Қысым деген не, қысым формуласы

0

Қысым деген не? Осы сабақта қысым ұғымы және қысым формуласы келтіріледі.


Қар үстіне етік киіп бассаныз аяғыныз батып кетеді. Бірақ шаңғы киіп тұрсаныз қар үстінде тұра аласыз, батпайсыз. Не себептен? Себебі шаңғының ауданы адамның етігінің ауданынан үлкенірек болады да, бар салмақ үлкен аумаққа түседі.


Шаңғы


Киімінізді тіккенде ине киімді оңай тесіп өтеді. Не себептен? Себебі ине ұшының ауданы аз болғандықтан сіздін қолыныздың бар күші аз аумаққа әсер етеді де ине киімді оңай тесіп өтеді.


Қысым формуласы


Қысым денеге әсер ететің күш мөлшерінің, күш әсер ететің аумақтың ауданының қатынасына тең шама:


p = F/S,


мұндағы p — қысым, F — бетке перпендикуляр бағытта әсер ететің күш, S — әсерлесу ауданы.


Қысымның өлшем бірлігі паскаль. Бір паскаль бір ньютон/м2 тең. Паскаль Блез — қысым ұғымын көп зерттеген көрнекті француз ғалымы.


Физикада гектапаскаль — жүз паскаль, килопаскаль — бір мың паскаль, мегапаскаль — миллион паскаль сияқты өлшем бірліктер де қолданылады.

Пән: Физика