Қысқы ағаш балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:
Пәні:Айналаны  қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Қысқы ағаш 
Мақсаты:      1. Қысқы ағаштарды бұтағына ,діңіне қарап ажырата білуге үйрету.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғатты аялауға   тәрбиелеу.
Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар жазда күн ыстықта бізге көлеңке түсіретін,таза ауа сыйлайтын,жасыл болып тұратын не ол?
-Дұрыс бүгін ағаштағы қыстағы күйін өтеміз.
V Жаңа сабақ
      -Қыста ағаштар қандай күйде болады?
-Жапырағы бар ма?
Қыста ағаштың күйі жапырағы жоқ,бұтақтарын қырау басып тұрады.Қар қалың жауса ағаш бұтақтары иіліп сәлем беріп тұрған тәрізді болады.Ағаш басына кейбір құстар ұя салады.Жазда тоқылдақ ағаштың діңіндегі зиян келтіретін құрт-құмырсқаны тазартады.Адамдар ақтап қояды.

Өлең:  Ертеңгісін байқадым                     М.Әлімбаев «Қыс келбеті»
   Жердің беті ақ қырау                                        Аққу мамық ұлпа қар,
   Дәл маржан деп айтамын,                                Жамылады қырқалар.
   Төгілуге шақ тұр-ау,                                         Шымшып аяз бетіңді,
   Өзеніне,көліне                                                   Ширатады етіңді
   Әдемі ою ойыпты,
   Ағаштардың бәріне
  Алқа тағып қойыпты.   
Сергіту сәті:
Табиғатты сүйеміз
Қанат жаям жалма –жан
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Қыста ағаш күйі қалай болады?
-Ағаш не үшін керек?
-Пайдасы қандай?

VII Бекіту
Ағаштың суретін салғызу
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!