Қысқы киімдер балабақшадағы тәрбие сағаты
Қысқы киімдер
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Қысқы киімдер
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру.
Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Алдын – ала жұмыс: Санамақ жаттап келу.
Көрнекілігі: Жылдың әр мезгілдерінің киімдері, ұлттық киімдер, әліппе дәптері.
Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс — әрекеті
Мотивациялық-қорғаушы Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу.
Өткен тақырыпты қайталау.
— Өткен сабақтағы ертегі қалай аталады?
— Жыл басы қай жануар болды?
— Жыл аттарын рет – ретімен атайықшы
Үлкенге де сіз,
Ккішіге де сіз, Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
Біз қазақтың баласы
Дені сау, салауатты,
Біз – ұлттың болашағы.
Білімді де сауатты.
«Жыл басына таласқан жануарлар»
Тышқан
Тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылы.
Ұйымдастыру — ізденушілік — Бүгін аптаның қай күні?
— Бүгін нешесі?
— Желтоқсан айы қай мезгілдің айы?
— Қыс мезгілінің тағы қандай айлары бар?
— Қыс мезгілінде қалай киінеміз?
— Дұрыс айтасыңдар,қыс мезгілінде жылы киінуіміз керек.
Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қысқы киімдер». Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
Жұма.
6 желтоқсан.
Қыс мезгілінің.
Қаңтар, ақпан.
Жылы киінеміз.
Бөрік, пима, тон, байпақ, қолғап, бөкебай.
«Мынау кімдікі?»дидактикалық ойыны.
Шарты: киімдердің қайсысы ер баланыкі, қайсысын қыз балаға кигізу керек?
Дәптермен жұмыс.
«Балаларға арналған киім дүкені» атты сурет бойынша әңгіме құрастыртамын.
«Менің киімдерім» атты санамағын жаттатамын.
«1»дегенім-бөрік, «4» дегенім-тымақ,
Кисең бойға көрік. Қыста кисең жылы-ақ.
«2»дегенім-етік, «5» дегенім-байпақ,
Киер сәнді етіп. Іші жылы тайпақ.
«3»дегенім-ішік,
Теріден тігер пішіп.
Сергіту сәтін жасатамын.
«Қайсысы артық?»дидактикалық ойынын ойнатамын.
Ұл мен қыздың киімдерін ажыратып береді.
— Балаларға арналған киім дүкені. Дүкенде көптеген киімдер бар. Аналары балаларына киімді осы дүкеннен сатып алып береді. Балалар анасына риза болды.
Туфли. Туфлиді күз, көктем мезгілдерінде ғана киеді.
Рефлексивті — түзетуші. Сәйкестендіру сауалнамасын жасатамын.
Топтастыру.
Балалар мұқият тыңдайды. Тапсырманы орындайды.
Балалар суреттерді атап, қай мезгілдің киімдері екенін айтады.
Қол ұстасып тұрайық,
шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.
Балалар шеңбер құрып, өлең жолдарын айтып, қоштасады.
Балалар жиған жұлдызшалар санын анықтайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Әр жыл мезгілдерінің киімдерін білуі керек.
Нені игерді Суретке қарап әңгіме құрауды меңгерді.
Нені білді Берілген тапсырманы орындай білді
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!