Қысқы орманға саяхат балабақшадағы ашық сабақтар

0

Қысқы орманға саяхат

 

Железин ауданыәкімдігі Железин ауданының
Железин селолық округі әкімі аппаратының
«Балапан» бөбекжайы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»

2 сәбилер «б» тобы

Тәрбиеші: Шекеева В.Б.  

Оқу жылы 2014-2015 ж

Күні: 30.01.2015
Саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Мақсаты: Қыс жайында жалпы балалардың білімдерін бекіту.
1. Тірек-сызбалар арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауға үйрету.
2. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.
3. Қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдері: Слайд, саяхат, көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ – жауап, тірек-сызба.
Көрнекі – құралдар: интербелсенді тақта, орман бейнесі (шыршалар, бөренелер)орман аңдары ойыншығы, маймыл ойыншығы, сандықша, тірек-сызбалар.

Іс-әрекет кезеңдері    Тәрбиеші іс-әрекеті    Балалардың әрекеттері
Мотивациялық-қозғаушы    Ғажайып сәт: Хат тасушы келеді.
Хат тасушы: -Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бұл «Балапан» балабақшасы ма? «Еркетай» тобы ма?
Менің сендерге видео хабарламам бар. –Мінеки, алыңыздар. (хат тасушы қоштасып кетіп қалады)
Тәрбиеші: -Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл видео хабарламада не бар екен? Мүмкін біреу бізбен өз қуанышымен бөліскісі келетін шығар, ал мүмкін керісінше біреу қиын жағдайға тап болып, біздің көмегіміз қажет шығар. – Қане интербелсенді тақтаға қарайық. (тақтадағы бейнетаспада орман ханшайымы балалардан көмек сұрайды, орман аңдарын тауып берулерін өтінеді)    Балалар қызығушылық танытады.
Иә.

 

Балалар ойланып жауап береді.

 

Балалар тақтаға қарап, орман ханшайымының өтінішін тындайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Сергіту сәті

Рефлексивті-түзетушілік    Тәрбиеші: — Балалар, біз орман ханшайымына көмектесе аламыз ба? Ендеше бізге саяхатқа шығу керек. Қысқы орманға саяхатқа.
-Балалар, орманға немен баруға болады?
-Ал мен сендерге пойызбен баруды ұсынамын. Мен пойыздың паравозы боламын, ал сендер вагон боласыңдар. Бірақ вагондар паравозға қарама-қарсы сөздер арқылы қосылады.
«Қарама-қарсы сөзді айт» ойыны.
Шарты: Тәрбиеші бір сөйлемді атайды, мысалы: піл үлкен, ал тышқан…… 
(музыка ойналады)
Орманға келеді. Шыршаның астынан сандықша тауып алады.
Д/о: «Сөйлем құрастыр» 
Балалар мнемоквадрат суреттері арқылы сөйлем құрастырады.
Екінші шыршаның астында ақ қоян отырады. Қоян балалрдан қыс туралы жақсы сөздер айтуды сұрайды.
Д/о: «Қоянды тап»
Шарты: қоянның шыршаның қай жағында жасырылғанын табу.

Қөлбең, көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем,
Қасқыр қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Қасқыр былай жүреді,
Көлеңкем де біледі.
Қөлбең, көлбең көлеңкем,
Көлбеңдеген көлеңкем,
Түлкі қалай жүреді?
Кім көрсете біледі?
Түлкі былай жүреді,
Көлеңкем де біледі.
Тіл ұстарты жаттығуы:
«Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар».

Қапшықтың ішінен маймылды тауып алады.
Тәрбиеші: — Балалар, маймыл қысқы орманда мекендей ме? 
Жоқ- әрине, ол ыстық елде мекендейді.
Біздің жаққа қысты көру үшін келіпті. Ол қыстың суық, ызғарлы болатынын білмейді екен. Ол тонып қалып, мына қапшықтың ішіне тығылып қалыпты.
-Балалар, біз маймылға қыс туралы білгенімізді айтып береміз бе?
(мнемокесте арқылы жұмыс жасау.)
-Жақсы балалар. Біз маймылды өзімізбен бірге біздің балабақшамызға, тобымызға алып кетейік. Онда жылы, әрі құрғақ. Маймыл да қуанып қалады.
Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы мына үйге тығылып қалған орман аңдары ғой. (үйдің ішінен қасқыр, түлкі, тиінді алып шығады)
Орман ханшайымы балаларға интербелсенді тақта арқылы алғысын айтады.
-Біз, орман ханшайымының өтінішін орындадаық, енді балабақшамызға, тобымызға орлайық.    Иә, көмектесе аламыз.

Автобусбен, ұшақпен, машинамен, пойызбен, велосипедпен.

 

Балалар қарама-қарсы сөздерді атайды.
Балалар бір-бірінің иықтарынан ұстап жүреді.

(қыста су мұзға айналады, ағаштарда жапырақтар болмайды, аю апаңында ұйықтайды т.б.)

Қыс мерекелі, көңілді, жұмсақ, аппақ т.б.
Шыршаның артында, үстінде, астында алдында.

Балалар сергіту сәті сөздерін қайталап, қимылдарды орындайды.

Балалар мнемокесте арқылы қайталайды.

Балалардың жауабы.

Иә, айтып береміз.
Балалар тақтадағы мнемокесте арқылы қыс туралы айтып береді. (қыста қар жауады, ағаштарда жапырақтар болмайды, тиін мен түлкі жылы тоң киеді, ал қоян сұр тоңын ақ тоңға ауыстырады, адамдар қысқы киімдер киеді, балалар қардан аққала жасайды, шаңғы, шана тебеді)

Балалар қатар-қатар тұрып, жүреді.
Күтілетін нәтиже: 
Нені біледі: қыс туралы жалпы түсініктері бар.
Нені меңгерді: байланыстырып сөйлеуді меңгерді.
Нені білді: тірек-сызбалар арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастырауды білді

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!