Қыз бала тәрбиесі, қыз тәрбиесі

0
Тақырыбы: Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Мақсаты: Халықтық тәлім — тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу
Түрі: сұрақ – жауап, пікірталас, баяндама
Көрнекілігі: слайд арқылы көрсетілген мақал — мәтелдер, нақыл сөздер

I. Ұйымдастыру
II. Кіріспе бөлім
І Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», – деген пікірінен бастасақ.
Рухани тарихымыздың тарғыл беттерін парақтасақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен оның үстіне жүрек тербер, сезім силар қазақтың халық әндеріне, немесе мақал – мәтелдеріне бір сәт көңіл аударып көрелікші. Нені меңзеп нені айтар екен. Бұларда аналарға, қыздарға тән әрі тәрбиелік, әрі тағылымдық мәні ерекше толғамдар бар. Соларды саралай келе мынадай сөз үйірлерін байқадым. Қазақ қауымында қыз баланың орны ерекше болған. Оны мынадай мақал мәтелдерден анық аңғарамыз. Ата – ба
баларымыз қызды қонақ деп есептеген, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.
«Қыз – өріс, ұл — қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды.

Бүгінгі біздің «Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы»- атты пікірталас кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Мақсатымыз — қаракөз қазақ қыздарының бойына халықтық тәлім — тәрбие негізінде жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету.
«Жақсы әнді тыңдасақ, ой көзіңмен,
Өмір сәуле көрсетер судай тұнық»,- деп Абай атамыз айтқандай кешімізді жақсы әнмен жалғастырғанды жөн көрдік
Ән: « Мен қазақ қыздарына қайран қалам» орындайтын: Бірімқұл Ғабит

ІІ. Қыздарға кеңес
Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың. Тартымды бол. Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады. Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес. Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады. Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет.

ІІІ. Сауалнама
1. Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болуы мүмкін?
______________________________________________________________
2. Өзіңді ұстау ережелерін білесің бе? (қонақта, театрда, сабақта, спорт залда, асханада)
______________________________________________________________
3. Сен киіну мәдениетіне мән бересің бе?
______________________________________________________________
4. Инабаттылық, әдемілік, әсемдік туралы қандай көркем шығармаларды білесің?
______________________________________________________________
5. Қыздарға байланысты қандай тыйым сөздерді білесің?
______________________________________________________________
6. Қазіргі замандағы қыздар тәрбиесінің ақсап бара жатыр дегеніне келісесің бе? ______________________________________________________________

ІҮ. Баяндама
Ойшыл ақын С. Торайғыровтың:
«Байқасаң қазақтықтың өзінде бар,
Дүниенің генийлігі пайғамбары» — деген сөздері қазақ халқының өзіндік ұлттық болмысын даралайды. Тарихымызға көз жүгіртсек, қазақ халқы этикалық, рухани жағынан мың жылдан астам мәдениеті, салт — дәстүрі, философиялық ойлау жүйесі, көне әдебиеті, өзінің даму тарихы бар — халық. Осы халықтық тәлім — тәрбие негізіне сүйенген оқушыларға сөз берілмес бұрын Айнакулова Гульнара Рустемқызының «Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз» атты шағын баяндама мазмұнын зер сала тыңдап, пікірталас тақырыбын одан әрі өрбітсек.
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата – ана және қоғам.
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет — журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан — жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата — аналары күн ұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен — күнге азайып барады.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады.
1. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
2. Бесінші — сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру — басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып
төгіледі.
3. Тоғызыншы — он бірінші сыныптар аралығында тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата — анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/