дарыған интеллект” туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллекттің өзі жүре келе, есітіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Сондай-ақ Әл-Фарабидің “Мемлекеттік қайраткерлердің нақысөздері” атты еңбегінде адамның бойындағы жақсы және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыратынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды. “Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылықта адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайырымдылықпен немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, соған да оған қарағанда қанадй да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлігі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады. Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа симайды, ол мүмкін емес” деп атап көрсетті Әл-Фараби.
Фараби–музыканттар сияқты ақындарды, поэзия өнерлерін қуушыларды, поэзия өнерін қушыларды да талантына, арқалылығына, логикалық қисынды, тұжырымды үйлестікті сақтау-сақтамауына байланысты үш топқа бөледі. Ол бұл туралы былай деп жазады. “Ақындарды үш топқа табиғи дарыны өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті барлар жатады, олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек аса аралғырлығымен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берікк қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды туындататындар қатарына жатады.
Екінші топтағы ақындар-өлең өнерімен толық таныс:қай тәсілді таңдамасын олар қағиданың да, бейнелеу құрамының да қайсысына болса да жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапасына толық жатқызуға болады.
Үшіншілердің қатарына алғашқы екі топтағының шығармаларына
еліктейтіндер жатады. Олар әлгілердің онша қанық емес”.
Фарабидің қағидалары бойынша кемел өлең диалогикалық берік негізге, қисынға сүйеніп, “екі қорытындыдан үшінші қорытынды шығаруды мұқият басшылыққа алып, соған сай тұр, яғни “бейнелеу” құралын іздеп табу керек. Нағыз, шын ақындық осы шартты бұлжытпай орындаумен сипатталады. Осыны Фараби былай өрбітеді: “Теңеу де өз көркемдік дәрежесімен ерекшеленеді. Бұл заттың, тақырыптың өзінен туындайтын, теңеуді дәл келтіру, әлде жуықтау бір-бірімен тым алшақ екі затты қосымша кейіптеу арқылы суреткерге тән тәсілмен ұқсастыру-әр бір ақынның шеберлігіне байланысты.
Майталман логик ғұлама бұл пікірді дәлелдеу үшін мынандай қисындыға жүгінеді “мәселен, ақын А мен В, В мен С ны айқын көрініп тұрғандай салыстырады, өйткені А мен В арасындағы ұқсастық белгілерімен сәйкестігі В мен С-ға пара-пар. Сонымен ол А мен С бір-бірімен соншама алыс бола тұрса да, тыңдаушы мен айтушыға оның ұқсастық идеясын жеткізіп беретіндей етіп баяндайды. Дәл мұндай әсерді тек өнер кемелділігі шақыра алатыны кәміл.
Фарабидің өлеңнің логикалық арқауы мен көркемдік өрнегінің өзара сайма-сай келіп, қиюын тауып жатуы туралы бұл қағидаларды мың жыл өтіп барып, Абайдың поэзия туралы принциптерінен бой көрсетеді.
Фараби шын ақын талантын терең ашы, құлашын кең сермеу үшін оған лайықты жағдай, ең бастысы еркіндік қажет деген тамаша қағиданы тұжырымдайды: “Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайлы қарамайтын жанды ерекше себептерге түрде жазуға сыртқы, не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ.
Ал Фарабидің ақындығына келсек:ғұламаның шығармашылығының бұл қыры өткен ғасырдың ортасына дейін зерттелінбей келеді.
Кеңес ғалымы Е.Э.Бертельстің парсы-тәжік поэзия тарихына арналған еңбегінде, түрік зерттеушілері Ахмет әтеш, Нафиз данышпан еңбектерінде

Фарабидің шайырлығы, әдеби мұрасы туралы көп жаңалықтар келтіреді. Бұлар және оқымыстылар Фарабидің араб, парсы, түркі т.б. тілдерде әртүрлі жанрда жазғандығын растайды, үзінділер келтіреді. Осымен, Әбу Насыр ибн Мұхаммед ибн Тарханның өлең өнерінің қағидалары туралы жазған бір өлеңінен үзінді келтіре кетейік.
Қашықтықтағы туған жер-қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген,
Шаршадым мен қанатым талды менің,
Шаңын жолға сарылып қарауменен,
Кері оралмай жылдарым жатыр ағып,
Қасіреттің жасына көз жуынар,
О, жаратқан, көп неткен қаымағың,
Құм сықылды тез ысып, тез суынар.
Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді,
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түңіреді.
Қайтейін мен көкжиек көңілімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қас шөлмекпен өткіздім өмірімді
Соны медет етеді болашағым.
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса.
Екіншіде-шарап бар жайлы мәлім.
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.
Әл-Фарабидің интеллект жөніндегі осы философиялық ой-тұжырымын араға тоғыз ғасырдай уақыт салып барып, қазақ қауымының жаңа тарихи жағдайында Абай Құнанбаев зор бірлікпен жалғастыра түскен сияқты.
Әл-Фараби педагогика, психологияя, эстетика мен акустика, асатрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ағартушылықты

жақтаған үлкен гуманист. Әбу насыр–халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған қаламгер. Әбу Насыр метафизика, тіл білімі, логика, жағрафия, этика т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазған.
Абай өзінің “Он тоғызыншы сөзінде”: “адам ата-анадан туғанда есті болмайды; естіп, көріп, ұстап татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білген, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады”-деп жазады. Сондай-ақ әл-Фарабидің ғылым-білімді меңгерудегі интеллект ролі жайындағы философиялық тұжырымын Абай өзінің “Он тоғызыншы сөзінде” мейлінше айқындай түскен. Абай өз ойын: “Ғылым білімді әуелі бастан бала өзін ізденіп таппайды.
Басында зорлықпен яки алда умен үйір қылу керек, үйіріне келе өзі іздегендей болғанша.
Қашан бір бала ғалым, білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда оның аты адам болады”-деп тұжырымдайды. Әл-Фараби өзінің жоғарыда аталған еңбегінде “жан қуаты” жөнінде қолданған ұғымдар мен термин сөздер сол қалпында Абай қара сөздерінде қайталануы кездейсоқ құбылыс емес.
Әл-Фараби өзінің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” атты философиялық трактатында “Қайрат”, “Ақыл”, “Жүрек” сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: “Жүрек-басты мүше, мұны пәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес”-дейді.
Әл-Фарабидің “Қайрат”, “Ақыл” және “Жүрек” жөніндегі осы философиялық тұжырымы Абайдың “Он жетінші сөзінде” өзінің логикалық жалғасын тапқан, сияқты. Абайдың осы сөзінде “Қайрат”, “Ақыл”, “Жүрек” үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры “Ғылымға” келіп жүгіне. Сонда “Ғылым” бұл үшеуінің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: Ей, “Қайрат, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаталдығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залаың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап, кетесің, соның жаман”-депті. Бұдан кейін ғылым өз шешімін “Ақылға” айтады: “Жаратқан тәңіріне екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да-бәрі сенен шығады.
Жақсының, жаманның екеуінің де сүйінгені сенгені-сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүресің соның жаман депті”. Бұдан кейін Абай осы үш категория жайында түйін жасап, әл-Фарабидің жоғарыда айтылған пікірін өз оқырманының ұғымына лайықтап жеткізеді. Абай “осы үшеуі” басыңды қос, бәрін де “Жүрекке” билет-деп ұқтырып айтушының аты “Ғылым” екен. –Осы үшеуінің бір пікірде менің айтқымдай табыссаңдар, табанының көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуің-ала болсаң, мен “Жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағалада қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы,-депті” деген қорытындыға келеді.

2.2. Педагогикалық психологиялық және философиялық ой тұжырымдары.
Әл-Фарабидің “Қайрат”, “Ақыл” және “Жүрек” жайындағы философиялық ой-пікірлерін Абай өзінің “Әсемпаз болма әрнеге” атты өлеңінде де әрі ойшыл-кемеңгер, әрі аса дарында сөз зергерлері ретінде оқырманға зор шеберлікпен жеткізген. Ол мынандай жолдар.
Қайрат пен ақыл жол табар, әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға. Абай ақыл-мен қайраттың иесі болған адамды “жарты адам дейді. Өйткені онда адам тек “суық ақыл” мен “жүргенсіз қайраттың” ғана өкілі болып табылады. Сөйтіп, Абайдың “нұрлы ақыл” жайындағы тұжырымының қайнар-бастаулары әл-Фарабидің интеллект туралы ілімінде жатқанын аңғару керек. Әбу Насыр әл-Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтеру, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. Әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген, математика салсында үлкен жаңалықтар ашқан, астрономия жайлы кесек-кесек еңбектер қалдырған физика ғылымын да тың ойлармен байытқан. Жаратылыстану ғылымының медицина, химия, минерология секілді аса маңызды салалары бойынша күні бүгінге дейін мәнін жоғалтпаған еңбектер жазған. Көне гректердің оқымыстыларының пікірлеріндегі озық қағидаларды талдаған. Білімпаз билеуші Сайф ад-Даула бүкіл шығысқа ойымен шұғыла шашқан Фарабидің философиялық тұжырымдарын да, өлеңдерін де қатты ұнатқан. Мұндай санаркерлік сынға араб-парсы ақындарының сайыпқырандары ғана қатысатын. Фарабидің бір топ өлеңдері ғарыш, ондағы адамның орны мен өмірінің мәнісі туралы философиялық рубайлар түрінде болып келеді.

Жайнаған бейне бір гүл әлем сыры,
Құбылған мөлдір нәзік гауһар нұры,
Даналар талай нысан таққанымен,
Тапқан жоқ тектер тегін әлі бірі.

2.3. Әл-Фарабидің әлеуметтік этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық.
Олар “Бақыт жолын іздеу”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”, “бақытқа жету жолында” деп аталатын ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль аударып отырған. Этитканың зерттеу объектісі-мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғарғы категориясы-бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Ақыл мен адамгершілік, қайрымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үміт, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Әл-Фараби “қандай шебер әдістің жәрдемімен жеке жақсы мінез-құлыққа жеткінімізді қарастыруымыз керек” дей келіп, әзіл мен күлкі сияқты құбылыстарға моральдық –этикалық тұрғыдан баға береді. Қоғамдағы әр бір құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер де ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Осы пікірін түйіндей келіп, Фараби: “әзілқойлық-әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалғаны бір шеткеріліктен екінші шеткерлікке немесе орта мөлшерге ауысуды, жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу” деп жазады. Әл-Фарабидің осы моральдық-этикалық тұжырымын Абай өзінің “Төртінші сөзінде” жалғастыра түседі:Күлкіге салынған кісі не шаруадан не ақылдан, не бір ұят келелерік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Әл-Фараби мен Абай арасындағы даналық ой-пікір сабақтастығы жайында бұлардан басқа да көптеген нақты деректер келтіруге болады. Фарабидің өлеңнің логикалық арақауы мен көркемдік өрнегінің өзара сайма-сай келіп, қиюын тауып жатуы
11
туралы бұл қағидаларымың жыл өтіп барып, Абайдың поэзия туралы принциптерінен бой көрсетеді. Осыған байланысты ойға оралатын бір пікір-ол Абай өзінен бұрын өткен және замандас би-шешендерді, жырауларды сынап бағалауда осындай логикалық-эстетикалық алғышарттарды басшылыққа алғаны байқалады. Ұлы ойшыл ақын аьалған ақын-билерді кейбіреулер дәлелдеп жүргендей, әлеуметтік қоғамдық көзқарастары үшін емес, таза логикалық, поэтика-риторикалық ережелерді сақталғаны үшін сынап отыр. Фараби шын ақын талантын терең ашып, құлашын кең сермеу үшін оған лайықты жағдай, ең бастысы еркіндік қажет деген тамаша қағиданы тұжырымдайды: “Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын жанды ерекше білмейтін түрде жазуға сыртқы, не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ”. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген адам. Оның ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликаттың айтуына қарағанда Әбу Насыр Аристотельдің “Метофизикасын” қырық рет, “Жан туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан дейді. Осындай ыждахаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдң ғылыми мұрасын еркін игерген. Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын тәптіштей жазған. Күндіз ол көбіне қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған.
Біз Әл-Фарабидің алғашында фәлсафаны ретінде танылғанын айттық. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының, әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналаған Әл Насыр Аристотелдің категория, Бірінші және екінші Аналитика сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!