Радиация зардаптары слайд,презентация — Биология

0

Радиация зардаптары слайд,презентация

 

 

Кіріспе
1986 жылы 25 сәуiрден 26-сына қараған түнi адамдардың өздерiне деген сенiмдiлiгiнiң, немқұрайдылығының салдарынан бейбiт мақсатта жұмыс iстеп тұрған атом электр стансасы бақылаудан шығып, өзiнiң дүлей күшiн көрсеттi. Чернобыль АЭС-iнде болған апат мемлекет басына келген жаңа билiк үшiн қатаң сынақ болды. Орталық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары апатты жағдайды барынша құпия ұстады. Оқиға орын алған екi күннен кейiн орталық «Правда» газетi Чернобыль апатын қатардағы жағдай ретiнде көрсетiп, екi адамның қаза тапқанын жазды. Әлемнiң көптеген елдерiнiң қысымымен Кремль билiгi қалыптасқан жағдайды там-тұмдап жариялап, апатты аймақтан тұрғындарды көшiрудi 2 мамырдан бастап қолға алды. Киев қаласында қызмет iстейтiн шетелдiк мамандар мен студенттер қаланы тастап кетiп жатты. Сол күндерi әртүрлi ақпараттар бойынша қаладан 500 мың адамнан 1 миллионға жуық тұрғындар жансауғалап, көшiп кетуге мәжбүр болған. Көз көргендердiң айтуы бойынша, қалаға келетiн пойыздар бос келiп, толып, қайта кететiн болған. Темiр жол басшылығы сол күндерi қалаға келу үшiн қосымша 30 пойыз шығарса да жетiспеушiлiктер орын алған.
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Чернобыль апатының нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды.
  
Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр.
  
  
«Мир» станциясынан түсірілген Чернобыль АЭС территориясы, Сәуірдің 27 1997
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан төрт мыңдай адам қаза тапты деп хабарлады. Бірақ, ядролық энергия нысандарына қарсылық танытушылар 100 мың адам құрбан болды.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!