Рамазан айы. Оразаны бұзатын нәрселер

0

Ғылымхал кітаптарында оразаны бұзатын және кәфарат керек ететін жағдайлар үшін жалпы қағида білдірілген. Азық немесе дәрі ретінде пайдалы бір нәрсе жеп ішу, ләззат беретін нәрсені ауыздан өткізу және жима (әйелімен қосылу) оразаны бұзады. Оразаны бұзатын бұл нәрселер біле тұра жасалса әрі қаза, әрі кәфарат керек болады. Оразаны бұзып әрі қаза, әрі кәфарат керек ететін жағдайлардан біршамасы мыналар:

1-      Ораза екенін біле тұра жеп ішу

2-      Қан алдыру, ғайбат ету секілді оразаны бұзбайтындығы мәлім нәрселерден кейін оразам бұзылды деп біле тұра ішіп жеу

3-      Тамаққа кірген жаңбырды, қарды өз қалауыңмен жұту. Өз қалауыңсыз тамақтан кіретін болса тек қаза керек болады.

4-      Темекі шегу

 

Оразаны бұзатын, тек қаза керек ететін жағдайлар:

1               Қателесіп бұзу, мәселен дәрет алғанда тамаққа су кетіп қалуы.

2               Тамағына қар және жаңбыр кетіп қалу.

3               Зорлап бұздыру.

4               Мұрынға сұйық дәрі құю.

5               Мұрнына иіссу (адеколон) тарту. (Иіссуды иіскеу оразаны бұзбайды)

6               Мұрынға тартылған судың ауыздан шығуы.

7               Орнықты кезде бастаған оразасын сапарда бұзу.

8               Басқа адам шеккен темекі түтінін өзі қалап иіскеу

9               Құлақтың ішіне дәрі тамызу.

10           Терідегі жараға жағылған дәрінің ішке кіруі.

11           Денеге инемен дәрі егу.

12           Қалап, қинап ауыз толтырып құсу.

13           Тісі қанаған немесе тісін жұлдырған адам аузындағы қанды жұту немесе түкірікпен бірдей мөлшерде аралас қанды жұту.

14           Сәрі уақыты біткенін білмей жеп-ішу.

15           Күн батты деп ойлап ауыз ашу.

16           Тістердің арасында қалған ноқат үлкендігіндегі нәрсені жұту.

17           Ауырған тісін морфий (новокаин) салдырып, жұлдыруға мәжбүр болған адам ораза бұзылғандықтан жеп-ішсе тек қаза етуі керек болады.

18           Дәрет алғанда ауызды шайғанда тамаққа су кету.

19           Қағаз, тас, мақта, шөп, піспеген күріш сияқты дәрі және азық болмаған нәрсені жұту.

20           Талып қалған адамның есін жиғызу үшін немесе ұйықтап жатқан адамның аузына су құю.

21           Ораза екенін ұмытып жеген кезде ораза бұзылды деп біле тұра жеуді жалғастыру.

22           Рамазанда таңға дейін ниет етпей кейіннен ниет етсе, түстен бұрын немесе кейін оразасын бұзу.

23           Мастурбация жасау оразаны бұзады. (Ұйықтап жатып жүніп болу оразаны бұзбайды)

24           Тахарат алғанда ішке су кетіп қалуы.

25           Теңізге, бассеинге түскенде денеге су кіруі.

26           Клизма жасау оразаны бұзады.

27           Астма ауруларының дерті қозғанында дәрі спрэй қолданғанында ораза бұзылады. Дәрісіз от тегі газы оразаны бұзбайды. Ауру болмай дәрі спрэй қолданғанда қаза және кәфарат керек болады.

28           Әйелдердің және еркектердің дәрі ретінде (свеча) қолдануы оразаны бұзады. Бірақ ғұсылды бұзбайды.

29           Аурулардың тіл астына дәрі қойып дәрі қабылдауы, жұтпаса да оразаны бұзады. (Жүрек ауруында сау терінің үстіне жағылып терінің қуыстарынан сүзіліп жүрекке пайдасын тигізетін дәрі, сау терінің үстіне жағылғаны үшін оразаны бұзбайды.)

 

Бұлардың барлығында ораза бұзылады және айттан кейін бір күн үшін бір күн қаза етеді.