Қыс қызығы- тамаша балабақшадағы ашық сабақтар
Тақырыбы: Қыс қызығы- тамаша. Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және қысқы ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, нәтижелі болатындығына көз жеткізу.
Қажетті құралдар:кедіргелер,қар,шелектер,сәбіз,шана. Түрі: Қысқы сайыс
Көрнекілігі. Шарлар, Жалаулар,Әсем әуен ойналды.
Жүргізуші: Құрметті ата — аналар, балалар, балабақша ұжымы, қонақтар қош келдіңіздер! Біздің «Ерте жас тобында»бүгін үлкен мереке.Біздің бүлдіршіндеріміздің ата — аналары арасында «Қыс қызығы тамаша» сайысы өтпекші, сайысқа түсетін 2 тобымыз бар. (Топтарды шақыру)
«Тұлпар» тобы «Сұңқар» тобы.
Топтарымызға сәттілік тілеп, қошемет көрсетейік. Музыка ойналады. Алдымен әділ — қазы алқасын сайлаймыз.
1.Айдана Зайдоллақызы(әдіскер)
2.Нұрлаш Жеңісқызы (психолог)
3.Айнаш Каримқызы (ата-ана)
Енді сайыс түрлерімен таныстырып өтейін.
1.«Біздің сәтті күніміз» таныстыру. 2. «Такси» ойыны. 3. «Қар жинау» ойыны . 4. «Аққала жасау» ойыны. 5. «Қай топтың шанасы алда» сайысы. Жүргізуші:
Кане, бір- бірімізді қостаймыз, Бүгінгі жарысымызды бастаймыз. «Жеңіске жетеміз» — деп , Жалынды ұран тастаймыз.
Психологиялық сәт:
«Қуаныш шеңбері » ата- аналар бір – біріне жылылық лебіздерін білдіріп, сәттілік тілейді.
Армысың ару күн!
Армысың асыл жер!
Армысың көк аспан!
Армысың ата-ана!
Жылуыма жылу бер
Міне менің қолым .
Сайысымызды бастаймыз. 1. «Біздің сәтті күніміз» Тұлпар тобы ұраны: Қатар өскен құрдасқа, Жарыс ұнап тұрмасқа. Қуып жету жақсы гой, Озып шығу бір басқа.
Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру.
2. «Сұңқар» тобы ұраны: Ұшақтан да ұшқырмыз , Желден озған жүйрікпіз. Жарысуға сендермен, Келіп тұрған мықтымыз. Топтың атын, ұранын, төс белгісін таныстыру
2. «Такси» ойыны. (Топ басшылары кедергілердің арасымен жүгіріп топ мүшелерін бір- бірлеп жинау)
3. «Қар жинау» ойыны. (Кішкентай шелекпен қар алып,кедергілерден өтіп үлкен шелекті толтыру)
4. «Қай топтың шанасы алда» сайысы. (Ата-аналар өз балаларын шанаға мінгізіп кедергілерден өтіп, жылдам келуге жұмыстанады) Сайысымыз аяқталып өз мәресіне жетті.Әділқазы мүшелеріне сөз береміз. Диплом тапсыру
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!