Қыс қызығы балабақшадағы ертеңгіліктер
Қыс қызығы
Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімі : Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Білімдік мақсаты: қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Сурет бойынша балаларға әңгіме құрастыра білуді қалыптастыру.Өз ойын жеткізе білуге дағдыландыру және сөздік қорларын байыту.Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атай білуге төселдіру.
Құрал жабдықтар: қыс көрінісі,мазмұнды суреттер,оқулық суреттері.
Билингвизм: қыс –зима, аяз – мороз
Қызметтің
кезеңдері
Тәрбиеші әрекеттері
Балалардың әрекеттері
Мотивациялық —
Түрткіболатын
Іс
Жылулық шеңбері.
Сіз-біз деген жылы сөз,
Жылытады жүректі
Жақсылық билеп жолды тез
Оятады игі тілекті. Тыңдайды.
Қайталайды.
Жаттайды.
Ұйымдық — іздену
Қыс туралы өлең оқу.
Аяз қысып,өрнек сызып,
Терезеңді торлайды.
Қарға омбығып бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
— Қазір қай мезгіл?
— Қыста адамдар қалай киінеді?
— Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
— Қыс,қар,боран деген сөздерді қосып сөйлем құрастырайық..
Сөйлем: қыста қар жауады,күн суытады,боран соғады,аяз болады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Суыққа төзімді құстар қыстап қалады. Олар торғай,қарға,сауысқан және т/б.
Неліктен қыста құстар жылы жаққа ұшып кетеді? Ұшып кететін құстарды қалай атайды? (Жыл құстары)
Сергіту сәті:
«Шынықсын денеміз»
Жүріңдер балалар,сырғанақ тебеміз!
Құрыспай,құрыштай шынықсын денеміз.
Таяққа бау тағып,шаңғыңды байлап ал.
Биалай,малақай,бәрінде сайлап ал.
Өлеңді тыңдайды,мағынасын түсінеді.
Қай мезгіл екенін айтады.
Сұраққа жауап береді.
Сөйлем құрастырады.
Рефлекстік — түзету
-Қыста сендер қандай ойын ойнауды ұнатасыңдар?
Немен ойнайсыңдар? Кімнің шаңғысы бар? Сендер қардан не жасадыңдар?
Қолдарыңа не кидіңдер? Шаңғы,шана неден жасалған?
Мадақтау.
Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже : Суретке қарап әңгіме құрастыра білуі.
Білуге тиіс: Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді білуі.
Істей білу керек: Қыс мезгілінде ойнайтын ойындар туралы айта білуі.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!