Қысқы киімдер балабақшадағы ашық сабақтар
Тақырыбы: Қысқы киімдер.
Мақсаты: Тк: Ой жүйріктігін,шығармашылыққа бейімделуін,қызығушылығын
арттыру.
Дқ Көпшілік арасынан өз ерекшелігін көрсете білуге,белсенді әрекетті-
лікке баулу.Қимыл-қозғалысын,жүру түрлерін қалыптастыру.
Бк Эстетикалық танымдық қабілетін дамыту.Зерттеуін,қабылдауын,
түсінуін,қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілі: Зерттеу,салыстыру,сипаттау.
Қажетті құралдар: Суреттер, түрлі-түсті қағаз,киімдер,музыка.
Пәнаралық байланыс: Денсаулық,шығармашылық.
Билингвалды компонент: Қыс-зима, киім-одежда.Қысқы киімдер-зимние
одежды.
Іс-әрекет
кезеңі: Тәрбиешінің іс-әрекеті: Балалардың іс-әрекеті:
М-қ-
Қозғау-шы.
Шаттық шеңбері:- Сәлем,саған,алтын күн!
-Сәлем,саған,көк аспан!
-Сәлеметпе,достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
«Кімнің тоны жылы?». Қ Толыбаевтың әңгі-месін оқып беру. (Қарлығаш хрестоматиясы 283-бет).
Түсінгендерін әңгімелеп беруді ұсыну. Шебер бойына жиналып,бір-
Бірімен амандасады.
Әңгімені тыңдап,түсініктерін әңгімелейді.
Ұйым-
дасты-ру
Іздену.
Ұлттық қысқы киімдермен таныстыру, оларға сипаттама беру.
Тон-иленген қой терісінен жүнін сыртына қаратып тіккен жылы сырт киім.
Ішік-іш жағы аңның терісінен тігіліп, сыртынан матамен тысталған жылы сырт киім.
Малақай:—————,
Тымақ:—————,
Байпақ:—————
Ұлттық қысқы киімдермен танысып,оларды ұстап көріп,сипаттап үйренеді.
Өз ойларын айтып,бас киім,аяқ киім түрлерін сипаттайды.
Суретпен жұмыс: суреттердегі қыстық ки-
імдерді сипаттап беруді ұсыну.
Балаларды 3 топқа бөліп тапсырма беру.
1 топ-суреттегі киідер арасынан қыстық киімдерді тауып,белгілеу.
2топ –аппликациялық қағаздан қиылған
Қыстық киімдер бөлшектерін құ-
растыру.
3 топ-қысқы аяқ киімдердің сретін салу.
Жұмыстарын мадақтау,үздіктерін үлгіге
ұсыну.
Сергіту сәті: «Дефилье.Қысқы киім-2013»
Балаларға өздерінің қысқы киімдерін киіп,
Шағын подъиюммен жүріп,өз киімдерін жарнамалауды ұсыну.
Жыл мезгіліне сай киіну керектігін түсіндіру.Қолғап,мойын орағышсыз суықтап қалатынын түсіндіру.
Топ-топқа бөлініп тапсырма орындайды.
1 топ-суретпен жұмыс,
2 топ –құрастыру.
3топ-сурет салу.
Сергіту сәті: Өз киімдерін киіп,сән көрсетеді.Өздерін модель сезінуге мүмкіндік алады.
Киімдерін жарнамалайды.
Рефлек-
Сивті
Түзету. Балаларды ортаға жиып,үйіліп жатқан киім-
дерден бір-біреу алып,сипаттату,зерттеу.
Қалпақ-қалың,түсі-ақ,қыздардың қыстық бас киімі.
Жейде-ұлдың жұқа,жаздық киімі.Түсі-көк….
Балалар ұстап,көріп салыстыруды үйренеді.
Балаларды 2 топқа бөліп тапсырма беру.
1 топ-қысқы киімдерді
2 топ-жазғы киімдерді ажыратып екі ілгішке
бөліп ілу.
Бүгінгі іс-әрекеттен ұнағанын әңгімелету.
Белсенділік танытқандарын мақтау -мадақтау. Ортаға жиналып,бір-бір киім алым,сипап,салыстырып,зерттейді.Олардың ұлға немесе қызға арналғанын атайды.
Қысқы-жазғы киімдерді салыстыра отырып,тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Киім түрлерін біліп,сипаттауы,ажырата алуы керек.
Меңгергені:Әр мезгілде киетін киімдерді ажыратып,салыстырып үйренді.
Ұлттық қысқы киімдермен танысты.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!