Қысымды өлшеу үшін құрылғыларды тексеру

0


Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … .4
… … … … … … … … .. … … … …
Негізгі бөлім
Технологиялық 5
бөлім … … … … … … … . … … … … … … … … … .5
… … … … …
Мембранды және сильфонды
манометрлер … … … … … … … … … … … … … .
1.1.Қысымды өлшеуге арналған аспаптардың 5
сыныптамасы … … … … … …
1.2.Қысымды өлшеуге арналған сұйықтық 5
аспаптар … … … … … … .. … … …
1.3.Қысымды өлшеу үшін құрылғыларды 8
тексеру … … … … … … … … … … ..
Конструкторлық 12
бөлім … … … … … … … . … … … … … … … … … .12
… … … …
Мембранды және сильфонды манометрлердің
сипаттамасы … … … … … … .
2.1 Манометр түрлері, құрылымы және атқаратын 12
қызметтері … … … … …

III. Есептеу 18
бөлімі … … … … … … … … … … … … … … … … .18
… … … … … … … ..
Мембранды және сильфонды манометрлердің принціатерін есептеу … … ..
3.1. Мембрандық принципін есептеу 18

IV.Еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері 22
бөлімі … … … … … … … … … .
4.1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы заңы 22
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … … .25
… … … … … … … … .. … … ..
Пайдаланылған әдебиеттер 26
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … .
..  

Кіріспе

Курс жұмысының мақсаты – қысымды өлшеуге арналған сұйықтық аспаптарға,
оның ішінде серіппелі, сильфонды, мембранды манометрлерге сипаттама беру
болып табылады.
Осы мақсатты орындау барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

− Қысым мен деңгейді бақылау;
− Манометрлер, олардың түрлері және атқаратын қызметін анықтау.
Курс жұмысының өзектілігі – Өндіріске түскенде маман, өлшеу
жұмыстарына тура немесе жанама байланысты болады, көптеген өлшейтін
тапсырмалармен кездеседі. Жақсы инженер маманы болу үшін өлшеулердің
түрлерін және жолдарын игеру керек. Сонымен қатар, ең алдымен өлшеу әдісін
таңдау керек. Себебі, әсіресе өлшеу әдісі және аспаптардың физикалық жұмыс
жасау принципі ең тұрақты құрамы болып келеді. Сондықтан бұл тақырыпты
игерудің маңызы өте зор.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы – курс жұмысы теориялық ақпаратты,
сонымен қатар кейбір тәжірибелік кеңестерді, шешімдерді, дәлелдерді
қамтиды. Бұл кеңестер болашақ техник-механиктерге септігін тигізіп,
өндірісте жұмыс жасағанда анықтамалық құрал ретінде қолданылады.
Қурс жұмысының құрылымы – курс жұмысы кіріспе бөлімінен, негізгі
бөлімнен, оның ішінде технологиялық, конструкторлық, еңбекті қорғау,
сонымен қатар қауіпсіздік ережелері бөлімінен тұрады. Содан соң
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі – 26
бетті құрайды.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, жаңалығы, нысаны, мақсаты, міндеттері,
әдістемелік базасы, теориялық және тәжірибелік құндылығы анықталады.
Негізгі бөлімнің технологиялық бөлімі қысым мен оның деңгейін
бақылауға арналады. Оның ішінде қысымды өлшеуге арналған аспаптардың
сыныптамасы, сондай-ақ қысымды өлеу үшін құрылғыларды тексеру мәселелері
қарастырылады.
Конструкторлық бөлімде жалпы манометр ұғымына сипаттама беріледі,
сонымен қатар манометр түрлеріне, оның ішінде: серіппелі, сильфонды және
мембранды манометрлерге ерекше тоқталып, олардың құрылымы және атқаратын
қызметтері қарастырылады.

I. Технологиялық бөлімі
Мембранды және сильфонды манометрлер
1. Қысымды өлшеуге арналған аспаптардың сыныптамасы

Қысым деп дене бетінің бірлігіне дұрыс әсер ететін бірқалыпты таралған
күш аталады. Қысым атмосфералық (барометрлік), артықша және абсолюттік
болып бөлінеді.
Қысым деп дене бетінің бірлігіне дұрыс әсер ететін бірқалыпты таралған
күш аталады. Қысым атмосфералық (барометрлік), артықша және абсолюттік
болып бөлінеді. Тұйықталған көлемдегі артықша қысым Ра атмосфералықтан
жоғары қысым шамасын көрсетеді Р6. Тұйықталған кеңістіктегі абсолюттік
қысым Ра атмосфералық және артықша қысымдар қосындысына тең. Абсолюттік
қысым газ бен будың бір күйден екіншісіне көлемдік шығынын қайта есептеуде,
әртүрлі сұйықтардың қайнау температурасын анықтау кезінде және т.б.
пайдаланылады.
Егер абсолюттік қысым атмосфералықтан кем болса, онда артықша қысым
теріс болады және сиреу немесе вакуум деп аталады.
СИ жүйесінде қысым бірлігі ретінде ньютонның метр квадратқа қатынасы
алынады (Нм2). Бұл бірлікті паскаль деп атап, Па белгілейді.
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған аспаптар барометрлер, артықша
қысымды өлшеушіні — манометрлер деп, атмосфералықтан төмен қысымды
өлшеушіні — вакуумметрлер деп атайды, қысымдар айырмасын (қысым құламасы) —
дифференциалды манометрлермен өлшенеді. Аз қысымдарды немесе атмосфералыққа
жақын сиреуді (5х103Па шамасында) өлшеу үшін микроманометрлер қолданылады.
Әрекеттену принципі бойынша қысымды өлшеуші аспаптар келесі негізгі
топтарға бөлінеді:
— сұйықтық, мұнда өлшенетін қысым сұйық бағанасы қысымымен
теңестіріледі;
— серіппелі (деформациялық), мұнда өлшенетін қысым әртүрлі серпімді
сезімтал элементтер деформациясының шамасы бойынша немесе солардан туатын
күш шамасы бойынша анықталады;
— жүк поршеньді, мұнда өлшенетін қысым поршень мен жүктерден пайда
болатын қысыммен теңестіріледі;
— электрлік, оның әрекеті қысымның қандайда бір электрлік шамаға
түрленуіне немесе қысым әсерінен материалдың электрлік қасиетінің
өзгерісіне негізделген.

2. Қысымды өлшеуге арналған сұйықтық аспаптар

Бұл аспаптарда өлшенетін қысым немесе сиреу жұмысшы сұйық бағанасының
гидростатикалық қысымымен теңестіріледі, жұмысшы сұйық ретінде спирт,
трансформаторлық май, су және кейде сынап қолданылады. Сұйықтық аспаптардың
қателіктері төмен, сондықтан оларды бақылаушы және үлгілі аспаптар ретінде
қолданады.
Қарапайым сұйықтық аспап U-тәріздес манометр (1 а сурет) болады. Оң
және сол жақтарындағы қысымның қатынасына тәуелді сұйықтың деңгейі
өзгереді. Осы деңгейлердің айырмасы қысымның өлшенетін құламасын көрсетеді.
Өлшенетін қысым Р қабылданған бірліктерде келесі теңдеумен анықталады:
Р=Ро–Рс= Н (с –сс)g (1)

мұндағы Ро және Рс —оң және сол жағындағы қысымдар, Па; Н — сұйық
бағанасының биіктігі, м; с және сс — жұмысшы сұйық пен оның үстіндегі
ортаның тығыздығы, кгм3; g — еркін түсу үдеуі, мс2.
Егер с сс, онда теңдеу (1) жеңілдейді:

Р = Н с g (2)
Бұл манометрлермен қысымды өлшеудегі ең үлкен абсолюттік қателік
биіктіктің Н 2 мм-нен аспайды. Мұндай манометрлердің өлшеуінің жоғарғы
шегі 100, 160, 250, 400, 600 және 1000 мм құрайды. Демек, келтірілген
қателік 2-ден 0,2 % дейінгі шекте жатады.
Бір құбыршалы тостағанды манометрде (2 б сурет) бір иығы үлкен қималы
s ыдыспен алмастырылған. Өлшенетін қысым Р бұл жағдайда келесі қатынаспен
анықталады:
Р = Н1сg (1+ fs) (3)

мұндағы Н1 = Н — Н2 –шкаланың нөлдік белгісінен сұйық бағанасының биіктігі
(Н2 — манометр тостағанындағы сұйық деңгейінің ығысуы), м; f — көрсететін
құбыршаның қимасы, м2.
Әншейінде, fs қатынасы 0,01 төмен, сондықтан есептеуді байқалмайтын
қателіксіз бір деңгеймен Н1 жүргізуге болады.

1-сурет. Құбыршалы сұйықтық манометрлер сұлбасы

Аз қысымдарды өлшеу үшін сиреуге (600—2400 Па шамасындағы) ММН-240
типті еңкіш құбыршалы тостағанды микроманометрлер қолданылады (1 в сурет).
dD = 120 немесе fs =1400 болған кезде өлшенетін қысым тең:
Р = lgp sin a (4)

мұндағы l — еңкіш құбырша бойынша есептеу; а — құбырша еңкіштігінің бұрышы;
d – құбырша диаметрі; D — тостаған диаметрі. Теңдеуден (5) табамыз:

l = Pgp sin a (5)

Бұрыштың а және сұйық тығыздығының с төменгі кезінде шкала ұзарады, ол
есептеудің үлкен дәлдігін қамтамасыз етеді. Дегенмен құбыршаның еңкіштік
бұрышын кеміту кезінде аспаппен өлшенетін шекті қысымда төмендейді.
Тостаған спиртпен толтырылады, өйткені ол шыныны аз дымқылдатады және аспап
шкаласының бөліну бағасының мәні суға қарағанда жоғары болады.
Еңкіш құбыршалы манометрлерде а бұрышын жеңіл өзгертуге болады, ол
өлшеу шегін кеңейтеді. Өлшеу қателігі 0,6—1,0 % құрайды.
Қоңыраулы дифференциалдық манометр серіппеге 3 ілінген қоңыраудан 1 (2
сурет) тұрады.

2-сурет. Қоңыраулы дифференциалдық манометр

Р2 қысымы қоңырау астына беріледі, Р1 қысымы — қоңырау үстіндегі
ыдысқа, жәнеде Р2 Р1. Бастапқы жағдайда (Р2 = Р1) серіппе 3 қоңырау
массасы мен қоңырау қабырғасындағы сұйықтың 5 (трансформатор майы)
гидростатикалық қысымы арасындағы айырманы теңестіреді. Қысым айырмасының
пайда болуы кезінде Р2 — Р1 0 қоңырау көтеріле бастайды және сұйық һ
биіктігіне жылжиды. Бұл кезде серіппе сығылады. Жүйе тепе-теңдік күйіне
келеді, онда

Р2 — Р1= сgh (6)

немесе у = А (Р2 — Р1) (7)

А = рd24 с g (d + д)д (8)

мұндағы у — қоңыраудың орын ауыстыруы, м; с — жұмысшы сұйық тығыздығы,
кгм3; d — қоңыраудың ішкі диаметрі, м; д — қоңырау қабырғасының
қалыңдығы, м.
ДКО типті манометрлерде қоңырауға, қашықтыққа көрсеткішті беретін
дифференциалды-трансформаторлық жүйенің катушкасы ішінде қозғалатын жүрекше
4 бекітілген. Осы жүйенің көмегімен, өлшенетін қысым құламасына
пропорционал сигнал, КСД типті екінші аспапқа беріледі. Жүрекшені бейтарап
жағдайға орнықтыру үшін шиыршықты корректор 2 қарастырылған.
Дифференциалдық манометр жоғары сезімталдықты және өлшеу шектері 40-
тан 1000 Па дейін. Негізгі қателігі 1,5—2,0 % құрайды.

3. Қысымды өлшеу үшін құрылғыларды тексеру

Сұйықтардың, газдардың және булардың қысымдарын өлшеу үшін
(разрежения) өндірістік қондырғыларда сезімтал серіппелі элементі бар
өлшеуіш құрылғылар қолданылады. Мұндай құралдардың жұмыс істеу мақсаты
өлшенетін қысым әсерінен пайда болатын толық серіппенің тығыз
деформациясына негізделген. Серіппе деформациясы тарататын механизм арқылы
өлшенетін қысымға пропорционал бағдардың орнын ауыстыруын шақырады..
Серіппелі құрылғыларда серіппе қабырғаларының қуысы әртүрлі қысыммен
бөледі. Сондықтан серіппелі құрылғылар қатысты немесе шығынды қысымын өлшеу
үшін қызмет етеді. Өлшеудегі қысымның таңбасы мен шамасына байланысты
құрылғыларды тартылыс өлшеуіші, напоромер, барометр, манометр, вакуумметр
және мановакуумметр деп атайды.
Манометрлерді, вакуумметрлерді, мановакуумметрлерді және тартылыс
өлшеуіштерді техникалық тексеру кезінде сыртқы тексеру, герметикалық
тексеру, көрсеткіштің қателіктерін анықтау және өздігінен жазылатын
құрылғыны тексеру жүргізіледі.
Тексеріс үшін қысымды өлшеу үшін және шығынды немесе тексерілетін
құралдың жоғарғы шегінен 125% кем емес вакууметриялық қысымды тудыру үшін
пресс қолданылады. (ГОСТ 2405—88).
Техникалық серіппелі құралдарды тексеру кезінде айналы шкалалы
кескінді және жоғарғы өлшеу шегі 1200 мм вод. ст. немесе қателік көрсеткіші
± 1 мм сұйықтық тіреуі 1200 мм рт. ст мановакууметр; үлгілі
микроманометрлер (ММ, АЛД түрлі); 0,05 және 0,2 МП классты; 0,05 классты
МВП-2,5 жүкпоршеньді мановакууметрлер; 0,16 и 0,25 классты серіппелі
манометрлер қолданылады.
Көрсеткіш құрылғыны таңдау кезінде көрсеткіш құрылғы өлшемінің жоғарғы
шегі тексеретін құрылғының өлшемінің жоғарғы шегіне үлкен немесе тең болу
керек. Сонымен қатар, көрсеткіш құрылғының негізгі қателігі тексеретін
құрылғының негізгі қателігінен 4 есе аз болу керек.
Сыртқы тексеріс кезінде міндетті түрде құрылғының көрінетін сыртқы
ақаулары жоқ екендігіне көз жеткізу керек.
Құрылғының герметикасы келесі түрде тексеріледі: тексерілетін құрылғы
пресске қосылады және жүйеде өлшемнің жоғарғы шегіне тең қысым пайда
болады. Егер 5 мин ішінде құрылғының өлшемі өзгермесе онда құрылғы
герметикалық деп есептеледі.
Құралдың көрсеткіш қателігі үлгілі құралмен орнатылатын құралдың шын
мәні көрсеткішімен салыстыру арқылы анықталады. Тексеріс алдында құрал
жұмыс жағдайына орнатылған болу керек. Құрал 20±5 °С температурада
тексеріледі.
Көрсеткіш қателіктері келесі әдістермен анықталады:
а) құрылғының үлгісі бойынша берілген қысым құрылады, ал есептеме
тексерілетін құрылғы бойынша жүргізіледі;
б) тексерілетін құрылғының бағыты (қылқалам) тексерілетін шкала
белгісі бойынша құрылады, ал нақты мәннің есептемесі құрылғының үлгісі
бойынша жүргізіледі.
Қысымның азайуы кезінде сол белгілердегі де қысымды көтеру кезінде
шкала бойынша бір қалыпты орналасқан бес белгіден төмен емес есептеме
жүргізіледі. Жоғарылаған шкаланың әрбір белгісінде тексеріс кезінде
алынатын құрал қателіктері қысымның төмендеуі кезінде берілген құралдың
негізгі жіберілген қателіктерінің шамасынан аспау керек. Құралдың
көрсеткішінің әртүрлі көтерілістегі және төмендеу кезіндегі қысым әрбір
шкаланың белгісі және берілген құралдың негізгі жіберілген қателіктерінің
шамасынан аспау керек. Құрал бағдарының ығысуы әрбір тексеріс белгісі оның
қағысы кезінде жіберілген қателіктерінің жартысынан аспау керек.
Қысымның көтерілісі кезінде шкаланың соңғы белгісінің тексерісінен
кейін ұстамдылық жасайды, қысым кезінде 5мин-тік түтікті серіппе үшін және
15мин-тік сильфондар мен мембраналық қораптар үшін шкаланың соңғы белгісіне
сәйкес келтіріледі. Ұстаудан кейін құрал сол белгілерде тексеріледі,
сонымен қатар шкаланың соңғы белгісі кезіндегі төмен қысым да тексеріледі.
Қысымды шығару үшін ауалы пресс қолданылады ( 2,5 кгссм2дейін және төмен);
жоғарғы шек өлшемі 2,5 кгссм2жоғары құрал үшін гидравликалық пресс
қолданылады.
Өз бетімен жазатын құрылғыларды тексеру бүкіл диаграмма бойына
біркелкі орналасқан бес нүкте бойынша жүргізіледі. Құрылғыда шкала болмаған
жағдайда соңғысы да көрсету құрылғыларын тексеруге арналған жалпы
талаптарға сәйкес жазумен бірге бес нүкте бойынша тексеріледі. Шкала мен
диаграмманың көрсетулерінің айырмашылығы негізгі рұхсат етілген қателіктен
аспауы керек.
Құрылғыны диаграмма бойынша тексеру келесі түрде орындалады: тексеруге
арналған белгілерге сәйкес қысым беріледі де сағат механизмінен арылған
барабанның немесе дискінің кішкене айналдыруымен диаграммада тіркеп
отырады. Құрылғыны үлкен қысымда барлық белгілер бойынша тексергеннен кейін
оны шекті қысымға сәйкес келетін қысымда 5 мин ұстап содан кейін сол
нүктелер бойынша төмен температурада тексеру жүргізіледі. Негізгі
қателіктерді анықтаудан басқа өз бетімен жазатын құрылғыларда жазу сапасын
тексеру жүзеге асырылады және диаграмма жүрісінің қателігі анықталады.
Өндірістік манометрлерді тексеру барысында үлгі ретінде жоғарғы өлшеу
шегі 2,5 тен 2500 кгссм2 шейінгі 0,05 және 0,2 класстарына жататын
жүкпоршеньді манометрлер қолданылады.
Жүкпоршеньді манометрлердің жұмыс істеу принципі келесі: цилиндрлік
поршень диаметрі өзінікіне тең, сұйықтықпен толтырылған цилиндрге
кигізіледі. Бұл поршеннің түсіретін қысымы келесі түрде есептеледі:

(9)

Мұндағы: Р —қысым, кгссм2;
G —поршеннің жүкпен бірге салмағы (ауада), кгс;
F—поршеннің ауданы, см2.

Метрологиялық тексерулер кезінде қосымша поршеннің жүкпен бірге
салмағы өлшеу орнындағы ауырлық күші үдеіне тәуелділігі ескеріледі.

3-сурет. Жүктіпоршеньді манометр схемасы

1 — үлгі ретінде алынған жүктер; 2 — тарелка: 3 — поршень; 4 —
воронка; 5 — цилиндр (жүк колонкасы); 6— серіппелі манометрлерді
жалғауға арналған штуцер; 7 —штуцердің запорлы вентилдері; 8 — май жіберуші
вентиль; 9—прессштогі; 10 — колонканың запорлы вентилдері; 11 — пресс
маховиктері.

Поршеннің 100—120 обмин бастапқы бұрыштық жылдамдықпен айналуы қолмен
жасалады. Бұл поршень мен цилиндр арасындағы механикалық үйкеліс әсерін
болдырмайды.
Жүктіпоршеньді манометр деңгей бойынша орнатылады, ал поршень
цилиндрге өз тереңдігінің 23—34 бөлігіне батырылады.
Құрылғылар мен құралдардың сипаттамасы.
Серіппелі типті электроконтактілік манометрде керілу күшін қол
силомері арқылы өлшеуге болатын сезімтал элемент – жылжымалы серіппе бар.
Көлденең қимасын (әсер етудің көлденең ауданы) оның радиусын өлшеу арқылы
анықтауға болады. Рычагтар жүйесі мен қысымды өлшеу бірлігі бойынша
градуирленген шкаланың қозғалмалы стрелкасына берілулер түріндегі сызықтық
жылжулар түрлендіргіш. Манометрдің контактілік бөлігі жылжу сигналдарын
электр сигналдарына түрлендіреді. Манометрдің компрессірлік құрылғыны
автоматты басқару схемасында қолданылуын қарастыруға болады.
Жұмысты жүргізу тәртібі.
Манометр шашып тастап, пружинаны және оның физикалық сипаттамаларын
зерттеу.
Әр түрлі күштер үшін силомер көмегімен F пен Sэф өлшеп есептеу.
Кестеге енгізіу және есептеу: F=Pp.Sэф
Манометр шкаласы бойынша сұйықтықтың қысымын өлшеу Р, кгсм2 .
Абсолютті және салыстырмалы қателікті анықтау.

(10)
(11)

II. Конструкторлық бөлімі
Мембранды және сильфонды манометрлердің сипаттамасы
2.1 Манометр түрлері, құрылымы және атқаратын қызметтері

Манометр— сирек, тығыз емес — сұйықтық пен газ қысымын өлшеуге
арналған прибор. Манометрлердің көптеген түрлері
бар,мысалы,дифманометр,сфигманометр ,бурдон манометрі,қарапайым ашық сұйық
манометр,т.б. . Атмосфералық қысым барометрмен, нөлге жуық қысым
вакуумметрмен өлшенеді. Манометр шкалалары әр түрлі бірліктерде (кгкм²
немесе кгксм², бар, мм сынап бағаны, мм су бағаны, т.б.) градуирленген.
Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) қысым бірлігіне паскаль (Па)
алынған. Жұмыс істеу принципі мен сезімтал элементінің (алғашқы
түрлендіргіштің) құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік
(поршенді), деформация немесе серіппелі (түтікті, мембраналық, сильфондық)
болады. Сондай-ақ, көрсетуі тікелей саналатын немесе тіркелетін, жұмысы әр
түрлі заттардың физикалық қасиеттерінің қысым әсерінен өзгеруін өлшеуге
негізделген манометрлер де қолданылады. Әр түрлі технологиялық процестерді
бақылау, автоматты реттеу және басқару жүйелерінде пневматикалық немесе
электрлік шығу сигналдары үйлестірілген шкаласыз манометрлер пайдаланылады.
Қарапайым ашық сұйық манометр .
Манометр — қысым айырымын өлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық
сұйық манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады. Түтікке қандай да
бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын өлшеу үшін май сияқты тығыздығы аздау,
ал үлкен қысым айырымын өлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады.
Түтіктің бір тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен
жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір деңгейде
болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек атмосфералық қысым
ғана әсер етеді. Енді резеңке түтікшені бір бетіне резеңке қабықша
қапталған дөңгелек қорапшамен жалғастырайық та, қорапшаны ақырын қолымызбен
басайық . Бұл кезде қорапшамен жалғасқан манометр тармағындағы сұйықтың
деңгейі төмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың деңгейі жоғары
көтеріле бастайды. Қорапты неғұрлым күштірек бассақ, соғұрлым манометр
тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің айырымы үлкен болады. Себебі резеңке
қабықшаны басқан кезімізде қорапшадағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы
бойынша қысымның осы артуы манометрдің қорапшамен жалғасқан тармағындағы
сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның артық қысымы манометрдің екінші
тармағындағы сұйықтың артық бағанының түсіретін қысымымен теңелген кезде,
сұйық тепе-теңдік қалыпқа келеді.
Техникада көбінесе сұйықтың, газдың немесе будың қысымын өлшеу үшін
металл манометр қолданылады, кейде оны Бурдон манометрі деп те атайды. Оның
жұмыс істеу принципі үрлеген кезде түзулене түсетін сыбызғы тәрізді
ойыншыққа ұқсайды . Металл манометрдің негізгі бөлігі — доға тәрізді иілген
металл түтікше. Оның бір жағы бітеу болады да, екінші жағы кран арқылы
қысым артқан кезде түтік түзулене бастайды да, оның бітеу ұшының қозғалысы
иіндіктің және тісті тегершіктердің көмегімен аспаптың шкаласы бойымен
жылжитын меңзерге беріледі- қысым кеміген кезде, түтік өзінің серпімділік
қасиетінің арқасында бастапқы қалпына келеді де, меңзер шкаланың нөлдік
бөлігін көрсетіп тұрады.
Сфигмоманометр
Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмоманометрмен
(гр. сфигмос — жүрек соғуы) немесе сфигмотанометрмен өлшенеді . Бұл құрал
сынапты немесе металл манометрден, манжеттен және манжетке ауа айдайтын
алмұрт пішінді үрлеуіштен тұрады.
Манжет дегеніміз — жалпак резеңке камера, сыртында матадан істелген
қапшығы болады. Манжет резеңке түтіктер арқылы манометрмен және үрлеуішпен
жалғасады. Қысымды өлшеу үшін манжетті әдетте білекке орайды. Осыдан кейін
манжетке ауа айдалады, ол қолды қысып, салатамырға (артерия) қанның келуі
тоқтағанға дейін жүргізіледі.
Стетоскоптың көмегімен осы салатамырдың соғуы тыңдала отырып,
манжеттегі ауа біртіндеп босатылады. Манжеттегі қысым салатамырдағы
қысымнан аз (немесе тең) болған кезде стетоскопта қанның соққаны естіледі,
ал манометр жүректің қызметін сипаттайтын қан қысымының жоғарғы мәнін
көрсетеді.
Осыдан кейін манжеттен ауа жайлап шығарыла бастайды. Дыбыстың өзгерісі
қанның айналуына манжеттің бөгет болмайтынын білдіреді. Салатамырдың
қызметін сипаттайтын бұл қан қысымын да манометр көрсетеді және ол қан
қысымының төменгі мәні болады. Жүрек жұмысы және қан қысымының
салатамырдағы және көктамырдағы айырымы — қан айналымның негізгі себебінің
бірі.
Ал қан қысымы оны өзгеріске ұшырататын ауруларды танып білуге
себептеседі. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы 110-120 мм сын. бағ.,
төменгісі 70-80 мм сын. бағ. шамасында.
Серіппелі манометрлер
Бұл аспаптарда өлшенетін қысым немесе сиреу әртүрлі текті сезімталды
элементтердің (құбыршалы серіппенің, мембрананың, сильфонның және т.б.)
серпімді қарсы әрекетті күштерімен теңеседі, олардың өлшенетін қысымға
пропорционалды, рычагтар жүйесінің көмегімен көрсететін тілге немесе жазушы
қаламұшқа жазу үшін беріледі. Қысымды түсіру кезінде сезімтал элемент
серпімді деформация есебінен бастапқы күйге қайта келеді. Серіппелі
манометрлер құрылысының қарапайымдылығымен, өлшеу шектерінің үлкендігімен,
ара қашықтыққа беру мүмкіндігімен және көрсеткіштің автоматты жазылуымен
ерекшеленеді. Дегенмен аз қысымдарды өлшеу кезінде серіппелі манометрлердің
қателігі сұйықтықтыға қарағанда жоғары болады.

4-сурет. Құбыршалы серіппелі манометрдің принципиалды сұлбасы.

Құбыршалы серіппелі манометрлер айналу бойынша бұрыш 270° жуық иілген
түрдегі сезімтал элементті, сопақ немесе элипстік қималы құбыршалы 4 болады
(4 сурет).
Құбырдың бір ұшы жабық, ал екінші ұшына арнайы штуцер арқылы өлшенетін
қысым Р келтіріледі. Құбырша жалғастырғыш 5 көмегімен тісті сектормен 1
жалғастырылған, ол білікте 6 айналады.
Айналу сектордан кішкентай шестерняға 2 беріледі, оның осінде
көрсетуші тіл бекітілген 3.
Қысымның Р жоғарылауы кезінде құбырша ішінде ол түзеледі және оның
еркін ұшы жоғары қарай ығысады. Манометр шкаласы қысым бірлігіне бөлінген.
Бірорамды серіппелі манометрлер 0,025-тен 1000 МПа дейінгі қысымды
өлшеу үшін қолданылады және келесідей модификациялары бар:
− ЖҚМ — жалпы қолданымды манометр;
− МО және MА (О — оттегілі, А — ауалы);
− МҚ — құбырлы манометр;
− МЭД — дискілі корпусында электрлік шығысы бар манометр.
160 МПа дейінгі қысымға арналған көрсетуші, дәлдік сыныптары 1,0; 1,6
және 2,5 манометрлер, вакуумметрлер және мановакуумметрлер автоматты
сигнал үшін қосымша құрылғылы болуы керек.
Бұл аспаптардың жұмыс істеу принципі, магниттік ағындардың орын
басуымен магнитті модуляциялық … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!