Рақымжан Қошқарбаев слайд,презентация

0

Рақымжан Қошқарбаев слайд,презентация

 

 

Әскерде жартылай әскери және қатаң шынығумен 1942 жылы 18 жасында әскер қатарына келді. Көкшетаулық полктегі әскери қызметтің жағдайы аса ауыр болды, қала мұндай ірі әскери бөлімді орналастыруға дайын емес еді, казармаға, асханаға, сабақ өткізуге, штабқа және басқа да әскери ұйымдар мен әскери қызметкерлерге арналған үйлер болмады. 1943 жылдың жазында  полктен офицерлік училищеде оқытуға сержанттардың бір тобы іріктеліп алынды, Рақымжан осы топқа ілігіп, Ресейдің Тамбов қаласынан қоныс аударып, Фрунзе қаласына орналасқан офицерлік училищеге келеді. Рақымжан училищенің қоғамдық өміріне белсене араласты және партия мүшелігіне кандидат болып қабылданды. Бұл жағдай салтанатты түрде өткізілді, оның әскери қызметке деген адалдығы мен ынталылығы, жақсы әскери және дене шынықтыру даярлығы да аталды. Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдап, оған кіші лейтенант шені берілді. Р.Қошқарбаев бірінші Беларусь майданының 3-ші пәрменді армиясына біз 1944 жылғы қараша айының ортасында келіп жеттік. Армия штабы Брест маңындағы Седле стансасына орналасыпты.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!