Қышқыл деген не? Оттекті және оттексіз қышқылдар

0

Қышқыл деген не? Қышқыл дегеніміз метал атомдарына алмасуға бейім сутегі атомдары және қышқыл қалдығы бар заттар.


Мысалы тұз қышқылы — HCl, темірмен химиялық реакцияға түсіп тұзды түзеді:


2HCl + Fe = FeCl2 + H2


Осы реакция нәтижесінде сутегі атомдары қышқыл құрамынан темірмен алмастырылады. Ал қышқыл қалдығы хлор болады, бұл қалдық темірмен қосылып тұзды түзеді.


Қышқылдар адам ағзасына қауіпті болады, бұлар адам түгіл металдарды да күйдіре алады. Мысалы метал бетіне құйылған тұз қышқылы оны тесе алады. Барлық қышқылдарда бұндай қасиет жоқ, тек күшті қышқылдарда ғана. Мысалы сірке қышқылы қасықты металды күйдіре алмайды. Қасық ұзақ уақыт бойы тұрғанда ғана сәл ғана қарайады.


Индикаторлар


Қышқылдың әсерінен түсін өзгертетің заттарды — индикаторлар деп атайды. Индикаторларға лакмус қағазы, метилоранж және фенолфталеин жатады.


Мысалы күлгін түсті лакмус пен сары түсті метилоранж қышқылда қызарады.


Бірнегізді, екінегізді қышқылдар


Қышқыл молекуласының құрамында сутек атомдарының санына қарай қышқылдарды бірнегізді (бір сутегі атомы бар), екінегізді (екі сутегі атомы бар), үшнегізді (үш сутегі атомы бар) және тағы солай атай береді.


Мысалы тұз қышқылы бірнегізді қышқыл, себебі оның молекуласында бір ғана сутегі атомы бар — HCl.


Оттекті және оттексіз қышқылдар


Қышқылдың құрамында оттегі атомдары бар болса, бұндай қышқылдар оттекті, ал жоқ болса оттексіз қышқылдар деп атайды.


Мысалы тұз қышқылы (HCl) оттексіз қышқыл, күкірт қышқылы (H2SO4) оттекті қышқыл, себебі біріншісінде оттегі бар ал екіншісінде жоқ.


Қышқылдарды атау жолдары


Оттекті қышқылдардың атауы қышқыл түзуші элементтің атымен атау қалыптасқан. Мысалы H2SO4 — күкірт қышқылы, HNO3 — азот қышқылы.


Оттексіз қышқылдардың аттары, элемент атауына сутек сөзін қосылуы нәтижесінде. Мысалы HCl — хлорсутек қышқылы (тағы бір аты тұз қышқылы), H2S — күкіртсутек қышқылы.


Қышқылдарды алу


Бейметалл оксидтерді суда ерітіп оттекті қышқылдар алынады:


SO3 + H2O = H2SO4


Бұл қандай қышқыл? Екінегізді ме, бірнегізді ме?


Ал оттекті қышқылдар сутекпен әрекеттестіріп алынады:


H2 + Cl2 = 2HCl


Бұл жолмен бромсутек пен күкіртсутек алынады. Бромсутек қышқылының алыну реакциясын жазыңыз.

Пән: Химия