Қытайдағы қазақ әдебиеті | туралы қазақша
Қытай қазақтарының әдебиеті — күллі қазақ әдебиетінің бір бұтағы. Шынжаң (жаңа өлке) өңірін мекендеген қазақтардың әдебиеті XVIII ғасырдың бірінші жартысынан белгілі, арғы тарихы қазақ халқының ауыз әдебиетімен сабақтас.
Бес мың жылдық тарихы бар Қытай сынды байырғы елдерде түркі әдебиетінің жұрнағы барынша таза күйінде сақталып қалған. Оны «Батыс өңір: Қытайда шығып жатқан «Қытай тарихындағы қазаққа қатысты деректер» атты қомақты томдар мен қазақтанушы қытай ғалымы Су Бихай жазган «Қазақтың мәдениет тарихы», «Шынжаң жартас жазбалары» секілді көптеген еңбектер және біздің қолымыз әлі жетпей жатқан қытай «қоймалары» толық дәлелдей алады. Десе де, бүгінгі әдебиет тарихымызды дәуірлеп, оның тарихын зерттеуде ХІІ-ХIII ғасырларда туған Орхон ескерткіштерінен, Күлтегін, Тоныкөк жазуларынан аса алмай келе жатуымыз арабтар жойып жіберген ескі әдебиетімізді әлі де зерттеп жете алмай жатқанымыздан болса керек.
Енді өзіміз көтеріп отырған тақырыпқа қайта келсек, Шын-жандағы әдебиеттің туылуы да исламдық үлгідегі діни әдебиеттен бастау алады. Оның алғашқы бастауы, әрине, Абай (1845-1904) мен Ақыт (1868-1940) шығармаларында жатыр, Абай күллі қазаққа ортақ ұлы тұлғаға айналса, Ақыт — әлі зерттеліп болмаған қыры мен сыры көп ірі ғұлама. Біз Абайдың, ең алдымен, Шығыс шайырларын өнеге тұтқанын білсек те, Ақыт жайында аз білеміз.
Ақыт Үлімжі туралы 1897 жылы алғашқы еңбек жазған орыс ғалымы Николай Федорович Катанов болса, одан кейінгі бодандық жылдар социализмнің коммунистік жүйесіне бағынып, Ақыт жайында ауыз ашуға қорықты. Себебі ол арабтық әдебиет үлгісін барынша пайдаланған діни әдебиеттің өкілі деп қаралды. Ал ендігі бір топ зерттеушілер Ақытқа өз заманының емес, бүгінгі әдебиеттің өлшемімен қарағысы келеді. Енді-енді ес жиған 1970-1980 жылдардан бастап Қытай, Моңғол, Қазақстан жерлерінде Ақыт туралы сөз қозғаған Қабидаш Қалиасқарұлы, Кәкей Жанжұңұлы, Шынай Рахмет, Нариман Мұхаммедхан, Әуелхан Қалиұлы, Қалиолла Нұртаза, Шәміс Құмарұлы, Қадыс Жанәбілұлы, Зұфар Сейітжанов секілді жазушы, ғалымдар біраз деректер берді.
Акынның 1903 жылы жазған «Керей ишаны Мұхаммед мұмін» деген еңбегінен белгілі болғанындай, орыс жерінен қашып барған Мажбулла деген үлкен оқымысты Мырзабақа деген атпен Ақытқа ұстаз болған. Ақыт осы адамнан араб, парсы тілдерін үйреніп, араб, парсы, шағатай тілдеріндегі тарихи, ғылыми, әдеби кітаптар арқылы Шығыс әдебиетімен молынан танысады. Әрі Қобда пошта бөлімшесінде жүрген кезінде жұмыс қажетімен моңғол, орыс тілін де үйренген. Ақынның қажылыққа баруы да ой әлемін кеңітіп, қалам қуатын арттыра түседі. Сол тұстарда ол Мұхаммед пайғамбар (с.а.с), Мұхаммед Құнапия, Смағұл қатарлы исламдық ірі тұлғалар өмірінен тарихи жырлар жазады әрі «Ғадыл ханның үкімі», «Мұса пайғамбардың мойындауы», «Мұсаның Қызырға жолдас болуы», «Ескендір Зулқарнайын» тектес жиырмадан астам назиралық дастандар жазған.
Ақынның алғашқы еңбектері 1891 жылдан бастап Қазан, Орынбор, Семей баспаларынан кітап болып шыға бастаған. Ақынның өмірі мен өлең-жырларына үңілгенде, оның шығыстық діни үлгіні пайдаланып әдебиетке келгенін, қазақы қара өлеңмен сусындап, Шалкиіз, Қазтуған, Асан, Бұқар жырларын да жаттап өскендігін, жол ортасынан өте бере Абайды да өнеге тұтқанын анық сеземіз. Ақыт қолына кештеу тиген Абай шығармаларының Қытайдағы қазақтарға жетуіне келсек, қазіргі бар дерек бойынша Абайдың 1909 жылы шыққан кітабы 1915 жылы Асқар Татанайұлының қолына жеткенін білеміз. Одан кейінгі деректер 1920 жылдары Таңжарық Жолдыұлының (1903-1947) Қазақстан жерінде болып қайтуы, 1916 жылы Әсет Найманбайүлының (1867-1923), Жүсіпбек (қожа) Шайхысламның (1857-1937) Қытай жеріне өтуі, Зият Шәкәрімнің Қытайға қашып өтуі екі ел арасындағьт әдеби-мәдени байланыстарға мүрындық болғанын көрсетеді. Осы орайда Абай мен Ақыт арасындағы бір жаңсақ ұғымның бетін аша кеткіміз келеді. Көп жұрт Ақыт Абайдан өнеге алған дегенді айтады. Бұл теріс емес. Алайда Ақыттың Абайды ресми тануы 1930 жылдардан ғана бастау алған. Ақыт 1932 жылы ұлы Абай шығармаларымен кеңінен танысып, Абай өлендеріне тікелей еліктеп 90 өлең жазады. Бір жағына Абай сөзін, бір жағына өз сөзін жазған бұл топтаманы ақын «Ғақлиялық үндеулер» деп атаған. Әрі анық түсініктеме жасаған. Бұл кітап сегіз қырлы ақын еңбегінің бір қыры ғана екенін ескергеніміз жөн. Әлі зерттеліп болмаған тарихи әңгімелердің көп екенін еекерсек, Әсет Найманбайұлына байланысты да шешуі толық смес жұмбақ-хикаялар көп. Соның бірі — 1918 жылы мамырда Әсет Найманбайұлының Қытайдың Шәуешек қаласында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулаттармен бірге болғандығы, Әсет бұл басқосуда «Алашқа» атты атақты өлең-толғауын шығарады. Ал осы сапар барысында Ахмет, Міржақып туралы бізге жеткен әңгіме мардымды емес. Демек, Алаштың атақты тұлғаларының да Қытайдағы қазақтар арасында болғандығы расталып отыр.
Қуғын-сүргін салдарынан Қытай жеріне қашып өткен ендігі бір топ Шәкәрім қажы ауылының адамдары еді. 1931 жылы 2 қазан күні Шәкәрім қажы жазықсыз атылған соң, Зият Шәкәрімұлы, Бердеш Әзімбайұлы Токежанов, Мәнәкеш Әзімбайүлы, Қожақапан, Төлеуқазы қатарлылар әуелі Тарбағатайға, онан соң Алтайга қашып барады. Осыдан аз уақыт бұрын ілгерінді-кейінді болып Алтайға жан сауғалап барған Сейітқазы Иұртаев, Шабдан Әбдікерім, Кәрім Дүйсебай, Сәлім Жаназар, Мырзахмет, Құсайын қатарлы асылдың қиықтары бар еді. Олардың алды болыс болған, Стамбул, Мәскеу қалаларында университет оқыған, арты асылтекті тұқымнан тараған көптілді, аса білімді жандар болатын. Демек, жоғарыдағы көп есімдерді атауымыз олардың екі ел арасындағы өркениеттің, әдебиеттің алмасуына игі ықпал жасаған іздерін ізетпен атау еді. Абай өлеңдсрімен жарыса жеткен Мағжан Жұмабаев (1893-1938), Міржақып Дулат (1885-1937), Бейімбет Майлин (1894-1938), Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), Жүсіпбек Аймауытов (1889-1930), Ілияс Жансүгіров (1894-1938), Сәкен Сейфуллин (1894-1938), Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) есімдері осыдан бастап шетел қазағына да кеңінен танылды. Іле өңірінде Әсет, Жүсіпбек, Көдек ақындар өзіндік өнегесімен әдебиеттің тамырын тереңге жайса, Зият Шәкәрімұлы арқылы Мағжан Жұмабаев өлеңдері, Ахмет Байтұрсынұлы мысалдары, Шәкәрім өлеңдері, әндері, дастандары, шежірелері Алтай мен Тарбағатай қазақта-рына кеңінен тарады.
Шынжаң қазақтары өз әдебиетін қалыптастырғаннан кейін керуен бұйдасын соза жалғаған қаламы қарымды, қадамы алымды тағы бір топ өмірге келді. Олардың ішінде: Қаусылхан Қозыбай, Құрманәлі Оспанұлы, Рахметолла Әпшеұлы, Мағаз Разданұлы, Күнгей Мұқажанұлы, Омарғазы Айтанұлы, Қажығұмар Шабданұлы, Жұмабай Біләлұлы, Оразхан Ахметұлы, Жақсылық Сәмитұлы есімдері алдымен ауызға алынатын болды.
#Қытайдағы #қазақ #әдебиеті