Қыс қызығы балабақшадағы ашық сабақтар

0
59

Дәлелдеу  ояту

-Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

–  қардың түсі қандай  ?

– қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

-балалар бүгінгі көңіл – күйлерің осы қардай аппақ болсын.(балалар бір – бірлеріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады) Көрдіңдер ме балалар?

Жылы сөздер айтып едік қолымыздың жылуынан қарда еріп кетті.Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.

 -қар

– аппақ

-қар жұмсақ

-Денсаулығымыз мықты болсын

– заманымыз тыныш болсын

– білімді болайық

– аспанымыз ашық болсын

– барлығымыз тату – тәтті болайық.

Ұйымдастыру – іздену

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде «Қыс қызығы» деген тақырыпты өтеміз.

Балалар жылдың неше мезгілі бар?

Жыл мезгілдерін атайық?

Қазір жылдың қай мезгілі?

Желтоқсан қыс айларының бірі, осы айда қандай мерекелерді тойлаймыз?

-Жаңа жылда бізге кім келеді?

–  не әкеліп береді?

– қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?

– балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?

– сырт киімдерді атайық?

Ойын: « Сыңарын тап»

қыс жыл  мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.

-балалар қыс мезгілі сендерге ұнай ма?

-қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?

жылдың төрт мезгілі бар

қыс, көктем, жаз, күз

қыс мезгілі

-Тәуелсіздігіміздің 20 –жылдығы, Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

– Аяз ата келеді

– сыйлық әкеледі

– қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

– жылы киініп жүреміз

– малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.

– балалар ойын барысында қолқаптың ,етіктің  түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

– сұрақтарға жауап беріп, өздері білетін тақпақтарын айтады.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!