Қыс қызығы балабақшадағы ертеңгіліктер

0

Ақтөбе қаласы
Тәрбиеші: Қуанова Ш.
№ 21 «Кәусәр бұлақ»
Мектепке дейінгі гимназия

Сабақтың тақырыбы:«Қыс қызығы»
Сабақ мақсаты: Балалардың шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын 
дамыту, қысқы табиғат жайлы ұғымдарын тиянақтау, 
қысқы орман көрінісін тіршілігін тамашалау арқылы, 
ондағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне деген 
сүйеспеншілік сезімін раттыру, ұлпа қар, шымыр аяз, 
боран деген сөздердің мағынасын терең түсіндіру, 
баланың тілін жетілдіру, дұрыс сөйлеуге баулу.
Сабақ барысы: Балалар мен сіздерге ең алды мен бір өлең оқып берейін 
мұқият бәріміз тыңдайық.
Тәрбиеші: Шанамен сырлап желетін
Шаңғы коньки тебетін
Аққала жасап ойнайсың
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Қыс мезгілі.
Тәрбиеші: Бір жылда неше мезгіл бар?
Балалар: Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: Көктем, Жаз, Күз, Қыс.
Тәрбиеші: Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіздер?
Балалар: Қыста күн суық болады, қар жауады. Аяз болады, боран борайды. Адамдар жылы киімдерін киеді. Балалар қардан аққала жасайды. Шаңғы, шана, коньки тебеді.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар қыс мезгілінің ерекшіліктерін дұрыс айттындар. Сіздер балалар айналадағы қала ішіндегі қыс мезгілін анық толық байқадыңыздар. Енді бүгін біз Қысқы орман тіршілігін бақылауға көруге, қызықтауға серуенге барамыз. Орманға тез жету үшін, біз балалар шаңғымен барайық. Қане балалар әуелі оң аяғымызды, содан соң сол жаққа шаңғымызды киеміз, оң қолға шаңғы таяғын, содан сол қолға шаңғы таяғын алып дайындалайық. Біз серуенге баратын болған соң әсем ән «Шаңғышылар жырын» айта отырып барайық.
Ән: «Шаңғышылар жыры»
Шаңғы теуіп аппақ қарда
Жорыққа біз шығамыз,
Нуорманға асқар тауға
Биікке алыс шығамыз   2рет
Тәрбиеші: Балалар қарандаршы, қандай аппақ орман, ағаштарда көп екен. Қандай ағаштарды көріп тұрсындар осы ағаштар қалай аталатынын білесіңдерме? 
Балалар: Шыршалар, қарағайлар т.б.
Тәрбиеші: Дұрыс ағаштардың аттарын жақсы біледі екенсіндер. 
Осы кезде ағаш түбінен түлкі шығады. Түлкі, Саламатсыздарма балалар!
Балалар: Саламатсызба түлкі. Біздің балалар орманды тамашалауға келді. Түлкі: менің жұмбағымды шешсендер мен сендерді орманға жіберейін. 
1.    Қыста ғана болады.
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
2.    Табаныма байладым 
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
Балалар жұмбақты шешіп болған соң түлкі енді ары қарай орманды тамашаландар дейді.
Шырша түбінен қоян шығады:
Саламатсыздарма балалар! Біздің орманға келіп қалыпсындар мен өзім жайында айтайын, мен қыста ақ тонымды киемін. Ол жылы, жұмсақ.
Тәрбиеші: Балалармен қосылып біз орманға келдік, орманды тамашалауға. 
Қоян: Балалар сіздер тонып қалған шығарсыздар, қане ойын ойнап жіберейік. Ал, мен тоңбау үшін күнде осылай секіріп ойнаймын.
Аппақ қоян, сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып секірді.
Қоян: Ал, аю ағамыз қыста ол ұйықтап жатады, үйінен шықпайды. Өйткені ол жаз бойы қысқы тамағын әзірлеп алады. Ал, енді орманды ары қарай тамашаландар.
Осы кезде тиын шығады: 
Тиінмін мен тиінмін
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа 
Іші жылы үйімнің.
Тәрбиеші: Жарайсындар орман аңдары біздің балаларға көп көңіл бөліп қызықты әңгіме айтып жатсындар.
Балалар ормандағы қысқы табмғат сіздерге ұнадыма? Орманда да ақша қар көп барлық жерді аппақ қар жапқан екен. Енді балалар біз бақшамызға қайтайық. Әсем әнімізді айта отырып, шаңғымызды теуіп көңілді қайтайық.
Бақшаға келген соң тәрбиеші балаларға: Балалар біз бүгін қайда серуенге бардық? Орманда кімдерде кездестірдік? Не көрдік? Дала қандай екен? Ағаштар мен шыршалар не жамылған? 
Балалар: Орманда көргендерін айтып береді.
Тәрбиеші: Балалар енді орманда көргенімізді суреттеп берейік.
Балалар сурет салып орман көріністерін бецнелеп көрсетеді. Соңынан жақсы салған балалар суретіп мақтап көрмеге іліп қояды. Сабаққа қорытынды жасап қонақтармен қоштасып кетеді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!